БАЯНДАМА
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.
Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар,
сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды
ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші",
"Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым
білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал
"ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей"
ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады.
"Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға
тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың
куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға
әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір
міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың
ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға
баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу
туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және
ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.
Мұғалімнің алдында тұрған ең
басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы
тақырыпты білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану сабақтарын
қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін
орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып
сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын
тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға
арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша
сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын
дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б
Сонымен бірге ұлттық ойын түрлерін де кезектестіре, сабақ
тақырыбына байланысты пайдаланамын. Жаңа
материалдарды түсіндіру кезінде «Бәйге», «Көкпар», «Асық» секілді
ойындарды ойнатамын.
Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар
-
Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып,білімдегі кемшіліктерді жоюға;
-
Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.
Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары
-
Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;
-
Ізденгіштікке ұмтылуға;
-
Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
-
Толық фантазиялық еркіндікке;
-
Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді
деп есптеймін.
Баяндама
Тақырыбы: Оқушылардың оқу
жылдамдығын арттыру жолдары
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін
қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.
Міндеттері: 1. Ғылыми әдебиеттерді зерделеу
2. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған
технологиясы Олег Владиславович Лысенконың "Техника быстрого чтения" жүйесін
сипаттау.
3. Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу» пәнінің оқу шапшаңдығын
арттырудағы маңызына талдау жасау.
Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш
сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың сүбелі
еңбектері зерделенеді. О. В. Лысенконың "Техника быстрого чтения"
жүйесі зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен
кедергілер анықталады.
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу
жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі
төрт жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын
ғана игереді. Психолог Егоров Тихон Георгиевич айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек
оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге
жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу
іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі
болып табылады. Оқушы үлгеріміне әр түрлі жағдайлар әсер етеді.
Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып
шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен - өзі
төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп
оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті
де, ақыл - ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам,
әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі.
Оқушы үлгерімінің негізгі факторы - оқу жылдамдығы болғандықтан мен
бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым
Бастауыш сыныптарында ана тілі
пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен
басталады.
Жеке оқушылардың дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық,
дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз
мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты
түсіну, сол арқылы мәтін мағынысын түсініп, айтып беруге үйрену,
сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды
жетілдіру мақсаты көзделеді.
Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және
іштен оқуды меңгерту.
Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы ұзтаз Ж.
Аймауытовтың ана тіл пәнінің алдына мақсаты оқушының оқу дағдысын
қалыптастыру және жетілдіру керектігін алға тартады.
Дәстүрлі түрмен мұғалімдермен тексерілетін оқушылардың оқу
жылдамдылықтары оқушылардың бойында берілген мәтінді 1 минут ішінде
неғұрлым көп оқып шығу деген ұғым қалыптасып қалған. Ал мұғалімнің
сен «жақсы оқисың» немесе «жаман оқисың» деген сөзі оқу деңгейін
білдіретін ұғыммен сай келеді.
Сөйтіп оқушылар жақсы оқу үшін өздерінің алдына мәтінді белгілі бір
уақыттың ішінде тез суылдатып оқып шығу мақсатын қойып, мәтіннің не
тіліне, не мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың
идеясына мән бермейді. Сөтіп оқылған шығарманың мазмұны ашылмай
оқушыларда түсініксіздік тудырады.
Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп
оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл
бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралап оқу өкінішке орай
жүзеге аспайды.
Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты – баланың өзі оқыған сөйлемін,
мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын
меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір
сөзі дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді
дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың алғы
шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен
өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс
және тусініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай
етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе
түсінбейді.
Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы
кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи
білу – үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу – оқушы
үлгерімінің негізгі фокторы. Әдетте кімдер тез оқыса, сол көп
оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте
сақтау қабіліті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.
Кітап оқудың бастысы қанша кітап оқығаныңда емес, керісінше, оқыған
кітаптарыңның қаншасын түсінгеніңде.
Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылған
мәтіннің көлемі. Мәтін көлемі – бет, сөз, буын түрінде
анықталады.
Халықаралық салыстырмалы (PISA) зерттеуінің негізгі мақсаты да
оқушалардың мәтінді қандай жылдымдықпен оқитыны және түсінетіндігін
тексеру болып табылады.
Мектебіміздің бастауыш саныптарында оқу жылдамдықтарын тексеру
кезіндегі оқып шыққан мәтін бөлігінің мазмұнын қабылдаулары төмен
болғандықтан, мектебімізде оқышылардың оқу машықтарын жетілдіру
және оқу дұрыстығын қалыптастыру үшін оқушылардың оқу машықтарын
тексеру мен бақылауды жаңа үлгіде қарастыру қажет болды.
Сондықтан мұғалімдермен бірігіп әдістемелік бірлестік отырысында
«Оқушылардың оқу машықтарын тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулық»
әзірленді.
Мәтін оқуды бағалау
Мектепте оқу әрекетіне байланысты оқушылардың төменгідей білімі мен
білігі терсеріледі:
• Оқу кезінде (дауыстап немесе іштей) оқығанды қабылдау
дағдысы;
• Мәнерлеп оқу, мәтінді мазмұндап беру, прозалық және поэзалық
шығармаларды жатқа айта алуы.
Әдебиеттік оқу бойынша бағаларды қорытқанда келесілерді ескерту
қажет:
• Оқылған мәтін бойынша оқушының түсінігі;
• Оқу тәсілі, оқу дұрыстығы, оқу мәнерлілігі;
• Сөйлеу дағдылары және мәтінмен жұмыс істей алуы.
Оқушылардың оқу жылдамдығын тексеру үдерісінің тәртібі
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығының қалыптасуын тексеру
бірнеше күн өткізілуі мүмкін.
2. Оқушылардың оқу машығын тексеру үдерісі өтетін аудиторияда
бастауыш сыныптың екі мұғалімі болуы керек. Оның бірі – ұйымдастыру
міндетін атқаратын, сол сыныптың мұғалімі, екіншісі – сол сыныпта
сабақ бермейтін, экзаменатор роліндегі басқа мұғалім.
3. Ұйымдастырушы мұғалім оқу машығын тексеру үдерісі өтетін
аудиторияға оқушылардың бір-бірден қатысымын ұйымдастырады.
4. Тексеруге қатысатын оқушыларға тексерісте оқылатын мәтінді алдын
ала оқытуға рұқсат етілмейді.
5. Оқуға берілген мәтінді оқушы соңына дейін оқиды.
6. Экзаменатор-мұғалім оқуды бастауға дейін уақыты белгілеп оқушыға
бастауды рұқсат етеді. Мәтін оқылу кезінде мұғалім тексеру парағына
сәйкес өзіне белгілер қойып отырады. 1 минут уақыт шыққан кейін
экзаменатор-мұғалім өзіне соңғы оқылған сөзді белгілеп алады.
7. Оқушымен мәтін толық оқылғаннан кейін экзаменатор-мұғалім
оқылған мәтіннің түсінік деңгейін тексеру үшін мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар қояды.
8. Тексеру үдерісі аяқталғаннан кейін, оқушы аудиториядан
шығарылады. Мұғалім 1 минутта оқылған сөздерді санап, жіберілген
қателерді жүйелеп, қорытынды бағасын шығарады.
9. Мәтін оқу үстінде оқушыларға ескерту жасауға, 1 минут уақыт
аяқталған соң тоқтатуға, басқа оқушылардың алдында оқушының оқу
деңгейіне ауызша баға беруіне және оқу аяқталғаннан кейін баға
шығаруға (ауызша немесе журналға)
болмайды.
Оқу жылдамдығының нормасы
|
Сынып |
Баға |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
1-сынып |
5 |
|
|
25 сөзден артық |
35 сөзден артық |
|
|
4 |
|
|
20-25 сөз |
26-35 |
|
|
3 |
|
|
10-15 |
20-25 |
|
|
2 |
|
|
10 сөзден аз |
20 сөзден аз |
|
Сынып |
Баға |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
2-сынып |
5 |
45 сөзден артық |
50 сөзден артық |
55 сөзден артық |
65 сөзден артық |
|
|
4 |
35-40 сөз |
45-50 сөз |
50-55 сөз |
60-65 сөз |
|
|
3 |
25-29 сөз |
35-34 сөз |
40-45 сөз |
45-50 сөз |
|
|
2 |
25 сөзден аз |
30 сөзден аз |
35 сөзден аз |
40 сөзден аз |
|
Сынып |
Баға |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
3-сынып |
5 |
60сөзден артық |
65 сөзден артық |
70 сөзден артық |
75 сөзден артық |
|
|
4 |
40-55 сөз |
55-60 сөз |
60-65 сөз |
65-70 сөз |
|
|
3 |
25-39 сөз |
35-49 сөз |
40-54 сөз |
45-59 сөз |
|
|
2 |
30 сөзден аз |
35 сөзден аз |
40 сөзден аз |
45 сөзден аз |
|
Сынып |
Баға |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
4-сынып |
5 |
75 сөзден артық |
85 сөзден артық |
90 сөзден артық |
100 сөзден артық |
|
|
4 |
65-70 сөз |
75-80 сөз |
85-90 сөз |
95-100 сөз |
|
|
3 |
45-59 сөз |
55-69 сөз |
65-70 сөз |
74-80 сөз |
|
|
2 |
45 сөзден аз |
55 сөзден аз |
65 сөзден аз |
70 сөзден аз |
Оқу
жылдамдығының нормасы
Баға І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан IV тоқсан
1-сынып
“5” 25 сөзден артық 35 сөзден артық
“4” 20-25 сөз 26-35 сөз
“3” 10-15 сөз 20-25 сөз
“2” 10 сөзден аз 20 сөзден аз
2-сынып
“5” 45 сөзден артық 50 сөзден артық 55 сөзден артық 65 сөзден
артық
“4” 35-40 сөз 45-50 сөз 50-55 сөз 60-65 сөз
“3” 35-34 сөз 40-45 сөз 25-39 сөз 45-50 сөз
“2” 25 сөзден аз 30 сөзден аз 35 сөзден аз 40 сөзден аз
3-сынып
“5” 60 сөзден артық 65 сөзден артық 70 сөзден артық 75 сөзден
артық
“4” 40-55 сөз5 55-60 сөз 60-65 сөз 65-70 сөз
“3” 25-39 сөз 35-49 сөз 40-54 сөз 45-59 сөз
“2” 30 сөзден аз 35 сөзден аз 40 сөзден аз 45 сөзден аз
4-сынып
“5” 75 сөзден артық 85 сөзден артық 90 сөзден артық 100 сөзден
артық
“4” 65-70 сөз 75-80 сөз 85-90 сөз 95-100 сөз
“3” 45-59 сөз 55-69 сөз 65-74 сөз 70-84 сөз
“2” 45 сөзден аз 55 сөзден аз 65 сөзден аз 70 сөзден
аз
Есте сақтаңыз! “Оқу – ол тек оқушы меңгеретін пән ғана емес,
сонымен қатар осы арқылы басқа пәндерді де танып, білім алатын
құралы”
Оқушылардың оқу машықтарын тексеру парағы
Күні:___________________ Сынып:
Авторы_____________________ ___________________ мәтіні бойынша
№ Оқушының аты-жөні Оқу қарқынының нормасы Оқу қарқыны Оқу тәсілі
Оқу дұрыстығы Мәнерлеп оқуы Мәтін бойынша түсінігі
Қателер классификациясы
Буындап оқу Сөздерді толық оқу Сөздерді тіркестіріп оқу Әріп тастау
Буын тастау Сөз тастау Жол тастау еркін бірліктерді қосу
Бірліктердің орнын ауыстыру Әріпті қайталау Буынды қайталау Сөзді
қайталау интонация екпін 1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын дамыту

шағым қалдыра аласыз