Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» немесе «Толық адам» концепсиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» немесе «Толық адам» концепсиясы

Жабақ Н.Е.

Түркістан облысы, Б.Момышұлы атындағы «№6 мектеп-гимназиясы» nur140698@mail.ru


Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Себебі, әрбір сөзінде біз білмеген астарлы ойлардың жатқанын шығармаларын талдау барысында кездестіретініміз мәлім. Бүгінгі біздің қозғайтын тақырып – Абай іліміндегі «толық адам» мәселесі немесе толық адамға жету жолы. Қанша жыл осы жайлы сыр шертсең де, бұл тақырыптың өзектілігі өз күшін жоя қоймайды. Бұған себеп – бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі һәм бірегейі – адами құндылықтарды сақтау.Ал, Абай еңбектеріндегі «Толық адам» ұғымы адамзатты кісілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан күрделі мәселе. Ақынның мұраты – адамды рухани кемелдендіру арқылы қоғамды жетілдіру, елді ілгері дамыған мәдениетті мемлекеттер қатарына қосу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен толық танысып шықтым. Бұл – абайтану бағытында алғаш рет бағдарламалық деңгейдегі мақала болды. Абайтану – аса қажет нәрсе.«Бұдан былай не істейміз?» деген сауалдың бағытын тауып алып отырмыз. Мұның үлкен бір пайдасы осында жатыр. Қазір дүниетаным мүлдем өзгеріп кеткен. Ал қоғамдық ғылымдар дағдарыста тұралап тұр.Жаңа дүниетанымға бағыт-бағдар ұстау бүгінгі басты мақсатымызға айналды. Президенттің мақаласы осы тұрғыда бізге жаңа міндеттер мен шешімдер ұсынып отыр деп білеміp. Абайтану ілімінің өркендеу жолы тұрғысынан кейбір мәселеге молырақ тоқталу қажет. Яғни, бұрын Абайға қатысты еңбектердің бәрін маркстік-лениндік компартияның материалистік диалектика көзқарасына бағыттап шығарып келдік. Бұл – жалған болып шықты. Абайтануды, жалпы қоғамдық ғылымдарды дамыту үшін де жаңа дүниетанымға орайластырып жаңа жол салу керек. Мақалада көтерілген пікір-тұжырымдар жинала келе арналы ілімдегі өзекті мәселелердің өнікті салаларына назар аудартады. Абайдың мұрасы – біздің халқымызды, халқымыздың санасын жаңғыртатын ұлттық код. Ерекше мән беруіміздің сыры осында.

Енді тақырыпқа түңілсек...Абайдағы «толық адам» жайлы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен басталып, ақынның осы өлеңдегі «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ар қарай желілеп таратылатын секілді.

Һәкім «Адам» мен «Толыө адам» арасындағы айырмашылықтарды жүйелеп көрсете білген. Әуелгі айырмашылық ретінде ойлау жүйесін айтып өтеді. Материалдық әрекет жасайтын адамның санасы дене деңгейінде, сондықтан ол өзін «денемін» деп сезінеді. Соған байланысты «менiкi» – оның тәнiмен байланысты: отбасы, бала-шаға, мал-мүлiк, халық, отан, тағы сол сияқты болып кеңейе бередi. Толық адамның ойы рухани деңгейде. Ол үшін «Мен» – жан, ал «менiкi» – Алла тағала, яғни менiң Жаратқан Ием.

Толық адам болудың жолын Абай былай деп береді:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау» тек нәпсімен күресе білетін адамның ғана қолынан келеді. Осылай ол елден бөлек болып, толық адам деңгейіне көтеріледі.

Адам сатысындағыларда имандылық бар. Бірақ бұл толық иман емес. Олар Алла тағаланы мойындады. Бiрақ Алла тағала үшiн әрекет жасамай, тек қана Одан өзiне жақсылық тiлейдi. «О, Алла тағала! Маған тамақ бере гөр, денсаулық бере гөр, отаныма тыныштық бере гөр» және тағы-тағылар деп ол өзiнiң денесiне байланысты құндылықтарды сұрауы мүмкiн. Сөйтiп адам Құдайға құлшылық жасаудық орнына өзiне жақсылық тілеп, Оны өз қамы үшін пайдалануға тырысады. Рухани жаңғырудың материалдық деңгейі дегенiмiз осы. Ол әлi Абай көрсеткен өмірдiң негiзгi мақсаты Түп Иеге қайтуды бiлмейдi, не болмаса толық сезiнiп-түйсiнбейді, бірақ материалдық қажетiн Құдай тағаладан сұраған кезде Оны есiне түсiредi. Осылай жаны бiртiндеп тазарып, түбiнде өмірдiң негiзгi мақсатына ұмтылуға мүмкіндік алады.

Ал толық адам мүлде басқа. Ол өмір мақсатын түсiнген және соған өмірiн толық арнаған. Ол өзi үшін ештеңенi сұрамайды, iс-әрекетiнiң барлығын тек қана Түп Иенiң разылығына арнайды.

Абай осылай адамды саты-сатылап негiзгi мақсатқа әкеледi. Бұлардың ең жоғарғысы рухани жетiлу, себебi махаббаттың ең жоғарғы нысанасына – Құдай тағалаға бағытталады, сонымен бiрге «жаннан тәттi» деп ол сүюдiң басқалардан артық екенін көрсетедi. Адамға ең қымбаты жаны болса, ал «жаннан тәттi» деген сөз бұл сүю одан да құнды, ең жоғары дәреженi көрсетедi. Сондықтан рухани жетiлу – ең жоғарғы саты, одан жоғары сана жоқ.

Толық адам сатысының екінші айырмашылығы – өмірдің мақсатында. Толық адамдарда бірақ мақсат бар. Ол – Түп Иеге қайту. Ол үшiн толық адамдар Абайдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәттi» қағидасын берiк ұстанып, Аллаға деген биік махаббатқа жетуге ұмтылады. Олар құлшылық жолындағылар. Себебi бiреудi жақсы көру үшiн оны сырттай бiлiп қою жеткiлiксiз.

Нағыз сүйiспеншiлiк қарым-қатынастан басталады. Сол сияқты Алла тағаланы сүю үшiн де Онымен қарым-қатынас аясына кіру керек. Ал ол құлшылық арқылы ғана болмақ. Олар Алла тағаланы ешуақытта ұмытпай, үнемі естерiнде ұстаушылар. Осылай олар рухани сатыға көтерiлiп, Құдайға деген сенiмдерi биiктеп, Онымен қауыша алады. Адам ендi барлық iс-әрекетiн өзiнің емес, Құдай тағаланың разылығына арнайды.

Үшіншi айырмашылық – Құдайға деген жүрек пен көңiлдің тазалығы. Абай Құдайға ынталы жүрек, шын көңіл керек екенін айтады.

Ол өзiнiң отыз сегiзiншi қара сөзiнде былай деп нақтылай түседі:

Ендi бiздiң бастағы тағриф (түсiнiгiмiз) бойынша Құдай тағала ғылымды, рахымды, ғадаләттi, құдiреттi едi. Сенде де бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатiң (талабың) бар болады. Белгiлi жәуанмәртлiк (iзгi, кең пейiлдi) үш хаслат (сипат, қасиет) бiрлән болар деген, сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік) , ғақыл (ақыл) – бұл үшеуiнен сиддық ғадаләт болар, кәрәм шапағат болар. Ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бiр аты екендiгi. Бұлар әр адамның бойында Алла табарака уа тағала тәхмин (шамасы) бар қылып жаратқан. Бiрақ оған рәуаж (тарату, өсіру) берiп гүлдендiрмек, бәлки, адам өз халiнше кәмәлатқа жеткiзбек жәһәтiнде (ынта, жiгер) болмақ. Бұлар – өз иждиһадiң бiрлән ниет халис (таза ниет) бiрлән iзденсең ғана берiлетiн нәрселер, болмаса жоқ.

Данышпанның бұл сөздерiнен ұғатынымыз – бiзде де Құдай тағаланың қасиеттерiндей қасиеттер бар. Бiрақ олар зәредей – кiшкене. Рухани жаңғырудың мақсаты сол зәредей қасиеттердi өсіру. Ол үшiн, бiрiншiден, ынта-жiгер, екiншiден, таза ниет, яғни Құдайға деген шын көңiл керек, болмаса – жоқ. Абай Құдайға деген ынта мен талап адамның ниетiнiң тазалығына байланысты екенiн айтады. Құлшылық барысында ниет тазарып, имандылық нығаяды. Ал таза ниет пен берiк имандылық Құдайға деген ынта-жiгердi арттырады. Осылай адамның Құдайға деген ниетi мен ынтасы бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатыр. Адамның рухани дәрежесi Құдайға деген ынталы жүрек пен шын көңiлiне сай. Соңғылар жетiлу деңгейiнің таразысы.

Төртiншi айырмашылық – адам мен толық адамның негiзгi қасиеттерiнде. Материалдық сатыдағы «адамдардың» негiзгi қасиетi – имандылық дәрежесiмен өлшенеді. Соған байланысты олар түрлi жетiлу деңгейiнде болады. Ал рухани жетiлу сатысындағы «толық адамдардың» негiзгi қасиетi – Құдайға берiлу, яғни Оған деген ынталы жүрек пен шын көңiл дәрежесiмен өлшенеді. Яғни, рухани сатыға көтерiлу шарты – ынталы жүрек, шын көңiлмен Құдайға толық берiлу.

Толық адамның рухани жаңғырудың басқа сатысында тұрғандардан айырмасы осындай. Ол өзінің адами қасиеттерін сырт көзге көрсетпеуі де мүмкiн. Көпшілік тәрізді ол да жақсы отбасы, қоғам қайраткерi, ұлтының қамын ойлайтын кемеңгер, патриот, гуманист болып көрінуі мүмкін. Бiрақ оның iшкi дүниесi бөлек, өзгерген. Ол ендi өзiн, немесе «менiкi» дегендердi қанағаттандыру үшiн емес, барлық себептердiң себебi Алла тағаланың разылығы үшiн әрекет жасайды. Алла тағаланың аясына кiрiп, оның iстеген барлық iс-әрекетi рухани және өте кемелдi болады.

Кемелдi дегенiмiз – барлық жағынан кемшiлiгi жоқ толық дегенмен бiрдей. Сондықтан бұл сатыдағы адамдарды Абайдың өзi атағандай «толық адам» деуге керек. Толық адам жолында қоғам да, адам да ештеңенi жоғалтпайды. Керiсiнше, қоғамға үйлесiмдiлік, ал әркiмге рухани жаңғырып, өмірдiң жоғарғы ләззатын алуға жол ашылады.

Абай дүниетанымының қалыптасу негізінің арналары – ақын мұрасының рухани нәр алған қазына көздерінде, онда да оның Шығыстық жағалауында жатыр. Абайдың адамшылық идеялы болған «толық адам» туралы ілімінің дереккөздерін сопылық классикалық поэзия мен сопылық ғылыми-теориялық еңбектерден ғана таба алмақпыз. Өйткені, Абайдың дүниетанымындағы асу бермес биік белестей көсіліп жатқан адамшылық жолдағы асыл мұраттары – ислам әлеміндегі сопылық іліммен тікелей байланыста жатқан рухани құбылыс екенін мойындауға тура келеді.

Сопылық «хал ілімі» саласында негізі қаланып, даму жолына түскен сопылық адамшылық ілімді Абай өз заманы талабына орай дәстүрлік жалғастықпен дамытуы арқылы қазақ даласында – адамшылықтың толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді. Абайдағы толық адам ілімінің түр төркіні, қайнар көздері ХІ ғасырдағы ғұлама ойшылдардың кітаптарына сүйеніп, соларды пір тұтқаны дәлел бола алады.

Абайдың толық адам болу философиясы адам өміріне қажетті әрі пайдалы кеңес. Бұл арқылы адам өзін өмірдегі орнын тауып, мұратына жетеді.

Қара сөздерінде қайрат пен ақылды жүрекке билету арқылы Абай мораль мәселесін жақсылық пен жамандық танудың өлшемі, құралы не дегенге иррацианалистік сарында жауап береді. Мысалы: ақылға: «Жақсының, жаманның екеуінің де сүйгені – сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман», - дейді ғылым.

Ақыл – салқын табиғатты нәрсе, онда жылылық жоқ, жүректе жылу бар. Абай оны жиі айтапды. Әл-Фараби де кезінде оны атап өткен: «Жүрек – ішкі табиға жылылықтың көзі, басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар осыдан нәр алып отырады».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Әрине, бір күнмен бүкіл Абай мұрасын халықтық деңгейде насихаттай алмаспыз. Әйткенмен де, осы Қаулының өзі біз күткен игі істің бастамасы деп қабылдадық. Бұл – күллі ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, адамгершілік пен ізгілікке үндеп, «біріңді қазақ бірің дос» тұтуға шақыратын күн.

Расында, Абай мұрасы өміршең, жылдан жылға өзінің құндылығын арттыра түсуде. Абай атаған талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп нақтылай түседі.

«Ыстық қайрат» үнемі ізденіс үстінде, тек алға ұмтылу, жасампаз болу ұғымын аңғартса керек. «Нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, Алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» деген ұғым иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу, айналаға шуақ шашу дегенді білдірсе керек. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толық адам деген мәртебеге ие боламыз.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» дейді хәкім Абай. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2022
801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12