2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Бастауыш сыныпта ойын технологиясын пайдалану әдістері»

«Бастауыш сыныпта ойын технологиясын пайдалану әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бастауыш сыныпта ойын технологиясын пайдалану әдістері»
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Түркістан облысы

Отырар ауданы

«Темір жалпы білім беретін мектеп»











«Бастауыш сыныпта ойын технологиясын пайдалану әдістері»


Әдістемелік құрал


























Темір-2025





Оқу –әдістемелік құрал Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Темір жалпы орта мектебінің» бастауыш сынып бірлестігінде талқыланды. №1 хаттама 25.02.2025ж



Құрастырушы:

Ускенбаева Карлыгаш Кундебековна- Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Темір жалпы орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі.




Пікір айтушы:

Құрманбекова А- Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Темір жалпы орта мектебінің» бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі.




Бұл әдістемелік құралда бастауыш сыныпта ойын технологияларын пайдалану арқылы балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді. Ойын арқылы оқыту технологиясы – балама варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың жүйесі берілген.















Кіріспе

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау- ұстаздың міндеті. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты дамыту мақсатында оқытудың тиімді әдістерін қолдану өзекті мәселеге айналып отыр. Солардың бірі – ойын технологиясы. Ойын – баланың табиғи әрекеті, таным мен тәрбиенің қуатты құралы. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады, білім алуға деген ынтасын дамытады. Бұл технология оқушыны еркін ойлауға, шешім қабылдауға, шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады. Ойын арқылы бала өз тәжірибесін жинақтап, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.

Ойын арқылы оқушы не үйренеді?

Қисынды ой-қабілетін дамытады

Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

Сөздік қорын байытады, тілі дамиды

Зейіні қалыптасады

Байқампаздығы артады

Өзара сыйластыққа үйретеді

Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

Сабаққа қызығушылығы артады.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды–көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» болып ойнау);

жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер, стадиондар тұрғызу, кеме салу);

қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар). Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.

Ойын түрлері

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын түрлерінің жіктелуі:

- грамматикалық;

- психологиялық;

- тірек-сызбалар;

- логикалық;

- техникалық;

- дене–еңбек.

Грамматикалық ойындар. Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.

Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой–пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына: 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ – жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог). Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам алған кезім» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.

Тірек сызба ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскездеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына: - ойық жазбалар; - суретті жұмбақтар; - сөзжұмбақтар, аннаграммалар; - суретпен бейнелеулер жатады.

Логикалық ойындар – оқушылардың ой–өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ–тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ–тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.

Техникалық құралдармен ойналатын ойындар – қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Дэнди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке.

Дене–еңбек ойындары — бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады

Бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдану әдістері мыналар:

  1. Сабақтың басында – оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа қызығушылығын ояту үшін (мысалы, «Кім жылдам?», «Қай буын артық?»).

Мысалы "Кім жылдам?" әдісі бастауыш сыныпта оқушылардың зейінін шоғырландыруға, жылдам ойлау мен шапшаң жауап беруге үйретуге өте тиімді. Қалай қолданылады:

1. Мұғалім сұрақ немесе тапсырма береді.

2. Оқушылар қол көтеріп немесе шапалақтап жауап беруге дайын екенін білдіреді.

3. Кім бірінші дайын болса, сол жауап береді.

4. Дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

Мысалы, 2-сыныпқа тапсырма (математика):

5 + 7 = ?

12 - 4 = ?

3 есе 4 қанша болады?

Мысалы, қазақ тілі сабағына:

Зат есімге мысал айт.

Сын есім деген не?

Көктем” сөзіне сөйлем құра.

Мақсаты: оқушыны белсенді ойлануға, тез шешім қабылдауға, білімін шапшаң қолдануға дағдыландыру.

2. Жаңа сабақты меңгертуде – оқу материалын ойын арқылы түсіндіру (мысалы, сөздерді суретпен сәйкестендіру, математикалық ойындар).

3. Бекіту кезеңінде – алған білімдерін пысықтау үшін (мысалы, «Сөздер бәйгесі», «Сандар пирамидасы»).

"Сандар пирамидасы" әдісіне мысал (бастауыш сынып, 2–3-сынып):

Тапсырма:

Әрбір жоғарғы сан — астындағы екі санның қосындысы.

Мысалы:


12

5 7

Оқушы әрекеті: 5 пен 7-ні қосып, 12 санын шығарады.

Күрделірек мысал:

?

? ?

3 4 5

Жауабы:

3 + 4 = 7

4 + 5 = 9

Сонда жоғарғы сан — 7 + 9 = 16

Дайын түрі:


16

7 9

3 4 5


Бұл әдіс логикалық ойлауды, қосу/азайту дағдыларын дамытуға көмектеседі. 4. Топтық немесе жұптық жұмыс ретінде – бірлесе әрекет ету арқылы тапсырманы орындау (мысалы, «Ойлан, тап!», «Сиқырлы сандық»).

5. Қайталау, қорытындылау кезінде – өткен тақырыптарды қайталауға арналған ойындар (мысалы, «Бинго», «Адасқан әріптер»).

"Бинго" әдісіне мысал (бастауыш сынып, 2–4 сынып):

Тақырып: Көптік жалғау

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын кеңейту және грамматикалық білімін тексеру.

Тапсырма: Оқушыларға 3×3 тордан тұратын «Бинго» кестесі беріледі. Әр ұяшықта бір сөз жазылады.

Мысалы:

| кітап | үй | бала |

|------|-----|------|

| гүл | дос | ата |

| қоңырау | орман | қала |

Мұғалім оқиды: "Көптік жалғауын жалға: гүлдер", "балалар", т.б.

Оқушы әрекеті: Дұрыс жауап тапса, сол ұяшықты сызып тастайды. Тік, көлденең немесе диагональ бойынша 3 ұяшықты сызып шыққан оқушы «БИНГО!» деп дауыстайды.

Нәтиже: Қызықты форматта өткен жаттығу арқылы оқушылар грамматиканы бекітеді. 6. Сергіту сәтінде – қозғалыс ойындары арқылы балаларды сергіту («Қоян мен қасқыр», «Айна»).

Ойындар сабақтың мазмұнына, мақсатына сай таңдалуы керек.

Бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдану әдістерінің тиімділігі:

1. Қызығушылықты арттырады – балалар ойын арқылы сабаққа белсенді қатысады.

2. Ойлау қабілетін дамытады – логикалық, тілдік, математикалық ойлауы жетіледі.

3. Жаңаны тез меңгереді – ойын барысында білімді жеңіл қабылдайды.

4. Шығармашылыққа баулиды – өз ойын еркін айтуға, әрекет етуге мүмкіндік береді.

5. Топпен жұмыс жасауға үйретеді – бір-бірімен қарым-қатынас жасап, ынтымақтасады.

6. Жағымды атмосфера қалыптасады – бала өз ойын еркін жеткізе алатын ортада еркін сезінеді.

Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне байланысты. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдану – оқу үдерісін жандандырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыратын маңызды құрал. Ойын арқылы бала еркін ойлайды, белсенді әрекетке түседі және өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік алады. Мұғалім дұрыс ұйымдастырған ойын – білім мен тәрбие берудің тиімді жолы. Сондықтан ойын – тек көңіл көтеру емес, ол – дамытушы, үйретуші, тәрбиелеуші құрал.




8


06 Сәуір 2025
40
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі