Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіндегі адамгершілік
тәрбиесінің рөлі
Раимбекова Лаура Сагдатовна
Ғылыми жетекшісі: Кусаинова Арнагуль Жаксылыковна
педагогика және психология магистрі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
Қазіргі жастар - ел мен жердің қамын ойлайтын ертеңгі күннің азаматтары. Елiмiз тәуелсiздiгiнiң iргесiн бeкiтiп, өpкeниeт өрeсiн кeңeйтe түсу үшiн ,отанымыздың epтeңінe eңбeк етeтiн жaн-жaқты дaмығaн aзaмaт кeрeк. Ал бұл мaқсaтқa жeту үшiн eң aлдымeн адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған, мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Адамгершілікке тәрбиелеу ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, қоршаған ортаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстануы міндет.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу қай уақытта да өзекті тақырып, бұл қасиет қоғамның тарихына байланысты үнемі қалыптасып отырады. Ал қазір, қоғамның жаңару кезеңінде адамгершілік қасиет ерекше мәнге ие болуда. Заман өзгерген сайын, адамда өзгеруде. Бәрімізге аян, арамызда ақ пен қараны ажырата алмай, пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ар- ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендер талай. Міне, сол себепті де қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі- жас ұрпақтарды адамгершілігі мол, көкірегі ояу азамат ретінде тәрбиелеу.
Тәрбие- ата бабаларымыздан келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы таралып жинақталған өмірлік тәжірибе мен ізгі қасиеттер. Адамгершілік дегеніміз – адамдардың гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол адалдық, шыншылдық, әдептілік, жанашырлық пен сенім сияқты қасиеттерді қамтиды. Адамгершілік тәрбие өз алдында екі міндетті қамтамасыз етеді. Біріншіден, баланың адамгершілік әлеуметтенуіне, оның бойында жағымды қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған оның мінез-құлқы мен санасы. Адамгершілік тәрбиесінің екінші міндеті – баланың ақыл-ойына сүйене отырып, қиын моральдық жағдайларда саналы және жауапты шешім қабылдауға үйрету қажет. Мұндай баланың әрекеті таңдау еркіндігімен және қателесу құқығымен анықталады.[1]
Қазіргі заманда, кейбір ата-аналардың балаларға көңіл бөлуге онымен моральдық құндылықтар туралы сөйлесуге уақыты жетпей жатады, ал бұл мәселе балалар өз беттерімен басқа елдің принциптерін сініріп өсуіне әкеледі. Баланы қоршаған ортасы (ата-ана, туған-туыс, мұғалім, тәрбиеші т.б) оның адамгершілік тәрбиесінің нығайуына тікелей байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп бекер айтпаған. Анығына келгенде бала тәрбиесімен айналасу үшін, ересек адамдар ең бірінші өздерінен бастауы қажет. Себебі тәрбие жоқ жерде, адамгершіліктің болуы мүмкін емес.Адамгершілік тәрбие мәселесін шешудегі негізгі рөл- білім беру жүйесіне беріледі. Білім – бұл білім алу ғана емес. Бұл адамның өзімен және басқа адамдармен бейбіт өмір сүруі, оның өмір сүруін және адамзат баласының өмірін жалғастыру қабілетін қалыптастыру және дамыту процесі. Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады Мектеп -жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Сондықтан, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру аса қажеттілікті талап етеді. Қазіргі таңдағы мектептер балаларға жекеленген
ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Сонын салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді. Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болып табылады Адамгершілік тәрбие мәселелерін шешу жолдары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақта, үзілісте, сыныптан тыс іс-шараларда жүзеге асырылады. Өз қоғамының азаматы болу үшін бала кезінен бастап әр адам мәдени моральдық және азаматтық қарым-қатынас тәжірибесін алып, оларды игеріп, үйреніп алуы керек. Біздің мектепте оқушылардың өмірі осындай тәжірибе алу үшін ұйымдастырылған. Міндет балаларға адамгершілік таныту және азаматтық міндеттерін сақтау қаншалықты маңызды екенін айтып қана қоймай, оқушылардың бойында осындай мінез-құлық дағдыларын және әдеттерін қалыптастыру болып табылады.[2]
Кез-келген тәрбие ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сана мен салт-дәстүрден басталады. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға салт дәстүрлер арқылы рухани мәдениет қалыптастырылады.Сондықтан да баланың тәрбиесінің теңдей бір бөлігі мұғалімдердің де қолында. Ал білікті ұстаз оқушыларға жан-жақты тәрбиені адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Мұғалімдер мектеп табалдырығын енді аттаған оқушыларға ең алдымен адамгершіліктің ең қарапайым сатысын үйрету қажет. Ол дегеніміз дұрыс амандаса білу, қоршаған ортасымен жақсы қарым-қатынаста болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сынып ішінде өзара сыйласу, салмақты да сабырлы болу. Сондай-ақ, жолдастарына қолынан келгенше көмек күшін аямау, жақсылығын бағалай білу.Оқу процесінде адамгершілік тәрбиесін кіріктіру аса қиыншылық тудырмайды.Кез-келген сабақ барысында балаларға тәрбие уақытын арнауға болады. Бірақ оны дұрыс кіріктіру мұғалімнің қолында. Мысалы, бала сабақта өзін қалай ұстағаның бақылай отыра,оның ерсі әрекетін байқаған жағдайда ,сыныптың көзінше оның дәрежесін түсіріп дауыс көтеру дұрыс емес, керісінше ,оған ақыл айта отыра қасындағы жолдастарыда ескеретіндей әрекет жасау керек.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиелеудің міндеттері- оқушылардың белсенді саналық көзқарасын қалыптастыру, азаматтық қассиеттерін дамыту, Отан алдындағы борышын түсіну, ұлттық тілі мен салт-дәстүрін жоғалтпаған өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бастауыш сынып оқу тәрбие үрдісінде оқушыларға адамгершілік тәрбиені сіңірудің бірнеше қарапайым жолдары бар:
- мұғалімдер оқушыларға белгілі бір жазушылардың шығармаларын оқытып, ішіндегі кейіпкерлердің образын талдап, ондағы ситуацияны өз басынан өткізсе қандай әрекет жасайтынын сұрастырып, оқушылардың ой-психологиясына үңілуге болады.
- оқушыларды ұжымдық жұмысқа шақырып, топпен жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, сырттай бақылау арқылы әр оқушының топ ішіндегі қарым- қатынас мен достарымен әңгімелесуі барысында оның қандай екенін білуге болады. Ал бір-бірімен достық- жолдастық сыйлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету адамгершілік сенімнен туады.[3]
- әр түрлі ойындар барысында ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіріп баланың бойында меймандастық, кішіпейілдік, достық, жанашырлық қасиеттерді қалыптастыруға болады.
Адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаның әдептілік сипаттары мынадай болуы тиіс:
-
басқа адамдардың мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болып, тәкаппарлықтан арылу;
-
достарының, отбасының сеніміне қаяу келтірмеу;
-
жанашырлық таныту- өзгелердің қайғысына ортақтаса білу, қол ұшын көрсету;
-
кешірімді болу- реніштен, өшпенділіктен арылу, кек алудан аулақ болу;
-
рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін түсіне білу;
-
жауапкершілікті сезіне білу- жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу;
-
өзін-өзі мәдениетті ұстай білу- өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу;
-
ұқыптылық- қандай іс бастаса да ұқыптылықпен қарау, еңбек етуден қашқақтамау;
Келешек ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу –айтып өткендей, мінез- құлық дағдыларымен ережелеріне үйретеді. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі көп болғанымен күнделікті өмірде іс-әрекеті, сөйлеу мәнері біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы мен жаман әдеттерді ажырата білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды.Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар өмірде іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Қорыта келгенде, халық педагогикасынан бастап, дәлелденген нәтижелерге сүйене отыра, тәрбие құралдары мен әдістерді дұрыс бағытта қолданса адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланбақ. Сондықтан, қазіргі жас ұрпақ- тарихымыздың көзіндей, болашақтың өзіндей болып, ертеңіне сенетін, адамгершілік құнды қасиеттерді жоғары ұстайтын, иманды, алдына қойған мақсаттарына соңғы күштеріне дейін жұмсайтын, рухани жан дүниесі бай болуы шарт. Рухани- адамгершілік тәрбиесінде ең алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Березина В.А. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде тәрбиелеу. М., 2008. 147 б.
2. Бруднов А.К.Мектептен тыс тәрбие – уақыттың өзекті құбылысы (мәселелері, ізденістері, шешімдері) // Мектеп оқушыларының тәрбиесі. 2002. № 3. Б. 3-5.
3. Мүрсалімова У. «бала тәрбиесі – баршаға ортақ» А. 2011ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіндегі адамгершілік тәрбиесінің рөлі тақырыбы бойынша мақала

шағым қалдыра аласыз