Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім...

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..,жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сырдария» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Жорабекова Гүлмира



Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім...

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..,жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».

Әл -Фараби Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті», -делінген. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. «Мінсіз мұғалім» ізденімпаз, жаңашыл, әр баланың кілтін таба білу керек. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Міне, осындай қағидаларды қолға ала отырып мектептегі тренер Ерімбетова Гүлжазира Нәлжігітқызы апайымыздың курсына жазылдым . Апайдың әрбір сабағы мен үшін бір дүние, жаңа әдіс-тәсілдерге толы . Әрбір сабақта іс-тәжірибемізге қажетті әдіс-тәсілдерді үйренеміз. Осы уақытқа дейін үйренген әдіс-тәсілдерімді өз іс-тәжірибемді пайдаланып ашық сабақ өткізіп, көрдім. Жаңа әдіспен сабақ өту бірден оп-оңай болды десем, өтірік айтқаным болар.Алғашқыда топқа бөлініп ,сабақты бастап кетудің өзі бір жыр болды.Уақытты үнемді пайдалануға да үлгіре алмай жаттық.Оның үстіне әбден дәстүрлі оқыту үрдістеріне қалыптасып қалған оқушылардың сол қалыптан шығулары оңай болған жоқ.Ойларын ашық айта алмай,ашылғысы келсе де тіл байлығы жетпей,кібіртіктеп қалып жүрді.Бірақ кейіннен бірте-бірте еркін сөйлеуге үйрене бастаған оқушыларымның әрбір қадамына қуанып,шын ниетіммен мадақтап отыратын болдым. Оқу барысында бірнеше әдіс- тәсілдермен танысып, пайдалану жолдарын үйрендім Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпаратық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінде көруге болады: Яғни, ақпаратық технологияны тиімді падалану – білім сапасының арттыруына әкеледі. Мен көптеген әдіс- тәсілдерді қолдану жолдарын үйрендім . Соның ішіндегі бір шамасына тоқталып өтейін; Бұл сындарлы оқыту  жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бұл бағдарлама 7 модульден тұратынын білдім . 1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5) Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. 7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінен «Кубизм» , Миға шабуыл, әңгімелеу әдісінің диалогтік қатынас түрін қолдану жолдарын үйрендім . ДЖИГСО, мозайка сияқты әдістерін естігенім бар ,бірақ қолдану жолдарын түсінбейтінмін . Аталған әдістердің ішінде «мозайка» әдісін, бастауыш сыныптарда ұйымдастыру кезеңінде қолданса, оқушылардың қызығушылығы артады, әрі сыни тұрғыда ойлана алады екен . Ал ДЖИГСО әдісін ауқымды тақырып өткен кезде қолданған дұрыс сияқты. Себебі мұнда әр топ мүшесі басқа топтың ішіне кірігіп, сол топтың ақпаратын тобына әкеледі. Осы кезде оқушыларда даму, ұйымшылдық қалыптасады екен. Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша «Миға шабуыл» стратегиясын қолданған өте тиімді. Бұл әдіс бойынша оқушыларда топпен жұмыс істеу арқылы, көшбасшылық пайда болады екен. 3. Бағалау модулі бойынша, бағалаудың формативті бағалау түрі оқушыларды ынталандырады. Оқушыларыммен сабағымда жетондарды көп қолданатынмын, тек оның формативті бағалау түрі екендігін білмеппін. Енді тек жетон емес, смайлик түрінде, фигуралар арқылы бағалайтын боламын. Бағалау — ең қызықты да, күрделі модуль. «Қосу- алу — қызықты» стратегиясының негізінде де бағалауға болады. Оқушының дұрыс жауабына «қосу», аздаған қатесі бар жауапқа «алу», қосымша ақпаратттық жауапқа «қызықты» смайлигін қойса, оқушының ынтасы артады —бұл бір, екіншіден оқушы шынайы бағаланады. 4. АКТ — ны пайдалануда бірнеше түрімен жұмыс жасауды үйрендім . Бірақ менің білетінім аз екеніне көзім жетті. 5. Кез — келген сыныпта тапсырма бермес бұрын, жас ерекшелігін ескереміз. Бағдарламаның барлық модулін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес қолдануға тырысамын. 6. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс барысында түрлі әдістерді қолдануға болатынын түсіндім. 7. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс модулі мен көшбасшылық модулі тығыз байланысты. Талантты балаларға күрделі тапсырма беріп, оны шығармашылықпен байланыстырса, талантты баланың бойынан көшбасшылықты көруге болады. Қорытындылай келе аталған жеті модульді сараптай келе, бағдарламаның мақсатын түсіне отырып, бойымдағы үрей, қорқыныш сезімі қызығушылыққа ұласуда. Осы алған білімімді пайдалана отырып, әр сабағымды ашық сабаққа айналдырамын деген ойдамын. Мына әдіс –тәсілдер бастауыш сыныптарда қолданудағы тиімділігін байқадым ; «Бір әріптің ізімен» әрбір сабақта көтеріңкі көңіл-күймен бастауға тиімді екен, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Құпия зат», «Артығын тап», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Мәселен, «Сандық заңдылықтар» тақырыбымен таныстыруда жұмыртқа қорабы мен қызыл, көк кішкене шарларды қолдану арқылы оқу мақсаттарына жеттім. Осы ресурстарды «Ондықтар мен бірліктер» тақырыбында да қолдандым. Яғни, қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. Сондай –ақ іс- тәжірибемде сабақ барысында кеңінен қолданатын тиімді әдіс- тәсілдердің бірі, ол «Сыртқы және ішкі шеңбер әдісі» уақыт үнемдеуге өте тиімді екен . Үй тапсырмасын тексеруде 4-5 минут уақыт жұмсауға болады . «Өкіл әдісі » өте тиімді тәсіл. Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.
Әдебиет сабағында кейіпкерлерге мінездеме беру,олардың жақсы-жаман қылықтарын ажырата білу дағдыларын арттырады.
«Көршіңмен сырлас». Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беремін . Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасып , ойларын ашық айтуға тиімді екен.
«Сұраққа жылдам жауап».
Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтаруды тапсырамын.Оқушылар толық жауап беруге дағдыланып, келеді.
«Сюжеттік кесте»
Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау үшін сұрақтарға сәйкес төрт сөзден тұратын сөйлем құруды тапсырамын. Нәтижесінде топпен жұмыс жасап тапсырманы ойдағыдай орындап шығады.
«Алфавит тізбегі»
Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керектігін тапсырамын . Оқушылар таласа жауап береді .
Мысалы тақырыбым «Қазақстан» болса,
А- Астана
Ә-әскер
Б-бидай
В-валюта
Г-газ
Ғ- ғимараттар. Бұл әдіс оқушылардың алфавиттік реттіктің есте сақталуы жәнеде тақырыпты есте сақтауына көп септігін тигізетінін байқадым.
«Сұрақты тауып ал» бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.Бұл әдіс оқушылардың ізденушілігін , қызығушылығын арттыратынына көз жеткіздім.
« Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі. Бастауыш сынып оқушыларына тиімді әдістердің бірі екен. Оқушылар өз түсінігін жеткізе отырып, сабақты меңгергенін байқауға тиімділігін көрдім.
«Сұхбат алу»
Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады. Нәтижесінде тақырыпты жан-жақты талқылайды.
«Логикалық тізбекті ажырату»
Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырамын.
«Маршрут» ойыны. Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз. Бұл ойынды мен өз тәжірибемде ұйымдастыру кезеңіне қолданып жүрмін. «Он сұрақ!» әдісі. 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ не ЖОҚ деп беріледі. Постер қорғау, Кластер , Қар кесегі , Артығын тап, Жұмбақ зат, Семантикалық карта, Миға шабуыл, Инсерт әдісі, Конверт сұрақ, «Суретті әңгімеле» әдісі, Өкіл әдісі , Венн диаграммасы. Осындай әдіс-тәжірибиелерді бастауыш сыныптарда сабақта қолдану үлкен жетістіктерге жеткізеді , бала дамуында үлкен нәтиже беретіндігін байқадым.
Сабағымның бірінші күнінен бастап үйренген әдіс –тәсілдерім бойынша парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Топпен жұмыс жасағанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Мысалы, топтық жұмыс, топ ішіндегі жұптық жұмыс, жеке дара жұмыс.
Менің пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Мен сабақтың басында мақсат қойғанда да, осындай нәтиже күткен едім . 1. Мұғалім ұстанымы Көзқарасы белгілі бір шешім қабылдап, іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Іс-әрекет, Шешім , Көзқарас, Ұстаным, Пажарес (1992) – мұғалім оқыту кезінде бөлімділігіннен гөрі, ұстанымға негізделген ойларының ықпалы күштірек екенін түсіндім . Қысқа мерзімді жоспарлау . Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту. Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызатынын байқап, әрбір сабағымды оқып-үйренген қызықты әдістермен бастауды қолға алдым.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылатынын білдім .
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөліп келемін. Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болатынын, шыңдалғанын өз тәжірибемде көрдім.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым. Қысқа мерзімді жоспарлау бойынша әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.
1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Нәтижесінде оқушылардың белсенділігі арта түскенін байқадым. Олар;
1.Топтарда жұмыс жасауды.
2. Мәтінмен өздері танысуды.
3. Әр түрлі әдістер арқылы сабаққа талдау жасауды.
4. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіруді, үйреніп нәтиже шығарып жүрді .
Міне мен осындай бағытта жұмыс жасап келемін. Сол жұмыстарымның жетістіктерімнің бірінен мектепшілік ашық сабақтар өткіздім.
Қысқа мерзімді жоспардың ерекшелігі, жаңашылдығы - біз сабақ мақсатын оқушыға бағыттауымыз керек . Бұған дейін де мақсат, міндет қоя алғанмен, күтілетін нәтижеге мән берілмеді. Нәтижеге бағытталмаған және оның мерзімі де белгісіз болды. Енді атқарған кез-келген істің нәтижеге бағытталып, мерзімін және жұмысыңның қорытындысын көріп, рефлексия жасай алып, тәжірибемізді жетілдіре алатын болдым. Орта мерзімді жоспарлауды дайындағанда тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы маңызды.
Тізбектелген сабақтар топтамасын немесе ОМЖ кім үшін жасалып жатқанын, оқушыларға нені үйрету керек екенін және оқытудың әдіс - тәсілдері мен қандай түрлерін пайдалану қажет екенін ескеретін болдым. Сол кезде ғана орта мерзімді жоспарлауда бағдарламаның жеті модуль идеяларының қаншалықты ықпалдасқаны, мақсаттары айқын болғаны 4 сабақтың мазмұнын жүйелі құруға көмегі тиетіні түсіндім .
Нәтижесінде: Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтитынына көз жеткіздім.
Сонымен қорыта айтқанда орта мерзімді жоспарлауда негізгі мақсаттары нақты жүйелі болған кезде, нәтижесі жемісті болады екен. Осы курсқа қатысып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым. Көптеген әдістерін топпен жұмыс істеуде қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Себебі мен осы оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы ізгі байланысқа жол ашатын әдіс-тәсілдерді, баланың денсаулығына, сезімталдығы мен сергектігіне негізделген сергіту сәтінің түрлерін, ойлау қабілеттері мен дене қимылдарын дамытуға арналған ойын түрлерін үйрендім. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін және практикасын дамыту үшін стратегиялық іс-әрекеттерді Дипак деген математик мұғалімнің қалай пайдаланғаны туралы айтып өткен болатын тренеріміз . Дипактың тынымсыз еңбек пен ізденісінің, берік ұстанымы мен шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, қалай етсем сабағым қызықты әрі тиімді өтеді деген оймен бастаған бастамасының арқасында ой тастады, олардың арасында байланыс орнатты. Мұндай түрткіден соң әр мұғалім менің сабағым қалай өтеді екен,менің сабақ өту тәсілім тиімді ме, оқушыға пайдалы нәрсе үйрете алдым ба деген ойда болуы керек. Дипакша ойлап, Дипакша еңбектенетін болса, Шульман айтқан құзырлы мұғалімнің үш көмекшісі мен құзырлылыққа бастайтын негізгі қасиеттерді бойымызға сіңіріп, шәкірттерімізді оқыту мен тәрбиелеуге ерекше белсенділікпен кіріссек,келешегімізге кепіл болар білімді жастарды көбейткен болар едік. Қорыта келгенде қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой  -өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын»,-деген қанатты  сөзді         еске түсіреді.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қаблеттеріне байланысты.  Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін     дамытуға   негізделуі қажет.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе, -дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой.  Сол жан-жақты білімді, ұлтшыл, шығармашыл жастарды тәрбиелеу мұғалімдердің яғни біздің қолымызда. Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді. Сондықтан мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өзімнің де күш-жігерімді аямай салуға міндеттімін және атсалысуға дайынмын деп айта аламын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі