400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН АПТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік нұсқаулық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы

Облыстық әдістемелік кабинет















БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН АПТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ



Әдістемелік нұсқаулық

























Шымкент

2



017


КБЖ 74.202

Б94



Әдістемелік нұсқаулық Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылған, №4 хаттама 09.08.2017ж.




Құрастырушылар:

Орынбасар Д.Ш. – «Жаңартылған білім беру мазмұны және дарынды балалармен жұмыс жасау» бөлімінің инновация жөніндегі әдіскері

Кожахметова А. – «Жаңартылған білім беру мазмұны және дарынды балалармен жұмыс жасау» бөлімінің инновация жөніндегі әдіскері


Пікір айтушылар:

Ақтаев М.Б. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, т.ғ.к.

Атабаев Қ.Ө. – Шымкент қаласы №89 жалпы орта мектебінің директоры, п.ғ.к.





Білім беру мекемелерінде әдістемелік пән апталықтарын ұйымдастыру және

Б94 өткізудің жолдары: әдістемелік нұсқаулық /құраст. Д.Орынбасар, А.Кожахметова. –

Шымкент: Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті, 2017. – 28 б.






Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта білім беру мекемелерінде әдістемелік апталықты ұйымдастыруға қойылатын талаптар, апталық барысында жүргізілетін жұмыс түрлері бейнеленіп, нақты ұсыныстар берілген.

Әдістемелік нұсқаулық білім беру мекемелерінің басшыларына, әдіскерлерге, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне арналған.



КБЖ 74.202






© Оңтүстік Қазақстан облысының

әдістемелік кабинеті, 2017






МАЗМҰНЫ



Кіріспе .................................................................................................

4

І. Әдістемелік пән апталығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

1.1.

Әдістемелік апталықты жоспарлау технологиясы.................

6

1.2.

Әдістемелік пән апталығының құжаттамасы.........................

7

1.3.

Апталықты бағалау критерийлері мен индикаторлары ........

7

ІІ. Әдістемелік іс шаралардың жаңа формалары ............................

8

Қорытынды .........................................................................................

15

Қосымшалар .......................................................................................

16

Әдебиеттер .........................................................................................

27

































КІРІСПЕ



Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» – деп, білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін көтерді.

Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты.

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру аясында әдістемелік қызметті қайта қалыптастырылып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мектеп мұғалімінің педагогикалық шығармашылық еркіндігіне мүмкіндік берді. Мектептің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.

Мектептегі әдістемелік жұмыс формасының бірі – әдістемелік апталық.

Бұл жұмыс түрінің басқалардан айырмашылығы – бірнеше күн барысында мұғалімдер пән бойынша түрлі ашық іс шараларын ұйымдастырып, өз әріптестерімен апта бойы тәжірибе алмасады. Бүгінгі таңда мектепте өткізілетін апталықтар бір сарынды, дәстүрлі іс шараларды қамтып (ашық сабақ, көрме, байқау, т.с.с.), көпшілігінде мұғалімдерді де, оқушыларды да ешқандай жаңашылдыққа, шығармашылыққа жетелемейді.

Білім берудің жаңа кезеңіне көшу жағдайында білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыста көптеген өзгерістерді енгізу қажет. Білім беру ұйымдарында өткізілетін пән аптықтарына дәстүрлі іс шаралармен қатар әдістемелік жұмыстың жаңа формаларын ендіру – білім сапасын көтерудің кепілі. Апталықтардағы дәстүрлер мен жаңашылдықтардың салыстырмалы сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.


Салыстыру

Дәстүрлер

Жаңашылдықтар

Әдістемелік апталықтың мақсаттары

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру



Мұғалімдер мен оқушылардың креативтік қабілеттерін дамыту, оқушыларды дербес шығармашылық қызметке тарту

Әдістемелік апталықтың мазмұны

  • Ашық сабақтар

  • Көрмелер

  • Байқаулар

  • Ойындар

  • Семинарлар

  • Олимпиада


  • Идеялар аукционы

  • Озық тәжірибелер эстафетасы

  • Педагогикалық ринг

  • Кейс-стади

  • Lesson Study

  • Коучинг

  • Шебер-сынып

  • Қашықтық олимпиадалары

  • Әдістемелік коллоквиум

  • «Ашық ойлар сағаты»

  • «Мұғалімнің шығармашылық лабораториясына серуен»

  • «Пирамида құру»

Әдістемелік апталықты өткізу формалары

  • Апталық

  • Әдістемелік марафон

  • Фестиваль

  • Іскерлік ойын


Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың тәжірибесінде ұйымдастырылуы, мазмұны, мерзімділігі, жұмыс кезеңдері бойынша әдістемелік апталықтың сан түрлері кездеседі. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта білім беру мекемелерінде әдістемелік апталықты ұйымдастыруға қойылатын талаптар, оның ішінде нақты бір үлгілері сипатталып, апталық барысында жүргізілетін жұмыс түрлері бейнеленіп, тұлғаның қалыптасуына негіз болатын проблемаларға ұсыныстар берілген. Ал бұл өз кезегінде педагогтердің теориялық және практикалық құзыреттіліктерін арттырса, ал оқушылар үшін – жеке тұлға жетістігі болмақ.









І. ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН АПТАЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1. Әдістемелік апталықты жоспарлау технологиясы

Кезеңдер

Мақсаты

Мазмұны

Диагностикалық-талдаушылық кезең

Проблемаларды анықтау

  1. Мұғалімдер және оқушыларды сауалнамалау: өткен оқу жылдарындағы өткізілген пән апталықтары туралы пікірлерін білу, олардың идеяларын, ұсыныстарын жинақтау

  2. Өткен жылғы пән апталықтарының талдауын қарап шығу

Ұйымдастырушылық кезең

Апталықтың жан-жақты, жүйелі жоспарын жасау, оңтайлы нәтижелерді болжамдау

  1. Апталықтың тақырыбын анықтау.

  2. Апталықтың мақсаттарын, міндеттерін белгілеу.

  3. Апталықтың жаңа моделін құру

  4. Міндеттерді бөлісу

  5. Апталық барысында өткізілетін іс шаралар жоспарларын, сценарийлерін әзірлеу, қажетті материалдарды жинақтау

  6. Марапаттау жүйесін қарастыру

Практикалық кезең

Жоспарланған іс шараларды жүзеге асыру

  1. Дәстүрден тыс сабақтар

  2. Сабақтан тыс іс шаралар

  3. Жұмыс сапасына аралық

бақылау

Қорытындылау кезеңі


  1. Материалдарды жинақтау

  2. Әдістемелік бірлестік

отырысын өткізу

  1. Әдістемелік кеңесте талқылау

  2. Жаңа идеяларды ұжымда насихаттау



1.2. Әдістемелік пән апталығының құжаттамасы


  1. Мектепішілік пән апталығының ережесі (бекітілген).

  2. Апталықты өткізу туралы бұйрық.

  3. Апталық жоспары.

  4. Өткізілген іс шаралар жоспарлары мен сценарийлері.

  5. Апталық талдауы.


1.3. Апталықты бағалау критерийлері мен индикаторлары


р/с

Критерийлер

Индикаторлар

Ұпайлар

1.

Пән апталығының тақырыбы

Тақырыптың өзектілігі

3 балл

2.

Пән апталығының мақсат-міндеттері

Нақтылығы

1 балл

Өлшемділігі

1 балл

Қолжетімділігі

1 балл

Маңыздылығы

1 балл

Тақырыпқа сәйкестігі

1 балл

3.

Жоспарлау

Апталықты ұйымдастырудың жаңа формасы

3 балл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
26.09.2023
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі