Материалдар / Баяндама "Қай ғасыр болмасын, ұстаз орны тақтан да биік!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Қай ғасыр болмасын, ұстаз орны тақтан да биік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай ғасыр болмасын ұстаз орны тақтан да биік болары сөзсіз. ..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
566
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХІ-ғaсыр мұғалімі қандай болуы керек?

«Қазіргі өскелең ұрпаққа білім беру, яғни басқа дамыған елдермен терезесі теңелу үшін білім де солардың дәрежесінде берілуі керек» - деп Елбасымыз атап көрсеткен болатын. Олай болса, замануи әлемдегі педагог қандай болуы керек, біз қандай деңгейді ұстансақ, яғни, білімдар болсақ, ізденсек, жан-жақты болған жағдайда ғана ұрпақ та білімді болары анық.

Заман алға жылжып дамыған сайын адамзат баласының сұранысы да, ақыл-ойы да өзгеріп келеді. Ал сол сұраныстардың барлығын қанағаттандыру үшін бүгінгі педагог соған дайын болуы керек. Әлемдік көштен қалмай үнемі ізденіс пен шығармашылықта болуы қажет.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлғa – мұғaлім. ХХІ-ғaсырдa aлынғaн білімнің, кәсіби дaғдылaрдың негізінде еркін бaғдaрлaй білетін өзін-өзі іске aсыруғa, өзін-өзі дaмытуғa және өз бетінше дұрыc aдaмгершілік тұрғысынaн жaуaпты шешімдерді қaбылдaуғa қaбілетті жеке тұлғaны қaлыптaстыру бүгінгі мұғaлімнің бaсты мaқсaты. Қaзіргі тaңдa біздің aлдымызғa қойғaн мaқcaтымыз – оқушыны зaмaн тaлaбынa сaй, бәсекеге қaбілетті, өз ойын еркін aйтa aлaтын жеке тұлғa етіп тәрбиелеу. Мектебімізде «Тәжірибедегі рефлексия» педагог кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы мектепішілік курсын тренер Сейітхан Мұратхан мұғалім өткізді. Ең алғашқы сабақ барысында тренеріміз бағдарламаның түйінді идеясымен таныстырып және оның әдіс- тәсілдерін тәжірибе жүзінде байқату мақсатында топта әр түрлі мақсаттағы топтық және жұптық жұмыстар жүргізді. Осындай жұмыстардың арқасында әріптестерімнің топтық таныстырылым жасауда, әр түрлі ролге ену арқылы сан түрлі кейіпкерлерді бейнелеулеріннен, топтық талқылаулардан, ұйымдастырған тренингтерінен әріптестерімнің бойындағы маған жұмбақ қасиеттерінен хабардар бола бастадым.

Оқу барысында тренеріміз Ұзақмерзімді, ортамерзімді, қысқамерзімді сабақ жоспарларын қалай тиімді жасауды, жоспарлау кезінде жеті модуль әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдануды, оны сабақ барысында нәтижелі іске асыруды үйретті.

Жаңа бағдарламаны меңгере отырып, оқушылaрғa caбaқ өткізу бaсты мaқсaттaрымның бірі болды. Алған дәрісімді саралай келе, өз сабағымда үйренген әдіс-тәсілдерді қолдана бастадым. Сабақта оқушыларды топқа бөліп, жұмыс жүргіздім. Топ барысында оқушылар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасады, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа белсене қатысуы жоғарылады. Бір-бірінің ойын тыңдап, қорытынды жасай алатындарына көңілім толды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын, өзін-өзі бағалау әдісін, диалогтік әдісті қолданып, сабақты қорытындылау барысында оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін рефлексия яғни, кері байланыс жасау арқылы біліп, осы қолданған әдіс-тәсілдердің оқушыларға ұнағанын, сабаққа деген көзқарастарының өзгергенін байқадым.

Тәжірибеден өту кезеңінде түйген ойым жаңа әдіс тәсілдер бойынша оқыту кезінде оқушылардың толыққанды, бірлесіп оқуымен сөздік қорлары молайып, бойларында сенімділік пайда болатынын, өздерінің әрекеттерін сыни қөзқараста зерделеп, салыстыру арқылы, өздерінің қай сатыда тұрғандығын өздері сезіне білу арқылы дамитына көзім жетті. Бұндай даму процесінде мұғалім – қолданатын әдiстердің тиімділерін сыни ойлана отырып жоспарлап сабақ процеcіне енгізуде басты роль атқарады . Бағдарламаны оқу кезінде мен әріптестеріммен бірлесе жұмыс жасау барысында өзімнің білмегенімді үйреніп, тың идеялармен қаруланып, сыни ойлануға бет бұрдым деп ойлаймын.Үйренерім әлі көп сияқты. Оқушыларымның білімді, ел абыройын көтерер азамат болса екен деп армандайтын көп ұстаздардың бірімін. «Оқушым білімді болу үшін тағы қандай әдіс-тәсілдерді меңгерсем екен?» деген сұраққа жауапты осы курс бағдарламасынан тапқан сияқтымын. Сөзімді қорыта келе айтарым, қарапайым көп ұстаздың бірі мен де өз жүрегімнің қалауымен оқушымның ынтасын тұтандырып, білім биігінің асқарынан көрсем деймін.

Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болуы керек. Өйткені, талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі.

Қай ғасыр болмасын, мұғалімнің орны тақтан биік!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!