Биология сабағында жаңа технологияны пайдалану
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Манап ауылы № 160 орта мектебінің биология пән мұғалімі Ибрагимов Жанадил Пайзович
Маған айт –мен ұмытып кетемін,
Көрсет маған-менің есімде қалады
Өзіме істет-мен үйренемін
/халық даналығы/
Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», — деген сөзіні мағынасына терең үңіле карайтын болсақ, кез келген елдің мәдени дамуының деңгейі, рухани дамуы мен өркениетінің негізгі көрсеткіші білім берудегі жүйелілік екенін аңғаруға болады.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.
Оқытудағы заманауи білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Цифрлық технологияларды қолдану оқушыларға қолайлы оқу қарқынын, материалды ұсынудың ыңғайлы принципін, сабақтың ұзақтығын, қосымша ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қысқа уақыт аралығында ақпаратты іздеуге, табуға, қабылдауға, меңгеруге, алынған ақпаратты өңдеуге және қажеттілігіне пайдалана алуға үйрету қажет. Ол үшін оқытудың дәстүрлі әдістерімен бірге қазіргі ақпараттық-қатынастық технологияны бірге қолдана алу керек болады.
Оқушыларға, әсіресе цифрлық өмірдің жаңа қалыпты жағдайында оқыту тәсілдерін жақсартудың жолдары әрқашан бар. Виртуалды шындық, цифрлық ресурстарды пайдалану, интерактивті шаблондар – мұның бәрі мұғалімдерге жылдам әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ қандай әдістерді қолдануға болады? Маңыздысы - мұғалімдерге сыныпта көбірек өзара әрекеттестік орнатуға және оқушылардың оқуын жақсартуға көмектесетін инновациялық тәсіл мен бірегей идеялар.Оқушыларды өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға, топпен жұмыс жасауға, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке баулу үшін мұғалімдер мен шеберлер жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп, қолдануы керек.
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар:
Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушалырадың мынадай қабілеттері дамуы тиіс:
-Ақпараттық – коммуникациялық құралдармен технологияларды тиімді қолдану
-Білім беру ресурстары білім алушыларға жаңа білімді игеруге, дағдыларды дамытуға және шығармашылық ойлауды ынталандыруға көмектесетін білім беру процестерінде шешуші рөл атқарады. Олар сонымен қатар педагогтерге қызықты және тиімді сабақ әзірлемелерін жасауға көмектеседі. Білім беру ресурстарын білім алушылар да, мұғалімдер де білім беру процесін жақсарты және нығайту үшін пайдаланады.
Қазіргі кезде сабақта қолданылатын көптеген платформалар бар. Платформаларды жаңа сабақтың тақырыбын ашуға, жаңа материалды игеруде, жаңа материалды бекітуге, оқушылардың білімдерін тексеруде қолданылады. Мысалы: Plickers, Canva, Padlet.com, Mindoma, ZipGread, Googl.forms, WordSearch, Google презентация, Google тест, Jamboard, Wordwall, Learningapps, Quizlet.com және т.б. сияқты платформалармен әртүрлі тапсырмаларды оқушыларға ұсыну арқылы білім алушылардың ақпаратты өз бетінше танып білу дағдыларын жетілдірумен қатар, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді құрастырып тұжырымдауға жетелеймін. Сондай-ақ осы аталған платформалар арқылы кейде оқушылар өздері әртүрлі форматтағы тапсырмаларды құрастырады.
Мен өз сабақтарымда қолданылатын бірнеше плотформаның түрлерімен таныстырайын.
-
Wordwall - интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы. Үлгілердің көпшілігі интерaктивті және бaспa нұсқaсындa қол жетімді.
«Wordwall» білім беру плaтформaсы - онлaйн немесе онлaйн сaбaқтaрғa интерaктивті мaтериaлдaр жaсaуғa aрнaлғaн құрaстырушы. Wordwall - интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы. Тапсырмалар барысында адасқан әріптер, сәйкестендіру, спиннер шеңбері арқылы оқушылармен сұраққа жауап алуға болады.
-
«Тарсия» әдісі математикалық пазлдарды құрастыру ойындары.Тарсия – әдісін бастауыш сыныпты оқыту үшін әр түрлі басқатырғыштар құрастыруға арналған бағдарлама ретінде пайдаландым. Тарсия – әдісі оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасының көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады. Оның қарапайым түрі 6-15 тапсырмадан, күрделі түрі 22-30 тапсырмадан тұрады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы пазлдарды құрастырып уақытты тиімді пайдаланады.
Бұл шығармашыл ой-өрісі дамыған оқушыны тәрбиелеудің алғышарты деп ойлаймын. Олай ойлауымның негізгі себебі бор мен тақтаға жазған кесінді мен экранда бала назарын аударатын түрлі-түсті, айқын, ұқыпты сызылған кесіндімен салыстыра алмаймыз. Себебі, тақта және бордың көмегімен әртүрлі қосымшалары бар жұмыстарды түсіндіру қиынға соғады. Әртүрлі платформалар көмегімен кез келген кездескен кемшіліктер мен жіберілген қателерді тез арада түзетуге мүмкіндік жасайды. Сабақтың өнімділігі артары сөзсіз және басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы оның сабақты түрлендіріп, оқушыны әртүрлі интербелсенді әдістерді заман талабына сай ұялы телефон көмегімен платформалар арқылы тапсырма ұсынумен білім алушыларды жаңашылдыққа қызықтырады. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы керек.
Жаңа материалды бекітуге Learningapps, quizlet.com платформаларын жиі қолданамын. Бұл платформалардың ерекшелігі бір тапсырманы түрлендіруге болады. Тест түрінде, сәйкестендіру, жарыс түрінде, кесте түрінде және тағы түрлерінде түрлендіруге болады.
Learningapps платформасында дайындаған тапсырмаларым
Тақырыбы «Қанның құрамы» (1- сурет):
https://learningapps.org/watch?v=puzurp7z221

Quizlet.com платформасын жаңа материалды бекітуге, қайталауға, үй тапсырмасые тексеруге қолдануға болады. Бұл платформаның ерекшелігі тапсырмаларды әр түрлі формада жасауға болады. Оқушылар қызыға орындайды..
Сондай ақ сабақ барысында Plickers платформасында қолданамын. Бұл платформаның ерекшелігі оқушыларға ұялы телефон керек емес, интернет әлсіз ауылдық мектептерде қолдануға тиімді (2 - сурет).
Plickers
Оқушылардың игерілген білімдерін тексеру мақсатында ZipGread, Googl.forms платформаларында тест құрастырамын. ZipGread платформасының ерекшелігі оқушылардан ұялы телефонды және интернетті қажет етпейді. Бұл платформалардың тиімділігі оқушылардың жауаптарын көруге болады. Қай сұрақтарды оқушылар дұрыс жауап бергендерін, қандай сұрақтар қиындық тудыратындарын көруге болады (3- сурет).
Googl.forms
платформасы
(3-сурет)
Сабақта цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқушылардың сыни және жүйелі ойлауын қалыптастыруға көмектеседі. Білімді тереңірек меңгеруге ықпал етеді.
Оқу ойындары мен интерактивті әдістер білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Мұндай әдістер оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім алуды жеңіл әрі көңілді етеді
Биыл 2024-2025 оқу жылында 7 сыныпта ашық сабақ өткізген барысында,өзім осы платформаларды қолдануға тырыстым
«Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алуы». тақырыбында
*Castlots.org платформасы/ кездейсоқ сандар генераторы/
*wordwall./ұй жұмысы/
*Kahoot /сұрақтар мен тапсырмалар/құрастыру
*learningapps./сәйкестендіру/
*quizizz.com /викторин сұрақтар/
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген мектептерінде оқу ойындары мен интерактивті әдістер қолданылады. Бұл оқушылары үшін оқу ойындарын өткізіп, оларды пәнге қызықтырып, білімдерін арттыруда, және сабақты жақсы меңгеріп, белсенді түрде қатысуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында осы өткізген ойындар мен интерактивті әдістер оқушыларды қызығушылықтарын арттырып,білім алуды жеңіл әрі көңілді өтті
Демонстрацияға арналған ыңғайлы презентацияларды, инфраграфиканы Power Point, Canva және тағы басқа платформаларда жасауға болады. Презентацияларды жаңа материалмен танысу үшін, ақпарат беру үшін қолданады. Ол оқушыларға жаңа тақырыпты тереңірек түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар тақырып бойынша видео көрсету, 3 D модельдерді жаңа сабақты түсіндіруде қолданамын. Мүшелер жүйесінің суреттерін, муляждармен көрсетуге болса, ал жасушаның құрылысын, терінің құрылысын, нәруыздың биосинтезін сияқты тақырыптарда 3 D модельін қолдану тиімді. 3 D модельде мүшелердің құрылысымен тереңірек танысады, яғни көзбен көре алмайтын заттарды көре алады және оны жан – жағынан көруге болады. Осы платформаны 8 – сыныпта терінің құрылысы, көздің құрылысы, құлақтың құрылысы және таға басқа тақырыптарда қолданған тиімді. Терінің құрылысы берілген, сандарды басқанда сол жайлы мәлімет берілген. Бұны қолданудың тиімділіг айналдырып отырып жан – жағынан көрсете аламыз. Бұл оқу материалын түсіну, қайталау, бекіту сатысында жақсы көрнекі қабылдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді
. Сабақ барысында пайдалануға тиімді платформалар
Kahoot! - мектептерде және басқа оқу орындарында оқыту технологиясы ретінде қолданылатын ойын оқыту платформасы. Kahoots білім беру ойындары - бұл қолданушылаға тиімді және веб-шолғыш арқылы қол жетімді көп нұсқалы викторина.
Quizizz- сыныптарда, топтық жұмыстарда, алдын-ала тестілерде, емтихандарда, біріккен және дайын емес тесттерде қолданылатын бағдарламалық жасақтаманы дамытатын шығармашылық компания. Бұл студенттер мен оқытушылардың бір уақытта желіде болуына мүмкіндік береді.
Google forms – бұл Google ұсынған ақысыз бағдарламалық жасақтама. Сауалнама, кері байланыс және тест форматында қолдануға болады.
Online Test pad – бұл әртүрлі тесттер, тапсырмалар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, сауалнамалар жасауға болатын ақысыз әмбебап және қарапайым конструктор.
Narakeet.com - мәтіндерді дыбыстауға арналған онлайн сервис. Мәтінді аудиоға айналдыру.
Flippity.net платформасы - интерактивті тапсырма құру сервисі, сабақты қызықты өткізуге арналған әдіс-тәсілдер. Топқа бөлу платформасы
Wordwall-интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Ресурс мұғалімдерге әртүрлі пәндер бойынша дайындық үшін көптеген интерактивті жаттығулар мен тренажерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервисі.
QR код арқылы сабақты қызықты өткізі. QR код жасаудың түрлері. Ең ұзын URL адресті қысқарту. QR код арқылы тапсырмалар құрастыру.
Padlet виртуалды тақтасы арқылы кері байланыс жасау. Онлайн тақтаның көмегімен кері байланыс түрін орнату.
Осы мен көрсеткен платформалар оқушыларға түрлі тесттер мен викториналар арқылы өз білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдістер тек білімді тексеріп қана қоймай, оқушылардың жадысын дамытуға, зейінін арттыруға және логикалық ойлау қабілетін жақсартуға ықпал етеді.
Қорытынды
Оқушыларды қызықтыра тәрбиелеп басқару білім алушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей оқытушыға, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Интерактивті тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін.
Сабақты ұйымдастыруда тиімді платформаларды қолданған кезде:
-
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты;
-
Электрондық құрылғыларды, сервистерді қолдану дағдыларын дамыта алды;
-
Жарыс форматы есебінен оқыту нәтижесі артты;
-
Командада жұмыс істеу және шешім қабылдау дағдыларын дамыды;
Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек.
Биология пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Бұл баяндаманың басты мақсаты- қазіргі заман талабына сай ұстаз болудың бір сатысын қалау.Жаңа заман IT технологияларды сәтті және ұтымды пайдалануды талап етеді. Әр жаңашыл мұғалім біз ұсынған платформалар жиынтығын өз кәсібінде пайдалана білсе,онда ол мұғалімнің білімділігін көрсетер еді.
Әдебиеттер:
-
Балин, А.В.Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану / А.В.Балин. — Мәтін: дереу // Жас ғалым. — 2014. — No 2 (61). - 724-725 беттер. — URL: https://moluch.ru/archive/61/9007/ (кіру күні: 09.01.2024);
-
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
-
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023;
-
http://nsportal.ru/shkola/administrirovanie-shkoly/library/pedagogicheskie-tekhnologii-v-obrazovatelnom-protsesse
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз