Материалдар / БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Медициналық колледждерде физиология сабағын жаңашыл технологиялар арқылы жүргізудің тиімді әдістері қарастырылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2021
247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім берудегі жаңа технологияларды

физиология сабақтарында қолданудың тиімді жолдары

Әлібек Ақжұлдыз Сағидуллақызы

«Шипагер» медициналық колледжі

Нұр-Сұлтан қаласы


Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта және жоғары білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Орта оқу орындарының білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу процесін тиісті деңгейге көтеру оқытушылардың жүйелі басшылыққа алған бағыты болып табылады. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде пәндерді оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Сондықтан, заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру әрбір оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар, мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі таңда білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады .Орта оқу орындарындағы пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ өткізу оқытушы мен студенттің қарым-қатынас жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді. Соңғы жылдары көптеген елдерде орын алып отырған ғаламдық өзгерістер – мемлекеттердің жаңа дәуірге, қоғамдық өмірлік негізін ақпараттық ресурстармен ақпараттық коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттык кезеңге қадам басты. Қазіргі таңда ғылыми техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологияларды қолдануды кең көлемде қажет етеді. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар: біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге болады; екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады; үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. көптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты үнемді пайдалануға болады.

Физиология — XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту оқытушыға зор міндеттерді жүктейді. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беретін оқу орындарының барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта әр пән бойынша, соның ішінде физиологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек . Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын оқытушылар айта алады. Оқытушы әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады . Оқытушылардың пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған студенттерге қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Оқытушы оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Қазіргі уақытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, студенттерге терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, студенттердің танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады. Студенттер физиология сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Физиология пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Студенттер бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы физиология бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол студенттердің интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физиология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Оған физиология кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы. Физиология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде оқытушы мен студенттің жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Студенттердің өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелейді. Ол үшін төмендегідей оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолдану қажет:

1.Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;

2. Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.;

3. Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары;

4. Ойын арқылы оқыту;

5. Сөзжұмбақ, ребустар;

6. Тестілеу. Физиология сабағын меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Мысалы: «Талдағыштардың құрылысы мен маңызы», «Көру және есту талдағыштары. Жасқа сай ерекшеліктері», «Гормондарға сипаттама. Жыныстық жетілу.», т.б. тақырыптарда өткізілетін сабақтарда сөз жұмбақты табуға, әр тақырып бойынша адамның физиологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, олардың қандай екенін, бір-бірінен айырмашылықтарына толық көздерін жеткізіп көрсетілді

Рефераттар жазуда студенттер физиологиядан тіршіліктегі барлық организмдердің физиологиялық ерекшеліктері жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар студенттер сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Студенттер өз беттерімен жұмыс жасау барысында интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттануларын тереңдете түседі. Сонымен физиология сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды: 1)  Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни студенттерге қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді. 2)  Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады; 3)  Студенттердің ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады.

4)  Оқытушыны техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

5)  Оқытушы мен студенттің жұмысын жеңілдетеді. Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы: Интерактивті тақтада өтілген сабақтар студенттерді жаңашылдығымен қызықтырады. Мұндай сабақ үстінде студенттер өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды. Студенттер физиология пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Студенттерде жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға деген қызығушылықтары пайда болады .

 Интерактивті технологияның ерекшеліктері: 1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі-түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды. 2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл студенттердің білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді. Физиология пәнінен сабақ өту барысында интерактивті оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын», «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану студенттерді іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге тәрбиелейді. Жақсы білім алу үшін қажетті ұстанымдар: - Оқушы білім алуға дайын; - Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын; - Қайталау – білімді бекіту үшін қажетті элемент; - Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру тиімдірек. Бүгінгі таңда орта оқу орындарының пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұның себебі оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемаларының әлі толық шешілмегендігінде болып отыр. Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен» мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән берілді. Өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де білікті, білімді жастар екені түсінікті. Сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін оқытушының үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетілдіруі қажет. Соның нәтижесінде ғалымдар жаңа технологияларды көптеп шығаруда. Себебі, жаңа оқыту технологияларын енгізу заман талабына сай білім беру бағыты өзгерді, өздігінен білім ала-алатын логикалық пайымдай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. Қазақстандағы барлық оқу орындарынының компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі .

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде орта оқу орындарында физиология курсын оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады. Орта оқу орындарын ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сеніміміз мол.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Дүйсенбин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы. - Алматы, 2003.

2.      Информатика негіздері. – 2013. - № 2.

3.      Сағымбекова А. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас // Қазақстан мектебі. – 2004. - №5.

4.    Х.Қ. Сәтпаева.,А.А. Өтепбергенов.,Ж.Б. Нілдібаева «Адам физиологиясы»- Алматы,2005ж

5. Ақпараттық-компьютерлік технологиялардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы рөлі. //Қазақстан жоғары мектебі. – Алматы, 2010жыл 











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!