2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Биология пәнінде жасанды интеллектті тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.

Биология пәнінде жасанды интеллектті тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект дегеніміз не? Жасанды интеллект (ЖИ) дегеніміз - машиналар мен компьютерлерге адамның интеллектуалдық процестерін еліктетуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Бұл оған оқу, ойлау, мәселелерді шешу сияқты қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Әр түрлі бағдарламалық қамтамалар арқылы оны тиімді пайдалану үшін әртүрлі салаларда қолдануға болады. Білім берудегі ЖИ - ті енгізудің міндеті мұғалімдерді алмастыру емес, ол мұғалімдерге күнделікті жұмысын жеңілдетуге ыңғайластырылған. Мұғалім бір оқушыны үй тапсырмасын тексеруге 5-10 минут жұмсаса, жасанды интеллект оны 20-30 секундта орындайды. Сабаққа тапсырмалар мен презентацияны да тиімді әрі оңай аз уақыт ішінде жасап бере алады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Биология пәнінде жасанды интеллектті тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.




Қазіргі заман бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н.Назарбаев




ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қырсырын терең меңгеруі тиіс.

Оқытудағы жасанды интеллект пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады.

Жасанды интеллект дегеніміз не? Жасанды интеллект (ЖИ) дегеніміз - машиналар мен компьютерлерге адамның интеллектуалдық процестерін еліктетуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Бұл оған оқу, ойлау, мәселелерді шешу сияқты қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Әр түрлі бағдарламалық қамтамалар арқылы оны тиімді пайдалану үшін әртүрлі салаларда қолдануға болады. Білім берудегі ЖИ - ті енгізудің міндеті мұғалімдерді алмастыру емес, ол мұғалімдерге күнделікті жұмысын жеңілдетуге ыңғайластырылған. Мұғалім бір оқушыны үй тапсырмасын тексеруге 5-10 минут жұмсаса, жасанды интеллект оны 20-30 секундта орындайды. Сабаққа тапсырмалар мен презентацияны да тиімді әрі оңай аз уақыт ішінде жасап бере алады.

ЖИ - ті білім беруде тиімді қолдануға болады:

- Үй тапсырмасын тексеру;

- Оқытушылар мен оқушылардың уақытын тиімді басқару;

- Репетиторлық үшін;

Оқыту бағдарламасы бірнеше блоктарға бөлінді, олардың әрқайсысы білім беруде AI пайдаланудың негізгі аспектілерін қамтиды:

  1. Білім беру мазмұнын құру – мәтіндік және көрнекі материалдарды құру қызметтерін оқу.

  2. Тест сұрағын жасау – тест әзірлеуге және сұрақтарды басқаруға арналған Quizizz.com және AI Quiz Maker сияқты платформалар.

  3. Дизайн және брендинг генерациясы – логотиптер және басқа дизайн элементтерін жасау қызметтерімен танысу.

  4. Кескін мен бейнені генерациялау – AI көмегімен медиа-контентті құру және өңдеу құралдары.

  5. Мәтінді және дыбысты генерациялау – мәтінді сөйлеуге түрлендіруге және аудиоконтент жасауға арналған платформалар.

  6. AI көмекшілерін қолдану және AI боттарын жасау – Google Assistant және Alice сияқты AI көмекшілерін зерттеу және оларды білім беру мақсатында пайдалану.

Биология пәнінде ЖИ ті пайдалануға болатын біршама ЖИ тің түрлерімен бөліскім келеді.

GAMMA.AP – бұл интеллект барлық тақырыпта қазақша презентацияны 20-30 секундта орындайды. Диаграмма мен кескіндемелері мен суреттерімен әдемі дизайнды құрастырып береді.

Seek жасанды интеллект қосымшасы – биология пәнінде тиімді интеллект. Бұл арқылы тірі ағзаның өсімдіктер мен жануарлардың систематикасын білуге болады. Мысалы: берілген суреттегі бүркіттің систематикасы мен тіршілік әрекетін анықтар бере алады.

Аutodraw интеллектті оқушыларға өте тиімді платформа. Бұл платформада оқушылар өз қолдары мен сурет салады. Аutodraw.com құралының көмегімен, дизайнға қабілетіңіз жоқ болса да, сапалы, кәсіби деңгейдегі суреттерді (шағын көрнекіліктер, белгішелер) сала алады. Бар жоғы бірнеше батырмадан тұрады – мәтін, қарындаш, бояу, фигуралар. Ең қызығы – жұлдызшалары бар қарындаш батырмасы арқылы сурет салады.



Diffit Me – бұл интеллект арқылы тапсырмалар мен тесттер құрастыра аламыз. Сыныбын тақырыпты және тілін таңдау арқылы жасаймыз. Оқышыларға тапсырманы сабақты түсінідіріп және қорытындылау барысында қолданатын интеллект.



Қорытындылай келе білім берудегі жасанды интеллекттің алатын орны ерекше. Қазіргі заманауи технологияларға сай ЖИ - те біздің оқушыларымызды – жаңашылдар мен көшбасшылардың болашақ ұрпағын ғалымдар ретінде зерттеулер жүргізуге, технолог ретінде модельдеуге, инженерлер ретінде құрастыруға, суретшілер ретінде салуға, математиктер ретінде аналитикалық ойлауға және балалар ретінде ойнауға шабыттандырары анық.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі