Материалдар / Баяндама: "Әуезовтың адал шәкірті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Әуезовтың адал шәкірті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама жерлесіміз, М. Әуезовтың шәкірті Қайым Мұхамедқанов туралы жазылған. Мекте, орта арнаулы оқу орындарының студенттері үшін таптырмас құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2021
235
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘУЕЗОВТІҢ АДАЛ ШӘКІРТІ


Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна

"Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ,

тарих пәнінің мұғалімі


Қ а й ы м Мұхамедханов (5 қаңтар 1916 ж. - 30 маусым 2004 ж.) – көрнекті ғалым, мәтінгер, Семей қ а л а с ы н д а ғ ы (1940 ж.) алғашқы Абай мемлекеттік әдеби м ұ р а ж а й ы н ы ң негізін қалаушы, абайтану және ш ә к ә р і м т а н у ғылымдарының негізін салушы, М.Әуезовтің адал шәкірті әрі серігі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, үздік тәлімгер ұстаз және қоғам қайраткері. 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Қазақ КСР Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы (1945 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 ж.), Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, КСРО ағарту ісінің үздігі, Семей, Аягөз, Шығыс Қазақстан облысының Жаңасемей және Абай аудандарының құрметті азаматы. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Көптеген атақтар мен марапаттардың иегері: Абай Халықаралық Академиясы Алтын Медалінің иегері (Лондон, 1995 ж.), Қазақстан Жазушылар одағының Абай, «Алаш» халықаралық сыйлықтарының алғашқы иегері (1996 ж.), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. Ғалымның өмірі өзі тікелей қатысқан біздің тарихымыздағы ең маңызды кезеңдерді қамтыды. Қайым Мұхамедханов бірнеше жылдар орындалып келген Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранын жазды, біздің тарихымыздағы түнекте, ұмыт қалған көптеген есімдерді қайта оралтты, маңызды қолжазбалар мен шығармаларды ашып, сақтап қалды, алғашқы Абай мұражайын ашуға негіз ретінде, шет аудандарға жасаған ауыр экспедицияларында жәдігерлер мен қолжазбаларды анықтап, жинақтады. Ғалым Абайдың, Шәкәрімнің және алашордалықтардың бірегей сөздерін мәтіндік талдау әдісімен сақтап қалды және тыйым салынған уақыт болғанына қарамастан, олардың есімдері мен шығармаларын мәңгі есте қалдыру үшін күресті. Оның әкесі – Мұхамедхан Сейтқұлов ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырды байланыстыра отырып, халықты мәдениет пен тарихтың мәңгілік құндылығының айналасына біріктірді. Қайымның әкесінің үйінде Абай, Шәкәрім, Абайдың шәкірттері және алашордалықтар, көптеген халықтың белгілі мәдени тұлғалары болды. Қайым Мұхамедханов Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне маңызды үлес қосты және әкесінің рухани-адамгершілік істерін жалғастыра отырып, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды біріктірді. 1951 жылғы 7 сәуірде ғалым Абай шәкірттерінің мектебі туралы диссертациясын қорғағаннан кейін, орынсыз айыптауға ұшырап, 1951 жылғы 1 желтоқсанда абақтыға қамалды. Ішкі істер халық комиссариатының абақтыларында физикалық және моральдық жәбір көре отырып, ол Абай мектебінен бас тартпады, Әуезовке сатқындық жасамады, сол үшін де 25 жылға бас бостандығынан айырылды. «Адам бір рет қана өледі. Мен сол кезде: алаштықтар сияқты адамдар қайтыс болып жатқанда, менің өлімім не?!». «Бақыт деген – бостандықта болу, шындықты айту және еш нәрседен қорықпау. Тек осылай өмір сүру керек. Адам үшін бұл басты нәрсе»,- деп ойладым. Қайымның бұл сөздерінде – адам рухының және туған жерінің патриот-азаматының күші бар. Ғылымға қосқан үлесі үшін, халыққа көрсеткен қызметі үшін ғалым ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Ғалымның елеулі еңбегі – ол алғаш рет Абайдың әдеби мектебіне ғылыми негіздеме қалады. «Абай мектебі» бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей мектеп. «Абай мектебі» – бұл абайтану ғылымындағы жаңа бағыт. 1951 жылғы 7 сәуірде ғалым Абай шәкірттерінің мектебі туралы диссертациясын қорғағаннан кейін, орынсыз айыптауға ұшырап, 1951 жылғы 1 желтоқсанда абақтыға қамалды. Ішкі істер халық комиссариатының абақтыларында физикалық және моральдық жәбір көре отырып, ол Абай мектебінен бас тартпады, Әуезовке сатқындық жасамады, сол үшін де 25 жылға бас бостандығынан айырылды.«Адам бір рет қана өледі. Мен сол кезде: алаштықтар сияқты адамдар қайтыс болып жатқанда, менің өлімім не?!». - деп ойладым. Қайымның бұл сөздерінде – адам рухының және туған жерінің патриот-азаматының күші бар емес пе?! Ғылымға қосқан үлесі үшін, халыққа көрсеткен қызметі үшін ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.Сталиндік репрессия кезеңінде тарихи шындық үшін әзір болып, басыңды тігетін жағдайлардың болғанын ешкім ашып айта алмады. Сондықтан, жастар ғылыми әділдіктің жеңілдікпен келмегенін білуі тиіс. Ғалымның адами моральдық қағидасы мен этикасы ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауда елеулі орын алады. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлов 1870 жылы Семей қаласында туған.Ол – аса мейірімді, білімді,жомарт, алашордашы, ислам уағызшысы болған адам еді. Оның қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. М.Сейітқұлов ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың алғашқы үш онжылдығында қазақ халқының рухани дамуына ықпал етті. Ол көптеген 17 қолжазбалар мен тарихи өлең-жырларды жинақтаушы және мәдени мұраны сақтаушы. Алаш идеясын дамытуға және іске асруға Алаш париясының үйін ашқан, мәдениет қайраткері. Сол уақыттағы жазушылар мен баспагерлердің арасындағы қарым-қатынасты қолдайтын, жомарт меценат болды.Дүниенің тетігін тауып, мал өсіріп, дәулет жиған М.Сейітқұлов байлығын, қаржысын ұлт жолына бағыштап, Алаш қозғалысының дамуына материалдық қолдау көрсеткен. Сталиндік қуғын-сүргін, жеке басқа табыну аласапыраны келгенде бұл азамат та сол зымиян саясаттың сойылын жеп, ақырында 1937 жылдың 2 желтоқсанында ату жазасына кесілген. Бар жазығы сол – Алаш ұранды топтың қолдаушысы болғаны және ислам дінін насихаттап, уағыздағаны.[3] Семей семинариясында оқып жүрген кезінен бастап Мұхтар Әуезов М.Сейітқұловпен жақсы таныс болып, туған інісіндей болып екен. «ЕңлікКебек», «Қаракөз» пьесаларын сахнаға даярлау кезінде репетицияларын үнемі сол кісінің үйінде өткізген. Мұхтармен бірге Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев Сейітқұловтың үйінде жиі қонақ болып тұрған. Сонымен қатар, Мұхамедхан Сейітқұлов Мұхтар Әуезов пен Хасен Тұрлыхановтардың моральдық, материалдық және рухани жетілулеріне, белгілі тұлға болып қалыптасуларыда маңызды рөл атқарды. Әлихан Бөкейханов Семейдің сол жағалауында өткен жиында қалаға бастапқы «Алаш» атауын қайтару туралы мәселе көтерген кезде, М.Сейітқұлов оған қолдау беріп, қалаға «Алаш» атауын қайтаруды нақтылы дәлелдермен қорғаған. Осындай заманалар мен дәстүр жалғастығының мысалдары аз емес. М.Сейітқұловтың қаржыландыруымен «Сарыарқа» газеті, 1918 жылданбастап Ж.Аймауытов және М.Әуезовтың редакциясымен «Абай» журналы шығарылатын. Соған орай баласының әкесі туралы айтқан жүрекжарды сөзін келтіре кетсем: «Әкем Мұхамедхан – заманына сай көзі ашық, сауатты адам еді. Бойына біткен кісілігі шығар, ертеден ұлы Абай төңірегімен араласқұралас болған. Бергі төңкеріс кезінде Семейде шыға бастаған Алаш үні «Сарыарқа» газеті мен Жүсіпбек пен Мұхтар шығарған «Абай» журналына, қазіргі тілмен айтқанда, меценат ретінде демеушілік көрсетуі сол ұлы ақынның өнеге-тәрбиесі емес деп кім айтады? Әкем қойын дәптеріне «бүгін ана газетке пәлен сом, мына журналға түген сом көмек жасадым» деп тіркеп қояды екен. 1937 жылы әлгі дәптер өзімен бірге тәркіленіп, қамауға алынды. Тегінде, әкем 1870 жылғы, яғни Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановпен құрдас. Әлекең 1938 жылдың мамыр айында, ал оның құрдасы, жолдасы Мұхамедхан 1937 жылдың желтоқсан айының басында атылған. Бұл жаза ол қамауға алынған соң небәрі 45 күн ішінде орындалған. Ал бізге ол кезде «әкеміз он жылға сотталды» деген хабар тиген. Негізгі шындықты еліміз тәуелсіздік алған соң, арада 55 жыл өткеннен кейін білдік...» . [4:6] Енді бір қызығы сол, кешегі теріссаясаттың салдарынан «Абай» журналы көптегенжылдар бойы шықпай, жабылып қалғанда, еліміз егемендікке қол жеткізген беттен оның қайтадан жанданып шығуына бірден- бір себепкер болған адам – баласы Қайым Мұхамедханов. 18 Әдебиетке, өнерге бала жасынан құмар болған М. Сейітқұлов қазақтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған, тарихи-әдеби мұраларды хатқа түсірген, ескі жәдігерлерді сақтап, келешекке жеткізген.Халқымыздың ауыз әдебиеті, тарих пен шежірені жинастыра жүріп,Мұхамедхан білмекке құмар жандарды қолындағы рухани қазынасымен сусындата отырып, өзі де көшелі кісілерден ел мен жер тарихына қатысты құнды деректерді біліп алудан арланбайтын. Оның жеке басының өнегесі мен абзал қасиеттері, ұлт үшін басын бәйгеге тіге алатын қайраты мен ақылы алдыңғы толқын Алаш арыстарының соңынан ерген талай кейінгі жас буын өкілдері үшін үлгігеайналды. Мұхамедхан Сейітқұлов ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырды байланыстыра отырып, халықты мәдениет пен тарихтың мәңгілік құндылығының айналасына біріктірді. Қайым Мұхамедханов Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне маңызды үлес қосты және әкесінің рухани-адамгершілік істерін жалғастыра отырып, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды біріктірді. «Бақыт деген – бостандықта болу, шындықты айту және еш нәрседен қорықпау. Тек осылай өмір сүру керек. Адам үшін бұл басты нәрсе»-деген өмірлік ұстаныммен өмір сүрген ғалымның және ұлағаттыәкесініңбарлық өмірі мен ерен еңбектері жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін,Отанға деген ұлжандылығын қалыптастырудың даңғыл жолы іспетті. Мен – анамын, ұстазбын өмір тәжірибем жеткілікті деп ойлаймын . Өзім сияқты аналар, ұстаздар, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту мақсатында М.Сейітқұлов пен баласы Қ.Мұхамедхановтың бойындағы асыл қасиеттері арқылы тәрбиелеуіміз керек деп есептемін.Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат тәрбиелеуіміз керек. Осы игі істе бізге жол қөрсететін Алаштың ардақты азаматтарының даналығы болып табылады. Осындай ұлы тұлғалардың үлгі-өнегесі жастарды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Жалпы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде әке мен баланың ұрпақ сабақтастығындағы патриотизмнің ғылыми құндылығы мен тәрбиелік мәні жоғары асыл мұра екеніне көзім жетті.








































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы;

2. 1.11.2018ж.egemen.kz 2.«Әке мен бала –Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов –Отан патриоттарыОтец и сын Мухамедхан Сейткулов и Каюм Мухамедхановпатриоты Отечества»: «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорыАлматы,2017 ;

3.https://turkystan.kz/article/93937 4. Қ.Мұхамедханов «Алаш арыстары аңсаған асыл армаңыныз осы» , «Егемен Қазақстан » газеті 26.09.2001ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!