Материалдар / БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба әдістерін іске асыру жөніндегі тәжірибе интерактивті оқыту құралы ретінде мұғалімнен үнемі тұлғалық және кәсіби тұрғыда өсуді, сабаққа тыңғылықты дайындалуды талап етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, топ көшбасшысы ретінде танылады, ол оқушылардың жұмысы мен бастамасын түзетіп, қажетті тиімді немесе логикалық арнаға бағыттай білуге тиіс.
Авторы:
24 Қаңтар 2025
82
1 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ


Ермен Шайзада Алдиярқызы, биология пәнінің зертханашысы,

106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі, Шымкент.


Мақалада биология сабақтарында оқытудың жобалық әдісін қолдану мен пайдалану жөніндегі мәселелер көрсетіледі, оқушылардың сыни ойлауы мен басты құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруға қатысты оқыту әдістерінің өзара байланысы мен өзара ықпалы суреттелген.

Бұл әдіс оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға негізделеді:

білімдерін өз бетінше жүйелеу дағдысы, ақпарат кеңістігіне еркін бағдарлану, жоба тақырыбына байланысты мәселелерде біліктіліктің барлық түрлерін (шығармашылық, коммуникативтік, ақпараттық) көрсету;

сыни ойлау қабілетін дамыту.

Әдіс оқушылар жұмысын әртүрлі нысанда танытады: жеке, жұптық немесе топтық, бір немесе бірнеше сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта қолдану.

Оқу жобаларының негізгі әдісі нәтижеге жетудің тәжірибелік бағыты болып табылады, оны көруге, ұғынуға, тәжірибелік әрекетте нақты қолдануға болады.

Жоба әдістерін іске асыру жөніндегі тәжірибе интерактивті оқыту құралы ретінде мұғалімнен үнемі тұлғалық және кәсіби тұрғыда өсуді, сабаққа тыңғылықты дайындалуды талап етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, топ көшбасшысы ретінде танылады, ол оқушылардың жұмысы мен бастамасын түзетіп, қажетті тиімді немесе логикалық арнаға бағыттай білуге тиіс.

Сондай-ақ жобалық әрекеттің әрбір сатысын жақсы ұйымдастырып, үнемі бақылау жасап отыру қажет, жобаға қатысушылардың қойылған тақырыптан бас тартпауын қадағалау керек, олардың іздеу әрекеті жобаға қатысушылардың күші жететін анықталған нақты нәтижеге жетуге бағытталған.

Көбінесе биология тақырыптары география, химия, тарих тақырыптарымен үйлеседі, сондықтан жобалық әрекетті ұйымдастыруға бел шеше кіріскен пән мұғалімі әріптестерімен өзара әрекетті ойластыруы қажет, олардың көмегі пәнаралық байланыстарды іске асыруда, сондай-ақ бірлескен ірі ауқымды оқу жобасын кеңейту немесе туындатуда керек болады.

Жоба әдістерін пайдаланудың артықшылықтары:

  • оқушы пән мен құбылыстар жайлы білім алады;

  • жұмыстың өз бетінше әзірленген немесе ұсынылған жоспары барысында оларды оқу жолдарын белгілейді;

  • мұғалім көрсеткен немесе өз бетінше қалыптастырған міндеттерді шешу жолымен игеруге жататын білімді немесе әрекетті «ашады».

Нәтижесінде оқушыларда жаңа білім алуға деген қажеттілік пайда болады. Олардың қызметі ғылыми білімді шығармашылықпен игеруге және ғылыми танымның әдістерін меңгеруге бағытталған.

Жобалардың түрлері

Зерттеушілік – оқушыларды проблеманы терең зерттеуге, оны шешудің жеке жолдарын қорғауға, болжамдарды ұсынуға бағытталады. Шығармашылық ойлаудың үлкен әлеуетті мүмкіндіктерін, ақыл-ой әрекеті мен пайымдылықтың ұтымды тәсілдерін меңгереді, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді.  Мұғалім дайын білім иесінен өз оқушыларының танымдық әрекетінің ұйымдастырушысына айналады.

Ақпараттық іздеушілік – ақпараттарды жинау және талдауға, сөйлеу хабарламасын, баяндамаларды, рефераттарды дайындау мен қорғауға бағытталған.

Шығармашылық – жаңа соны идеяларды, шығармашылық нысанда ұсынылатын бірлескен әрекет өнімдерін (шығармашылық есеп, көрме, кітап, журнал, альманах, ертегі, эссе жазу, компьютерлік таныстырылым және т. б. жасау) әзірлеуге бағытталған. Мұндай жобаны орындау кезінде қатысушылар алдын ала нәтиже мен оны көрсету нысанын ескертеді.

Рөлдік-ойнаушылық – қатысушылар өздеріне жобаның сипаты мен мазмұнына шартталған нақты рөлдерді қабылдайды. Бұл әлеуметтік немесе іскери қатынастарға ұқсатылған әдеби кейіпкерлер, ойдан шығарылған кейіпкерлер болуы мүмкін. Мұндай жобалардың нәтижесі оларды орындаудың басында байқалады,  әрекеттің мұндай үстем түрі рөлдік-ойнаушылық болып табылады.

Ақпараттық – әртүрлі көздерден: журнал, кітап, энциклопедиядан ақпарат іздеумен байланысты, жоғары сынып оқушылары интернет-ресурстарды белсенді пайдаланады, сыныпта және мектепте сауалнама нысанында оқушылардан әлеуметтік сауалнама алады.

Орта буында ақпараттық жобалар ресімделген хабарлама, баяндама, ашылмалы кітапша, компьютерлік таныстырылым, бейнероликтер, слайдшоу түрінде іске асырылады.

Сабақта да жұптық және топтық жобалар қолданылады, олар жеке жұмыс істеумен салыстырғанда неғұрлым тиімді.

Проблеманы топтық түрде шешу кезінде топ мүшелерінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Топтағы балалар әртүрлі: тез пайымдайтындар, сыни тұрғыда бағалайтындар, мұқият жұмыс істейтіндер, сақтанып әрекет ететіндер, шешім қабылдауда батылдық танытатындар. Мұндай «ұжымдық синтез» жеке тұлғалардың әдеттегі табыс қосындысына қарағанда неғұрлым жоғары нәтижелерге алып келеді.

Топтық әрекетке қатысу көптеген оқушыларға өзін-өзі басқару, ынтымақтастық, өзара көмек дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Әр тұлғаның айқындамасы қайта құрылады, өзара әрекетке қатысушылардың әрбірінің құнды мақсаттары, бағдарлары өзгереді, мұның өзі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттесудің жаңа түрлеріне алып келеді, оқушылар бір-бірін жаңаша бағалайды, «әлсіз» сыныптастарының бұрын байқалмаған қабілеттерін ашады, тұтас алғанда оқушылардың ұжымы ұйымдаса бастайды.

Мысалы, «Жабықтұқымды өсімдіктердің сан түрлілігі. Қос жарнақты өсімдіктердің тұқымдастары» тақырыбын оқу кезінде сынып бірнеше топқа бөлінді: дәрігерлер, аспаздар, бағбандар, косметологтар, фито-дизайнерлер.

Әр топ өз саласында өсімдіктерді пайдалану туралы жобаны орындайды. Жұмыстар А-3 форматындағы қағаздарда ресімделеді, сабақ соңында дайын брошюралар жиналады, бұл келесі оқу жылына көрнекі әрі дидактикалық материал болып табылады.

Дәрігерлер тобы Қазақстан Республикасындағы дәрілік өсімдіктер бойынша брошюра түрінде материалдарды іріктейді, осы өсімдіктер қолданылатын ауру түрлерін көрсетеді, халықтық медицина рецептерін, өсімдіктердің суреттерін тіркейді.

Фито-дизайнерлер тобы өсімдіктерді эстетикалық мақсатта пайдалану, яғни биология кабинетіндегі тірі объектілерді көрсете отырып, декоративтік және бөлме өсімдіктері туралы жоба дайындайды. Оқушылар осы өсімдіктерді өсіру ережелері, күтім жасау жағдайы, олардан сауатты композиция құрастыру туралы қарастырылып отырған өсімдіктердің суреттерін тіркей отырып өз брошюраларын дайындайды. Оқушылардың қалған тобы өз саласында өсімдіктерді пайдалану жөніндегі осындай жобалар әзірлейді.

Мұндай шығармашылық жұмыс барысында балалар деректерді жинауды, талдауды, оларды жинақтауды үйренеді, оларда коммуникативтік дағдылар, топпен жұмыс істеу машығы қалыптасады.

Оқушыларға биология курсында өткізілетін әртүрлі азық-түлік өнімдерінен дәрумендерді табуға қатысты кішігірім зерттеулер қызықты. «В6 және В12 дәрумендерін анықтау» шағын зертханалық жұмысы әзірленген. Нұсқамалық карта бойынша оқушылар аталған дәрумендердің сапалық құрамын анықтайды. Мұндай әрекетті тіпті биология пәніне қызығушылық танытпайтын оқушылар да қуана қабылдайды.

Осындай кішігірім жобаларды тыныс алу органдары, омыртқа қисаюының алдын алу, физикалық жаттығуға дейін және кейін тамыр соғуын есептеу бойынша тақырыптарды оқу кезінде үй жұмысы нысанында қолдануға болады.

Биология сабақтарында балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, сабаққа дайындық кезінде іздеу әрекетіне ынталандыратын рөлдік ойындарды да қолдануға болады. Балалар өздеріне әдеттегі әлеуметтік немесе іскери қатынастарға ұқсатылған нақты рөлдерді қабылдайды.

Оқушылардың мектептің басқа сыныптары алдында осы мәселелер бойынша сөйлеуі жобамен жұмыстың қорытындысына айналды, онда проблема бойынша әлеуметтік сауалнама мәліметтері жария болды, ас қорыту органдары ауруларының себептері аталды, дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар берілді.

Әртүрлі үлгідегі жобаларды орындау  проблеманы іздеуге және тәжірибе жүзінде шешуге бағытталған ойлау процесін жандандырады және ынталандырады, оқушының ғылымның әр саласындағы жаңа білімді игеру қажеттілігін қалыптастырады.

Жобалық әдістеме танымдық дағдыларды дамытуды, өз білімдерінің құрылымын өз бетінше таңдауды көздейді, аталған ақпаратты талдауға, соны идеялар мен болжамдарды алға тартуға мүмкіндік береді, сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді.

Мұғалімнің жобалық әдісті қолдануы оқу процесін шығармашылық, мақсатты, өнімді етеді, ал оқушы жауапты, мақсатқа ұмтылғыш, білімді күнделікті өмірде қолдана алатын, ерекше шешім қабылдай алатын тұлғаға айналады.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі