«Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы бойынша жаңа білім беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Еске түсіру, тексеру, әңгімелеу, баяндау. Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі табиғат, жыл мезгілдері тақырыбы бойынша тапсырмалар кестесі кезеңі: Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: абайтануСыныбы: 10 -11
Сабақтың тақырыбы: «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» 
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы бойынша жаңа білім беру. 
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 

3. Тәрбиелік: Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы 

Сабақтың әдісі: Еске түсіру, тексеру, әңгімелеу, баяндау. Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі табиғат, жыл мезгілдері тақырыбы бойынша тапсырмалар кестесі кезеңі:
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы 

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:Абай әлемі.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық»,«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» 
Тапсырма: 
Өлеңдегі болыстың бойынан кездестірген қасиеттерді жинақтап көрсетіңіз; 
Болыстың бейнесін ашатын мінездеме жазыңыз. 
2. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі 
1. Әр тармақтағы буын саны: 
2. Әр тармақтағы бунақ саны: 
3. Өлеңдегі тармақ саны: 
4. Ұйқасы: 
5. Өлең құрылысына анықтама: 


Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құрал-дарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсы бір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдердің тілі қарапайым, нақты.
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі туралы да осыны айту дұрыс. Басты идеясы алдыңғы өлеңдермен үндес, сарындас болғанмен, кейінгі өлеңде ақынның жастар алдындағы ағалық ниеті, ұстаздық ғибраты тікелей оқу, білім, ғылым төңірегінде ғана болмай, өмірдегі адамгершілік іс, достық пен татулық, адалдық секілді әлеуметтік-этикалық биік қасиеттерді үлгі етіп, өсиет қылады. Адамгершілік, кісілік туралы «ойларды шешендік, ақылгөйлік түрінде әсіресе баса айту — бұл Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті» . Тақырып пен идея, мазмұн тұрғысынан алып қарағанда, аудармада Абайдың осы ниеті, осындай ұстаздық ғибраты мен көзқарастары ашылуының маңызы жоғары. Өлеңнің алғашқы шумағын алып, онда берілген жайлардың орыс тіліне аударылу, орыс тілінде берілу деңгейіне назар аударайық:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат .

Осы тармақтарындағы әр ой анық, оны жеткізіп тұрған тілдік құралдар, түрге пішін беріп тұрған бейнелеу құралдары да жара-сымды. Мазмұн мен пішін арасынан ешқандай жарықшақ табылмайды, бәрі де сұлу келісіммен үндесіп тұр. Ақын өлеңнің бастапқы тармағында жігіттерге екі түрлі, біріне-бірі қарама-қарсы екі құбылысты қатар пайымдауды ұсынады: ойын және күлкі. Ауызекі сөз барысында ойын мен күлкі бір-бірінен ажыратылмай, екеуі өзара шектес, мәндес құбылыстар ретінде айты-латыны рас. Ақын осы екі құбылыстың ара-жігін ашып, олардың әрқайсысының мәні мен мәнісін ажыратып сипаттайды. Олардың мәнін ашу мақсатында ақын бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы, антонимдік қатынастағы екі сөзді таңдап алған: арзан — қымбат. Өлеңнің мағыналық өзегі мен құрылым жүйесі үшін «ойын-ның арзан» болуы қаншалықты шешуші болса, соған орай «күлкінің қымбат» болуы сон-шалықты маңызды. Бұл секілді антонимдік қатынаста тұрған сөздердің мағыналары ақын-ның айтайын деп отырған негізгі ойының сал-мағын арттырып, өлеңнің поэтикалық қасиетін күшейте түсетіні сөзсіз. Ақынның осы ойы өлеңнің келесі тармағында және бір жұп құбылыстармен негізделеді. Ол құбылыстар — сыр мен сымбат. Өлеңнің басты идеясы мен тақырыбын, мазмұны мен пішінін тану үстінде осы екі тар-мақта түзілген түр мен өрілген ойдың өзара қатынасы, байланысы, сабақтастығы айрықша мәнді. Өлеңнің ішкі болмысына, нақты мағы-насы мен эмоциялық мазмұнына, поэтикалық тұтастығына бастайтын арна осы екі тармақтан басталады. Ақынның ішкі сырына, ақындық-азаматтық нысанасына барар жол осы екі тар-мақтың көркемдік-эстетикалық табиғатынан тамыр тартады.Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.



Үй тапсырмасы: өлеңді суреттпен оқу \сурет салу арқылы ойларын ашу\













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2018
1506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі