Материалдар / Білім беру жүйесіндегі жаңа инновация
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру жүйесіндегі жаңа инновация

Материал туралы қысқаша түсінік
Санат көтеруге оқытушыға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру жүйесіндегі жаңа инновация

Мырзатаева Айнур Бактыгалиевна

«М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және

коммуникациялар академиясы,

Ақтау көлік колледжі» ЖШС,

техникалық пәндер оқытушысы


Жай мұғалім - хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады.

Уллиям Уорд

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап өткендей Қазақстан жаңа заман талабына сай жаңа білімге бет бұрды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп көрсетілген. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс – әрекетінде қажетті өзгерістерді, жаңа – әдіс тәсілдерді дер кезінде дұрыс қабылдап, іс – тәжірибесіне енгізе білу керек. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.  Ушинский: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес.Әр мұғалім сабақ беру барысында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген пікіріне сай мұғалім үнемі шеберліктің шыңына ұмтылу керек. Тапсырма дайындағанда оқушының білім деңгейіне сай ойланатындай, ізденетіндей тапсырмалар арқылы жүйеленуіне, сол секілді оқушының білімді, жаңалықты өзінің айналасынан іздеуіне, көре білуіне мүмкіндік туғыза білу керек.Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады. 
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде? 
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. 

Мемлекет басшысы Н.Ә.назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен жылы мұғалімдерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерді мақұлдады және жаңадан құрылған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығына шетелдік әріптестермен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық практиканы қолдану арқылы көп деңгейлі Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын жасау тапсырылды. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының негізгі міндеті ретінде Кембридж Университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену қарастырылған. Бағдарлама жеті модульден тұрады:

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

  4. Білім беруде АКТ пайдалану

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

  7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Білім берудегі бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Яғни, дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту өзгеріске ұшырауда. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім әдістемелері бойынша бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ: «жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол, әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, таратуында. Педагогикалық технологиялар ғылымға мықтап енген. Бұл педагогикалық технологиялар оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, танымдық процестерді – жады, ойлау, зейін, елестету қабілетін – дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, белсенді сөздік қорын, ауызша, жазбаша тілін дамытуға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым - қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін - өзі өзектілендіру, өзін - өзі реттеу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді. Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Баланың қызығушылығын арттыру үшін біз, мұғалімдер, өз пәнімізді жақсы білуіміз, инновациялық технологиялардан қалмауымыз керек. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ елдің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті. Осы мақсатта білім беру саласында елеулі, әрі ауқымды өзгерістер енгізілуде. Өткеннің көбісі – көне, талап – жаңа. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана білім. Белгілі педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады» дейді. Шәкіртке терең білім беріп, оның жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз аялата берсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын. Бағдарламаның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау керектігін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі әдіс – тәсілдер, білімді бағалау жолдары. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір тәсіл – топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алынады. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.Мұғалім өмірге қатысты қандай сұрақ қоймасын, егер оқушы деңгейіне сай келсе, ол сұрақ жауапсыз қалмайды, өйткені баланың қиялында, мүмкіндігінде шек жоқ. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» (Альберт Эйнштейн).Қызығушылықты арттыра отырып, Оқу мен Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдаланып, топқа бөліп, ынтымақтастық атмосферасын орнату. Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған. Ынтымақтастық атмосферасы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, оқушы мен ата-ана арасында да жүзеге асады. Ынтымақтастық атмосферасын орнату барысында оқушы не үйренеді? Біріншіден, олар жаңа тәсіл арқылы топқа бөлінуді, топ ережесін жасауды, сол ережеге бағынуды, сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Екіншіден, осы бағдарлама аясында әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жұптық, топтық жұмыстар жасауды үйренеді. Үшіншіден, берілген тапсырманы тиянақты орындап, сыни тұрғыдан ойлана отырып, топ ішінде көшбасшылық жасап, уақытқа бағынып, постер жасап, қорғауды үйренеді. Төртіншіден, АКТ-ны қолдануды, бір-бірінің пікірін тыңдай білуді, сыйластықта, ынтымақтастықта болуды, сөйлеу мәдениетін дағдыландырып үйренеді. Бесіншіден, әр түрлі бағалауға байланысты топтар бірін-бірі бағалауды, оқушы өзін-өзі бағалауды, яғни, формативті және жиынтық бағалауды үйренеді. Алтыншыдан, өтілген тақырып бойынша кері байланыс жасауды, рефлексияны үйренеді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, сыныпта жақсы қарым - қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Осы орайда оқушы бойында Маслоудың ынтаны оятудағы иерархиялықтың бес қажеттілігі: Биологиялық және физиологиялық қажеттілік, қауіпсіздікке деген қажеттілік, сүйіспеншілік және қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік, өзін –өзі таныта білу табылса, оқушы өзін –өзі көрсетіп, мақсатына жетеді. Азға-азды қоса берсең аз-аздан, ол аз кейін көп болады орасан. Сондықтан да сындарлы оқытудың мақсаты, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білсе, ойы терең, болашағы зор, кемелі мықты, тамыры тереңге кеткен, құндылығы мол, өзіндік ұстанымы бар жеке тұлға қалыптасады. «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа замана ағысымен ілгерілейтін озық тұлға. Ұстазға тап осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.

Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі тәжірибелі ұстаз болып білім және тәрбие алатынына сенімдімін. Ендеше, әлем мойындаған бұл бағдарламаны мұғалімдер біз де, шәкірттеріміз де игереді, - деп сенімділік білдіремін!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!