Бастауыш сыныптарына білім берудегі ойын-сабақтардың маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптарына білім берудегі ойын-сабақтардың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы ойын арқылы өз қатарластарымен оңай қарым-қатынасқа түсуге бейімделеді. Хабарламамен сөйлесе салу мәселесі белең алып бара жатқанда, балалардың шынайы өмірде бір-бірімен еркін әрекеттесуі өте маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптарына білім берудегі ойын-сабақтардың маңызы.

Бүгінгі таңда әрбір саланың даму қарқыны соншалық – жаңа естіген дүниеміз ертеңгі күні жарамсыз болып қалуы мүмкін. Педагогика саласы да бұндай өзгерістерден тысқары емес. Бүгін біздің тауып, қуанып, сабақ процессінде қолданған әдіс-тәсілдеріміз келесі сабақта өз күшін жоғалтып жатады. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі ауыр. Себебі, техника қарыштап дамып жатқанда, ойын баласын сабаққа қызықтыру оңай шаруа емес. Бұл жастағы оқушылар гаджеттердің қызығына кіріп, ішіндегі ойындарына бейімделіп кетеді. Тіпті, үлкендер функциясын түсінбеген қосымшаларды игеріп алады.

Өскелең ұрпақ өзіңізден асып кетсе, оған қалайша білім бересіз? Оның тек бір жолы бар. Ол заман ағымымен қатар жүзу. Егер бала ойыннан басқа дүниеге көңілі аумаса, біз ойынды сабақ процессіне енгіземіз. Әрине, түбімен ойынға беріліп, игерілетін білімді ұмытайық демеймін. Тек өзімізге тиімді тұстарын ой елегінен өткізіп аламыз. «Ойынның сабаққа керегі не, мұғалімнің жұмысы тек білім беру. Мұғалім сонда балалармен бала болып жүре ме?»-деген сынды пікірлерді жиі естіп жатамыз. Яғни, тек біржақты ойлап жататын адамдар да кездеседі. Біз ол ойды сөге алмаймыз. Бірақ, ойынның бала өмірінде, әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршін өмірінде қаншалықты маңызды екенін жеткізе алсақ екен. Қазақ халқы ертеден жай ойындар ойнатпаған. Әрбірінің бала тәліміне, тәрбиесіне, ой-санасына берер ықпалы болған. Сол ата-баба ізімен біз де бала үшін тек оң әсерін тигізетін ойын түрлерін сабақ процессіне қосамыз. Ойын-сабақ өткізу арқылы біз келесідегідей жетістіктерге қол жеткізе аламыз:

1)Оқушы ойын арқылы өз қатарластарымен оңай қарым-қатынасқа түсуге бейімделеді. Хабарламамен сөйлесе салу мәселесі белең алып бара жатқанда, балалардың шынайы өмірде бір-бірімен еркін әрекеттесуі өте маңызды.

2)Өзінің қалауын айқын жеткізуге дағдыланады. Біздің қоғамда көп адам томаға тұйық келеді. Себебі, оларға бала күнінен тек бір орында отырып, бір айтқан дүниені тыңдау қажеттігі ескертіледі. Өз ойын көп жерге қоспау, үндемеу, тілегін анық айта алмау мәселесі осы жерден туындайды. Ал сабақ барысында ойындарға араласып, еркін өскен бала өзіне не қажет екенін ерте жастан біледі.

3)Проблемалық ойлауы дамиды. Айталық, жай сөз есебінің орнына жағдаяттық ойын берсек. Мысалы, бір оқушы сатушы, қалғаны алушы. Осы жерде саудагер мен сатып алушы сияқты рөлдерді орындай отырып, бала тапсырманы өмірмен байланыстырады. Содан кейін өзіне қажетті сабақ алады. Сабақтан кейін шын өмірде дүкенге барғанда, өзін қалай ұстауды, әлдебір мәселе орын алса, сабырмен шешуді ойлай бастайды. Бұл кейінгі өміріне де оң әсерін тигізуі ықтимал.

Бұл мен атап отырған жағымды жақтардың бір парасы ғана. Ойын-сабақтың пайдасы бұдан да көп. Әрине, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың форматы да, формасы да өзгеріп отырады. Тіпті қолданатын ойынның өзі басқаша болып келеді. Бірақ, басты жеткізгім келген дүние, ойын деген тек далада жүріп ойнайтын немесе телефон арқыды жүктелген дүниелер емес. Ойынның да өз мәдениеті, орны, ережесі болады. Ойын-сабақ арқылы да балаға өмірлік дүние үйретуге болады. Жалпы баланың бастауыш жасындағы қабылдауы жоғары деңгейде болады. Сондықтан, жеңіл қабылдап, жылдам үйренетін жастағы балаларға өз мәніндегі ойын-сабақтар арқылы көп нәрсе үйрете аламыз. Бастауыш сынып оқушылары әсершіл, арманшыл, қиялшыл болып келеді. Қиялының арнасы асып, шалқып жатқан балаға ойын формасындағы сабақ өткізу өте тиімді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.00.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі