Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БАЛАЛАР ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАРЫ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына телебағдарлама арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БАЛАЛАР ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАРЫ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


Нұрланқызы Г

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті.Семей қаласы

413 тобы,4 курс мамандық “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі”

Ғылыми жетекшісі: аға оқыртушы Ш.Т.Карипбаева


Қазақстан Республикасының бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында бастауыш сыныптағы оқушыларға жалпы адамзаттық құндылықтар мен жеке тұлғалық қатынас негізделіп жан-жақты тәрбиелеу көзделген. Солардың бірегей-эстетикалық тәрбие беру. Халыққа білім берудің жаңа мақсатын іске асыру үшін эстетикалық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіртуге арналған түрлі бағдарламалар жасалды.

Мектеп-оқушыларға білім мен тәрбие беретін орда. Оқушы мектеп табалдырығын аттай салысымен, ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне ауысады. Жас ұрпаққа тәрбие беруде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы аса маңызды. Себебі екі орда біріксе үлкен қамал құралды,сол қамалдың беріктігі олардың ынтымақтастығына байланысты.

Еліміз егемендігін алғаннан бастап елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беру саясатына ерекше тоқталды. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді келесі ұрпақтарға жеткізу үшін жан-жақты білім көздері жасалды. Ең үздік білім беру стратегиялары және оқушыларды тәрбиелеуге арналған бағдарламалар мен оқулықтар жасалды.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында «Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу міндеттері мен алғышарттары жасалу керек» –деп көрсетілген.[4]

Осы орайда, эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру[3].

Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады.[2] Педагог балалардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.

Білім беру мекемелерінде экрандық дыбыстық медианың ішінде, ең көп қолданылатын құрал – телебағдарламалар. Бұл теледидар техникалық жетістіктер мен өнердің əртүрлі

формаларын синтездейтін ең көп таралған жəне қол жетімді құрал екендігіне байланысты.Теледидардың техникалық мүмкіндіктері құбылысты жедел немесе баяу қарқынмен көрсетуге, қажет болған жағдайда көрсетілімді тоқтатуға немесе тіпті қайталауға мүмкіндік береді.Сондықтан балаларға арналған телебағдарламалардың əлеуетін педагогикалық мақсатта пайдалану арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтарын оқыту үдерісінде дамыту қажет.Осыған орай, оқушылар эстетикалық тәрбие берудің ең тиімді телебағдарламалар арқылы екені анық. Себебі қазір ХХІ ғасыр ақпарат көздерінің дамыған шағы. Түрлі ойындар және балаларға арналған түрлі қызықты мультфильмдер танымдық қабілет дамытуға арналған жаттығулар қазіргі таңда қолжетімді. Қазіргі заманғы теледидар – ақпарат таратудың, ойын-сауық пен білім берудің ең танымал жəне ең қуатты құралы. Көрермендердің жас ерекшеліктеріне сəйкес əр түрлі мазмұндағы контентке ие ондаған, ал кейбір аймақтарда жүздеген арналар қол жетімді [4].

Балаларға арналған телебағдарлама – бұл мектепке дейінгі, кіші мектеп, орта мектеп жəне жасөспірім жастағы көрермендерге бағытталған бағдарламалар жүйесі. Оның мақсаты– жан-жақты тəрбиелеу жəне білім беру, өскелең ұрпақты əлеуметтендіру. Алайда, балалар бағдарламаларының конструктивтік, білім беру бағыты олардың ойын-сауық функциясынан басым болуы үшін оларды құру бойынша жұмысты ғана емес, сонымен қатар олардың тиімділігі мен балаларға əсерін зерттеу бойынша жұмысты жүргізу қажет Себебі оқушылардың оқу әрекетін дамытуға арналған телебағдарламалар жұмыс жасауда. Телебағдарламалардың бәрі сапалы деуге келмес әрине, соның ішінде сапалысын тауып көрсеткен тиімді. Балалардың көбі бос мультиктерге уақытын құртып жатады. Баланың уақытын тиімді пайдалану ол ата-анасына байланысты. Ата-анасының қадағалауымен телебағдарламалардың көрсеткен дұрыс. Қазіргі ғасыр саны емес сапасына қарайтын уақыт. Кейбір ата-ананың немқұрайлығының нәтижесінде балалардың психологиясы бұзылып жатады. Сол салдарынан көптеген қиындықтар туындайды. Психологиясы бұзылған балалармен жұмыс жүргізу педагог-тәрбиешілерге қиындық туғызады.

«Балапан» – еліміздегі алғашқы балалар арнасы. Телеарнаның ең басты ерекшелігі, ол тек қазақ тілінде хабар таратады. «Балапан» арнасы 2010 жылы 27 қыркүйекте құрылған. Содан бері, білім, ғылым, өнер, спорт, тағы басқа сан салалы бағыттарда бағдарламалар ұсынып, бүлдіршіндерді мəпелеп отырған əрбір отбасының, сенімді серігіне айналды. Атап айтар болсақ, спорттық командалық жарыс ретінде өтетін «Жүзден жүйрік» бағдарламасы балаларды бірлікке, бауырмалдыққа баулыса, ал «Hello, Балапан!», балдырғандарға ағылшын тілін үйретеді. «Бауырсақ» бағдарламасы жасөспірімдерді дұрыс тамақтануға, «Санамақ», бағдарламасы экономикалық сауаттылыққа, ал «Алақай, Балақай!» салауатты өмір салтына шақырады.

Бастауыш сынып оқушыларының психо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты визуалды есте сақтау басым болғандықтан əдебиеттік оқу пəнінде ақындармен, ғалым-жазушылармен танысқанда сабақ қызық əрі оқушының қабылдауына оңай болуы үшін балаларға арналған «Дара тұлға», «Ерте, ерте, ертеде...», «Біздің жанұя», «Мүмкіндік» телебағдарламаларынан сабақ мақсатына сəйкес келетін үзінділерді пайдалануға болады.

Эстетикалық тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Тарихқа көз жіберсек, қай ғасырда да болмасын философтар, ойшылдар, педагогтар баланың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға ерекше назар аударған.Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,А. Құнанбаев, А.С.Макаренко еңбектеріндегі жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру мәселелерін педагогика теориясы мен тәжірибесіндегі алтын қоры деп есептейміз.

Қазақстан ғалымдары М.Х. Балтабаев, С.А. Ұзақбаева, А.А. Қалыбекова, Ш.Құлманова, Р.Р.Жәрдемәлиева өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін анықтап берді.

Сонымен эстетикалық тәрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Сонымен, балаларға арналған телебағдарламаларды бастауыш сыныптың кез келген пəнінде кеңінен қолдану арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтарын дамытуға болады. Себебі, теледидарда түрлі арналардан берілетін бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне негізделіп жасалған, əрі олар танымдық мақсатты көздейді. Соны əр мұғалім күнделікті сабақтарда қолданып отырса, əрбір оқушы сабақ кезіндегі кез келген сəт бойынша тапсырма болуы мүмкіндігін саналы түрде ұғынып, мұғалімді жəне басқа сыныптастарын мұқият тыңдауға тырысатын болады. Себебі көбінесе шығармашылық, əрі стандартты емес сипаттағы тапсырмаларды орындау үшін тапсырма бергенге

дейінгі ақпаратты зейін салып тыңдап алу қажеттігін түсінеді.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.




Пайдаланған әдебиет:

1.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие. Әдітемелік нұсқау. – Алматы, 1990.

2.Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. ‒ Алматы, 1990.

3.Ұзақбаева С.А. Эстетикалық тәрбие негіздері.13 Дәріс. ‒ Алматы, 1991.

4.Шацкая В.Н. Мектепте эстетикалық тәрбиелеудің жалпы мәселелері. – М.: ПҒА РСФКР, 1995.

5.Эстетикалық мәдениет және эстетикалық тәрбие. Мұғалімдерге арналған кітап. А.М. Лобковскийдің ред. басшылығымен. – М.: Просвещение, 1972. – 60 б.

6.Чукман Е.К. Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы өнер рөлі. – М., 1985. – 60 б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12