Білім беру ұйымдарында тәрбие ісін ұйымдастыру және жүзеге асыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру ұйымдарында тәрбие ісін ұйымдастыру және жүзеге асыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материял барлық білім беру ұйымдарындағы мамндарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымдарында тәрбие ісін ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ал-Фараби. Ия, расымен де солай. Әлемнің екінші ұстазы атанған Ал-Фараби атамыз тәрбиенің адам өмірінен алатын орнын бір-ақ ауыз сөзбен керемет айтып өткен. Бала тәрбиесін бәрінен биік қойған ата-бабамыз «Адам болам десең-бесігіңді түзе»-деген. Алайда, мен бүгін бесіктегі тәрбие жайлы емес, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы қажет болған тәрбие жайлы сөз қозғамақпын. Адамзатқа білім алу-парыз. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде ес жиған баладан,егде тартқан қарияға дейін білім алуға шақырады. Дәлірек айтсақ, «Алақ» сүресінің 1-5 аяттарында: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді»-деген. Құранның ең алғашқы аятын «Оқы!» деп түсірді. Алланың аяты талқыға түспейді, ол тек орындалады. Дәл де дәйекті осы бір аяттан кейін білім алудың маңызы мен артықшылығы көп түсіндіруді қажет етпейді. Білім алу мен білім берудің артықшылығын айттық. Ал, білім берудегі тәрбие ісі ше, ол қаншалықты дұрыс ұйымдастырылған,қалай жүзеге асырылуы керек? Тағы да халық даналығы мен әлем ойшылдарының тәрбие жайлы айтқан еңбектеріне тоқталамыз. «Баланың мінез-құлқы жақсы тәрбиеден туындайды»-дейді, Жүсіп Баласағұн «Құдадғу білік» еңбегінде. Сондай-ақ, «Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер. Үлгілі тәртіптің негізі-білім,әдет-дағдыға машықтану. Сондықтан баланы кішкентай кезінен тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету керек»- дейді. Байқаған болсаңыз Жүсіп Баласағұн бабамыз үлгілі тәртіптің негізі ретінде тіл алғызу, үлкенді сыйлау,ата-ананы қастерлеу,ағайын-туысты құрметтеуді айтып отыр. Бұл айтылған құндылықтар дінімізде де дәстүрімізде де бар. Дін менен дәстүр деген қатар ұғым, Екеуі кеткендей-ақ, егізделіп. Өйткені салт-дәстүрді атам қазақ, Шығарған дінге ғана негізделіп,- деп жазып едім бір өлеңімде. Тәрбиелеу дегеніміз-адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту. Әл-Фараби. Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, осы жан иесінің дүрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Мағжан Жұмабаев. Тәрбие-біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек. Клод Гельвеций. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Виссарион Белинский. Жоғарыда ғұламалардың тәрбие жайлы , тәрбиенің адамға жасайтын ықпалы жайлы жазған еңбектерін мысалға келтірдім.Одан мақсат осы аталған құндылықтар мен тәрбие беруге қажетті әдіс-тәсілдер қазіргі біздің білім беру жүйесіндегі жүргізіліп отырған тәрбие жұмыстарында бар ма, жоқ па? Сәйкес келе ме, жоқ па, соны анықтау. Әр лауазымдық қызметкердің нормативтік құжаты болатыны сияқты , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасырының да мемлекеттік стандартқа сай нормативтік құжаты болады.Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар педагогикалық процестің өзегі бола отырып , тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. Қазіргі таңда Сарыағаш медресе колледжінде тәрбие жұмысы төмендегі 8 бағыт бойынша жүргізіліп отыр:

  1. Қазақстандық патриотизм және адамзаттық тәрбие ,құқықтық тәрбие.

  2. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Зияткерлік тәрбиелеу

  4. Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие.

  5. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты.

  6. Отбасы тәрбиесі.

  7. Ұлттық тәрбие.

  8. Көпмәдениетті және эстетикалық тәрбие. Сарыағаш медресе колледжінде тәрбие ісі осы 8 бағыт бойынша жүргізіледі.Біздің колледж ислами мамндықты үйретіп, діни кадрлар даярлайтын колледж болғандықтан тәрбие жұмысының жүргізілуі де осы бағытқа басымдық береді.Яғни, рухани адамгершілікті,отбасы құндылығын,ұлттық тәрбиені, отансүйгіштікті, салауатты өмір салтын ұстануды өзіне мақсат етеді. Солай болуы керек-ақ. Өйткені отанын сүйіп, отбасын қадірлемеген, руханиазық алып, ұлттық тәрбиемен сусындамаған бала кемел адам бола алмауы ақиқат. Тәрбие ісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асырудың барлық талабына сай болған колледжіміздің тәрбие жұмыстары білім беру прцесінде сабақтан тыс және бос уақытты жүзеге асырылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі