Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Биоэкология
Түсінік хат
Бұл бағдарлама адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдыларын оқып үйренуіне бағытталған.
«Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасы-ның ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын, білімін және тұрмысын жақсарту».
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту – бұл тәндік, зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру. Бұл бірінші кезекте өмір салтына, қоректенуге, генетикалық тұқымқуалауға, экологиялық жағдайға, сондай-ақ денсаулықты нығайту сақшыларының қызметіне тікелей тәуелді. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын және экологиялық құзіреттілігін қалыптастыруға осы бағдарлама бойынша білім берудің рөлі ерекше.
Тұжырымдама
«Биоэкология» курсына жылдық жоспар берілген.
Бағдарлама оқушылардың «қоғам-табиғат-адам» жүйесінің диалектикалық байланысын түсінуіне, қоршаған ортаны қорғауға, салауаттылық өмір салтын қалыптастыру-ға арналған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының негізінде құрылып, курс ретінде ұсынылады.
«Биология» пәні негізінен «Биоэкология» қолданбалы курс ретінде оқытылады. Барлығы 34 сағатқа жоспарланған.
Кіріспе -1сағат
І бөлім. Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары – 6 сағат.
ІІ бөлім. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері – 18 сағат.
ІІІ бөлім. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеру – 4 сағат.
IV бөлім. Төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік дағдылары – 4 сағат.
Қорытынды – 1 сағат.
Курс мақсаты
Салауатты өмір салтын ұстана білетін, экологиялық құзіреттіліктері дамыған білімді де білікті тұлға қалыптастыру.
«АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ»
тандау курсының міндеттері
-
Салауатты өмір салтына ынталандыру;
-
Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру;
-
Темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу;
-
Қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.
Оқушылардың білімділік деңгейіне қойылатын талаптар
Білуі тиіс:
-
дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдыларын;
-
қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін;
-
сауықтырудың дәстүрлі емес әдістерін;
-
төтенше жағдайларда қауіпсіздік дағдыларын.
Меңгеруі тиіс:
-
ішетін судың сапасын, ағзаның күйімен байланысын;
-
адамның денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы;
-
қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың адам денсаулығына әсерін.
Түсіндіре алуы тиіс:
-
адам ағзасына қоршаған ортаның зиянды әсерін;
-
сапалы тағамдар мен мудың адам ағзасына пайдасы;
-
зиянды әдеттердің ағзаға жағымсыз әсерін.
Оқу тақырыптық жоспар
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Әдісі |
Өткізілетін мерзімі |
1 |
Кіріспе |
1 |
Дәріс |
|
Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары |
6 |
|
|
|
2-3 |
Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы |
2 |
Сұхбат |
|
4 |
Ағзадағы су теңгерімі. Ішетін судың сапасы, ағзаның күйімен байланысы |
1 |
Пікірталас |
|
5-6 |
Адамның денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы |
2 |
Дәріс |
|
7 |
Қорытынды |
1 |
Реферат қорғау |
|
Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері |
18 |
|
|
|
8 |
Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері |
1 |
Сұхбат |
|
9-10 |
Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері |
2 |
Сұхбат |
|
11-12 |
Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялық факторларының адам денсаулығына әсері |
2 |
Дәріс |
|
13-14 |
Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардың денсаулық жағдайы |
2 |
Пікірталас |
|
15 |
Онкологиялық аурулардың алдын алу |
1 |
Дәріс |
|
16 |
Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері |
1 |
Пікірталас |
|
17 |
Электромагниттік сәулелер |
1 |
Дәріс |
|
18 |
Дыбыстың адам ағзасына әсері |
1 |
Дәріс |
|
19 |
Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері |
1 |
Дәріс |
|
20 |
Ауа ластануының адам денсаулығына әсері |
1 |
Дәріс |
|
21 |
Көлікпен ластану |
1 |
Пікірталас |
|
22 |
Жер беті суларының ластануы және оның салдары |
1 |
Дәріс |
|
23 |
Азық-түліктегі пестицидтердің қалдық мөлшері |
1 |
Дәріс |
|
24 |
Азық өнімдерінің ыдыстан және ораған материалдардан, инвентардан, жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы |
1 |
Дәріс |
|
25 |
Алкогольдің ағзаға жағымсыз әсері |
1 |
Сұхбат |
|
Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері |
4 |
|
|
|
26 |
Фитотерапия, ароматерапия, апитерапия |
1 |
Дәріс |
|
27 |
Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері |
1 |
Дәріс |
|
28 |
Рефлексотерапия |
1 |
Дәріс |
|
29 |
Практикалық сабақ |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
Төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік дағдылары |
4 |
|
|
|
30 |
Техногендік төтенше жағдайлар, олардың жіктелуі. Өндірістік апаттар мен зілзалалар |
1 |
Дәріс |
|
31 |
Өрт және жарылыстар |
1 |
Сұхбат |
|
32 |
Күшті әсерлі улы заттар бөле жүретін апаттар |
1 |
Дәріс |
|
33 |
Радиобелсенді заттар бөле жүретін апаттар |
1 |
Дәріс |
|
34 |
Қорытынды |
1 |
Тест |
|
«Биоэкология бағдарламасының қолданбалы курсының тақырыптық мазмұндық бөлігі
34 сағат (аптасына 1 сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Адам экологиясы арқылы оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру. Экологиялық құзіреттілігін, мәдениеттік қалыптастыратын жеке тұлғалық көзқарастары мен құндылықтар жүйесі арасындағы өзара байланысы.
І бөлім. Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары (6 сағат).
Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы. Адамдардың науқастануының өсуі мен тағамдар сапасының өзара байланысы. Ағзадағы су теңгерімі. Ішетін судың сомасы, ағзаның күйімен байланысы. Адамның денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы.
ІІ бөлім. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері (18 сағат).
Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері. Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялық факторларының адам денсаулығына әсері. Қазақстанның экологиялық мәселелері мен тұрғындарының денсаулық жағдайы. Ауа ластануының адам денсаулығына әсері. Ақыз түліктегі пестицидтердің қалдық мөлшері. Диоксиндер улылығы. Зиянды әдеттердің ағзаға жағымсыз әсері.
ІІІ бөлім. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері (4 сағат).
Фитотерапия, ароматерапия, апитерапия. Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері. Нүктелік уқалау. Көне Үнді халықтарының мұрасы. Арқа мен қарын көк еттері үшін жаттығулар. Өзін-өзі қалыпқа келтіру мен жасарудың М.Норбеков жүйесі.
IV бөлім. Төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік дағдылары (4 сағат).
Техногендік төтенше жағдайлар. Олардың жіктелуі. Өрт және жарылыстар. Өрт кезіндегі тәртіп ережелері. Апаттық химиялық қауіпті заттардың адам ағзасына әсер ету сипатына байланысты жіктелуі. Радиобелсенді заттар бөлініп шығатын апаттар.
Қорытындылау (1 сағат).
Сабақ жоспарлары
1 - сабақ
Кіріспе
«Қазақстан – 2030» мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын, білімін және тұрмысын жақсарту».
Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлықпен есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.
Соңғы жылдары Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштер төмендеді, бала туу мен халықтың табиғи өсімі азайды, өлім мен аурушаңдық артты. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту – бұл тәндік, зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында күтілетін білім беру нәтижелері үш деңгейде қарастырылады:
Базалық құзіреттілік – оқушының «өмірдегі есею рөлін» орындауға, «азаматтың конструктивті рөлін» атқаруға, бүкіл өмір бойына білім алуды жалғастыруға дайындығы.
Түйінді құзіреттіліктер – проблемалық ситуацияларды (өмірлік, тұрмыстық оқу) шешу мақсатында өзінің потенциалды мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қабілеті.
Пәндік құзіреттіліктер – мақсатқа жетуде алған білім, біліктілігі мен өмірлік тәжірибесін кіріктіру қабілеті.
Білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастырудың ең басты шарты – білім мазмұнын интеграциялау. Білім беру мазмұнының интеграциясы дегеніміз – білімнің, білім беру әрекеттерінің түрлері мен әдістерінің біртұтас жүйе орнататын өзара байланысының, өзара әрекеттерінің процестері мен нәтижелері. Интегративті көзқарастың теориялық негізі – оқытуды ұйымдастыру мен оқыту әдістерінің белсенді және интенсивті формаларының үйлесімділігінен, мазмұнының интеграциясыныа құралады.
Адам антропогендік әрекеттердің әсерінен сыртқы орта параметрлері күйінің (физикалық, химиялық) өзгеруі тірі организмдердің тіршілік ортасын өзгертеді, бірінші кезекте адам денсаулығына қауіп төндіреді. Соңғы онжылдықтарда техногенді сипаттағы зиянды заттармен биосфераның глобальды ластануы байқалады. Тірі организмдер мен адам денсаулығына ең қауіптілеріне ксенобиотиктер – радионуклидтер, ауыр металдар қосылыстары, органикалық қосылыстар (ДДТ, инсектицидтер, гербицидтер пестицидтер), дәрілік және косметикалық заттар, күкірт пен көміртегінің диоксидтері, нитраттар, нитриттер, тағамдық зиянды қоспалар, т.б. жатады. Олар тірі организмдердің генетикалық құрылымын өзгертіп, мутациялардың немесе түрлі аурулардың пайда болуына себеп болады.
Адамдарда кездесетін кейбір паталогиялық аурулардың таралуына экологиялық факторлар әсер ететіні анықталған. Мысалы, жүйке, қан айналым жүйесінің, асқорыту мүшелерінің паталогиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдпр мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.
Осы аталған экологиялық мәселелерді жаратылыстану пәндерінің, сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық және техникалық пәндердің де мазмұнында қарастыру оқушылардың экологиялық құзіреттілігін қалыптастыруда маңызы зор.
Білім оқушылардың «қоғам-табиғат-адам» жүйесінің диалектикалық байланысын түсінуіне негізделген ғылыми көзқарастар мен сенімдерін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның тұрақты дамуына, қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, интелектуалдық және практикалық дағдылар жүйесін жетілдіруге бағытталған экологиялық құзіреттілік күтілетін нәтижелер жүйесінде түйінді құзіреттіліктер қатарында орын алуы тиіс.
Осы мәселелерге оқушылардың назарын аудару, қоршаған ортаға сауатты қарым-қатынас дағдыларына үйрету, оны жақсарту жолында аз да болса әрекет жасауға дағдыландыру – оқыту жүйесіндегі кезекті міндеттердің бірі.
2-3 сабақтар.
Тақырыбы: Денсаулықты жақсартуды дұрыс
тамақтанудың маңызы
Мақсаты: Денсаулықты сақтау және жақсартудағы дұрыс тамақтанудың рөлі туралы оқушылардың білімін дамыту, тиімді тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Тамақ өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына әсері туралы оқушылардың білімін жетілдіру.
-
Тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтаудың маңызы туралы оқушылардың көзқарасын және тиімді тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
-
Түрлі емдік дағдылар мен ашығу әдістері туралы оқушылардың көзқарасын және дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер: Біздің ағзамыз ғарышпен үздіксіз байланысқан күрделі, нәзік құрылымды жүйе. Өміріміз қабылдайтын тағамдарға тәуелді. Адамның салмағы, бойы, әдемілігі, ақыл-ой өрісі, дүниеге көз қарасы, адамгершілігі, ұлпалардың сақталуы мен қалпына келуі, тіршіліктегі қуаты, таланты, жетістігі мен сәтсіздігі, аурушаңдығы – барлығы да тамақтанудың нәтижесі. «Біз – не жесек сол боламыз» - дейді Поль Брегг.
Адамның барлық ғұмыры ағзада жүретін үздіксіз зат алмасумен байланысты. Оған көп мөлшерде энергия жұмсалады. Бұл энергия, сондай-ақ жасушалар мен ұлпалардың жаңаруына, өсуіне қажетті материалдар тамақ арқылы қамтамасыз етіледі. Сол себепті тамақ – кез келген жанды нәрсенің негізгі тіршілік көзі.
Терінің, шаштың, тырнақтардың жақсы күйде сақталуы, ағзадағы мүшелер мен жүйелердің қалыпты жұмысы – осылардың бәрі және басқалары дұрыс тамақтануға, әр түрлі тағамдарды пайдалануға тәуелді. Бірыңғай тамақтанғанда ағза өзіне қажетті заттарды толық ала алмайды да, адамның денсаулығы бұзыла бастайды. Ол жиі жиі салқын тиіп ауыру, қан азаюы, көктемгі шаршау, тіс кіреукесінің бұзылуы т.б. шығуынан басталады. Алуан түрлі тағамда нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар, су т.б. заттардың теңгерімі мейлінше жоғары болады.
Дамыған елдердегі науқастардың өзгеруі бәрінен бұрын тамақтанудың жақсару бағытында өзгеруі және судың, тағамның құрамының, ингредиенттерінің өзгеруінің дәлелі болып табылады.
Мұнда негізгі рөл атқаратын мынадай факторлар:
-
Консервілеу;
-
рафинирлеу;
-
гиповитаминоз;
-
негіздік май қышқылдарының тапшылығы;
-
тағамдардағы талшықтық заттардың азаюы;
-
сапасыз суды пайдалану.
(Негізгі факторлар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылады).
Серігу (2-3 минут) «Дауыл» жаттығуы.
Қатысушылар айналдыра отырады. Жүргізуші ортаға шығады. Нақты бір белгісі бар балаларға (мысалы ақ көйлекті, таңертең тісін тазалағандар, қаракөзділер т.б.) орын ауыстыруларын өтінеді. Егер аталған белгі жүргізушіде де бар болса ол қатардағы қатысушының орнын алуға тырысады. Сонда орындары ауысып отырғанда орындықсыз қалған қатысушы, жүргізуші болып қалады. Егер, жүргізуші ұзақ уақыт орындыққа ие бола алмаса, онда ол «дауыл» деп айтады, сол кезде отырғандардың барлығы да орындары ауыстыруы керек.
Ойға шабуыл
1. Бұдан миллиондаған жылдар бұрын адамдардың ата тегінде «цивилизация» аурулары неге болмаған?
2. Адамның ата тегі пайдаланған тағамдардың біздің қазіргі тағамдарымыздан сапалық ерекшелігі неде?
3. Не себепті өсімдік текті тағамдарды жиі пайдаланатын адамдар «цивилизация» ауруларымен сирек ауырады.
(Негізгі ой тұжырымдары тақтаға және оқушылардың дәптерлеріне жазылады).
Негізгі бөлім
Топ мүшелерімен жаңа материалды талқылау. Топтармен жұмыс 3-5 минут. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа берілген материалмен танысуға және ватман қағаздың бетіне тірек сызбанұсқа құруға, оны таныстыруға тапсырма беріледі.
1 тапсырма. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі тамақтану сапасының өзгеру себептерін көрсетіп, түсіндіріңдер.
2 тапсырма. Өнеркәсіпте өндірілетін тағамның өнімдер сапасының өзгеру себептерін көрсетіп түсіндіріңдер.
3 тапсырма. Тағамдар сапасының өзгеруі мен адамдардағы ауру түрлерінің өсуі арасындағы өзара байланысты көрсетіп, түсіндіріңдер.
4 тапсырма. Рационалды тамақтануға ұсыныстар беріңдер.
5 тапсырма. Емдік ашығу жолдарына ұсыныстар беріңдер.
Пікірталас. «Баланың қиын мінезді» болуы дурыс тамақтанбаудың салдары, дұрыс тамақтанса ақыл-есінің жетілуі, есте сақтау қабілеті жақсарады. «Оқыту процесі жеңілдейді» деп жазады ағылшын геронтологы Дж. Глассе. Не себепті ғалым дұрыс тамақтану ақыл-ой қабілетін жақсартады деп есептейді?
Үйге тапсырма: Жас ерекшеліктеріңді ескеріп өздеріңде бір аптадағы дұрыс тамақтану рационын жасаңдар.
4 сабақ
Тақырыбы: Ағзадағы су теңгерімі. Ішетін судың
сапасы, ағзаның күйімен байланысы.
Мақсаты: адамның денсаулығын сақтау және нығайтудағы ішетін судың сапасының маңызы мен ағзадағы су теңгерімі туралы ұғым қалыптастыру.
Міндеттері:
1) адам ағзасындағы судың биологиялық ролі туралы оқушылардың көзқарасын дамыту;
2) ішетін су сапасының маңызы маңызы, деннің саулығы жолында су режимін сақтау туралы көзқарас қалыптастыру;
3) табиғи су арқылы шынықтыру дағдыларын үйрету.
Жабдықтар: бейнефильм, таблицалар, слайдтар, флип-карта; фломастерлер; ватмен парақтар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Судың адам өміріндегі маңызын сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Су! Сенде дәм де, түс те, иіс те жоқ! Сені сипаттау да мүмкін емес! Сенің не екеніңді білмей-ақ сенен рахат табады! Сенің адам өмірі үшін қажет екендігіңді айтудың керегі де жоқ. Сенің өзің өмірсің!» деп жазған Антуан де Сент-Экзюпери өз шығармасында.
Бір кезеңде ана құрсағында тіршілік негізі – ұрпақ пайда болады да, ұрық қалтасындағы суда қалқи жүзе отырып, өзінің дамуын бастайды. Мерзімді уақыты жеткенде жетілген нәресте сумен бірге жарық дүниеге шығады. Бұл дүниедегі нәрестеге ең бірінші қажет – ана сүті. Сонан кейінгі бүкіл тіршілік үшін су қажет.
Грек философы – Гераклит «Су - әлемдегі бар нәрсенің негізгі көзі» деп жазған.
Адам ағзасындағы судың таралуын зерттегенде: бұлшық етте – 50%, сүйекте - 13%, қанда - 5%, бауырда - 16%, көкбауырда – 0,4% болатыны белгілі болған. Сусыз асқорыту, ағзаның жасушаларындағы заттардың синтезі, метаболизм нәтижесінде бөлінген көптеген өнімдердің сыртқа шығарылуы мүмкін емес.
Серігу (2-3 мин). «Зоопарк» жаттығуы. Әрбір топтың мүшесі өзін кез келген бір жануардың бейнесін және мінез-құлқын салып, оның вальераның ішіндегі жүрісін салу керек.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа судың айналымын сызбанұсқамен көрсету тапсырылады.
1 топ. Судың табиғаттағы айналымын сызады.
2 топ. Судың тірі ағзалардағы айналымын сызады.
Әр топ өзінің сызбанұсқасын көрсетіп, айтып береді.
Ойға шабуыл
Талқылауға арналған сұрақтар:
-
Адам ағзасындағы судың ролі қандай?
-
Судың қандай қасиеттері оның адам ағзасындағы биологиялық қызметін анықтайды?
-
Адам ағзасында судың тұрақты жетіспеуі қандай жағдайларға әкеледі?
Негізгі бөлім
Топтық пікірталас
1. Адам ағзасының мүшелері мен ұлпаларында судың таралуы.
2. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау механизмі.
3. Ағзадағы су теңгерімінің бұзылу салдары.
4. Ағзадағы зат алмасу процесіндегі судың ролі.
5. Ағзада судың тұрақты жетіспеуінен пайда болатын аурулар.
Жаңа материалды топ мүшелерімен талқылау
Табиғи су молекуласы құрылымының ерекшелігі. Табиғи судың емдік қасиеттері.
Су – жай зат емес. Ол оттегі және сутегі атомдарының әр түрлі құрылымынан, яғни изотоптарынан құрылатын молекулалардың қоспасы. Табиғи суда органикалық заттар және радиоактивті белгілі бір шамасы болатындықтан, құндылығы жоғары. Өзіндік химиялық құрамына сәйкес табиғи су ағзада айрықша реакциялар тудырады.
Үйге тапсырма. Судың қасиеттері және оның тірі ағзалар үшін маңызы туралы химиядан, биологиядан оқу материалдарын қайталау. Осы білімдеріңді салауатты өмір салты туралы алған білімдеріңмен байланыстырыңдар.
Беті ашық ыдысқа ішетін суды құйып мұздатқышқа қойыңдар. Мұз боп қатқан соң 7-8 сағаттан кейін (судың ортасы қатпау керек) ортасын ойып, қатпаған суды төгіңдер. Бұл суда бастапқы судағы су құбырынан келген барлық зиянды заттар (тұз, хлор, микробтар т.б.) бар. Қалған мұзды баяу ерітіп, аз-аздан жұтымдап ішіңдер.
5-6 сабақ.
Тақырыбы: Адамның денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы
Мақсаты: Кальцийдің және микроэлементтердің (темір, йод, мырыш, селен, т.б.) адамның денсаулығын сақтаудағы ролі туралы оқушылардың білімін нығайту.
Міндеттері:
1) Ағзаның қышқылдық-сілтілік теңгерімі және оның гомеостаздың сақталуындағы маңызы туралы оқушылардың ұғымын қалыптастыру.
2) Кальцийдің биологиялық ролі және оның адам денсаулығын сақтаудағы, нығайтудағы маңызы туралы оқушылардың білімін дамыту.
3) Дұрыс тамақтануға және ағзаның микроэлементтік теңгерімін сақтауды білуге дағдыландыру.
Жабдықтар: бейнефильм, таблицалар, слайдтар, флипкарталар, фломастерлер, ватман қағаздар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Жер шарында ең ұзақ өмір сүретін адамдармен ерекшеленетін аудандар бар. Солардың бірі Окинава және Токуносима аралдары. Профессор Кабаяси жүргізетін зерттеулер бұл адамдардағы ұзақ өмір сүрудің және денсаулықтың жоғары көрсеткіші ішетін судың сапасына байланысты екенін көрсетті. Бұл аралдардағы адамдар әлемдегі ең ұзақ өмір сүретіндігімен белгілі, басқа жапондықтардан 10-15 жыл артық. Қоректенетін тағамдары бүкіл Жапон халқына тән, негізінен теңіз ағзаларының өнімдері, көкөністер, жемістер. Ал, суының сапасы айрықша. Бұл аралдардағы адамдар сирек ауырады. Окинавадағы Нага қаласы тұрғындары пайдаланатын суды зерттегенде ондағы тіршілікке қажетті микроэлементтердің көрсеткіші дүние жүзі бойынша ең жоғары болып шыққан. Бұл аралда маржан атолласы болғандықтан су маржандардан сүзіліп өтеді де макро, микроэлементтермен қанығады. Профессор Кабаясидің пікірінше ішетін су құрамындағы маржандардың көптеген минералдары мысалы, қышқыл тағамдардан жиналған кальций карбонаты ағзадағы артық қышқылдықты нейтралдайды.
Серігу (2-3 минут) «Шеңберді кесіп өт» ойыны. Оқушылар шеңбер бойымен орналасады. Әрқайсысы өзінің қарсысында тұрған оқушыны анықтап алады. Мұғалім «жүріңдер» деп бұйрық бергенде, көзін жұмған күйде қарсы беттегі орнын алуы қажет. Соңынан көзі жұмылуы кездегі қозғалыста қандай сезімде болғаны сұралады.
Ойға шабуыл. Талқылауға берілетін сұрақтар:
-
Адам ағзасындағы кальцийдің биологиялық ролі
қандай?
-
Не себепті ағзада кальцийдің сіңірілуі қиын?
-
Адам ағзасындағы микроэлементтер қандай қызмет
атқарады?
-
Адам ағзасы микроэлементтердің үнемі тапшы
болуынан қандай зиян шегеді?
Негізгі бөлім
Жаңа материалды топтарда талқылау. Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топ жеке тапсырма алғаннан кейін, өзара талқылап, қорытынды жауаптарын дайындайды.
1 тапсырма. Ағзаның қышқылдық-сілтілік теңгерімі деген не?
2 тапсырма. Адам ағзасындағы кальцийдің мөлшері және оның рөлі қандай?
3 тапсырма. Органикалық кальций неге сіңірілмейді?
4 тапсырма. Адам ағзасындағы кальцийдің тапшылығы. Отто Варбургтың ашқан жаңалығы.
5 тапсырма. Кальций тапшылығын толтырудың тиімді жолдары. Сиқырлы қабық.
Топтық пікірталас. Денсаулығы жақсы адамдар негізінен биік тауларда өмір сүретіні ертеректе-ақ байқалған. Олар Кавказдықтар, Пакистандық хунзалар, Тибет халықтары, Оңтүстік Америкадағы Титикака аборигендері. Бұл халықтар ұзақ өмір сүру үшін арнайы диета немесе денсаулығын жақсартатын, өмірін ұзартатын бірдеңелер қолданатын болар деп есептелетін. Бірақ, лимнолог ғалымдар судың қасиетін зерттеуді қолға алғанға дейін ешкім де нақты ұсыныстар айта алған жоқ. Ұзақ өмір сүрудің себебі тау халықтары пайдаланатын, құрамында кальцийі көп су екенін көптеген зерттеулер арқылы осы ғалымдар дәлелдеді. Бұлар ішетін еріген мұз суы тау тасты аралап өтіп, еріген тұздардан лайсаң тартады. Тау халқы оны «тау сүті» дейді. Жапондықтар да құрамында кальций және басқа да микроэлементтер бар осындай суды пайдаланады. Ең маңыздысы еріген кальций. Теңіз маржандарындағы кальций ион түрінде болғандықтан, оны ағза тез сіңіреді. Жұмыртқа қабығындағы кальций де ион түрінде, сондықтан ұнтақталған қабыққа қарағанда, онан алынған кальцийленген судың сіңірілуі жылдам жүретіні түсінікті.
Қортыныды. Сендер адам денсаулығын сақтаудағы және жақсартудағы кальций мен микроэлементтердің физиологиялық маңызын білдіңдер. Кальцийдің, микроэлементтердің биологиялық ролі туралы алған білім, білік, дағдылардың өздеріңнің денсаулығыңды сақтауға және жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, айналаңдағы, отбасындағы, мектептегі араласқан адамдарға да үйрете аласыңдар. Сонда ғана өз денсаулықтарыңды сақтап, өмірлеріңді ұзарта аласыңдар.
Үйге тапсырма.
Тәжірибе
1. Кран суын мұздатқышта қатырып, соңынан ерітіп құрылымдалған су алып пайдаланыңдар.
2. Кальцийленген су дайындаңдар. Ол үшін шөлмектегі суға бір пакет «Alka mine» теңіз маржаны ұнтағын немесе жұмыртқа ұнтағын стерильді ұнтасын салып, рН көрсеткішін лакмус қағазымен тексеріп көріңдер.
Білімді меңгеру деңгейін бақылау.
Оқушылардың білім білік дағдысы тоқсандық, тарау, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеріледі.
-
Тоқсандық тест тапсырмалары. Әрбір тақсан аяғында оқушылардың білім, білік дағдысын тексеру мақсатында 15 сұрақтық тест бойынша жүргізіледі. Әрбір дұрыс жауап арқылы бағаланады.
Бағалау.
13 – 15 = «5»
9 – 12 = «4»
5 – 8 = «3»
1 – 5 = «2»
-
Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары. Әрбір тарау аяғында оқушылардың білім, білік дағдысын тексеру мақсатында 15 сұрақтық тест бойынша жүргізіледі. Әрбір дұрыс жауап арқылы бағаланады.
Бағалау.
13 – 15 = «5»
9 – 12 = «4»
5 – 8 = «3»
1 – 5 = «2»
-
Деңгейлік тапсырмалар. Күрделендірілген тақырыптарды қалай меңгергендерін тексеру масатында жүргізіледі. 5 деңгейден тұрады (В.П.Симонов бойынша)
І деңгей - танып, білу
ІІ деңгей - есте сақтау
ІІІ деңгей - түсіну
ІҮ деңгей - репродуктивті
Ү деңгей - білімді тасымалдау
І деңгей - 10 сұрақ * 1 ұпайдан = 10 ұпай
ІІ деңгей - 4 сұрақ * 2 ұпайдан = 8 ұпай
ІІІ деңгей -4 сұрақ * 3 ұпайдан = 12 ұпай
ІҮ деңгей - 2 сұрақ * 5 ұпайдан = 10ұпай
Ү деңгей - 1 сұрақ * 10 ұпайдан = 10ұпай
Барлығы 50 ұпай шығады, сол арқылы бағаланады.
85-100%= «5»
75-84%= «4»
50-74%= «3»
50% төмен= «2»
43 - 50= «5»
38 - 42= «4»
25 - 37= «3»
25 - төмен= «2»
7 – сабақ
Қорытынды
Тамақтану жайлы СИНДИ бағдарламасында 12 негізгі бағыт көрсетілген.
-
Әртүрлі қоректік заттары бар комплексті тағамдарды, негізінен жануартекті емес, өсімдіктекті тағамдармен қоректенген дұрыс.
-
Нанды, дәнді дақылдарды, макарон өнімдерін, күрішті, картопты тамаққа күнделікті пайдалану керек.
-
Күніне бірнеше рет жаңа және жергілікті көкөністер мен жемістерді қолдану керек.
-
Күнделікті дене шынықтыру арқылы дене массасының шегін сақтау қажет (дене массасының индексі 20-25).
-
Майлы заттарды аз қолданып (тәуліктік энергияныңь 30%), қаныққан майлардың орнына қанықпаған өсімдіктекті майларды немесе маргарин пайдалану керек.
-
Майлылығы және тұзы аз ет тағамдарын пайдалану қажет
-
Майлылығы аз сүт өнімдерін жиі пайдаланған жөн.
-
Тәтті тағамдарды, сусындарды жәнерафинирленген қантты аз жеуге тырысыңдар.
-
Тұзы кем тағамдарды пайдалану керек.
-
Спирттік ішімдіктен аулақ бол.
-
Тағамды қауіпсіз және гигиеналық әдіспен даярла. Булағанда, бұқтырғанда, қайнатқанда, пісіргенде майлылығы азаяды.
-
Жаңа туған нәресте 6 айға дейін (4 айдан кем емес) таза ана сүтімен қоректенуі керек. Қосымша тамаққа біртіндеп үйрету керек.
8 – Сабақ
Тақырыбы : Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері
Мақсаты: Адам ағзасының қоршаған ортаның экстремал жағдайларына бейімделу механизмдері туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Адам ағзасына қоршаған орта факторларының әсері туралы түсінікті дамыту.
-
Ортаның экстремалдық жағдайларына адамның бейімделу туралы түсінікті қалыптастыру.
-
Адам ағзасына жоғарғы және төменгі қысымның әсері; медицинада бароемдеуді қолдану, декомпрессия, кессон, тау және биіктік аурулары туралы түсінік беру.
-
«Салмақсыздық», «күш түсу», «діріл» және олардың адам ағзасына әсері туралы түсінікті кеңейту.
-
Экстремалдық жағдайларда осындай аурулардан сақтандыру дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: бейнефильм, кесте, слайдтар, флип – карталар, фломастерлер, ватман қағаздар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты адам ағзасы да қоршаған ортаның әр-түрлі жағдайларына бейімделуге қабілетті. Одан басқа адам ағзасы температура, жарық, ылғалдылық, қысым, радиация, геомагниттік өрістер және т.б. қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларының өзгерістері сияқты сыртқы ортаның физикалық факторларының әсерін сезінеді.
Ойға шабуыл
-
Қоршаған ортаның факторларын атаңыз.
-
Қоршаған ортаның қандай физикалық параметрлері адам ағзасына әсер етеді?
-
Арнайы дайындығы жоқ адам Жердің климаты қатаң жерлеріне қоныстана ала ма немесе космос кеңістігіне шыға ала ма?
Негізгі бөлім
Бейімделу – ағзаның қоршаған ортаның өзгеретін жағдайларына бейімделу реакциялары. Бейімделу қасиеттері жеке жасушаларға, мүшелерге, ұлпаларға тән, олар ағзадан тыс белгілі бір жағдайларда өзінің тіршілік әрекетін сақтап қалуға қабілетті.
Жаңа материалдарды топ мүшелерімен талқылау
Топтық пікірталас
-
Түрлі климаттық географиялық аймақтарға адамның бейімделу ерекшеліктері. Ағзаның физиологиялық ерекшеліктеріне қоршаған орта температурасының әсері.
-
Адам ағзасына жоғары және төменгі қысымның әсері.
-
Кессон ауруы және декомпрессия, тау және биіктік ауруы.
-
Медицинада бароемдеуді қолдану.
-
«Салмақсыздық», «күш түсу», «діріл» түсініктері және олардың адам ағзасына әсері.
Үйге тапсырма: Экстремалдық жағдайда адамдарды жаттықтыру үшін өз нұсқауларыңызды ұсыныңыз.
9 - 10 Сабақтар
Тақырыбы: Қоршаған ортаның физикалық
факторларының адам денсаулығына әсері
Мақсаты: Адам ағзасына табиғи факторлардың әсері туралы ұғым қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Адам ағзасына жоғары және төменгі жиіліктегі электромагнитті өрістердің әсері туралы түсінігін дамыту, медицинада қолдану.
-
Адам ағзасына иондайтын сәуленің зиянды әсері туралы ұғымын дамыту.
-
Адам ағзасына геомагниттік өрістердің әсері туралы түсінік қалыптастыру.
-
Адам ағзасына дыбыстың, тербелістің әсері туралы ұғымын дамыту, ультрадыбысты медицинада қолдану.
Жабдықтар: кестелер, слайдтар, флип-карталар, фломастерлер, ватман қағаздар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Адам кез келген басқа тірі ағзалар сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерін сезінеді. Біздің денсаулығымыз қоршаған орта жағдайына тәуелді.
Адамның тұқым қуалайтын денсаулығына едәуір зияны тиетін генетикалық бағдарламасындағы өзгерістер «генетикалық жүк» деген атауға бірігеді. Адам популяциясындағы генетикалық жүк – қоршаған ортаның жағдайларына генотиптің бейімделу шарасы. Адамда мутация жиілігі орташа алғанда 5*10-5 құрайды. Оның жыныс жасушаларында 100 мыңға жуық гендер бар. Академик Н.П. Дубининнің пікірі бойынша, генетикалық жүк әсіресе дене және психикалық кемістіктер түрінде генетикалық ауытқулармен туылған балаларда анық көрінетінін ескеретін болсақ, табиғи мутация көлемінің екі еселенуі адам үшін жол беруге болмайтын нәрсе.
Серігу. «Керемет сурет» жаттығуы. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа бір парақ қағаз бен бір фломастерден беріледі.Оларға адамның табиғатпен үйлесімділігін бейнелейтін «керемет сурет» салу ұсынылады.Осыдан кейін сурет оң жақтағы көршісіне беріледі, ол осы суреттен 30 секундта адамның табиғатпен қарама-қайшылығын бейнелейтін «қорқынышты сурет» салады да, келесісіне беріледі.Келесі қатысушы «керемет сурет» жасайды. Осылай бүкіл оқушыларды айналып өтеді де, сурет бірінші салған адамға қайтып келеді. Содан кейін ол талқыланады.
Ойға шабуыл
-
Қоршаған ортаның қандай факторлары тірі ағзаларға ықпал жасайды?
-
Қандай физикалық факторлар адам ағзасының күйіне әсер етеді?
-
Біздің республикамызда қандай экологиялық факторлар тұрғындардың ауруларының көбеюіне себепші болды?
Негізгі идеялар тақтаға (флип-картаға), оқушылардың дәптеріне жазылады.
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ келелі мәселелердіқамтитын лекция түрінде мазмұндалады. Негізгі түсініктер тақтаға және дәптерге жазылады.
Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам ағзасына әсері:
-
жоғары жиілікті және төменгі жиілікті ауқымдағы электромагниттік сәулелер: радиотолқындар; инфрақызыл сәулелер; көрінетін жарық сәулелері; УКС; Рентген сәулелері;
-
иондайтын сәулелер;
геомагниттік өрістер;
-
гоғарғы және төменгі температуралар;
-
рН ортасы;
-
лазер сәулесі;
-
барометрлік қысымның төмендеуі және жоғарылауы, оттегінің қысымы;
-
әр түрлі жиіліктегі дыбыс толқындары;
-
гравитация, діріл, салмақсыздық және т.б.
Жаңа материалдарды топ мүшелерімен талқылау. Топтағы пікірсайыс. Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топқа ұсынылған ақпараттың мазмұнын талқылауға және осы мәселе бойынша биология мен физикадан алған білімдерінің негізінде өз піріклерін білдіру тапсырылады.
Үйге тапсырма: Тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауына тікелей себеп болған ҚР әр түрлі аймақтарындағы экологиялық жағдай туралы ақпараттар жинаңдар.
11-12 сабақтар
Тақырыбы: Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялықфакторларының әсері
Мақсаты: Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биотикалық факторларының әсері туралы білімді нығайту;
экологиялық және генетикалық сауаттылыққа тәрбиелеу
Міндеттері:
-
Адам ағзасына химиялық заттар – ксенобиотиктердің зиянды әсері туралы оқушылардың білімін дамыту.
-
Адам ағзасына қоршаған ортаның биологиялық факторларының жағымсыз әсері туралы білімді дамыту.
-
Экологиялық апат аймақтарында денсаулықты нығайтуға тиімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: кестелер, слайдтар, флип – карталар, фломастерлер, ватман қағаздар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Адам денсаулығының жағдайы және өмірінің ұзақтығын 20-25%-ы тұқымқуалаушылықпен, 50-55% - өмір салтымен, 20-25% - қоршаған орта жағдайымен, 10-15% - медицинамен анықталады. Ғаламшарлар халқының денсаулығының нашарлауының және жағымсыз демографиялық көрсеткіштердің артуының негізгі себептерінің арасында климаттық, географиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалмен қатар экологиялық қолайсыздықтар да ерекше орын алады.
Серігу. «Молекулалар» жаттығуы. Барлық қатысушылар жүргізушінің айналасына жақындап жиналады да,көздерін жұмып, опыр-топыр жан жаққаызыңдап тарай бастайды. Біраз уақыттан соң жүргізуші «бір» деп белгі береді, ол – «тыныш,тына қал», дегенді білдіреді, «екі» деген – «көзіңді жұмып,дөңгеленіп тұра қал» дегенді білдіреді. Ал «үш» – «көзіңді аш,түзілген бейнеге қара» дегенді білдіреді.
Ойға шабуыл
1. Адам денсаулығы үшін қоршаған ортаның қандай заттары химиялық қауіпті болып табылады?
2. Соңғы жарты ғасырда не себептен ғаламшардың хемосферасы күшті өзгеріске ұшырады?
3. Биосфераның химиялық мутагендерімен ғаламдық ластануықандай салдарға әкелуі мүмкін?
Негізгі бөлім
Жаңа материалдарды оқушылармен бірлесіп талқылау. Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі. Олар аталған мәселе бойынша өз пікірлерін ұсынады.
-
Ластанған ауаның тұрғындардың денсаулық жағдайына әсері.
-
Химиялық заттармен ластанған судың тұрғындардың денсаулығына әсері.
-
Тамақ өнімдері сапасының денсаулыққа әсері.
-
Адам ағзасына қоршаған ортаның биологиялық ластануының әсері.
Топтық пірірталас. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ берілген тапсырмамен танысып, өз пірірлерін ортаға салады.
Үйге тапсырма. Тұрмыстық химиялық заттардың тізімін жасаңыз. Олардың қайсысы адам денсаулығы үшін ең қауіпті екенін айқындаңыз? Өз таңдауыңызды негіздеңіз.
13-14 сабақтар
Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық мәселелері
және тұрғындардың денсаулық жағдайы
Мақсаты: Адам ағзасына қоршаған ортаның экологиялық факторларының әсері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру; экологиялық және генетикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Республикадағы экологиялық мәселелер және олардың тұрғындар денсаулығымен байланысын оқушыларға таныстыру.
-
Қоршаған ортадағы иондайтын радияцияның және химиялық қауіпті заттарың адам ағзасына жағымсыз әсері туралы оқушылардың білімін дамыту.
-
Экологиялық қолайсыз аймақтарда денсаулықты нығайтуға тиімді мінез-құлық дағдыларын үйрету.
-
Республикадағы және әлемдегі экологиялық мәселелерді шешу жолында белсенді тіршілік ұстанымына тәрбиелеу.
Жабдықтар: кестелер, слайдтар, флип-карталар,фломастерлер, ватман қағаздар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Табиғи жағдайларда барлық тірі ағзалар табиғи изотоптардың және ғарыштық сәулелердің фондық сәулесіне ұшырайды. Алайда, ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат өздері жасаған иондайтын сәулеленудің жоғары деңгейдегі әсеріне ұшырады. Атомдық қару, атомдық энергетикалық қондырғылар, теңіз кемелеріндегі атомдық реакторлар, рентген аппараттары және басқалар осындай сәулелердің негізгі көзі болып табылады.
Иондаушы радиацияның ықпалы адам ағзасында соматикалық және генетикалық өзгерістер тудырады, зақымдану сәуле алғаннан кейін бірден байқалуы немесе бірнеше жылдан кейін шығуы мүмкін.
Серігу. «Бос орындық» (1-2 мин). Қатысушылар бірінші ,екінші деп бөлінеді.Бірінші нөмірдегі қатысушылар айналдыра отырады, екінші нөмірдегілер – орындықтың жанында түрегеп тұрады.Бір орындық бос болуға тиіс. Орындықтың қасында түрегеп тұрған қатысушының міндеті – көз қарасымен отырғандардың біреуін өз орындығына шақыру.Өзін шақырғанын байқаған қатысушы бос орындыққа жүгіріп жетуге тиіс.Оның артында түрегеп тұрған әріптесінің міндеті, оны ұстап қалу.
Ойға шабуыл
-
Қоршаған ортаның хемосферасы не себептен өзгереді?
-
Тұрғындар денсаулығының нашарлауына Қазақстандағы қандай экологиялық жағдайлар мейілінше жоғары дәрежеде әсер етті?
-
Не себепті республикамыздың бірқатар аймақтарында әлі күнге дейін әлсіз балалар туылады?
Негізгі бөлім
Топтық пірікталас. Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топ берілген жағдаяттық тапсырмамен танысып,топ ішінде талқылайды,соңынан өз пікірлерін ортаға салады.Мұғалім оқушылармен аталған мәселелер жөнінде әңгіме жүргізеді,негізгі ұсыныстар тақтаға және оқушылардың дәптерлеріне жазылады.
Рөлдік ойын «Адам өмірінің ұзақтығы»
Ойын барысында балалар қоршаған ортаның әсері жайлы және өмір салтының адам өмірінің ұзақтылығына әсері туралы біледі.Ойын карточкалар жинағы мен шартты белгілер парағынан тұрады.
Қорытынды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша аурулардың айтарлықтай бөлігі (80%) өмір сүру салтына және экологиялық жағдайға байланысты болып табылады.
15 - сабақ
Тақырыбы: Онкологиялық аурулардың алдын алу
Мақсаты: Адамдағы онкологиялық аурулардың туындау себептері және сақтандыру шаралары туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың туындау себептері туралы жалпы мағұлматтар мен түсініктер беру.
-
Қатерлі ісікке әкелетін аурулар, оларды залалсыздандыру,канцерофобиялар туралы түсініктерді дамыту.
-
Ауруларды ерте анықтау әдістері (маммография, алдын ала тексерулер және т.б..) және қатерлі ісік ауруларының алдын алу әдістері туралы білімді қалыптастыру.
Жабдықтар: бейнефильм, кестелер ,слайдтар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Экологиялық жағдайдың нашарлауына және әлеуметтік экономикалық мәселелерге байланысты жер шарының көптеген аймақтарында соңғы жылдары онкологиялық аурулардың саны артып кеткен. Ғалым-дәрігерлердің онкологиялық аурулардың дамуына экологиялық факторлардың әсерін зерттеулері қоршаған ортаның радиациялық аясының нашарлауы (Семей аймағы, БҚО, Азғыр) және химиялық ластануы (Қызылорда обылысы – Арал аймағы, ШҚО – Өскемен қаласы) мен қатерлі және қатерсіз ісік ауруларының артуы арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Ойға шабуыл
-
Қандай ауруларға қоршаған ортаның экологиялық факторларының әсері себепші болады?
-
Біздің еліміздің аумағында ядролық қаруды сынаудың тұрғындар үшін қандай зиянды салдары бар?
-
Сіз қатерлі ісік (рак) туралы не білесіз?
Негізгі бөлім
Негізгі түсініктер тақтаға жазылады немесе флип-картаға және оқушылардың дәптерлеріне жазылады.
-
Қатерсіз және қатерлі ісіктер туралы түсінік.
-
Ісіктердің пайда болу себептері.
-
Онкологиялық аурулардың алдыналу жолдары.
-
Онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау тәсілдері.
-
Онкологиялық аурулардың дамуында иммунитеттің және ағзаның ішкі ортасының рН рөлі.
Үйге тапсырма: Қоршаған ортаның экологиялық факторларының біздің республикадағы адамдардың онкологиялық ауруларының дамуына әсер ететіндігін растайтын материалдарды табыңыз және келесі тақырыпқа дайындалып келіңіз.
16 – сабақ
Тақырыбы: Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері. Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерінің ролі
Инфрақызыл, көрінетін жарық сәулесі және ультра күлгін сәулесі электромагниттік сәулеленудің оптикалық ауқымын құрайды. Оның биологиялық әрекеті әр алуан. Көрінетін жарық сәулесі өсімдіктердің, микроағзалардың, жануарлардың және адамның өсуі мен тіршілік әрекеті үшін қажет. Жарықтың көзге де өзіндік әсері бар. Ультракүлгін сәуленің әсерімен D дәруменінің түзіледі, ол ағзадағы фосфор және кальций алмасуына тікелей қатысады. ИҚ және УК сәлелердің шамадан тыс әректі ағзаның қызып кетуін туғызады және күйдіреді. УК сәулесінің бактерицидттік әсері де бар сондықтан, оны медицинада құрал-саймандарды,үй-жайларды зарарсыздандыруға қолданады. Медицинада инфрақызыл, көзге көрінетін және ультракүлгін сәулелерін түрлі аурулардың алдын алу және емдеу мақсатына қолданылады.Емдік- сауықтыру мекемелерінде жарықпен емдеу арнайы апаратттардың көмегімен жүзеге асырылады. Инфрақызыл және көзге көрінетін сәулелердің биологиялық әрекеттері ұқсас. Оларды ағзаның ұлпалары сіңірген кезде жылу пайда болады, сондай-ақ сәуленің осы түрлерінің қабынуға қарсы әрекеті негізінде қан айналым күшейеді. Инфрақызыл сәулесімен емдеу үшін қыздырғыш шамдары (лампалары) бар сәулелегіш және қыздырғыш элементтері бар сәулелегіштер (Соллюкс шамы, жарық жылтқыш ванналар, Минин шамы т.б.) қолданылады. УК сәулелері газоразрядттық шамдардан алынады.
Инфрақызыл сәулеленудің биологиялық әсері. Инфрақызыл (жылы) сәулелену күнгей электромагниттік спектрдің (50% кем емес) үлкен бөлігінен тұрады. Инфрақызыл сәулелену жер үстіне 760-3000 толқын ұзындықпен жетеді, көптеген ұзын толқындық атмосферамен кідіріп жатады. Инфрақызыл сәулелену әр түрлі заттардың молекулалары мен атомдары әсер етеді, олардың тербелмелі және ротациялық қозғалыстың күшейтеді, жылы күшті әсер шақырады.
В–дәруменінің түзілу
әсері. Тері майындағы провитамин
7,8-дегидрохолестериннен тері қабаттарының бетінде УК сәулелердің
әсерінен пайда болатын дәруменінің түзілуі
жоғары дәрежеде зерттелген.
дәруменін талдауға ең
қабілетті күннің УК үлкен әсеріне эволюциялық душар болған терінің
бөліктері ұшырайды. Арқа терісінде түзілетін дәрумен мөлшеріне
қарағанда қарын терісіндегі дәрумен мөлшері 60% құрайды. Дәруменнің
ең аз мөлшері инсоляцияға душар болмайтын табан терісінде
түзіледі.
17 – сабақ
Тақырыбы: Электромагниттік сәулелер
Жылдам қозғалатын электр зарядттары, қозған атомдар мен молекулалар, басқа да сәуле шығаратын жүйелер арқылы шығарылатын электромагниттік толқындар.Сәулелену – қасиетіне байланысты шартты түрде мынандай сәулелерге бөлінеді: радиотолқындар (бірнеше км-ден 250мкм-ге дейін), инфрақызыл сәулелер (250-160 мкм), көрінетін жарық сәулелер (760-400мкм), ультракүлгін сәулелер (400-10 нм), рентген сәулелері (10-0,03 нм-ден аз). Әр түрілі ауқымдағы электромагниттік сәуле медицинада кең түрде қолданылады. Ультражоғары және өте жоғары жиіліктегі радиотолқындарды ұлпалар сіңіруі мүмкін. Бұл жағдайда энергияның бір бөлігі жылуға айналады. Электромагниттік сәулеленудің осы қасиеті ұлпаларды жылыту үшін пайдаланады.
Жылу әрекетінен басқа радиотолқынды ауқымдағы электромагниттік сәулелену ағзаға жылудан басқа да әсер береді. Қарқындылығы аз электромагинттік сәулемен тұрақты әрекет еткен кезде адам шаршағыш келеді, оның жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүрегі сыздап ауырады, демігетін болады. Мұндай жағдайда бірден дәрігерге қаралу керек.
Рентген және гамма сәулелері иондаушы сәулелер болып табылады. Олардың толқындарының ұзындығы атомдардың мөлшеріндей, ал кванттар энергиясы үлкен болғандықтан, олардың өтімділік қабілеті де жоғары болады, заттармен өзара әрекеттесе алады және оның иондануын тудырады, белсенді химиялық өнімдердің пайда болуына ықпал жасайды, оның өзі патологиялық өзгерістердің дамуына әкеледі (сәуле ауруы). Сондықтан, рентген және гамма-сәулелер көзімен жұмыс істеген кезде нұсқаулар мен ережелерді қатаң сақтау керек. Рентген және гамма-сәулелері сәуле терапиясында, рентгенологиялық зерттеулерде кең түрде пайдаланылады.
Геомагниттік өрістердің ағзаға әсері. Магнитобиологтар ең алғаш кеңістіктегі жануарлардың бағдарлау әрекеттерінің ырғақтары үшін ГМӨ-тің маңызын эксперемент түрінде көрсетті. ГМӨ-пен бағдарлау бунақденелілерде, балықтарда, құстарда және т.б. жануарларда анықталған. Термиттер жер асты мекендері мен илеуіне кіретін жолдарын магниттік меридиан бойынша бағдарлайды.
Лазерлік сәулелер адамға әсер етеді. Оның әрекеті сәуле алған жерде температураның кенет көтерілуімен байқалады да ақуыз коагуляцияланады немесе ұлпа бұзылады. Лазерлік сәуленің әрекет ету ерекшелігі лазердің қуатына, сәулеленген ұлпалардың құрылымы мен биологиялық қасиетіне де байланысты. Лазерлік сәулемен ұлпаларды қан шығармай кесуге болады. Әрекет ету нәтижесі ұлпаның немесе мүшенің түріне, олардың қалыңдығына, тығыздығына байланысты.
18 – сабақ
Тақырыбы: Дыбыстың адам ағзасына әсері
Адам әрдайым дыбыс әлемінде өмір сүреді. Тірі ағзалардың тек адам ғана қоршаған ортаның дыбыс, тасымалдаушы қасиетін пайдалана білді. Адам дыбыс әлеміне сөз және музыканы енгізді, дыбысты өзінің көмекшісі етті. Ерте кезден-ақ тас төселген жолмен жүрген арбаның дөңгелігінің дыбысы адамдардың ұйқысын бұзатын болған. Міне, сондықтан да үйдің алдындағы жолдарға құм төсеген немесе сабан төсейтін болған. Қазіргі заманғы шудың деңгейі бұрынғы заманғы шу деңгейінен бірнеше есе асады. Қалалардың кәзіргі заманғы шуының «симфониясы» көптеген факторлардың жиынтығынан тұрады: темір жолдың тарсылы, ұшақтың гуілі, құрылыс техникасының тарсылы, зауыт цехтардың шуы, автоколік шулары.
Атмосфераның шумен ластануы үнемі өсіп келеді. 1948 жылы ірі шетелдік қалалардың тұрғындарына зерттеу жүргізілген. Оларға «өзіңіз отырған пәтердегі шу мазалай ма» деген сұрақ қойғанда сұралғандардың «иә» деп жауап бергені 23% болса, 1961 жылы 50% болған. Қазіргі уақытта үлкен қалалардағы шудың деңгейі 20-30 есе өскен. Қалалық шу – өте ертеден келе жатқан мәселе. Тіптен ертедегі рим сатиригі Юнивал былай деп жазған: « Қалада ұйықтау мүмкін емес. Тар иірімделген көшелердегі арбаларының тарсылынан тіптен өлген адам да оянып кететіндей». Міне сол кезеңнен бері оның орнына қаншама көп мөлшердегі автокөлік келді десеңізші!
Кәсіпорындағы жаңа технологиялық процестер, технологиялық жабдықтардың қуатының өсуі, механизациялау адамның үнемі зиянды өндірістік факторларының – шу мен дірілінің әсеріне ұшаруына алып келді. Шу мен дірілдің негізгі механикалық тербеліс болып табылады, ол айналмалы, үйкелмелі механизмдердің жұмысының нәтижесінде пайда болады. Барлық технологиялық жабдықтар – әр түрлі қарқындылықтағы шу мен дірілдің көзі болып табылады.
Дыбыс деп сыртқы ортадан адамның есту апаратымен ( секундына 16-дан бастап 20000 тербеліс) қабылданатын механикалық тербелістерді айтады. Жоғары жиіліктегі тербелісті ультрадыбыс, аз жиліктегіні – инфрадыбыс деп атайды. Шу – бұл біріккен қатты дауыстардың жинағы. Адам және жануарлар үшін дыбыс қоршаған ортаның әсер ететін факторларының бірі.
Адам ағзасына шудың әсері. Шу – дыбыстың бір түрі, тағыда оны «қажетсіз дыбыс» деп та атайды.Адамның есту мүшесі шудың әр-түрлі күштілігіне және жиілігіне бейімделеді. Шудың ағзаға әсері зиянды заттардан кем есестігін ғалымдар дәлеледеген екен.
Жоғары қуаттағы дыбыстар мен шулар есту апаратын зақымдайды, жүйке жүйесін тоздырады да, ауру сезімін тудырып, естен тандырады.Ұзақ уақыттағы шу адамның есту қабілетін төмендетеді.Әлсіз жүйке жүйесі мүшелер жүйесінің жұмысын жеткілікті түрде нақты үйлестіре алмайды. Шу сонымен қатар бауыр, жүрек жұмысына да әсер етеді.
19 – сабақ
Тақырыбы:Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері
Адамның денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Таза ауа, су, топырақ – адамның дені сау болып, тіршілігі әрекеті үшін қажетті жағдайлар.
Қазіргі кезде адам табиғаттың тепе-теңдігін бұзған үшін өзінің денсаулығына зиян келтіргенін сезеді. Тыныс жолы және ас қорыту мүшелері арқылы ағзаға түсетін улы заттар ластанған ауада және суда болады. Ластанған топырақ және су тамақ арқылы ағзаны улап, немесе ауыл шаруашылғында пайдалануға да жарамсыз болып қалады.
Таза ауаның да адам денсаулығына әсері орасан. Ауаның зиянды заттармен ластануы тыныс алу мүшелерінде ауру қоздырады. Ауа құрамындағы канцерогенді заттар аса қауіпті, олар өкпенің пәле ауруын қоздырады.
Әр түрлі зиянды заттармен атмосфералық ауаның ластануы тыныс алу жолдарының ауруларын туғызады. Өкпенің пәле ауруын тудыратын канцерогендік заттардың ауада көбеюі ерекше қауіпті. Түсті металургия зауыттарының ауаға шығаратын улы заттары адам ағзасында қантамырлар аурулары, жүйке жүйесінің бұзылуы, мүшелерде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепші болады. Қара металлургия және энергетика кәсіпорындарының ауаға шығарған қалдықтары өкпе ауруларының дамуына әкеледі. Химия өндірісінің зауыттары жиі орналасқан аймақтарда аллергиялық аурулар, эндокриндік және жыныс мүшелерінің аурулары кең тараған. Үлкен қалалардың ауасының азот оксидтерімен ластануы адамдарда өкпе ауруларын қоздырады. Жыл сайын Қазақстанда тұрғындардың әр түрлі ауруларының саны өсіп келе жатқаны байқалады.
Қазіргі уақытта атмосфераның ластануының негізгі көзі автокөлік болып табылады. Атмосфераны ластайтын кең тараған улы заттар: CO; SO2; NO; C H; және шаң. Ауаны ең көп ластайтын автотранспорт. Барлық ластанушы заттардың ішінде автотранспорт Қазақстанның ірі қалаларының ауасын 60-80% ластайды, ал Алматы қаласының ауасын 90% ластайды.
Аталған ластаушы заттардан басқа ауаға бөлінетін күшті улы заттар: фтор, хлор, қорғасын, сынап қосылыстары, бензапирен, т.б. бүгінгі күні 500-ден астам атмосфераны ластаушы зиянды заттар белгілі. Олардың саны жыл сайын өсіп отыр.
Улы заттардың адам ағзасына әсері оның әсер етуші мерзіміне байланысты. Мысалы, улы заттар аз уақытта әсер етсе адамның басы айналып, лоқсып, ауызы қурап, жөтеледі. Егер улы заттардың әсері көп уақытқа созылса, онда адам есінен танып, қатты уланып, өліп кетуі де мүмкін. Бұндай жағдай ірі қалаларда болатын түтін (смог) немесе өндіріс орындарында авария кезінде ауаға улы заттардың бөлінуінен болады.
Адам ағзасының улы заттарға реакциясы оның жасына, жынысына денсаулығына байланысты.
20 – сабақ
Тақырыбы: Ауа ластануының адам денсаулығына әсері
Ауаны ластағыш заттардың адамға, қоршаған ортаға және биосфераға әсері әр түрлі. Атмосферадағы өзгерістердің себептері негізінен табиғи және антропогендік, ал масштабтық өзгерісі – ғаламдық немесе шектеулі болады. Өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңінде атмосфераның газдар мен техногендік аэрозольдармен ластану көлемі ұлғаяды.
Атмосфералық ауаны ластаған заттаралуан түрлі, зияндылығы бірдей емес. Олар ауада әр-түрлі агрегаттық күйде: қатты, бу, сұйық, газ түрінде кездеседі. Жиі кездесетіндеріне: қатты күйдегі шаң, көмірдің шала жанғаны; газдардан – көмір тотығы, азот диоксиді,күкірт газы, күкіртті сутек, хлор, т.б; сұйық күйінде немесе бу күйінде –күкіртті, азотты тұз қышқылы және шайыр.
Атмосфера мен биосфераға бірқатар белсенді әсер ететін химиялық қосылыстарға жататындар: күкірт қосылыстары, азот, фосфор, галогендер, фенолдар және фармольдегид, қорғасын, мырыш, сынап, камдий.
Жыл сайын атмосфераға жүздеген миллион тонна күкірт өтеді, азот, галоген өнімдері және басқа қосылыстар түседі екен.
Антропегендік ластаушылар келесідей болып бөлінеді:
-
Материалды (шаң, газдар, күлдер, шлактар және т.б.)
-
Физикалық немесе энергетикалық (жылулық энергия, электірлік және электромагниттік өріс, шу, вибрация (діріл) және т.б.
Материалдық ластаушылар бөлінеді:
-
Механикалық
-
Химиялық
-
Биологиялық
Механикалық ластаушыларға жатады:
-
Атмосфералық ауаның шаңы және аэрозольдері
-
Судағы және топырақтағы қатты бөлшектер
Химиялық ластаушыларға
-
Әр түрлі газ тәрізді, сұйық және қатты химиялық қосылыстар, элементтер, атмосфера және гидросферада кездесетін және қоршаған ортамен әсерлесетін қышқылдар, сілтілер, күкірттің (П) оксидтері, эмульсиялар және басқалары жатады.
Биологиялық ластаушылар – адамдардың қатысында пайда болатын және оларға зиян әкелетін барлық ағзалар түрі.
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс және т.б. орын алса, оны табиғи деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
24 – сабақ
Тақырыбы: Азық өнімдерінің ыдыстан және ораған материалдардан, инвентардан, жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы
Асханалық ыдстан, аспаптардан ауысатын қоспалармен азық өнімдерінің қауіптілігінің тұрақты потенциалы бар. Көбінесе бұл ауыр металлдың тұздары (мыс, мырыш, қорғасын, т.б.), одан басқа орау материалдары және сақтауға арналған ыдыстардан әр түрлі химиялық қосылыстар түрінде түсуі мүмкін.Қазіргі уақытта тағам өндірісінде жүзден астам әртүрлі азық өнімдерімен байланысты синтетикалық материалдардың атаулары қолданылып жүр.
Олардың арасында көптеген азыққа арналған ыдыс өндірісі үшін әртүрлі лактар, клейлер, лакбояулы жабындар, пресс-материалдар, әртүрлі қабыршақтар (полиамидті, полиацетатты, полиэтиленді), поливинилацетат, полистиролдар, әртүрлі резина құрамында компоненттер,ноноалмастырғш шайырлар, органикалық шыны, фторпластар, әртүрлі маркалардағы целлофан, көптеген жабдықтарды және ыдысты жабуға арналған эмальдар бар.
Соңғы жылдары дүние жүзінде азық-түлік өнімдерін қаптау материалдары (шөлмектер, банка, пакеттер, қорап, т.б.) ретінде бұйымдарды поливинилхлоридтан алды. ПВХ винилхлоридтан алынады, бірқатар ғалымдардың зерттеулерінде көрсетілгендей бумен демалғанда концерогенді әсерге ие гемангиосаркома аурун тудырады. Бұл жағдай азық-түлік өнімдері үшін асханалық аспапты және дайындауда осы қаптау материалдарына және ПВХ баса назар аударады. Зерттеулер көрсеткендей бұл материалдарда винилхлорид қалдықтары болады, бірақ оның тамақ өнімдерге көрсетілмеген қаптағыш материалдарды қолдану жағдайына түсуі мүмкін. Мысалы ПВХ-тен жасалған бөтелкелер мен банкалар судың әртүрлерін өлшеп орауда, өсімдік майларын, уксусты, жеміс шырындары мен қышаны сақтау үшін қолдану көрсетіледі. Өсімдік майында және маргариндегі винилхлоридті мөлшері сақталатын ыдыста 1мг/ кг аз моноиерлі винилхлоридтің болуы шарт. Бұл мөлшер балалар ойыншықтары мен материалдарының балқуы үшін де орындалады.Қазіргі таңда әртүрлі азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған, ПВХ-тен жасалған қаптағыш материалдар мен ыдыстарды шығарылады.
Германияда дәл осындай жағдай хром мен целлюлозаны ағарту кезінде полиэтиленді жабынды диоксин мен диуренді целлюлозадан жасалған пакеттерде өлшеп оралған сүттнрде табылған.Осы аймақта заңды түрде сүт өнімдерінде диоксиннің концентрациясын «мүмкін тәуліктік» мөлшерде 1/3 қатынасынан асырмау керек.Көрсетілген жағдайдағы қауіп-қатер қаптағыш материалдың полимерлі негізінің өзін қолдану ұсынылмаған, ал оған қосымша және полимерленбеген мономерлер мөлшері 0,03-0,07 % аспауы керек. Тиімсіз жағдайда полимерлі материалдар ескіру нәтижесінде деструкцияға ұшырауы мүмкін. Органикалық зат полимерлі материалының адам ағзасына қолайсыз ықпал жасауын сақтандыру мақсатында ыдыстарды қолдану және олардың өндірілу ережелерін сақтау қажет. Пласмасс ыдыстардың қауіпті зардабынан құтылу үшін тек қана арнайы азық-түлікке арналған ыдыстарды қолдану керек.
25 – сабақ
Тақырыбы: Алкагольдің ағзаға жағымсыз әсері
Алкагольді қабылдау жүйке жүйесіне әсер етіп, оның қызметін бұзады да, ағзаның басқа мүшелерінің қызметін өзгертетін тіөбекті реакция тудырады. Бірқатар мысалдар келтірейік. Алкагольді қабылдау орталық жүйке жүйесіне әсер ете отырып қарын сөлінің көп бөлінуіне қарамастан, онда ас қорыту ферменттері әдеттегідей аз болады, оның ас қорыту қабілеті төмендейді.
Ми қытысы орталықтарына әсер ете отырып, алкаголь терінің беткі тамырларын реттеуді жүзеге асыратын сопақша мидың қан тамыр-қозғалыс орталығына тиеді. Алкагольді қабылдағаннан кейін осы тамырлардың кеңеюі салдарынан, ішіп алған адам субъективті түрде жылу сезінгендей болады. Осыдан келіп алкагольдің жылыту әрекеті бар деген қате ұғым пайда болады. Шын мәнінде қарама-қарсы әсер болады- терідегі қан тамырларының кеңеюі денеден жылу бөлінуді күшейтеді.
Адам қатты мас болған сайын алкагольдің сопақша миға уытты әсері де күшейеді, жылу беруі артады, нәтижесінде дене температурасы тез төмендей бастайды. Ішіп алған адамның жылу сезінуді субъективті қабылдауы мен дененің жоғары жылу беруі болатын объективті қабылдауы арасындағы айырмашылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін: суық және аяз жағдайында ішіп алған адам тез және оңай үсіп қалады.
Алкаголь сүт бездеріне өте тез өтеді. Мысалы, емшекпен қоректендіретін ана 50 г күшті спирттік сусындарды қабылдағаннан кейін сүттегі алкаголь мөлшері 2,5 %-ға жетеді, ал баланы емгізгеннен кейін оның қанындағы алкагольдің мөлшері 0,1% құрайды.Жаңа туған нәрестенің нәзік жүйке жүйесі үшін алкагольдің осындай концентрациясы қайта қалпына келмейтіндей зақым келтіреді.
Ағзаға өзгермеген күйінде түскен алкаголь тыныс алу арқылы, сілекеймен және негізінен бүйрек арқылы бөлінеді. Қаннан бүйрек арқылы сүзілгенде, алкоголь оларды тітіркендіріп қана қоймайды, сондай-ақ ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін бағалы және қажетті заттардың да бірге бөлінуін күшейтеді. Нәтижесінде қанның электролиттік құрамы бұзылады, ондағы калий, натрий, кальций, магний мөлшері азаяды. Бұл элементтердің әрқайсысы ағзада маңызды қызмет атқарады. Ағзада магний жетіспеген кезде ашуланшақтық, қолдың, дененің дірілдеуі, бұлшық еттің тартылуы байқалады, қан қысымы көтеріледі. Натрийдің көп болуы ағзада сұйықтықтың жиналуына әкеледі.
Алкоголь бұлшықеттің жиырылуын қамтамасыз ететін ферменттердің белсенділігін төмендетеді, соның салдарынан энергетикалық теңгерім өзгереді, май қышқылдарының тотығуы, нәруыздар синтезі төмендейді және бұлшықет талшықтарындағы кальци алмасу бұзылады. Осының бәрі бұлшықеттің жиырылу күшін және энергетикалық шығындарды өзгертеді және бұлшықеттің шаршауына әкеледі. Спирт ішімдіктерінің әрекетінен сүт қышқылының алмасуы бұзылады және оның бөлінуін тежейді. Сондықтан бүйрек қызметі тапшылығының белгілі бір дәрежесінде қандағы қалдықтардың мөлшері кенет артады да умерияның туындай қаупін тудырады.
Шамадан тыс пайдаланған алкоголь бүйрек қабынуына әкеледі, минералдық алмасу бұзылуы салдарынан онда тастар пайда болады. Әсіресе бауыр жиі зақымданады, оның көлемі ұлғаяды, оның жасушаларында май жиналады. Ол оның негізгі қызметі- улы заттарды, соның ішінде алкогольді, оның алмасу өнімдерін залалсыздандыруды орындамайды. Жасалатын өттің мөлшері азаяды. Араққұмар бауыры зақымданған оң жақ қабырға асты ауырады, лоқсиды. Дамыған гепатит бауыр циррозына айналуы мүмкін. Созылмалы араққұмар оған себепші болуы мүмкін.
Алкоголь сусндарын шамадан тыс пайдалану орталық жүйке жүйесіне әсер ете отырып, нәруыз, көмірсу, май алмасудың негізгі түрлерінің бәрінің бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ, жүрек қан –тамыр жүйесі, жүйке, зәр шығару, иммундық, эндокриндік жүйелердің және жекелеген мүшелердің де қызметі бұзылады. Спирттік ішімдіктерді тұрақты пайдаланған жағдайда алкогольдің аралық тотығу өнімі түзіледі де, морфин тектес спецификалық заттардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Осылайша тәуелділіктің қалыптасуына жағдай жасап, созылмалы маскүнемдікке әкеледі.
Созылмалы маскүнемдіктен зардап шегетін науқас адамдар жүрек аумағының ауыратындығына жиі шағымданады. Бұл көпшілік жүрек бұлшықеттерінде пайда болатын спецификалық өзгерістермен байланысты. Алкогольдің әсерінен жүрек бұлшықеттері серпімділігін жоғалтады және қан қысымына қарсы тұра алмайды. Нәтижесінде жүрек қуысы кеңейеді де, көлемі ұлғаяды. Біртіндеп жүрек бұлшықетінің жұмыс қабілеті азаяды, қан айналу бұзылады. Бұл жүрек лүпілінің жиілеуі, демігуі, жөтел, жалпы әлсіздік, ісік түрінде байқалады.
Алкогольдік заттар, никотин және есірткі заттар мутагенді фактор болып саналады, себебі әйел мен ерлердің ағзасында жыныс клеткаларына әсері өте қауіпті. Бұл заттар гаметалардың хромосомалардың құрамын өзгертіп, аурушаң сәбилердің тулуына әкеледі. Сол себепті ішімдікке салынған адамдардың балалары әлсіз, интеллектуалды қабілеті төмен болады.
26 – сабақ
Тақырыбы: Фитотерапия, ароматерапия, апитерапия
Мақсаты: Фитотерапия, ароматерапия, апитерапия әдістері туралы ұғымдар қалыптастыру, табиғи заттардың көмегімен түрлі аурулардың алдын алу дағдыларын үйету.
Міндеттері:
-
Дәрілік өсімдіктер, бал арасы өнімдері арқылы сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері туралы оқушылардың білімін дамыту.
-
Алған білімдері негізінде ағзаны сақтау, қалпына келтіру және сауықтыру дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: оқу фильмі, кестелер, слайдтар, флип-карта, фломастерлер, ватман қағаздар.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Алғашқы адамдар жергілікті флораны игере отырып, өздеріне пайдалы өсімдіктерді- тағамдық және емдік немесе улы қасиеттері бар өсімдіктерді тапты. Дәрілік өсімдіктер туралы ғылым-фармакология өте ертеден-ақ басталған. Біздің эрамыздан 3000 жылдай бұрын Көне қытайда минералдық, жануар текті заттармен қатар дәрілік өсімдіктер де қолданлған. Индияның көне медициналық «Аюрведа» (тіршілік туралы ғылым ) кітабында дәрігер Сушрута 700-ден астам дәрілік өсімдіктерді сипаттап жазған. Олардың көпшілігі тибе медицинасының «Джу Джи» (Емдік қасиеттің мәні) кітабында да аталады. Бергі Шығыс халықтары да дәрілік өсімдікте туралы көптеген мәліметтер жинағандығы сына жазбалардан дәлелденеген. Көне Грециялық жазбалаларда да дәрілік өсімдіктер жайлы мағлұматтар көп кездеседі. Мысалы, Гиппократ 230-дан астам дәрілік өсімдіктерді пайдаланған. Араб халифаты (9-11ғғ) елдерінде медицина мен фармациянң шарықтаған кезінде де дәрілік өсімдіктер кеңінен қолданылған. Оны жүздеген дәрілік өсімдіктерді сипаттап жазған ғалымдар Ибн-Сина мен Абу-Райхан аль-Бирунидің кітаптары дәлелдейді.
Қазақстан халық шипагерлігін сонау ХVғасырда өмір сүрген дала ойшылы, ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478) «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі айқындайды. Бес жарым ғасыр бұрын жазылған кітапта қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат беріледі. Автор «Шипагерлік баян» кітабында мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралар қолданымын ұсынып, өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуын береді. Сонымен қатар ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 350 жыл бұрын өз еңбегінде жазғандығын атап айту қажет.
Медицинада көптеген ғасырлар бойы шөптермен емдеу басым орын алып келеді. Бірақ, ғылымның, оның ішінде химияның дамуы дәрілік өсімдіктерді ығыстыра бастады. Олардың орнын күшті терапиялық тиімділігі бар химиялық препараттар алмастырды.
Табиғат қоры дәрілік өсімдіктерді ғана емес, жануар текті өнімдерге де бай. Адамзат түрлі аурулардың алдын алуға, емдеуге және өмірін ұзартуға бал арасы өнімдерін де өте ертеден пайдаланып келеді. Атақты математик Пифагор өзінің ұзақ өмір сүруіне араның балын тұрақты пайдаланғаны себеп болғанын айтады.
Ойға шабуыл (тақтаға немесе дәптерге жазылады).
1. Неліктен көпшілік адамда қазіргі кезде мейлінше қауіпсіз хирургия және барынша қауіпті дәрілік терапия кезеңінде өмір сүріп жүрміз деп санайды?
2. Адамзат ерте заманнан-ақ түрлі аурулардың алдын алуға, емдеуге өсімдіктерді, жануар текті өнімдерді, түрлі минералды пайдаланып келген. Неліктен қазіргі кезде химиялық дәрілік препараттарды көп қолданады?
3. Бал арасының қандай өнімдері ежелден емдік мақсатта қолданылып келеді?
4. Омарташылардың ревматизммен, подаграмен және шамалданумен сирек ауыратындығы белгілі. Оның себебі неде?
Фармацевтика өнеркәсібі жылдан-жылға дәрі-дәрмектің түрін көбейтіп, сапасын жақсартты, тиімділігін арттырды. Дегенмен, олардың барлығының да науқастардың кейбір ішкі мүшелерінің білінбейтін немесе айқын бұзылуына әкелетін жанама әсері бар.Бұл дәрілік терапияның зардабы бірнеше жылдан кейін ғана көрінуі, ұрықтың дамуына әсер етуі, іштен туы біткен ауруды тудыруы мүмкін. Мәліметтер бойынша АҚШ-да дәрілік терапияда жылына 30000 адам өледі екен. Синтетикалық препараттардың жанама әсерінің қаупі олардың бірнешеуін қатар қолданғанда күшейе түседі. Үш түрін қатар қолданғандағы жанама әсері 18%, ал 5-6 препарат болса -81% болатыны байқалған. Кортикостероидты гормондардың өзі ғана 40-қа жуық дәрілік асқынуды тудырады. Барлық белгілі дәрілердің ішінен 200-ден астамының бауырға кері әсері байқалған.
Көптеген дәрілердің емделгеннен кейін, келешегінде зиянды әсері болуы мүмкін. Ұрықсыздықты емдеуге анасына қолданған прогесторон келешекте оның қызында рактың пайда болуына себепші болуы ықтимал.
Дәрігерлер ағзаның аллергиялық, биологиялық, уытты реакцияларын тудырады. Қазіргі кезде медицинада көбінесе дәстүрлі дәрілік шөптер ұсынылады.
Негізгі бөлім
Оқушылар топтарға бөлінеді. Оларға зерттеп, ойлануға тапсырмалар беріледі. Әр топ берілген тасырманы талқылап, қорытындысын мәлімдеуге дайындалады.
-
Фитопрофилактика мен фитотерапияның артықшылығы.
-
Өсімдіктердің тиімді тамақтанудағы маңызы.
-
Өсімдіктердің ұшқыш өнімдерінің аурудың алдын алудағы рөлі.
-
Дәрілік препараттарды қолдану әдістері.
-
Апитерапия- бал арасының уымен емдеу.
-
Араның балы мен прополистің емдік қасиеттері
Серігу. Оқушылар шеңбер құрып орналасады. Жүргізуші өсімдіктердің кез-келген тұқымдасын атайды. Оқушылар сол тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің атын атайды.
Үйге тапсыма. Өз үйіңіздегі аптекада бар дәрілік өсімдіктердің тізімін жазып, олардың қандай емдік қасиеттері бар екенін анықтаңдар.
27 – сабақ
Тақырыбы: Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері
Мақсаты:Ағзаны сауықтыру мен рухани байытудың көне индиялық, көне қытайлық әдістері туралы оқушылардың білімін нығайту.
Міндеттері:
-
Оқушыларға ағзаны сауықтыу мен рухан байытудың аюрведа, йога, хатха-йога, көне қытайлық цигун-терапия және қазіргі әдістерін таныстыру.
-
Ағзаны шынықтыру мен жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: оқу фильмі, кестелер,слайдтар, флип-карта, фломастер, ватман.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Әр адамның дені сау болғысы келеді, бірақ бәрі бірдей оған ұмтылыс танытпайды. Ұмтылудың өзі денсаулығын сақтауға бағытталған әрекеттерге негіз болады емес пе, ал ондай әрекеттер жоқтың қасы. Оның себебін түсіну қиын емес. Біз қажет етеміз бе, етпейміз бе, бірақ, сауығу процесі өмір салтына белгілі бір талаптар қояды: темекі шекпе, ішімдік ішпе, күн режимін сақта, денешынықтырумен шұғылдан.
Әрине, техникалық прогресске негізделген, ақпараттық және көңіл көтеретін у-шуға толы, адам үшін бір жағдай жасалған қазіргі адамдар өмірін Ертедегі Рим, Ерте Греция, Египет немесе Қытаймен салыстыруға келмейді. Бұл елдерде денсаулық мәдениеті мен тән сұлулығын үстем саналатын, күнге күйген сұлу денесі құрметтеліп, бозғылт тартқан беті мен әлсіз бұлшық етті мүсін ебедейсіз көрінетін.
Техникалық прогресс адамзатты табиғаттан алшақтатса да, адам ағзасы бұдан мыңдаған жылдардағыдай сақталып қалды. Адамзаттың өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жинақтаған тәжірибесі де бүгінге дейін сақталып келді, тіпті бірінші дәрежелі маңыз алып келеді. Бірінші кезекте адам табиғаттың күшін-оның сарқылмас байлығы-емдік және сауықтыру жүйесін пайдалану керек.
Адамзат өзінің жер бетіндегі көп жылғы тіршілігі барысында денсаулығын сақтау мен сауықтырудың, сондай-ақ көптеген аурулардан емделудің бірегей тәжірибесін жинақтады. Бүгіндері көптеген сауықтыру әдістері белгілі. Олардың көпшілігі көне Индияда, Қытайда және басқа да Шығыс елдерінде қолданылған.
Ойға шабуыл
-
Неге адамдар өмірінің екінші жартысын аурумен күресумен өткізеді?
-
Аюрведа туралы не білесіздер?
-
Неліктен йогамен шұғылдану көптеген аурулардың алдын алуға, күйзелістен шығуға көмектеседі деп санайды?
-
Не себепті соңғы жылдары шығыс күресімен шұғылдану жастар мен жасөспірімдер арасында кең тарала бастады? Оның негізінде қандай философия жатыр?
Негізгі бөлім
Оқушылар топтарға бөлінеді. Оларға зерттеп, ойлануға тапсырма беріледі. Әр топ берілген тапсырманы талқылап, қорытындысын мәлімдеуге дайындалады. Әр топ берілген тапсырманы талқылап, қорытындысын мәлімдеуге дайындалады.
-
Дәстүрлі көне индиялық медицина-аюрведаның ерекшеліктері.
-
Көнеиндиялық йога-өзін-өзі дамыту жолы.
-
Хатха-йога-денені және жүйке жүйесін сауықтыру философиясы.
-
Тибеттік сауықтыру жүйесі.
-
Көнеқытайлық цигун-терапия.
-
К. Ниши мен М.Гогуланың денсаулықты сақтау заңдары.
-
М.Норбековтың ағзаны сауықтыру жүйесі.
Ағзаны сауықтырудың түрлі әдістері (хатха-йога, цигун-терапия т.б.) туралы фильмдер демонстрацияланады.
Топтық пікірталас. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа берілген сұрақтар бойынша талқылап,, пікірлерін ортаға салу тапсырылады. Негізгі ұсыныстар тақтаға, дәптерлеріне жазылады.
-
Неліктен қазіргі кездегі көптеген ғалымдар медицинаны-дәстүрлі емес, ал ертедегі медицинаны-дәстүрлі деп есептейді?
-
Неліктен табиғатында оптимист адамдар пессимистерге қарағанда ұзақ өмір сүреді және сирек ауырады?
-
Дені сау және рухани дамудың жоғарғы сатысына жеткен йогтардың ұзақ өмір сүретіні белгілі. Олардың ұзақ өмір сүруіне қандай тіршілік жағдайлары ықпал етеді?
-
Тибеттік Лама-бәрінен бұрын жер шарының кез- келген мекеніндегі кез-келген адамға көмектесуге міндетті көмекші әрі рухани ұстаз. Науқасты емдеу оның адамдарға және қоршаған ортаға тілектестік көзқарасы мен түсінігін қалыптастыра отырып,түйсігін қайта құрудан басталады. Не себепті Ламаның жұмысы науқастың түйсігінен басталады?
-
Сауықтырудың шығыстық әдістерін қолдайтындар көбейген үстіне көбейіп келеді. Оның себебі неде?
Бекіту
-
Жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіруде дәстүрлі емес медицинаның қандай әдістері тиімді?
-
Денсаулықты сақтау мен нығайтудың қандай профилактикалық әдістерін тиімді деп санайсыз?
Үйге тапсырма
-
«Күнге салем беру» йога жаттығуын жасаңдар
-
«Алтын балық», «Табан мен алақанды түйістіру», капилляр қан тамырлары, арқа қарын еттерін шынықтыру жаттығуларын орындаңдар. Олардың тиімділігі туралы қорытынды жасаңдар. Өз денсаулығыңды сақтау үшін жаттығуларды күнделікті жасауға тырысыңдар.
28 – сабақ
Тақырыбы: Рефлексотерапия
Мақсаты: Оқушылардың рефлексотерапия әдістері туралы ұғымын және ағзаны шынықтыру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Оқушыларға акупрессура, акупунктура, аурикулотерапия, су-джок-терапия, нүктелік уқалау, вакуум-терапия, әуентерапия, магнит-терапия әдістерін таныстыру.
-
Алған білімдері негізінде ағзаны шынықтыру мен жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: оқу фильмдері, кестелер, фломастер, ватман қағаздары.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Денедегі биологиялық белсенді нүктелер туралы Қиыршығыстық терияға ағзаға нүктелік әсер етудің бірқатар әдістемелерін қамтиды. Ол әдістер әртүрлі құралдарды қолдану тәсілдерімен ғана ерекшеленеді. Мысалы: акупунктура, акупрессура, рефлекстік терапия, цуботерапия, нүктелік массаж, шиатсу, аурикулотерапия, су-джок-терапия.
Рефлексотерапия Шығыс елдерінде б.э.д. І-ІІ ғғ. пайда болып, Қытай, Жапон, Корея, Үнді, Монғол, Непал халықтары арасында тараған.
Адам денесінің беткейінде 1000-нан астам биологиялық белсенді нүктелер бар. Оларға ықпал жасағанда ағзаның барлық қорғаныш күштерін іске қосылады, жүйке жүйесін тыныштандырып дем береді.
Қазіргі кездегі «рефлексотерапия» термині дене беткейіндегі жүйке жасушаларына бай белсенді нүктелерге рефлекторлық әсер етудің барлық әдістерін біріктіреді.Жүйке жүйесінің афференттік рефлекторлық жолдары арқылы қозу жұлынның сегменттеріне, ретикулярлық құрылымдарға, үлкен ми сыңарлары қыртысына беріледі. Рефлексотерапиялық әсер жүйкенің әр түрлі деңгейлі нейрондардағы соматикалық және висцералдық сигналдардың бірігуі арқылы жүзеге асады.
Емдеуге қолданылатын тітіркендіргіш затқа байланысты рефлексотерапия әдістері механикалық, термиялық, фармакологиялық, сәулелік, электрлік, магниттік және биологиялық болып бөлінеді. Қазіргі кезде рефлексотерапия әдістерінің ішіндегі кең тараған ине шаншудан басқа да, микроинемен, шариктермен, пластинамен, лазермен, микротолқынмен, магнитпен т.б. тітіркендіргіштермен емдну әдістері дамып келеді.
Ойға шабуыл
-
Жапон сарбаздары қолдорбасында үнемі ұш ине салып жүреді. Инелер оларға шаршағанда, қобалжығанда алғашқы жәрдем көрсету үшін қажет. Неліктен жапондықтар бұл әдіске аса маңыз береді?
-
Шығыс халықтарында жақсы дәстүр қалыптасқан- олар табандарын үнемі уқалап, әйелдер бетін күткендей күтім жасайды. Табанның ерекшелігі неде болған?
-
Рефлексртерапия әдістерінің бірі- құлақ қалқанындағы белсенді нүктелерге әсер ету. Құлақ қалқаны мен ішкі мүшелер арасындағы қандай байланыс бар?
Негізгі бөлім
Танысып талқылау үшін оқушыларға тапсырмалар беріледі. Әр топ мәлімдеме дайындайды. Пікірталас жүреді.
-
Акупунктура
-
Аурикулотерапия
-
Су-джок-терапия
-
Нүктелік уқалау
-
Вакуум-терапия
-
Әуентерапия, магнит-терапия
Серігу. Тәжірибелік жұмыс:
-
Құлақ қалқанын уқалау.
-
Құлақ қалқанының, табанның, алақанның белсенді нүктелерін саусақпен немесе тұқыл затпен басып, әсер ету.
-
Вакуум-терапия.
29 –сабақ
Практикалық сабақ
Тақырыбы: Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері
Акупрессура – бұл басбармақ пен сұқсаусақтың көмегімен ағзаның биолгиялық белсенді орталықтарына (меридиандарға) әсер ету мақсатында дененің қайсыбір нүктелерін батыра басу әдісі. Әуелі саусақты теріге жайллап тигізіп, секундына екі айналым жылдамдықпен айналдырады. Бұл кезде саусақ бір нүктеден ауытқымай, орнында қалуы тиіс. Акупрессура ауыртпайды, қанатпайды, саусақпен басу кезінде ағзаға ауру тудырушы микробтар түспейді.
Акупунктура (ине шаншу) – 5000 жылдан бері қолданылып келе жатқан дәстүрлі қытай медицинасының бір бағыты. Акупунктура – тері асты ұлпаларының ағзаның белгілі бір мүшелермен байланыстағы функционалдық нүктелеріне 2-75 мм тереңдікке дейін ине шаншу арқылы жүргізілетін емдеу әдісі.
Аурикулотерапия – рефлексотерапия әдістерінің бірі. Мұнда құлақ қалқанындағы биологиялық белсенді нүктелерге ине шаншылады. Құлақ қалқанын күнделікті 15-20 қозғалыспен уқалау денсаулықты сақтауға және жақсартуға көмектеседі:
-
құлақтың сырғалығын біркелкі күшпен жайлап төмен қарай тарт;
-
құлақ қалқанын есту тесігінен жоғары қарай тарт;
-
құлақ қалқанының ортаңғы бөлігін есту тесігінен сыртқа қарай тарт;
-
алақаныңмен құлақ қалқанын сағат тілі бағытымен айналдыр;
-
алақаныңмен құлақ қалқанын сағат тіліне қарсы бағытпен айналдыр.
Су-джок-терапия – табан мен білезік буындарына әсер ету әдісі – өзіне-өзі жәрдем берудің тиімді тәсілі. Созылмалы ауруларды емдегенде бұл нүктелер күнделікті әрбір 3-4 сағатта 3-5 минуттан қайталанады. Емдеу сауыққанға дейін жүргізіледі.
Нүктелік уқалау (Шиатсу) – емдеу мақсатында дененің белгілі бір нүктелерін басбармақпен батыра басу.
Акупунктуралық нүктелерге әсер етудің екі түрі бар: қоздыру және тыныштандыру. Қоздыру әрекетін тудыру үшін нүктені 3-5 минут аралығында 5-10 рет басу қажет.
Тыныштандыру үшін жұмсақ ұлпаларға 20 минут аралығында 20 реттен асырмай, аздап ауырта басу керек.
Вакуум-терапия – адам ағзасына ықшам шөлмектегі атмосфералық ауаның азайтылған қысымымен әсер ету әдісі. Оған арнайы банкалар қолданылады. Дененің бөлігі вазелинмен майланады. Банканың ішіне спиртке батырылған мақтаны тұтатып, бірнеше секундқа енгізіп шығарады да, банканы денеге қояды. Банкалардың астындағы тері томпайып, тартылғанша күту керек. Осыдан кейін банканы теріден ажыратып алмай, жайлап жылжытады. Бұл әрекет 5 минуттай жасалады. Банкалар күніне бір рет қойылады.
Әуентерапия (музыкотерапия) – адамның психикалық күйзелісін баяу үнді әуенмен емдеу.
Магнит-терапия – күшті әсерлі магниттің көмегімен емдеу әдісі. Магнитті денеге лейкопластырьмен бекітуге немесе қозғалмайтындай етіп байлап қоюға болады.
Фитотерапия. Ағзаға бейтаныс синтетикалық препараттарға қарағанда дәрілік өсімдіктердің құрамында оған биологиялық тұрғыдан қажетті затар бар. Жасушалардың тіршілігі үшін қорек, энергиямен қатар өсімдіктің әр түрлі химиялық құрамына байланысты ақпарат та керек.
Ароматерапия. Үй жағдайында жаңадан сығылып алынған жемістер мен көкөністердің шырыны өте құнды. Ондағы су мөлшері - 90%. Шикі шырынмен бірге ағзаға тірі ақуыз, табиғи дәрумендер, макро және микроэлементтер енеді. Қышқылдығы қалыпты немесе төмен болса, шырынды тамақтану алдында 30-40 минут бұрын, ал қышқылдығы жоғары болса тамақтанудан 1-1,5 сағат кейін ішу керек.
Апитерапия – ауруды араның уы арқылы емдеу. Ара уымен емдеудің бірнеше тәсілдері бар:
-
араға шаққызу;
-
ара уы препараттарын тері астына инемен жіберу;
-
апитоксині бар майлармен сылау;
-
ингаляциялау;
-
апитоксинді тер арқылы электр тогымен жіберу;
-
апитоксин таблеткасын тіл астына салып сору.
Бал арасының сүті - бал арсынан алынатын өнімдердің ішіндегі таңғажайып емдік қасиеті бар бөлігі. Оның ең бір ғажайып қасиеті – бактериялардың өсуі мен көбеюін тежейтіндігі.
Ара балының өте күшті бактерицидтік және қабынуға қарсы тұратын қасиеті бар.
Балауыз – өте тиімді емдік құрал (балауыз - «прополис»-грек тілінен аударғанда сылау, өңдеу деген сөз). Ол антисептикалық, бактерицидтік, қайта қалпына келтіру қасиеттерімен ертеден белгілі емдік препарат.
30-сабақ
Тақырыбы: Техногендік төтенше жағдайлар, олардың жіктелуі
Мақсаты: Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың себептері, олардың алдын алу мүмкіндіктері туралы білім беру; қауіпсіз мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың жіктелуі, алдын алу шаралары туралы ұғым қалыптастыру.
2. Өндірістік апаттар, зілзалардың шығу себептері мен алдын алу мүмкіндіктері туралы ұғым қалыптастыру.
3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және олардың залалдарын қалпына келтіру кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: Компьютер, проектор, жергілікті аймақ апаттар салдарынан химиялық, бактериологиялық залалдандыру қаупі бар орындар көрсетілген картасы бейнеленген СД-диск.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс заманына енуімен қатар техносфера жиілігінің қарқындап өсуі мен техникалық аппаттар салдарынан туындайтын шығын ауқымы төтенше зілзалалар көрсеткіштерімен теңдесетіндей болып келеді (Чернобыльдағы апатты еске алыңдар). Химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібі, атомдық нысандар, көлік, мұнай-газ құбырлары мейлінше қауіпті орындар болып саналады. Өндіріс орындарынан бөлінетін зиянды қалдықтарынан ауаның, судың ластануы және қоқыстардың жерге көмілуі салдарын тудыратын «байқалмайтын» технологиялық апаттар күнделікті жүріп жатады. Соның нәтижесінде, зиянды заттар біртіндеп, байқалмай жиналып қалады да, табиғатқа, келешегінде адамзатқа қайта қалпына келмейтіндей қауіп төндіреді.
Қару-жарақ пен ғылыми-техникалық прогрестің қарама-қайшылығы, қару-жарақ технологиясының, оның базалық салаларының дамуы – экологиялық қауіп төндіретін өнеркәсіптік жаңа нысандардың пайда болуына себепші болды. Олардың ірі өнеркәсіптік аймақтарға жақын орналасуы да тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға нұқсан келтіреді. Себебі, апат шыға қалған жағдайда – өрт, жарылыс, химиялық немесе радиациялық залалдану сияқты екінші ағымдағы зақымдаушы факторлар пайда болады.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістіктері адамзаттың өмірін әлдеқайда жеңілдетеді. Бірақ, жетістікпен қамтамасыз ететін өндіріс орындары ірі болған сайын, ондағы апат қаупі де ауқымды.
Серігу. «Марапаттау» ойыны (5 минут). Оқушылар теңдей бөлінеді де, екі шеңбер құрып орналасады. Ішкі шеңбердегі балалар кері бұрылып, сыртқы шеңбердегілерге бетпе-бет қарайды. Әр жұп бір-бірін марапаттап, мадақтау сөздерін айтады. Жүргізушінің нұсқауымен ішкі шеңбердегілер жылжып, жұптарын алмастырады, олар да бір-бірін мадақтайды.
Ойға шабуыл.
-
Өздерің тұратын қала (ауыл) ішіндегі техногенді сипаттағы апаттар болуы мүмкін нысандарды атаңдар.
-
ҚР бойынша қауіпті апаттар немесе нысандарды атаңдар.
-
Қандай ТЖ-ды (табиғи немесе техногендік болса да) өздерің тұратын аймақ үшін ең қауіпті апат деп саналады?
Негізігі бөлім
Топтық пікірталас. Оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топқа карточкадағы тапсырмалар беріледі. Өзара талқылағаннан кейін, жауаптардың нұсқасын ұсынады. Негізгі ұсыныстар тақтаға және дәптерлеріне жазылады.
1-тапсырма. Апат пен зілзала арасында айырма бар ма?
2-тапсырма. Апат немесе зілзала қандай жағдайда ТЖ-ға ұласады?
3-тапсырма. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмауға
бола ма?
4-тапсырма. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмауға бола ма?
5-тапсырма. Не себепті жаппай зақымдау – қазіргі терроризмнің ең басты да, қауіпті қаруы деп саналады?
Мұғалім апат пен зілзалаға анықтама береді, оны оқушылар дәптерлеріне жазып алады. «Апаттар мен зілзалалардың жіктелуі» слайд-кестесі көрсетіледі. Дәптерге желімдеп алуға жіктелудің сызбанұсқасы таратылады.
31 – сабақ
Тақырыбы: Өрт және жарылыстар
Мақсаты: Өрт және жарылыстардың шығу себептері мен салдары, олардан тұрғындарды қорғау шаралары туралы түсінік беру, қауіпсіз мінез құлық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өрттің, жарылыстың шығу себептері мен салдары туралы ұғым беру.
2.Өрттен, жарфылыстардан қорғану шараларын орындау дағдыларын үйрету.
3. Өрт кезіндегі тәртіпке және өрт сөндіру ережелерін орындауға үйрету.
4. Жарылыс кезіндегі, жарылыс қаупі туғандағы мінез-құлық ережелерін үйрету.
Жабдықтар: компьютер, проектор, жасанды өрт бейнесі жазылған СД-диск.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Өрт пен жарылыс – техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ең көп тараған көзі. Сонымен қатар, басқа табиғи немесе техногендік ТЖ-дың салдарынан да қрт шығып, жарылыс болуы мүмкін. Жыл сайын әрқилы өрттің салдарынан жеке адамдар да, мемлекет те көптеген материалдық шығынға ұшырайды. Оның басты қауіптілігі адамдардың өміріне қауіп төндіруі болып табылады. Сондықтан, арнайы мекемелер тұрғын үйлерде, мекемелерде, өндіріс орындарында өрттен, жарылыстардан сақтандыру шараларын жүргізеді.
Ойға шабуыл
1. Неге басқа ТЖ қарағанда, өрт жиі кезедеседі?
2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау тиіс бола тұрып, мекемелерде өрт шығу себебі неде?
3. Тұрғын үйлердегі қрттің шығу себептері қандай?
4. Өрт, жарылыс кезінде шығын мен адам өлімінен қалайша сақтануға болады?
Серігу. «Шатасу» ойыны. Оқушылар айналдыра тұрады да, оң қолын шеңбердің ортасына қарай созады. Жүргізушінің белгісімен әрбір ойыншы қол ұстасу арқылы серігін табады. Қатысушының саны жұп болу керек. Енді сол қолын созып, серігін табады (сол қолы арқылы тапқан серігі басқа адам болу керек). Ойыншылар шатасқан қолдарын жазбастан шеңбермен орналасуы тиіс. Ойын кезінде сөйлестірмей, тапсырманы күрделендіруге болады.
Негізгі бөлім
Топтық жұмыс. Оқушыларға тапсырма жазылған карточкалар таратылады, өзара талқылап, тақырып бойынша ақпарат дайындайды.
1- тапсырма. Өрттің шығу себептері.
2- тапсырма. Өрт пен жарылыстардан сақтандыру.
3- тапсырма. Ғимаратта өрт шыққан жағдайдағы әрекеттер.
4- тапсырма. Жарылыс себептері.
5-тапсырма. Жарылыс қаупін қалай анықтауға болады? Жарылыстың ғимаратқа, адамға әсері.
Топтық пікірталас. Талқылауға берілетін тақырыптар:
- Өздерің тұратын қалада өрт қаупі бар қандай орындар бар?
- Өрттің таралуына қандай жағдайлар мүмкіндік жасайды?
- Егер адамның үстіндегі киімі жанғанын көрсең, не істер едің?
- Үйде, мектепте, шеберханада өрт шықса оны қалай сөндіруге болады?
- Жарылыс қаупі қандай жағдайда туады жіне ол кезде не істеу керек?
Мұғалім өрт сөндіру құралдарымен таныстырады (гидрант, өрт сөндіргіш, жалынды тұмшалау құралдары, құм т.б.), оларды қолдану ережелерін түсіндіреді. Тақтаға кестелері ілінеді.
Рөлдік ойын. Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Оларға ТЖ кезіндегі мінез-құлық ережелерін рөлмен көрсету тапсырылады.
1-тапсырма. Пәтер ішінде өрт шығып, адам үстіндегі киім жана бастағандағы әрекеттер.
2- тапсырма. Ғимаратта өрт шыққандағы тұрғындардың әрекеттері.
3- тапсырма. Жарылыс қаупі төнгендегі тұрғандардың әрекеті.
4- тапсырма. Көрші ғимаратта жарылыс болғандағы тұрғындардың әрекеті.
5-тапсырма. Үйде, мектепте, шеберханада өрт шыққандағы сөндіру әрекеттері.
Ойындарын көрсеткен соң тақтаға әрекеттердің сызбанұсқалары ілінеді: «Ғимаратта өрт шыққан жағдайдағы тұрғындардың әрекеті», «Жарылыс қаупі төнгендегі тұрғындардың әрекеті», «Көрші ғимаратта жарылыс болғандағы тұрғындардың әрекеті». Оқушылар өз әрекеттерінің дұрыстығын осыған салыстырып, бағалайды (дұрыс, дұрыс емес).
32 – сабақ
Тақырыбы: Күшті әсерлі улы заттар бөле жүретін апаттар
Мақсаты: Оқушылардың күшті әсерлі улы заттар бөле жүретін апаттар туралы түсініктерін дамытып, апат кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Күшті әсерлі улы заттар бөле жүретін апаттардың себеп – салдары туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың қоршаған ортаны химиялық ластануы туралы түсініктерін дамыту; химиялық қауіпті объектілердегі апаттардың салдарынан тұрғындарды қорғау шараларымен таныстыру.
3. Күшті әсерлі улы заттар бөле жүретін апаттар болған жағдайдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және тыныс мүшелерін, теріні қорғайтын құралдарды пайдалану ережелерін үйрету.
Жабдықтар: Аумағында улы заттары болатын обхектілер белгіленген қала картасы, противогаз, респиратор.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Бүгінде бірде-бір өндірістік орын химиялық, оның ішінде улы заттар қолданбай жұмыс істей алмайды. Мұндай кәсіпорныдарындағы апаттар кезінде атмосфераға улы заттар бөлінуі мүмкіндігі артады. Улы заттар қолданбайтын немесе сақтамайтын өндіріс объектілері болмайтын қалалар мен ауылдар табыла қоймас.
Технологиялық апаттардың қаупін жою үшін техногенді қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралардың тиімді жүйесі болуы тиіс. Әуелі, өндіріс орындарында экологиялық қауіпсіз технологиялық процесс орнатылуы қажет. Технологиялық кризис экологиялық кризиске ұштасады.
Серігу. «Мен сияқты жаса» жаттығуы. Оқушылар айналдыра тұрады. Жүргізуші бір жаттығуды көрсетеді, ал қалғандары қайталайды. Сосын жүргізуші алмасып, жалғастырады.
Ойға шабуыл
1. Химиялық өнеркәсіптің дамуы – қоғам үшін пайдалы ма, әлде зиянды ма?
2. Химиялық қауіпті заттарды атаңдар.
33 – сабақ
Тақырыбы: Радиобелсенді заттар бөле жүретін апаттар
Мақсаты: Иондаушы радиациялар және радиациялық қауіпті нысандардағы апаттардың салдары, тұрғындарды қорғау шаралары туралы оқушылардың білімін арттыру; апат кезіндегі мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Радиация, радиациялық апат, радиациялық қауіпті нысандар туралы түсінікті нығайту; сәулеленудің негізгі түрлеріне сипаттама беру, олардан қорғану шараларымен таныстыру.
2. Радиациялық қауіпті нысандардағы апаттардың саладры, тұрғындарды қорғау шаралары туралы оқушылардың ұғымын қалыптастыру.
3. Радиациялық қауіпті нысандардағы апаттар, олардың салдарынан тұрғындарды қорғаудың негізгі шараларын хабарплау тәсілдері туралы оқушылардың ұғымын қалыптастыру.
4. Радиациялық қауіпті нысандарда апат болғанда, жағдайдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; радациялық қауіпті нысандардағы апаттың зақымдаушы факторларына қорғану шараларын орындауға, жеке қорғану құралдарын қолдануға үйрету.
Жабдықтар: Аумағында радиобелсенді заттары болатын (егер бар болса) нысандар белгіленген қала жоспарының графикалық бейнесі, противогаз, респиратор.
Сабақтың барысы
Тақырыптағы өзекті мәселелер. Қазіргі технологияда радиобелсенділік құбылысы кеңінен қолданылады. Бұлар – ядролық қару, ядролық энергетика, радиобелсенді шикізатты және радиобелсенді қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар. Радиобелсенді элементтер ғылымның, техниканың, медицинаның әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
Қазіргі кезеңде тұрғындар үшін аса қауіпті болып саналатын нысандар:
1) Радиация шығып кету қаупі бар атом-электр станцияларындағы апат жағдайлары;
2) Радиобелсенді қалдықтарды жеткіліксіз дәрежеде көму;
3) Термоядролық қару-жарақтың көптігі, ядролық соғыс қаупінің сақталуы;
4) Террористердің жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкіндігінің сақталуы;
Серігу. Оқушылар айналдыра орналасады. Жүргізуші қолындағы допты кез-келген біреуіне лақтырады да, өз есімінің бірінші әріпіне сәйкес сын есімді атайды (мысалы, Асқар – алғыр, Бақытжан – белсенді, т.с.с.). Допты қағып алған бала келесі біреуіне лақтырады. Осылайша екі-үш минут жалғасады.
Ойға шабуыл
- Атомдық электр станцияларын салуға тиым салуға болама?
- Әлемдегі барлық мемлекеттер өзара кикілжіңді шешуге ядролық қаруды қолданбай жауапкершілігін міндеттеп алуына қалай жетуге болады?
- Ядролық энергияны басқа қандай энергия түрі алмастыра алады?
Топтық пікірталас. Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топқа жадығатпен танысып, пікірсайысқа дайындалуға тапсырма беріледі.
1- тапсырма. Радиация барлық уақытта қауіпті ме?
2- тапсырма. Радиобелсенді заттар ағзаға қалай енеді, онан қалай сақтануға болады?
3-тапсырма. Радиациялық қауіпті нысандардың түрлері. Өздерің тұратын аймақта осындай нысандар бар ма?
4- тапсырма. Атом энергиясы мен радиобелсенді элементтерді қолдануға байланысты мәселелер.
5-тапсырма. Радиациялық залалдану жағдайындағы қауіпсіз мінез-құлық ережесі.
Негізгі ұсыныс-пікірлер тақтаға, дәптерлеріне жазылады.
Мұғалім тақырыпқа сәйкес негізгі ұғымдар береді: радиация, радиациялық қауіпті нысандар, радиациялық апат, оның салдары; радиобелсенді заттар таралған жағдайдағы тәртіп, мінез-құлық ережесі.
Жағдаяттық тапсырмалар. Оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмасы бар карточка беріледі. Өзара талқылап, жауаптарын дайындайды.
1-тапсырма. Сіз тұрған аймақта радиациялық апат болды. Сіздің әрекетіңіз қандай?
2-тапсырма. Сіз химиядық зауыттың зертханасына жұмысқа орналастыңыз. Бөлменің бақылаусыз қалған бұрышындағы жәшіктерде белгісіз ұнтақ пен түйіршік заттары бар қалталар жатыр, ескі сейфте қорғасын кесектің артында кішкене жабық қорапша көрдіңіз. Қандай әрекет жасайсыз?
3-тапсырма. Радиобелсенді элементтерді бейбіт мақсатта қолданатын орындар.
4-тапсырма. Сіз радиобелсенді заттар көмілген аймаққа кезіктіңіз. Сақтанудың қандай шараларын қолданасыз?
5-тапсырма. Бірге оқитын балалардың бірнешеуінің біраздан бері мазасы кетіп жүр. Дозиметрдің көмегімен оқу бөлмесінің, мектептің қауіпсіздігін тексеріп көріңдер.
34 – сабақ
Қорытынды
ТЕСТ
1. Адамның табиғатқа тигiзетiн әсерiнiң жануарлар әсерiнен өзгешелiгi неде:
А) Жануарлар өсiмдiктердi жеп, таптап құртады
В) Адамдар энергиясыз тiршiлiк ете алмайды
С) Адам табиғатты қорғайды
D) Жануарлар табиғатты байытады
Е) Адамдар табиғатты өзгертедi
2. Табиғаттың адам үшiн маңызы
А) Таусылмайтын байлық көзi
В) Тiршiлiк ортасы және көзi
С) Энергия көзi
Д) Демалу орны және таза ауа көзi
Е) Маңызы жоқ
3. Озон қалай түзіледі?
А) Жер бетінен көтерілген көмір қышқыл газдың әсерінен
В) Фотосинтез үрдісі барысында жасыл өсімдіктер көмегімен
С) Найзағай кезіндегі электр тоғының әсерінен
D) О2 молекуласының УК-сәулелер әсерінен ыдырауынан
Е) Күннің ИҚ-сәулелері әсерімен
4. Биосфера тірі ағзасының ішіндегі жетекші роль атқаратын:
А) Адам
В) Өсімдік
С) Жануар
D) Микроорганизмдер
Е) Вирустар
5. Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылылық қасиеті бар заттектерден тұратын қалдықтарды не деп атайды?
А) Шламдар
B) Тұнбалар
C) Улы қалдықтар
D) Ерітінділер
E) Ерігіштер
6. Қолданғанда немесе қатысу арқылы организмнің өмір тіршілігін бұзатын заттектердің қасиетін қалай атайды?
A) Қалдықтар
B) Ерітінділер
C) Еріткіштер
D) Қатты қалдықтар
E) Улылық немесе уыттылық
7. Пестицид дегеніміз не?
А) Өсімдіктерді қорғауға керекті химиялық қосылыстар
B) Негізінен азот және фосфор
C) Жалғыз ғана фосфор
D) Жоғары беткі активті синтетикалық заттар
Е) Жалғыз ғана азот
8. Тыңайтқыш дегеніміз не?
А) Негізінен фосфор, азот
В) Жоғарғы беттіактивті синтетикалық заттар
С) Өсімдікті қорғауға керекті химиялық заттар
D) Фосфор
Е) Азот
9. Суды ластаушылардың органикалық компонеттеріне не кіреді?
A) Магма және оның компонеттері
B) Өсімдік не жануартекті органикалық заттар
С) күн желінің компонеттері
D) минералдар органикалық заттар
Е) инертті газдар типтес түрлері
10.Суды ластаушылардың биологиялық немесе бактериологиялық компонеттеріне жатпайтынын көрсетіңіз
A) Вирустар
B) Бактериялар
C) Микробиологиялық
D) Балдырлар
E) Бунақденелілер
11. Су көздерін ластаушылардың негізгі көздері
A) Табиғи
B) Антропогенді
С) Ғарыштық
D) Биогенді
Е) Абиогенді
12. Адамзат тіршілігіне қажетті табиғи қорлар:
A) Энергетикалық
B) Шикізаттық
C) Экологиялық
D) Орман
E) Азық-түлік
13. Адамның iс-әрекетiнiң ықпалынан пайда болатын өзгерiстер қалай аталады?
А) Антропогендік
В) Табиғи
С) Техникалық
D) Физикалық
Е) Екіншілік
14. Атмосфералық ауаның химиялық құрамына не кіреді:
A) 50% азот, 27,25% оттегі, 1,2% аргон
B) 24% азот, 52%оттегі, 2,6% аргон
C) 65%азот, 14% оттегі, 0,03% аргон
D) 78,08% азот, 20,94% оттегі, 0,93% аргон
Е) 21% азот, 79% оттегі
15. Ең қауіпті өндіріс орындары:
A) Жеңіл өнеркәсіп
B) Қара металлургия
C) Көлік
D) Атом электр станциясы
E) Тамақ өнеркәсібі
16. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ең көп тараған көзі:
A) Шу
B) Су басу
C) Өрт пен жарылыс
D) Жер сілкінісі
E) Космостық апаттар
17. Гидрант – бұл ...
A) Суда өсетін өсімдік
B) Өрт сөндіру құралы
C) Суды өлшейтін прибор
D) Суға құятын қоспа
E) Суда тіршілік ететін құрттар
18. Көлік апаттары неше түрлі болады?
A) 3 B) 2 C) 4D) 6
E) 5
19. Радиациялық қауіпті объектілерде болуы мүмкін:
A) Химиялық қаупі бар апаттар
B) Биологиялық қаупі бар апаттар
C) Өрт, жарылыстар
D) Радиобелсенді қаупі бар апаттар
E) Гидродинамикалық апаттар
20. Инфрақызыл сәулелердің толқын ұзындығы неше?
A) Бірнеше км-ден 250 мкм-ге дейін
B) 250-160 мкм
C) 250-150 мкм
D) 150-100 мкм
E) 760-400 мкм
21. Инфрадыбыстың жиілігі неше?
A) 10 Гц
B) 20 Гц
C) 30 Гц
D) 40 Гц
E) 50 Гц
22. Адам қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға неше химиялық қосылыстар түзеді?
A) 50000-60000
B) 40000-50000
C) 70000-80000
D) 60000-70000
E) 30000-40000
23. Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайтын заттар қалай аталады?
A) Акарицидтер
B) Инсектицидтер
C) Фунгицидтер
D) Гербицидтер
E) Нематицидтер
24. Флюороз ауруының себебі?
A) Кальцийдің көбеюі
B) Магнийдің көбеюі
C) Фтордың көбеюі
D) Қорғасынның көбеюі
E) Бордың көбеюі
25. Табиғат және адам үшін аса қауіпті токсиканттар құрамына неше зат енеді?
A) 12 B) 10 C) 5 D) 3 E) 6
ТЕСТТІҢ ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ:
1. E
2. B
3. D
4. A
5. C
6. E
7. D
8. A
9. B
10. E
11. B
12. E
13. A
14. D
15. D
16. C
17. B
18. B
19. D
20. B
21. B
22. D
23. B
24. C
25. A
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
«Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары». Әбшенова Л.Ө., Заирова Б. Алматы-2010.
-
Экология – радиация – здоровье. Халықаралық конгресс материалдары. Семей, 1993.
-
Основы безопасности и жизнедеятельности. 2000-2005 гг.
-
Захаров И.А. Экологическая генетика и проблемы биосферы. Л.:Знание, 1984.
Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:
-
Т.Г.Шарманов. Диеталогия.
-
Химия и жизнь. №9, 2002, №2, 2004.
-
Экология и жизнь. 2000-2005 гг.
ПӘН АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР :
География
Жануартану
Экология
Химия
ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЬІРЫЛУЬІ:
-
Оқу тақырыптық жоспар.
-
Биологиялық терминдер.
-
Оқу бағдарламасы.
-
Лекция конспектілері.
-
Оқулықтар.
-
Электрондық оқулықтар.
1

