Баяндауыш-тұрлаулы мүше.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндауыш-тұрлаулы мүше.

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 8 «Ә» Өткізілген күні: «10.10.2017 жыл



Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш


Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік Баяндауыш құрылысына қарай дара, үйірлі, күрделі болатынын, басқа сөз таптарынан жасалатындығын түсіндіру.

  • Дамытушылық Ойлау, есте сақтау, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік Қазақ тілін құрметтеуге, асыл сөздердің маңызын бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Болжамдап отырған нәтиже Шығармашылық жұмыс жасайтын, ойлау

қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамыған тұлға.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құрал-жабдықтар: схема, плакат, қима-қағаздар


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

* Сәлемдесу

* Түгелдеу

* Сабаққа даярлау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

-жаттығу.

Тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызып көшіріңдер де, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу жағдайын түсіндіріңдер.


ІІІ Жаңа сабақ

Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:


Құрылысына қарай

Сұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?

Дара

Заман өзгерген, білім күшейген.

Қазына – халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.


Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:

Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Етістіктер

Мен өте қуандым.

Сен қайда жүрсің?

Сын есімдер

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Ел тоқ.

Зат есімдер

Сендер бақытты адамсыңдар.

Ат – көлік, қамшы – қару.

Сан есімдер

Ер кезегі – үш.

Үш жердегі үш – тоғыз.

Есімдіктер

Медеуі – мен.

Өтегені - өзі.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

От жылт етті.

Мылтық тарс етті.


Қолдану     1.38-жаттығу.Берілген сөздерді баяндауыш етіп сөйлем  құраңдар.

...-ынтымақ. ...-байлық.  ...-оқу.  ...сәлем берді. ...-төрт.  ...бөлінбейді. ...-жетім. ...білерсің.  ...жаман. ...арсыз.

 

 2.  Карточкамен жұмыс.

Берілген баяндауыштарды қатыстырып,сөйлем құра,баяндауыштардың қай сөз табынан екенін  анықта.

                1-топ  Көтерілді, отыз алты,инабатты,татумыз.

                2-топ  Аралады,мен,тарс етті, қырық сегіз.



ІV Сабақты бекіту

39-жаттығу.

1. Төмендегі мәтіннен дара және күрделі баяндауыштарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Қандай сөз таптарынан болғанына көңіл бөліңдер.

2. Қарамен жазылған сөздерді мағынасына және құрамына қарай талдаңдар.

V Сабақты қорытындылау

1. Баяндауыш дегеніміз не?

2. Баяндауыш болатын сөз таптары?

3. Баяндауыш құрылысына қарай қаншаға бөлінеді?

VІ Үйге тапсырма

38-жаттығу.

1. Бастауыш дегеніміз не, баяндауыш дегеніміз не?

2. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлем құраңдар.

Тапсырма.

Жерден ауыр не? Оттан ыстық не?

Судан терең не? Көктен биік не?

VІІ Бағалау

Shape2 Shape1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2018
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі