Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді әдістер
Түркістан облысы
Түркістан қаласы
«Bayly mektebi» ЖШС
«Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді әдістер »
Әдістемелік құрал
Түркістан -2025
Оқу –әдістемелік құрал Түркістан облысы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Bayly mektebi» ЖШС -інде бастауыш сынып бірлестігінде талқыланды.
№1 хаттама 28.02.2025ж
Құрастырушы:
Байтұрсынова Әсем Исембекқызы - Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Bayly mektebi» ЖШС, бастауыш сынып пәнінің мұғалімі.
Пікір айтушы:
А.М.Лесбек- Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Bayly mektebi» ЖШС, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі.
Бұл әдістемелік құралда оқу сауаттылығын арттыру үшін тиімді әдістер мен стратегияларды қолданылған. Белсенді оқу, сыни ойлау, талдау, мәтінмен жұмыс, рөлдік ойындар және визуализация әдістері оқушылардың оқу дағдыларын дамытып, қызығушылығын оятады. Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтінді түсінуі, негізгі ақпаратты саралап, талдай алуы және оны өмірлік жағдайларда қолдана білуі. Бұл дағдыны дамыту оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға және өз ойын еркін жеткізуге ықпал етеді.
Кіріспе
Қазақстандық білім беруде мектеп жүйесінің барлык элементтерін ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді. Мемлекеттік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жургізу жан-жакты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден, педагогтін кәсіби біліктілігін арттыру, екіншіден, окушылардың оку танымдық кажеттілігін ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту талаптарын күшейту басты назарда болуы тис. Аталмыш міндеттер білім берудің манызды құрылымдық-мазмұндык компоненттерін шығармашылықпен жоспарлау мен реформалауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың оқу танымдық қажеттілігін ұйымдастыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту, практикалык іс -әрекет түрі ретінде манызды болып саналады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі- нәтижелі білім берудің негізі. Окушылардын оқу-танымдык кажеттілігін уйымдастыруда сабак үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер
арқыл-ой белсенділігін, танымдық қабілеттерін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың оқу танымдық қажеттілігін, шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар мен ойын түрлерін жүйелі қолдану кажет. Демек окушыларға тапсырмалар бергенде талдау, жинактау, салыстыру, топтауға арналған тапсырмалар олардың логикалық ойлауын, тілін дамытатындай болуы
керек.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқу сауаттылығы – оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің бірі. Бұл тек мәтінді дұрыс оқып, оны түсінумен шектелмейді, сонымен қатар оқыған ақпаратты талдау, салыстыру, бағалау және күнделікті өмірде қолдану дағдыларын қамтиды. Оқу сауаттылығын дамыту – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, өз пікірін еркін білдіруге және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған үздіксіз үдеріс. Сондықтан тиімді оқыту әдістері мен технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру – білім беру сапасын жақсартудың маңызды шарттарының бірі.
Сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез-келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы. Біз көп жағдайда функционалды сауатсыз екенімізді қиындықпен бетпе-бет келгенде ғана сезіп жатамыз. Мысалы, аяқ астынан жағдай өзгергенде, кәсіп ауыстыруға тура келген кезде, қолымызға таныс емес зат тигенде, жаңа бағдарламамен немесе құрылғымен жұмыс жасарда, кесте, схема, карта, банкомат дәне тағы да басқалар. Демек, баланың әлеуметтік ортаға тез сіңісіп, өзін жариялай алуы үшін осындай жағдаяттардан жол тауып шығуға мектеп қабырғасынан бастап әр түрлі тапсырмалар арқылы үйретуіміз қажет. Әрине, алыстан іздеудің қисыны жоқ, қазіргі жаңартылған білім бағдарламасындағы оқу мақсаттарының бәрі оқушыны танып білуден, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне қарай жұмыстануға бағытталған.
Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттерінің дамуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруна көмектеседі.
Осы оқу мақсаттарына сай тапсырмаларды дұрыс құрастырып беретін болсақ, оқушыларымыз функционалды сауатты болып шығары сөзсіз. Осы айтылған ойымды өз тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып дәлелдейін. 2-4 сыныптардың әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасында 2.1 «Оқу түрлерін қолдану» бөлімшесінде спиральді түрде берілген оқу мақсаттары мынадай:
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу |
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу |
4.2.1.2шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу |
Бұл мақсаттар оқушылардың оқу сауаттылығын біртіндеп күрделендіру арқылы дамытуға бағытталғаны көрініп тұр. Енді осы мақсаттарға жетуде қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қандай тапсырмаларды қолданғаныммен бөлісейін. Бұл оқу мақсаттадағы ең негізгі тұс-қажетті ақпаратты тауып оқу. Оқи отырып, шығармадағы қажетті ақпаратты ажырата алу білігін дамытуда суретті сызба, кесте, сұрақтар тапсырмалар арқылы орындату тиімді. Екінші сыныпта оқушылардың көпшілігінің іштей оқу дағдысы деңгейі көпшілігінде төмен болады, тек дауыстап оқығанда ғана мәтін мазмұнын түсінеді. Сондықтан, іштей оқи отырып, қажетті ақпаратты дұрыс белгілей алуы үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып суретті кестелер бердім. Кестенің суретпен болатын себебі, 2-сынып оқушылары көп сөзбен берілген тапсырмадан гөрі суретпен немесе өзіне қызықты белгілермен берілген тапсырманы орындауға қызығушылығы жоғары болатыны белгілі. Қадыр Мырзаәлидің «Не үшін?» өлеңін оқымас бұрын оқушыларға мынадай суретті кесте таратылды. Тапсырма: Өлеңді оқып, суреттегі дене мүшелері не үшін қажет екенін жазып шық. Жұпта орындайды. Кесте:
Дене мүшесі |
Не үшін керек? |
Ақынның жауабы |
Сенің жауабың? |
|
|
|
|
Енді осы оқу түрлерін қолдану бөлімшесі 4-сыныпта күрделенген мақсатпен беріледі. Ол мақсатқа жетуде кестелер суретпен емес сұрақ түрінде күрделеніп келеді. Мысалы, 4-сынып. Ш.Садырхан. «Азамат бол!» Жеке жұмыс. Тапсырма: Өлеңдегі қажет ақпаратты тауып, сұраққа жауап жаз.
Әкесінің «Кім болсаң да, өзің біл» деген сөзін қалай түсіндің? |
Әкесінің айтқан ойларының қайсысы маңызды? |
Өлеңнің негізгі ойын білдіріп тұрған шумақты белгіле. Бұл нені аңғартады? |
|
|
|
Яғни, 2-сыныптан бастап шығармадағы ақпаратты тауып, іштей оқуға дағдыланған бала,
4-сыныпта мәтінді не өлеңді түсініп оқи алады, оқу сауаттылығы қалыптасқан, сондықтан сұраққа жауап бере алуы тиіс екенін білдіреді. Келесі тапсырмалар түрі мәтінмен тікелей сұрақтар бойынша құрастырады. Оқушы оқыған шығармасын қаншалықты түсініп оқығанын және алдыңғы білімдерін қаншалықты меңгергенін бағалауға болатын тапсырмалар. Мысалы, 4.2.7.1. Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау бөлімшесінің мақсатында көркемдеуіш құралдарды табу және қолдану берілген. Соған сәйкес мынадай тапсырмаларды орындатуға болады.
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу |
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу |
4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану |
|
|
|
2-сынып. Тапсырма: мәтінді оқып, сурет пен сөз тіркесін сәйкестендір. Мәтін: Ақ лақ. Менің ешкім бар еді. Сол ешкім әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді. Мейірленіп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. «Тоңатын болды — ау» деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып, ұйықтап жатыр.
Шөптің қуысына тығылды
Таппай маңырады
Қасынан шықпайды
Ала мойын аппақ
Ұйықтап жатыр
Теңеу сөздерді тауып астын сыз: аппақ, қораға, ала мойын, шөптің, енесі, әдемі, соқты.
4-сынып. Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жаз. Атамекен. Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей. Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар бәрі көзіңе оттай басылады.
1.Жымыңдайды сөзіне мағыналас сөзді белгіле:
А) қимылдайды
Ә) жылтырайды
Б) күлімдейді
В) жарқырайды
2. Эпитет сөздер қатарын белгіле:
А) алыс, таныс
Ә) қиын, ұйқы
Б) тыныс алғандай, оттай, сүттей
В) суретші, тыныштық
3. Мәтіннің қай түріне жатады?
А) пайымдау
Ә) әңгімелеу
Б) сипаттау.
В) дәлелдеу.
Бұл тапсырмаларды мен екі сыныппен қатар көрсетуімнің себебі, ЖББ-да оқу мақсаттарының шығыршық түрінде берілуі өте тиімді екендігін салыстырмалы түрде айтуға болады. Келесі тапсырма түрі кейіпкерлердің іс әрекетін бағалау бөлімшесі бойынша берілген оқу мақсатына бағытталған. Тапсырма: шығарманы оқып, ондағы кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін тауып, кестені толтыр.
Сұрақ |
Жауап |
Кім? Не? |
|
Не істеді? Қайтті? |
|
Қандай? |
|
Бұл кестелерді толтыру кезінде оқушы шығармадағы кейіпкерді анықтап, оның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерге және іс-әрекетіне баға береді. 4.2.1.2 шығарманы талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу мақсатына сай «10 сұрақ» әдісімен берілген кестемен жұмысты «Өрмекші мен шыбын» мысалын оқығанда жүргіздім. Оқушылар бұл кестені толтыруда мысалға жан-жақты талдау жасайды: мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиға желісін анықтайды (4.3.1.1), кейіпкерге баға береді (4.2.6.1), негізгі ойын табады (4.2.3.1), мысал келтіре отырып,өз ойын білдіреді (4.1.5.1). Тиімділігі бір кесте арқылы бір шығармаға талдау жасай отырып, бірнеше мақсатты орындайды. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау ретінде бірнеше сабақтың соңында беруге өте ыңғайлы.
Оқу сауаттылығын дамытатын бірнеше әдістер ұсынуға болады:
- Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру (дыбыстарды дұрыс айту, буындап оқу)
- Сөздік қорды байыту (жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру)
- Мәтінді түсініп оқу әдістері (инсерт, негізгі ойды табу, сұрақтарға жауап беру)
- Сұрақ-жауап әдісі (ашық және жабық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту)
- Ассоциациялық карталар мен диаграммаларды қолдану
Белсенді оқыту стратегиялары:
- Диалогтік оқыту (оқушылардың пікір білдіру дағдыларын жетілдіру)
- Дебат және пікірталас (оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету)
- Ойын арқылы оқыту (дидактикалық ойындар, рөлдік ойындар, сөздік ойындар)
- Графикалық ұйымдастырушылар (кластер, инсерт, БББ, Венн диаграммасы)
- Мәтінмен жұмыс жасау әдістері (әңгіме құрастыру, мазмұндау, оқығанын талқылау)
- Креативті және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту (проблемалық сұрақтар, зерттеу тапсырмалары)
Көркем әдебиетпен жұмыс:
- Оқылған мәтінді талдау және түсіндіру
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру
- Мәтінге қатысты өз ойларын жазбаша немесе ауызша жеткізу
- Ертегілер мен әңгімелерді сахналау
- Шығармашылық тапсырмалар (өлең шығару, әңгіме жазу, сурет салу)
Оқушылардың оқу дағдысын бағалау және қолдау:
- Қалыптастырушы бағалау әдістері (кері байланыс, рубрика, өзін-өзі бағалау)
- Оқу жетістіктерін қадағалау (жеке және топтық жұмыс нәтижелерін саралау)
- Оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдері (мотивация, марапаттау, ынталандыру)
- Ата-анамен жұмыс (үйде оқу сауаттылығын қолдау әдістері)
Цифрлық технологияларды пайдалану:
- Интерактивті құралдар (смарт тақта, онлайн тесттер, цифрлық оқулықтар)
- Оқу сауаттылығын дамытуға арналған онлайн платформалар (BilimLand, Kahoot, Quizizz, LearningApps)
- Визуалды материалдарды қолдану (бейнероликтер, инфографика)
Оқу сауаттылығын дамыту – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, өз пікірін еркін білдіруге және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған үздіксіз үдеріс. Сондықтан тиімді оқыту әдістері мен технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру – білім беру сапасын жақсартудың маңызды шарттарының бірі. Сондықтан оқу сауаттылығын жетілдіру – тек оқу бағдарламасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың өмір бойы үйренуіне негіз болатын маңызды құзыреттілік. Бұл дағдыны дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс оқушылардың академиялық жетістігін арттыруға, сондай-ақ олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі. Оқу сауаттылығы- бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуметтік дамыту, қоғам өміріне қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, талқылау және онымен жұмыс жасау қабілеті екенін жете түсінді.

