жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бірлесе әрекеттену арқылы оқу мен оқытуды қалай жақсартуға болады?
Бірлесе әрекеттену арқылы оқу мен оқытуды қалай жақсартуға болады?
Марсамбаева Райхан Мәкенқызы
Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім - мектептің алтын жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ» Майкл Барбер (Гарвард университеті Жоғары педагогикалық мектебінің профессоры) мен Мона Муршед зерттеуінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мектепті өзгертетін ең басты күш деп танылған. М.Барбер мен М.Муршедтің зерттеулерінде мынандай тұжырым жасалынады: «Сайып келгенде, егерде жүйе көшбасшылары (мемлекет немесе мектеп басшылары – А.Ә.) нәтижелердің шынайы жақсаруына қол жеткізгісі келсе, онда үш ең маңызды деген қағидаларды басшылыққа алулары керек:
1) білім беру жүйесінің сапасы онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің сапасынан жоғары болуы мүмкін емес;
2) нәтижелерді жақсартудың жалғыз құралы – оқушыларды оқытуды жақсарту;
3) барлық оқушылардың білім алуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әр баланы сапалы түрде оқыту керек.
Бұл – жетістікке жету жолдары мен құралдары.
Ал оқушының үлгеріміне ең күшті ықпал жасаушы факторы мұғалімдердің тиімді түрде бірлесе әрекеттенуі болып табылады. Тек бірлесе әрекеттеніп қана мұғалімдер кәсіби тұрғыдан өсіп, туындаған қиындықтарды жеңіп, жетістіктер мен алдына қойған мақсаттарына жете алады.
Біз сабақтарымызды қалай дамытамыз, жақсарта аламыз? Олардың қай жағын жақсартамыз? Қалай жақсартамыз?
Бұл сұрақтарға жауапты Lesson Study әдісі бойынша біз екі түрлі тұрғыдан ала аламыз:
1.Басқа мұғалімдермен бірлесу арқылы:
Сабақтарымызды: а) жоспарлау, ә) бақылау, б) талқылау мен қорытынды жасаудың негізінде.
2. Оқушы пікірін ескеру арқылы:
а) оқушылармен сұхбаттасу, олардың мүдделерін, ой-пікірін, қалау-сұраныстарын білу,
ә) сабақта оқушылардың үйрену және қарым-қатынас әрекеттерін бақылау арқылы.
Майкл Фуллан «жалған қозғаушы күштер» қатарына мынандайларды жатқызып, оларға дұрыс балама ұсынады:
-
1. Есептілік (есеп беру).
-
2. Жеке басшылар мен мұғалімдердің кәсіби біліктерін өркендету, дамыту.
Мұнда әңгіменің мәні күшімізді топтық ресурстарға бағыттаудың орнына жеке тұлғаларға сүйенудің тиімсіздігі туралы.
3. Технологиялар.
«Сабақ беруде не маңызды: философия ма, әлде әдіс-тәсілдер ме?» Философия деген көп нәрселерді қамтуға шамасы келетіндей орасан зор көлемдегі тұжырым, ал әдіс-тәсілдер дегеніміз сол философиялық идеяларды жүзеге асыратын тиімді жолдар ғана. Демек, мұғалімдер ең алдымен философияға ұмтылуы керек. Өзінің педагогикалық, ұстаздық философиясын құрастырып алуы қажет. Ал ұстаздық философияны тәжірибеге енгізетін мыңдаған тәсілдер ешқайда қашпайды!
Мектепте 6 зерттеу тобы құрылып, 42 мұғалім қамтылды. Топтарға мұғалімдер «Бір топта кіммен бірлесе жұмыс жасағыңыз келеді?» атты сауалнама арқылы жинақталды.
Lesson Study топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі бойынша жүзеге асырылғандығы дұрыс. Осы арқылы оларда өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің артатындығы анық. Lesson Study-дің мақсатына байланысты тек бір пән өкілдерінен (мысалы, физиктерден) немесе осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдерден (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, физика) тұруы мүмкін.
Туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау үшін әр сабақ циклі осы мәселелерді шешетін коучингтерден басталуы керек. Lesson Study тобының мүшелері бас қосқан коучингтердің өзекті проблеманы шешуге бағытталғаны дұрыс. Осылайша коучинг кезінде мұғалімдер күнделікті тәжірибеде туындаған проблемаларды өздігімен шешуге дағдыланады, яғни өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отырады.
Кәсіби біліктілікті арттырудың сыртқы ресурстары:
-
Курстар, мектепаралық байланыстар (конференция, семинар, т.б.).
Ішкі ресурстар: мұғалімдердің мектепішілік байланыстары – қолжетімді, арзан, көп күш пен қаржы талап етпейді.
-
Проблемалардың 85% іште болады
-
Проблемалар мен олардың шешімі адам мен ұйымның өзінен болады.
-
Ресурстарды негізінен сырттан емес, іштен іздеу керек.
1. «LESSON STUDY» курсынан өтіп сертификатталған 6 мұғалім.
2. Мектеп тренерлері - 2
3. Деңгейлік курстан өткен педагогтер - 12
4. Жаңа форматта аттестаттаудан өткен 10 педагог-зерттеуші, 8 педагог-сарапшы, 9 педагог-модератор
Кусайнова Л.К. «Сабақты зерттеу (Lessоn Study)» жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже» тақырыбындағы, Кусанова Д.Д. мен Оразымбетова Г.К. бірлесіп өткізген «Оқыту мен оқу үрдісін жақсартуда Lessоn Studyді пайдалану» тақырыбынадағы, Сенкеева Б. «Lesson Study әдісінің тиімділігі» тақырыбындағы, Жунисова Г.А. «ҚО қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы коучингтерінің мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамуына ықпал еткені сөзсіз.
Лессон стадидің сабаққа дейінгі кезеңінде оқшауланудан ынтымақтастыққа жетелеген кездесулер өтті. Топ мүшелері онлайн кездесулермен қатар мектепке келіп те кездесулер өткізіп, сабақ жоспарларын талқылады.
Зерттеу сабақтарын жоспарлауда және өткізуде келесі мәселерге көңіл бөлінді. Ғалымдардың зерттеулерінде білім беру сапасы мен балалардың оқудағы жетістіктері ең бірінші кезекте мұғалім мен оқушының сабақтағы қарым-қатынасына тәуелді екендігін дәлелдеген. Мұғалім кәсібіндегі ең басты ұғым – қарым-қатынас! Ал өз кезегінде қарым-қатынас жақсарған сайын оқушының оқуы да жақсара береді.
Ал даму мен ілгерілеудің, табысты сабақтың формуласы: «Әрбір келесі сабақ алдыңғы сабақтан жақсы болуы керек!» Интерактивті құрылғылардың , білім беру платформаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыруға ықпал жасаған физика сабағын (Самаратова Ә.М.),
ұстаздық философияны тиімді тәсілдер арқылы тәжірибеге енгізіп, оқушыларда анаға деген құрмет пен махаббат сезімін дамытқан орыс тілі сабағын (Есимова Г.А.)
бастауыш сынып оқушыларының топтық жұмыстағы бірлескен әрекетін қалыптасқанын көрсеткен математика сабағын (Кошкарбаева Нұрбақыт Абылкакқызы ) сұрақтар қою, дәлел келтірудің оқушыларды ойландырудағы басты тәсіл екенін көрсеткен, әр баланы сапалы түрде оқытудың үлгісі болған қазақ тілі сабағын (Кабылова Ж.К., ) оқушылар үшін ғылымилығы жағынан қызықты әрі жаңаша өткен Биология сабағы (Ашимханова М.М.), мұғалім мен оқушының сабақтағы жақсы қарым-қатынасының мақсатқа жетудегі басты құрал екендігін дәлелі болған орыс тілі сабағы (Шацкая Е.Г.) атап айтқым келеді.
Әрбір зерттеу сабағынан кейін кері байланыс беріліп, сабақтың сәтті және сәтсіз тұстары талқыланды, сабақ жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Ашық сабақ → Кері байланыс
→ Рефлексия
Тиімді кері байланыс
нышандары:
Дер
кезінде
Бағалау емес, сипаттама
түрінде
Позитивті
Анық,
айқын
Сарапталған
(дифференцияцияланған
Кері байланыс формуласы (схемасы): 1) не жақсы болды; 2) нені жақсарту керек; 3) қалай?
-
Немесе:
1. Жетістік.
2. Кедергі.
3. Шешу жолдары.
Кедергі
-
6 «В» сыныбында білім сапасының төмендігі;
-
Біршама мұғалімдердің стереотиптердің - кеңінен қалыптасқан жалпы түсініктерден - шыға алмауының салдарынан сабақты талдау кезінде белсенділіктері төмен.
Шешу жолдары
1. Сыныпты LS тобының зерттеуіне алып, оқушыларды жігерлендіру (insight);
2. Зерттеу тақырыбын таңдап, шешу жолдарын талдау.
3. «Жасасын қате!», «Жасасын оқушы!» «Жасасын мұғалім!» ұстанымдарын іс-әрекетте тұрақтандыру.
ЖЕТІСТІК:
1.Мұғалімдердің жаңалыққа ұмтылысы, құлшынысы күшейді
2. Мектепте табысты еңбек ету үшін қажетті орта қалыптасты.
Ұлы Абай «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деп, адам бойындағы осы қасиеттерді бірінші орынға қойған. Ендеше АҚЫЛДЫ, БІЛІМДІ, РУХТЫ, жүрегінде оты бар ұл мен көркем мінезді қыз, дағдарыста шешім қабылдайтын, рефлексияшыл тұлға тәрбиелеу біздің – ұстаздардың қолында екенін естен шығармауымыз керек деп ойлаймын...
Пайдаланған әдебиет:
-
Lesson Study: нұсқаулық. Пит Дадли
-
Мектепті басқару туралы ресейлік ғалымның идеялары. https://cpm.kz/ru/portal/blogs/?page=blog&blog=Alimov_Ashat
-
Білім беру жүйесіне ерекше ықпал жасаған зерттеулер. А.Әлімов.
-
«Сабақты зерттеу топтары мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың тиімді құралы ретінде» А.Әлімов. «Педагогикалық диалог» журналы
http://lessonstudy.kz/wp-content/uploads/content/ped-dialogue.pdf
5. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген