Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада зейнеткер ұстаз, бастауыш сынып мұғалімі туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала жанының бағбаны

Ұстаз – қадір-қасиеті мол, шексіз жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің, қажымас қайрат пен шығармашылықтың, үздіксіз іздену мен оқып-үйренудің ада­мы болғандықтан, оған шәкірт тәрбиелеу міндеті жүктелген. Сондықтан да қарапайымдылық пен кішіпейілділік, адалдық пен әділдік, байқампаздық пен сезімталдық, мейірім мен ізгіліктің үлгісі – ұстазға тән қасиет емес пе? «Бәрі де мұғалімнен баста­лады» деген орынды сөз, оның білімі, адамгершілігі, балаға де­ген сүйіспеншілігі, олардың келе­шекте жеке тұлға болып өсуіне ықпал жасайды. Жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге білімді азамат болып аттануына зор үлес қосатын мейірбан жүректі ұстаздарымыз аз емес. Солардың бірі ақылшы әріптесіміз, аяулы ана, ардақты әже, қазіргі таңда зейнеткер-ұстаз болып отырған – Кеңесбаева Роза Түсіпжанқызы.

Роза Түсіпжанқызы еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, тәжірибелі ұстаз бо­лып, абыройлы қызмет етіп, бірер жыл бұрын құрметті демалысқа шықты. Көкпекті ауданында дүниеге келген Роза апайымыз, бала кездегі ұстаздарына еліктеп бастауыш сынып мұғалімі болуды армандап өсті. Мектеп бітірген жас қыз педагогикалық институттың «Бастауыш сынып мұғалімі» факультетіне оқуға түсіп, оны «өте жақсы» деген бағамен тәмамдаған. Сол кезеңдердегі партия жолдамасымен Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылындағы «А.Макаренко атындағы орта мектебіне» бастауыш сынып мұғалімі болып орналасады. Жас маман болған Роза Түсіпжановна ауыл баларына білім мен тәрбиені сусындатып, талай шәкірттердің зейінін ашқан.

Отбасын құрған Роза апайымыз жодасы Серік аға екеуі 1ұл мен 2 қыз баланы тәрбиелеп өсіріп, бірнеше немерелерінің сүйікті атасы мен әжесі болып отыр.

Роза апайымыздың әр ісінен шығармашылықты, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздықты байқау қиын емес еді. Әрқашан адамды өзіне баурап алатын мейірімділігі тек қана өзіне тән. Сабақ беріп жүрген жылдары Роза Түсіпжановнаның әр сабағы ашық сабақ болып есептелетін. Көп жылғы ұстаздық еңбегінің мәні – балаларға әр пәннің қыры мен сырын жан-жақты үйрету болды. Осы орайда Роза апайдың өзінің алған мамандығына адал болғандығын айрықша атап өту ке­рек. Талай жарыстарда, театрлық, аудандық қойылымдарда апайдың оқушылары жүлделі орындарды иеленіп жүрді.

Еңбек еткен жылдарында, яғни, 40 жыл қызметінде 40 жыл сынып жетекші болып, барлық саладағы жұмыстарын абыройлы атқара білді. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Сол себепті сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Осындай басты қасиеттерді шәкірттерінің бойына сіңіріп, мықты азаматтар мен азаматшалар етіп тәрбиелеген Роза апайымыздың шәкірттері республикамыздың түкпір-түкпірінде беделді қызметтер атқаруда.

Рас, ұстаз еңбегі өлшеусіз. Ол өз баласынан гөрі өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкіртінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін ұстаз. «Ұстаз – ұлы тұлға» дегендей, бәріміз де ұстаз алдынан өттік. Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, небір өнертапқыш та, әнші, биші. бәрі де ұстаздың салған сара жолымен жүрген жандар десек қателеспейміз.

Роза Түсіпжанқызы ойы таза, қиялы ұшқыр, жаңашылдығы мол, шебер ұйымдастырушы бола білді, өзгеге шашар шуағын ұрпақ бейнесінен көруге асығатын ұлағатты ұстаз болғандықтан, бүкіл ауылға сыйлы болған мұғалімді «Роза апай» деп құрметтейді. Адамның ішкі жан дүниесінде бір нәрсе бар. Ол – адамның асыл ойы, адамгершілігі, айналасындағыларды жақсы көруі, оларға деген адалдығы, сүйіспеншілігі десек, осы қасиеттердің бәрі ұлағатты ұстаз Роза апайымыздың бойына дарыған.


Тұғыл ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

ДТІЖО Г.Окенова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі