Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру
ОҚМПУ, Шымкент
Сариева Балнұр 4-курс студенті
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын
одан әрі жақсы оқи
түседі»
Питер
Клайн
Қоғам талабына сай зерттеушілік іс-әрекеттерцифрлық технологияларды сабақта тақырып негізін ашу мақсатында қолдану-уақыт талабы.
Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында «.... сапалы білім беру-Қазақстанның индустриясы мен инновациялық дамуының негізіне айналу тиіс» деп атап өткен [1].
Қазақстан Республикасы 2020-2025 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытуды мемлекеттік бағдарламасы негізінде адами капиталдың дамуында: «Ғылыми инфрақұрлымды жаңғырту және ғылымды цифрландыру» деп айтылған.
Білім беру үдерісін зерттеу арқылы қарастыру маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, 4-сынып жаратылыстану пәнінде зерттеушілік қабілеттердіңммүмкіндіктерін кең ауқымда қолдану туралы шетел зерттеулері мен қазақстандық зерттеулер жетерлік. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбына сәйкес ғалымдардың зерттеулері келесі қырларынан қарастырылды:
-
Зерттеушілікті философиялық тұрғыдан зерттегендер: Аристотель, Ф. Бэкон, И. Кант, Т.Ғабитов, Қ. Әбішов, Ә.Нысанбаев, Ш.Т. Таубаева, Ү.Б. Жексенбаева, А.Б. Ибашова, Ұ.Б. Ахатаева, З.А. Исаева т.б. еңбектерінде қарастырылған. Еңбектерді зерттей келе Қазақстан мектептердегі жаратылыстану пәнінде зерттеушілік қасиеттері арқылы дамыту мәселесі қарастырылғанын байқадық. Бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін алдымен оқушылардың бойынан жаратылыстану пәні арқылы зерттеушілік қасиеттерін дамыту міндетін қою керек.
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруда олардың қызығушылығы оқу-танымдық жұмыстары барысында артып, дамытудың басты шарты ретінде қарастырылады. Зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында міндетті болып келеді. Кейбір оқушыларды өзбетімен ынталандыру негізінде жүзеге асырылып және алған білім-біліктерін өз бетінше шығармашылығы мен ізденушілік қабілеттерін аша отырып ары қарай дамытуға мүмкіндік алады. Оқушылардың меңгерген немесе өз білімдеріне сүйене отырып, болашақтағы танымдық жұмыстарында өз қабілеттерді дамыта отырып, жаңа білімдерді игеруде белгісіз болған нәрсені білуге қажеттіліктерін айтамыз. Оқушылар бойындағы зерттеушілік іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен ұйымдастыруда олардың шығармашылық талпыныстары мен ізденушілік жұмыстарына мүмкіндіктер ашып, белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыруда оларға қолайлы ортаны құрудың қажеттілігі туады. Шығармашылық пен ізденушілік жұмыстары нәтижелі болу үшін-ынталандыру әдісі зор ықпал етеді. Соның нәтижесінде оқушылардың танымы артады.
Бастауыш сыныпта оқушылардың бойындағы зертеушілік әрекеттерін анықтау маңызды болып келеді. Себебі, жаңа дереккөздер мен ақпараттық мәліметтерді іздеу үшін керекті дағдыларды игеру қажет.
Бастауыш сыныптарда зерттеушілік әрекеттерде орын алатын ерекшеліктер-балалардың сыныптық және жас ерекшеліктеріне орай игерген білімдер аясында қоршаған табиғатты, әлемді, қоғамдық ортадағы-мектеп, отбасы, достар т.б. тақырыптық зерттеудің жалпы әдістерін білу. Оларға мыналар жатады: жазу, бақылау, тәжірибе, өлшеу, жүйелеу, салыстыру, үй мұрағаттарынан мәліметтер жинау жатады. Сонымен қатар, олардың ішкі байланысын анықтап, себеп-салдарын ажыратып іскерліктерін дамыту болып табылады.
Зерттеу-қаситетті, жаңа құбылысты, тәуелділікті анықтау үшін орындалатын сынауды айтамыз.
А.С. Амирова «Бастауыш сынып шығармашылық іс-әрекеті дегеніміз –алған білімдерін өзбетінше кеңейтетін, толықтыратын, өзіндік идеясын жүзеге асыра алатын, жоғары деігейде ойлай алатын, болжамдарын дәлелдей алатын, іс-әрекетке саналы рефлексивті жауап бере алатын, өзі жаңа деп тапқан нәтижеге қол жеткізуді»-айтқан. [2]
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе зерттеушілік іс-әрекет бұл-оқушылар іс-әрекеттерін зерттеуді ұйымдастыру дағдыларын меңгеруін айтамыз. Олар өз кезегінде оқу іс-әрекетіне деген мотивациясын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық,байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар.Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды калай құрылымдау керек, байқауды, эксперементті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген ұмтылысы негізінде құрылған оқытуда зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Балаларды оқуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бола болмысының білмекке құмарлығымен, оны қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады. Кіші жастағы балалар тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады [3].
Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:
-
Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді,
- Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге
бейімделеді;
- Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады;
- Танып-білу, талдау-жинақтау, салыстыру, бастысын бөліп
шығару, өмірде қолдану әдістерін меңгереді;
- Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың
жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген
ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың
қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін,
қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің
басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке
баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына
жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің
қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге
бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан
шығар жолға даяр болуы
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы, №988 Жарлығы \\
-
Амирова А.С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамасы. – Алматы, 2007. – 21б.
-
Жексенбаева Ү.Б. Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу: әдістемелік құрал. – Алматы, 2005. – 28б.
-
Аманбаева М.Б. Болашақ биолог мұғалімдердің зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесі 6D011300 -Биология Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2016 -161 б.(17.6.).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз