Бастауыш сыныптағы оқушыларды кітап оқуға баулу тәсілдері
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекет стандарт талабы мен оқу бағдарламаларының арасында түрлі қайшылықтар бар. Олардың бірі бастауыш сыныпта әдебиеттік білім берудің ұтымды жолдарын көрсететін, баланың жеке шығармашылыған дамытуға жол ашатын ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің аздығынан байқалады.
Бастауыш мектепте оқытылатын әдебиеттік білім оқушының дүниетанымын арттырып, айнала қоршаған дүние, әлем туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушысы әдебиет арқылы сыртқы дүниені, әлемді тани отырып, олардан алған білімдерін өз бойына жинақтайды. Олай болса, баланың өмір жайлы білімі жалаң емес, ең алдымен шығармадағы адамдардың іс-әрекеті мен қызметінен келіп шығады.
Соңғы жылдары оқушыларды кітап оқуға, көркем шығармаларды оқуға қызықтыру өзекті проблемалардың бірі болып отыр.Өкінішке орай көптеген балалар кітапты амалсыздан құлықсыз оқиды және өте аз оқиды. Неліктен балалардың жылдан-жылға поэзияны, әдебиет шығармаларын оқуға деген қызығушылығы төмендеп барады?
Кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуінің түрлі себептері бар. Олар: өмірдегі өзгерістер қарқының күшеюі;
-интернеттің пайда болуы, дамуы;
-ақпараттық құралдыр ағымы әсерінің күшеюі;
-ересектердің баласымен бірге отырып, кітап оқуға деген көзқарасының өзгеруі;
-кітап оқудың орнына қазіргі балалардың бірнеше сағат бойы компьютер, теледидар алдында отыруы;
-бала тәрбиесі қызықтырмайтын, жағдайы нашар, сәтсіз құрылған отбасы санының көбеюі;
-әдебиеттік оқу сабақтарында балаларды көркем шығарманы оқуға қызықтыратын әдіс-тәсілдердің дұрыс, жүйелі қолданылмауы;
Бастауыш сыныпта әдебиеттік білім берудегі ең өзекті мәселенің бірі ол балада өз бетінше оқырмандық қабілеттің қалыптасуы болып табылады. Оның себебі: шығармада кездесетін сөздің, сөз тіркесінің мағынасын түсінбеуі;
-оқыған мәтінді байланыстырып, айтып бере алмауы;
-ұзақ сөйлемдердегі ойдың байланысын түсінбеуі;
-балада қиялдың, еске сақтау қабілетінің, ойлау, сөйлеу қабілетінің, яғни психологиялық үдерістердің дұрыс қалыптаспауы;
Оқырмандық қызметтің басты сапалары: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу. Бастауышта балалардың көпшілігі жүргізіп оқи алмайды. Сондықтан балалардың оқу машығын қалыптастыру үшін жаттығуды жиі жасату қажет.
«Қайталап оқу» жаттығуы. Мұғалім жаңа оқу материалын түсіндіргеннен кейін балалардың бәріне өз бетінше 1 минут оқуға тапсырма береді. Осы уақыт ішінде қай жерге дейін келгенін бала қарындашпен белгілеп қояды. Осы оқығанын тағы бір рет қайталап оқиды.
«Есте сақтау» жаттығуы. Өлеңдерді, әңгіме мазмұнын еске сақтау бастауыш сынып жасындағы балаларға оңай шаруа емес. В.Н.Зайцев технологиясы бойынша 1 сыныптан бастап бала тақтаға жазылған буындарды оқып жарысады. Жаңылтпаш, жұмбақ, мәтіннен үзінді жаттайды. ІІ жарты жылдықта әрбір сабақтың 5 минуты «күбірлеп оқуға» арналады. Бұл жаттығу жүйелі түрде барлық сабақта қайталануы тиіс. Сонда белгілі бір мәтінді жүргізіп, тез оқуға жаттығады. Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі. Сондықтан балаларға жас және жеке ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан алуан тәсілдері қолданылады.
«Интерактивті жаттығулар». Соңғы кездерде мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтар оқуға еркіндек берумен құнды. Сабақта қолданылатын интерактивті әдістерге аквариум әдісі, түсіндіру әдісі, әңгімелеу, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі, салыстырмалы әдіс, талдау әдісі, кубизм әдісі т.б. жатады. Оқыту барысында оқушылар бір-бірімен тығаз қарым-қатынасқа түседі, сабақта белсенділігі артады, бірін-бірі оқытады, үйретеді. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.
Сонымен қорытындылай келе, әдебиеттік білім берудегі кітап оқуға үйретудегі басты мақсат – кішкентай оқырманды қалыптастыру. Кішкентай оқырманды қалыптастыру үшін ең бастысы кітап оқуға қызықтыра алуымыз керек.
Балалардың кітап оқу әдетін қалыптастыру олардың жан- жақты дамуына , білім көкжиегін кеңейтуге және шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді. Оқу дағдысы баланың болашағына маңызды әсер ететін негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Технология дамыған дәуірде балалардың көпшілігі гаджеттерге тәуелді болып, кітапқа қызығушылық танытпайды. Бірақ кітап оқу баланың экран уақытын теңгерімдеп, саналы түрде дамуына көмектеседі.
Кітап оқу – баланың тек білімін ғана емес, оның мінез-құлқын, ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын басты құрал. Сондықтан балаларды кітап оқуға баулу- болашаққа үлкен демеу. Мұны ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып жүйелі түрде жүргізуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу- олардың танымдық қызығушылығын дамыту мен оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Бұл үдерісті қызықты, тартымды және жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларына кітап оқу әдетін қалыптастыру- олардың ойлау қабілетін, қиялын және тіл байлығын дамытуға ықпал етеді. Мұғалім мен ата-ана ынтымақтаса отырып, балаларға кітап оқуды қуаныш пен қызығушылық көзі ретінде ұсынса, бұл өмірлік пайдалы әдетке айналады. мінез ерекшеліктерін анықтайды.
Баланың кітап оқуға қызығушылығын ояту үшін жүйелі және шығармашылық тәсілдерді қолдану қажет. Бұл үдеріс баланың жас ерекшелігін, қызығушылықтарын және отбасылық ортасын ескере отырып ұйымдастырылуы тиіс.
Балаларды кітап оқуға баулудың бірнеше әдістерін ұсынамын:
1. Кітап әлеміне деген қызығушылықтарын ояту. Ол үшін мектепте немемсе сыныпта кішігірім кітапхана бұрышын жабдықтап, балаларға ыңғайлы орын ұсыну. Оқушылардың жасына лайық қызықты ертегілер, қысқа әңгімелер мен өлеңдерді ұсыну.
2. Оқу процесін ойынға айналдыру. Мысалы: кітап оқудан жарыс ұйымдастыру, оқыған кітаптары бойынша жұлдызшалар жинау. Оқыған кітаптарының мазмұны бойынша сұрақ- жауап ойындарын өткізу.
3. Оқу дағдыларын қолдау және жетілдіру. Отбасылық оқуларды ұйымдастыру. Ата-аналарды тарту арқылы балалармен бірге кітап оқу дәстүрін қалыптастыру.Аудиокітаптарды пайдалану, әсіресе көркем шығармаларды оқу барысында тыңдау арқылы оқу.
4. Шығармашылық тапсырмалар беру. Балаларға оқыған шығармаларындағы кейіпкерлердің суретін салу немесе олардың рөлін сомдау . Кітаптағы кейіпкеді бейнелеуге тапсырма беру. Оқыған кітап бойынша шағын әңгіме немесе эссе жазу.
5. Мұғалім өзі үлгі көрсету керек. Балалар мұғалімнің кітап оқуға қызығушылығын байқаса , олар да соған ұмтылады. Оқушыларға кітап оқудың пайдасы туралы әңгімелер айту, олардың бойында оқу қажеттілігін ояту.
6. Қазіргі технологияларды пайдалану. Мысалы QR- код арқылы қызықты кітаптарды ұсыну немесе электронды кітаптарды оқу. Бейнематериалдар , кітаптарға негізделген мультфильмдер мен презентациялар көрсету.
Кітап балаларға жанашырлық, мейірімділік және төзімділік сияқты сезімдерді түсінуге көмектеседі. Олар кейіпкерлердің сезімдері мен әрекеттерін түсіну арқылы басқа адамдардың эмоцияларына сезімтал бола бастайды. Әртүрлі кейіпкерлер мен оқиғаларды зерттеу арқылы бала өзіне жақын құндылықтарды, мінез ерекшеліктерін анықтайды.
Республикалық Дарын мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Оңжігітова Ұлтусын Абдуқалиққызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз