жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сыныпта SMART технологиясын қолданудың педагогикалық еерекшелігі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Мырзақан Берікгүл
Студент, Ж.мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Алматы қаласы науырызбай ауданы,
Қазыргі әлемде жәйғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны бәрімізге мәлім, Мақалада ақпараттық қоғам жағдайында цифрлық дамумен қатар жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне жылдам еніп, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа технологиялардың қажеттілігі туралы айтылады. Сүйтіп білім сапасының артуы мен өмір сүру формасы қарым - қатынас жасаудың жаңа әдіс- тәсілдеріне жол ашылатындығы , жаңартылған педагогикалық технологияның адамзат өміріне әкелер пайдасы мен оқушылардың білім алуына деген қызығушылығын арттыру маңызы туралы айтылады .
«SMART» , « SMART білім беру тұжырымдамасын, мақсаты мен міндеттері белгіленеді . Білім беру процесіндегі SMART- ортаның қалыптасуы сапасы SMART - білім беру жүйесінде аса қажет екендігі қарастырылады . Қазыргі таңда жаңа білім беру ортасын қалыптастыру кәсіби мамандардың сапасын арттыру үшін аталған зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетіледі . SMART - білім берудің негізгі принциптері ұсынылады . SMART - оқытуды интербелсенді білім беру ортасында , біріктірілген оқыту ортасында, білім беруді дербестендіру мен бейімделу , контентті барлық білім беру саласында қолданудың тимділігі мен келер жас ұрпақтың білімді дарын иелері болып шығуына деген қол жетімділіктерінің маңызы туралы негізгі ой мен ұсыныс туралы айтылған .
Түйін сөздер: SMART білім беру, жаңа иннавация, жаңа технология, цифрлық технологиялар, интернет - курстар, Колжетімді контент.
Адамзат үшін технологияның алар орны бөлек, технология адамзаттың болашақ өмірін өзгертуге жаңалауға игеруге жетілдіруге әр тараптан қосар үлесі зор.
Технологияны меңгеру теңдесіз білім көзі болмақ, технология ғылым экономика мәдениет әлеуметтік ортаның дамуымен тығыз байланысты. Оны меңгеру әр болашақ иесінің басты мақсатына айналмақ, жаңалық ашу құнды білім жарату болашақ ұрпақтың бірегей мақсаты болуы керек. Осы орайда SMART технологиясының өз алдына алар орын ерекше, мемлекеттер ара жеке кәсіп иелері болсын мамандар білім иелері сонымен қатар,қоғам дамуының негізгі қайнар көзі ретінде атауға болады. Технологияның негізі адамзат өмірін жақсартумен қатар, жаңа идеологиялармен, жаңа инаватциялық, экономикалық құндылықтар жарату.
SMART технологиясы оқу орындарының білім беру қызметі мен білім алу өнімін жоғары дәрежеге көтеру, білім алу үдерісінде базалық тұрғыдан иноватсиялық оқу жоспары мен пәндер ара оқыту сапасын жоғарлату, оқыту үдерісін электронды ортаға айналдыра отырып, білім беруді неғұрлым тиімді, қонымды, қызықты, ретінде алуға болады. Технология оқу үдерісін жақсарту кезінде балалар мектен білім алумен қатар, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, мейлі кітапханада, саябақта, қоғамдық орындарда, үйінде болсын, орын шектемесі жоқ яғыни әр адамның қол жетімді білім алуына тигізер пайдасы мол.
SMART оқытудың негізгі принцптерін алатын болсақ, білім беру бағдарламасында, оқу міндеттерін шешу үшін өзекті мәліметтерді пайдалану, білім алудың өзіндік танымдық зерттеу жобалық қызыметін ұйымдастыру, шығармашылық ізденіске, дербес ақпараттық зерттеу қызметіне, дайындалу, икемді білім алу, оқытуды дағдыландыру, білім беру қызыметінің алуан- түрлігімен қолданыс аясын кеңейту, яғыни SMART технологиясы білім беру үдерісін жаңаша құруға мүмкіндік береді. Бүгінде бүкіл әлемде цифрлану үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Әр ел ұлттық цифрландыру бағдарламаларын өздері айқындауда, мысалы Қытай, Сингапор, Корея, сияқты он бестен астам елдерде, цифырландыру бойынша алдынғы қатарда, қай елдің технологиясы қуатты сол елдің экономикасы озық халық тұрмысы көш ілгері екені бәрімізге аян .
Болашақ жас ұрпақты ақпараттандыру саласында, сифырлық- инаватциялық өмірге тәрбиелеу, әр бір жас маманның басты қағидаттарының біріне айналмақ. Болашақ жас маман жаңа технологияны жүзеге асыру тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүдесіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда, мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкәрттерін бағалау ерекше орын алады. Өз ісіне жауапты ізденімпаз, білімді, шығармашыл технологияларды меңгерген үздік алға шығар педагог болуы керек деп ойлаймын .
ХХІ-ғасырда адамзатпен интернет мобильді телефон компютер сияқты техникалық құралдар бір- бірімен тығыз байланысты, бейне ауа мен су сияқты маңызды элементке айналады, заманауи білім беруді дамыту үшін жаңа технологияларды қолдану және оның тимді әдіс тәсілдерін меңгеру заман талабы болмақ.
Қазыргі таңда елімізде пондемия үдерісі кезінде, онлайын режімге көшу барысында, бізге аян көп технологиялардың қуаты төмен екенін байқай алдық. бұл бізге үлкен сабақ, үлкен ескету сияқты, цифырлану үдерісіміз баяу жүріп, жатқанын сезіне алдық, мемлекетіміз бұған қарсы әрине нақты қадамдар жасай алды, жәнеде болашақтада жасай алатынына сенемін.
Мысалға оқу үдерісіне келер болсақ техникалық толықтырулар керек екенін білідік, жаңа жүйені жаңа үдерісті пайдалану барысында бізге кездескен тың жаңа қадамдар қиындық тудырды, оны меңгеру қолдану барысында біраз проблемалар орын алды, осыны көре отырып мемлекетіміз іс шаралар жасаумен қатар, оған нақтылы қадамдар алып барды, барлығымыз бұдан сабақ алдық, ал енді мынау цифырлы заманда қоғам даму үдерісіне ілесу мемелекетіміздің білім беру саласының жоғарлауы мен дамуына зор өзгертулер мен техникалық жаңартулар енгіз біз үшін маңызды .
Бастауышш мектеп баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оны тұлға ретнде өзін- өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына, жағдай жасайтын негізгі саты, жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптағы оқу тәрбие үдерісі қазыргі заман талаптарына сай құрылу шарт. Бастауыш сынып баласы оқу жазуын тани бастап ақпараттық сауаттылықпен бірге дамыса білім саласында қолдана білсе тіптіде тамаша болмақ, болашақ иелерінің шығармашыл, білімді сауатты технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік мол болары анық.
Технологияны қолдану мен оны іске жарату үшін, жас ұрпақты жаңа қадамнан бастап, білім беруді жеке тұлғаға бағыттап, оның қызығушылығын ояту техниканы пайдалана ортырып, электронды ресурстарға еркін қол жетімділікке ие болу, оңай әрі жылдам ыңғайлы түрде жеткізу, кез-келген жерде, кез-келген уақытта әлемдік білім беу кеңістгіне қол жетімді түрде оқыту мен білім алуды тең дәрежеде озық әдіспен қабылдай білу керек.
SMART оқыту AKT көмегімен уақыт кеңістігіне шектелмей ыңғайлы білім алу мүмкіндігіне ие кәсіби және инноватциялық әдіс тәсілдерді оқыту үдерісінде тиімді қодана білу маңызды.
SMART оқу үрдісі технологиялық инноватция мен интернетті қолдана пәннің жан жақтылығы мен мазмұнның үздіксіз жаңаруын ескере отырып, жүйелі меңгеру негізінде білім алушыға кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мүмкіндігін беретін оқу үрдісі.
SMART білім ақпараттық SMART технологияларды қолдану негізінде мүмкін болатын білім беру үдерісін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру парадигмасы болып табылады. SMART-білім барлық білім беру үрдісін, сондай-ақ осы үрдістерде қолданылатын әдістер мен технологияларды кешенді түрде жаңартуды көздейтін концепция болып табылады. SMART концепциясы білім беруде «ақылды» тақта, «ақылды» экрандар кез келген нүктеден интернетке шығу мүмкіндігі сияқты технологиялардың пайда болуына себепші болуда. Бұл технологиялардың әрқайсысы контентті жасақтау, жеткізу және өзектендіру үрдісін жаңаша құруға мүмкіндік береді. Тек сыныпта, аудиторияда емес, үйде және кез келген қоғамдық орындарда да білім алуды оңай жүзеге асыруға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қол-дануда оқушылардың мынандай тиімділіктері аңғарылды:
-
түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;
-
өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
-
тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
-
пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
-
ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;
-
өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
-
түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
-
түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.
SMART құрылғылар не үшін қажет?
SMART телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
Бұл сенсорлы экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауына көмектеседі;
Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі;
Сабақтың центрден есте сақтау қабілетіне үлкен экраннан көрсетілуіне, сол уақытта оқушылар өздері тапсырманы жасап, немесе сол бағытта басқа бір тапсырманы жасай алуларына болады;
Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;
3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;
Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің де жақсы өтуіне септігі тиеді;
SMART экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді.
Оқытушылар бұл технологияларды бір-бірімен және өз білім алушыларының ата-аналарымен хабарласу, кәсіби тәжірибе алмасу, сабақтарының мазмұнын жаңа материалдармен байыту, білім алушылардың оқуға ынтасын көтеру, кәсіби өсу үшін қолдана алады. Педагог және білім алушы білім беру үрдісінің тең құқылы қатысушысы болады. қажетті ақпарат бәріне бірдей дәрежеде қолжетімді, әрқайсысы өз жұмысының нәтижесін зерттеудің жалпы қорытындысымен толықтыра алады.
Оқытудың қазыргі заманғы жаңа технологиясы оқу үдерісіне педагогикалық психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Бұл технологияны оқу-тәрбие жұмысының бір-бірімен тығыз байланысқан білімгерлерді (оқушы, курсант, студент т.б.) дамытуға бағытталған әдістері мен түрлерінің кешенді жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру ісінің басты бағыты, яғни оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан да оқу-танымдық, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, педагогика, психологиялық, ақпараттық-коммуникациялық, жаңа технологияға бетбұрыс әлемдік білім кеңістігіне талпынған қазақстандық ғылыми-әдіснамалық жүйені мазмұны жағынан ғана байытып қоймай, құрылымын да өзгертіп, бағыты жағынан да жетілдіре түседі».
оқушының негізгі құралдары туралы (тақта, бор, қалам, дәптер) туралы ұмытуға болмайды. Бірақ бүгін осы дәстүрлі құралдар жаңа сипатта пайда болады. Оларды интерактивті SMART-тақта сияқты ұтымды компьютерлік оқыту құралдарына ауыстырып жатыр. Оқыту құралы ретінде электрондық тақтаның педагогикалық мүмкіндіктері, көрсеткіштердің саны жағынан, оқу процесін жүзеге асырудың дәстүрлі құралдарынан әлдеқайда асып түседі. Қазыргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл жұмыс нәтижесін арттырады бұлар мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегін тигізеді. Бүгін кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет.
Мен білім алып жатқан оқу орны, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде, тың тамаша жаңа технологиялар, оқу үдерісінде қолданыста, жаңа техникалық жабдықтар мен интеактивті тақталардың заманауи үлгілеріде біздің білім алуымызда еш кедергісіз қолданысқа ие болды.
менің үміт ететінім барлық оқу орындарымен мекемелер осындай заманауи үлгіде жабдықталса екен деген тілегім бар. жәнеде біз практика барысындада мектеп қабырғасында әліде кем тұстар бар екенін байқадық , кей сыныптарда интерактивті тақта бар кей сыныптарда жабдықталмаған, интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында балалардың сабаққа деген қызығушылығын бақай алдық, бала зейіні тез аударылып қабылдауымен практикада тапсырмаларды орындау барысында нақтылы нәтижесін көрдік. Біз балалар қызығушылығын ескере отырып келер ұрпақтың білім алуынна шарт жағдай жасауымыз керек.
Қортындылай келе бастауыш сыныпта SMART технологиясын қолдану үдерісін кеңейту, жаңа иноватциялық технологияларды қолдану арқылы білім беру, қабылдау, дәрежесін жоғарлату, мысалға алсақ менің ұсынар жобам электронды ақылды кітап яғыни смартфонға арналған мектеп оқулықтарын жазу, мектеп мұғалімі сабақтың бейне дәрісін виддеоллекция жасауы баланың қызығушылығын арттырып тез қабылдау мен оған деген ізденгіштік сезімінің артуына мүмкіндіктер туғызары анық, виддео дәрісте жаңа сабақты түсіндіру, мысалдарды анық айқын көрсету, тапсырманы жүйелі түрде ұсына алуы бала зейіннің артуына қабылдауына мол мүмкіндік деп ойлаймын. бейне дәріс жаңа форматтағы оқулық сарапталған тест тапсырмалары контент оқу үдерісін жандандыруда педагоктар өзүлесін қосқанда нәтиже шығады деп ойлаймын.
Жаңа технологияны меңгеру, жаңа өмірге жарқын болашаққа қадамыңды нық басумен, жаңаша өмір сүру, тың жаңа жаңалық жарату болашақ ұрпақ еншісінде. болашақ жас маман болған біз балаларды негізгі білім алу барысындағы сабақ үдерісін, жаңа техника иноватциялық оқу құралдарымен жұмыс жасауды арттыруымыз керек.
Жаңа технологиялар көптеген мәселелердің шешімін табады деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесіндегі Smart-оқыту: Әдістемелік оқулық. А.С.Тен, Е.М.Кушкарбаев, Г.Ш.Бектыбаева, Н.В.Цой, М.К.Умербеков, Н.А.Филинова, Д.Д.Ускенбаев, Д.Т.Омаров, Н.К.Дускалиев, Г.С.Жарылгамысова - Алматы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ, 2014-112 б.
2. Рысбаева А.Қ. Ақпараттық технологияның оқушы қызығушылығын арттырудағы орын
3. АҚ «Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы» (www.nci.kz)
3
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген