Түркістан облысының үздік ұстаздары

С.Асанов атындағы № 38 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
(Жетісай ауданы)
Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесімен ұштастырған ерекше жүйе. Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, тағатыңнан адаспай ұстаздық ете білу – ол да бір ерлік. Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл-әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі әрқашан да биіктерден көтерілуі тиіс.
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны осы ардақты да аяулы ұстаздар. Баланың болмысына ата-анадан кейін ақыл-ой, адамгершілік, әдеп пен ар-ұятты, сана-сезімді сіңіретін де – ұстаз. Осындай жанның бірі туралы сыр шертуді жөн көрдім.
Табиғатынан мұғалімдікке сай болмысы мен бітімі келіскен ұстаздың бірі Абенова Рабия Ділдәбекқызы қашан да жан-тәнімен бала үшін алтын уақытын арнаған бірегей тұлға. Жүзі нұрға толы, жүрегі мейірімге толы, көңілі кіршіксіз сүйіспеншілікке негізделген осынау бір жан С.Асанов атындағы № 38 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абенова Рабия Дилдабекқызы. Ұлағатты ұстаздың осы мектепте қызмет етіп келе жатқанына 30 жылдың көлеміндей уақыты өтті.
Үздіксіз атқарған ұстаздық жолындағы нәтижелі еңбегі қазіргі таңда жемісін беріп, толағай табыстарға қол жеткізді.
Ағарып атқан таңнан, қызарып батқан күн аралығында тынымсыз қыбырлап, қаншама жылдар бойы заман ағымына сай ілесе отырып, оқыту мен тәрбие беру барысында шығармашылық қабілетін көрсете білді.
Қызмет жолын ұстаздық етумен бастаған Абенова Рабия Дилдабекқызы әр баланың мінез-құлқын, жүріс-тұрысы зерттеп, білім деңгейінің осал тұстарын түсіне отырып, тіл табысып, сыр бөлісіп, дос та бола білді.
Абенова Рабия Ділдәбекқызы 1974 жылы 14 сәуірде Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауыл әкімшілігіне қарасты «Көрікті» ауылында дүниеге келген. 1991 жылы «Еңбек» жалпы орта мектебін тәмамдап, 1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика иниститутына түсіп, оқу орнын үздік 1997 жылы бітіріп шықты. 1997 жылы «Еңбек» жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып қызмет етті.
2001 жылы С.Асанов атындағы № 38 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып орналасты. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, сәні мен көркі үйлесім тапқан осы ұжымда өзіндік орнын тауып, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі болып, жұмыс атқарды.
2008 жылы желтоқсан айынан бастап өзінің ерекше қабілеті мен еңбекқорлығының нәтижесінде С.Асанов атындағы №38 жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Күні бүгінге дейін атаулы мектептің оқу саласындағы білікті басшыларының бірі.Ұстаздық қызметіндегі педагогикалық өтілі 30 жыл, санаты педагог-сарапшы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде 3 санатты құрайды. Көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары.
Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп, қаншама шәкірттің қанат қағып өмірде өз орынын таба білуіне себепші болған Абенова Рабия қызмет жолында өзін жан-жақты қырынан таныта білді. Көшбасшылық қабілеті басым ұстаз кез-келген істі үйіріп алып кетіп, жаңа тың идеялармен жүзеге асыра отырып, ұжымдастардың арасында беделін көтере білді. Білімді құрметтеген, шәкірттерін тура жолаға сала білген, ұжымды аузбіршілікте ұстай білген Рабия ханымның ел алдындағы абыройы зор, мәртебесі биік. Ол30 жыл еңбек жолында республикалық, облыстық, аудандық марапаттарға ие болып, көпшіліктің ықыласына бөлене білді.
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз, сөзіне берік, жаны жомарт, пейілі дарқан екендігін көрсете білді, ерен еңбегімен танылды. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, бар жиған-терген білімін шәкірттердің санасына сапалы етіп сіңірте білген салиқалы жанға өмірде толағай табыстар мен сәттілік тілеймін! Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа нық қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қуанышқа, әрбір күні шаттыққа толы болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білікті басшы - мектеп мерейі.

шағым қалдыра аласыз