Белсенді оқытудың тиімді
әдістері
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының
алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен
оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдер. Әдіс
арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал
етеді.
Оқытудың белсенді әдістері –
оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және
практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту
мұғалімнің дайын білімдерді баяндауында, оларды есте сақтауы мен
қайта жаңғыртуында емес, оқушылардың белсенді ойлау және прктикалық
әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне
бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды
білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің
ерекшеліктері – практикалық және ойлау әдістерін ояту.Онсыз
білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді
әдістерінің пайда болуы және дамуы танымдық қызығушылықтар мен
қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету секілді жаңа міндеттер
қойылуымен байланысты. Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың
қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында
алынған білімдері адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі
ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет.Бұл өз бетінше
білім алу жолымен жұзеге асуы мүмкін, ал адамнан танымдық
белсенділікті және өзіндікті талап етеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті
– оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен
қатар оларда оқуға деген қызы, қызығушылықты дамыту, оқи білуге
үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу
материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
Мектете қолданылатын тиімді
белсенді әдістерге:
-
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі
емес басталуы;
-
Проблемалық сұрақтар қою және
шешу, проблемалық жағдаяттар құру;
-
Релаксацияны және қорытынды
шығаруды ұйымдастыру;
-
Оқу материалының
тұсаукесері;
-
Индуктивті және дедуктивті
логикалық сызбаларды пайдалану;
-
Интербелсенді оқыту формаларын
немесе олардыі элементтерін пайдалану.
Селеубаева
Р.Ж.
Тараз
қаласы