Материалдар / Баяндама: "Салиқалы саясаттың саңлағы"

Баяндама: "Салиқалы саясаттың саңлағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізу барысында оқытылатын материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2021
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нәсіпқазы Берік


"САЛИҚАЛЫ САЯСАТТЫҢ САҢЛАҒЫ"


Ғылыми жетекшісі: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна.,

тарих пәнінің мұғалімі

"Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ,

Қазақстан Республикасы, Семей қаласы

zharylgasinova1975@mail.ru


Ұлым дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұл қайдан шығады.

Ахмет Байтұрсынов


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз – әлем сахнасындағы салиқалы саясаткер, кемеңгер тұлға. Елбасы Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге паш етті, мемлекетті бейбіт және ядролық қарусыз саясат ұстанған елге айналдырды.

Ұлт Көшбасшысының бастамаларымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Қазіргі таңда Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын діңгегіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деген баға береді. Елбасының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары ауды.

Нұрсұлтан Әбішұлы — саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға, оның түркі әлеміндегі беделі биік, барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтсек артық болмас...

Елбасымыздың арқасында көптеген елдердің арасындағы әріптестіктің мықты іргетасы қаланып, достығы нығайды. Мысалы үшін айтар болсақ. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Қазақстан Президентін Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді.     Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен Қазақстан саяси және экономикалық реформаларда үлкен ілгерілеуге қол жеткізді. Сонымен қатар, ядролық қаруларды таратпау мәселелерінде әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі бола алады. Бұл қадам Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік берді.

«Қазақстан - экономикалық жағынан өсіп, түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін мемлекеттің үлгісіне айналды. 1991 жылы Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы және сынақ полигонын жабуы ядролық қарусыздандыру мен оны тараптау бойынша жаһандық талпыныстарға елеулі үлес қосты.

Елбасының «ядросыз әлем» жобасы бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы – қазақстандықтар әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды».

Қазақстандықтар үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы».

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері бұл тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Кеңес одағынан тұралап қалған экономикасы, шегенделмеген шекарасы, қиын саяси-әлеуметтік мәселелері бар мемлекетті мұра қылып қабылдаған ол  тарих үшін қысқа ғана уақытта қуатты елге айналдыра білді. 30 жылға жуық ел басқарған кемел басшысының жарқын жеңістері, тұтас мемлекеттің бағындырған белестеріне айналды.

  Қазақстандағы қиын экономикалық жағдайға қарамастан, Назарбаев 1995 жылы Елорданы Алматыдан Сарыарқа төсіне ауыстыру туралы бастама көтерді. Арада екі жыл өткенде мемлекеттік қызметкерлердің алғашқы легі арқа төсіне көшіп барды. Әлемдік картада жаңа астана пайда болды. Жаңа астана- Қазақстанның бүкіл елді мекендерінің жаңғыруына үлгі болды. Бұл бұқараның өмірі мен санасына жаңа серпіліс әкелді.

  Мемлекет басышысы ел жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуына барынша жағдай жасады. Өйткені озық білім мен ғылымды игерген жастар – еліміздің ертеңгі тірегі. 

Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған былтырғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.

  Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы кезеңіндегі ширек ғасырда дамудың «Қазақстандық жолы» және «Назарбаев моделі» қалыптасты. Бұл Елбасының батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігінің арқасында келген үлкен жеңіс болды.

 











ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. "Астана" 2015 жыл., "Фолиант" баспасы., Нұрлан Онжанов "Бітімгер";

2. "Астана" 2012 жыл., "Күлтегін" баспасы., Н. Назарбаев "Елмен сырласу";

3. "Алматы" 2003 жыл., "Атамұра" баспасы., Н. Назарбаев "Бейбітшілік кіндігі";

4. "Алматы" 1998 жыл., "Өнер" баспасы., Н. Назарбаев "Қалың елім, қазағым...";

5. "Алматы" 2015 жыл., "Баспагерлер және кітап таратушылар ассоциациясы" баспасы., Қ. Сұлтанов "Елбасы мен Қазақ мемлекеттігі".

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ