«Біртұтас Тәрбие Бағдарламасы: Ұлттық және Адамгершілік Құндылықтардың негізінде, қазақтың ұлттық тәрбиесі мен «Үш Б» авторлық тәрбиелік бағдарламасының өзектілігі»
Қазіргі білім беру жүйесі тек академиялық біліммен ғана шектелмей, оқушыларды әлеуметтік және адамгершілік құндылықтармен де тәрбиелеуді мақсат етеді. Осы бағытта ерекше маңызды болып табылатын құжаттардың бірі – «Біртұтас тәрбие бағдарламасы». Бұл бағдарлама ұлттық және адами құндылықтарға негізделіп, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар ұсынады. «Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет». ӘНХ Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023.-30бет.
Әр халықтың өзіндік әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Қазақ халқының ұлттық менталитеті мен халықтық педагогикасы да терең әрі ерекше. Соңғы уақытта әлемдік тәжірибелерге көп қызығушылық танытқанымызбен, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды ескермеу мүмкін емес. Уақыт өтіп, дәстүрлер жаңарса да, біздің тілімізде өзгермейтін, күшті әрі құдіретті сөздер бар. Қазақтың ата-бабалары баланы тәрбиелеуді осы үш сөзбен бейнелеген. «Ұят болады», «Обал болады», «Сауап болады» – осы үш сөздің астарында тәрбие мен моральдің негіздері жатыр. Бұл сөздер қазақтың ұлттық тәрбиесінің басты қағидаларын білдіреді және оларды ұрпақ тәрбиесінде қолдану бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған. Ұрпағымыздың ұяты мен тектілігі үшін, осы сөздерді ұғыну және оларды күнделікті өмірде қолдану өте маңызды. Осы тұрғыда «Үш Б» - «Ұят болады, сауап болады, обал болады…» авторлық тәрбиелік бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама 0-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған жалпы білім беретін мектептер үшін әзірленген. Бағдарлама «№15 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ жүзеге асырылып, басқа мектептерге тәрбиелік жұмысты жүйелендіру үшін ұсынылды Бағдарламаның білім беру жүйесіндегі маңызы ерекше, себебі ол оқушылардың жастық ерекшеліктерін және құндылыққа бағытталған тәсілді ескере отырып, тәрбиелік жүйенің концептуалды негіздерін ұсынады. Бұл бағдарлама оқушының даму траекториясын жүйелі байланыстар негізінде құруға арналған және әр жастағы оқушыларға арналған бес түрлі тәрбиелік бағдарламалар платформаларын ұсынады. Мұның барлығы республикалық «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасының ұсыныс түрінде берілуімен байланысты. Бағдарламада құндылықтар мен сынып сағаттарының тақырыптары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып сипатталған. Бірақ тәрбиені жүйелендіру үшін концепцияның іске асырылу механизмі мен түрлі форма, әдіс және құралдарды таңдау қажет болды. Мұның барлығы оқушыларда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу және жаңа зерттеу мәдениетін қалыптастыруға негізделген «Үш Б» бағдарламасының жүзеге асырылуы арқылы көрсетілген.
Бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейін күтілетін нәтижелер: «Оқушының даму траекториясы» атты жүйе мектепте оқыту барысында оқушыларға маңызды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Оқушылар өз әрекеттерінде жалпыадамзаттық, отбасылық және ұжымдық құндылықтарды түсініп, өз даму траекториясын құра алады, рефлексия жасайды, коммуникация мен командалық жұмыс дағдыларына ие болады, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, оқу процесіне белсенді қатысады, болашақ мамандықты таңдау кезінде саналы түрде қарайды.
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу мен тәрбиелеу барлық кезеңде өзекті мәселе болып табылады. Біздің болашағымыз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады .Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты және қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» дей отырып, әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін нақты белгіледі.
Қазіргі білім беру жүйесі тек академиялық біліммен шектелмей, оқушылардың қоғамға белсенді қатысуын дамытуға да ерекше көңіл бөледі. Бұл бағыттағы маңызды бағдарламалардың бірі Үш Б» - «Ұят болады, сауап болады, обал болады…» авторлық тәрбиелік бағдарламасы аясында 8 сыныпқа арналған «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады. Бұл бағдарлама оқушыларды әлеуметтік жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру арқылы қоғамға үлес қосуға бағыттайды.
«Қоғамға қызмет ету» бағдарламасының негізгі мазмұны сыныптар арасында ұжымдық концепцияны қалыптастыру. Әр сынып өз әлеуметтік жобасын жасап, оны жүзеге асыру арқылы қоғамға нақты үлес қосады. Бағдарлама оқушыларға туған өлкелерінің әлеуметтік мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді және осы мәселелерді шешуге арналған практикалық қызметтерді орындауды көздейді. Бұл бағдарламаның негізгі идеясы – әлеуметтік жобалар арқылы оқушыларды өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі мәселелерді анықтауға, оларды шешуге және қоғамға пайдалы болуға ынталандыру.
Бағдарлама келесі құндылықтарға негізделген:
Құрмет – адамдардың пікірлері мен көзқарастарына сыйластықпен қарау;
Жауапкершілік – өз міндеттерін орындау және нәтижеге жауапты болу;
Мейірімділік – қайырымдылық пен жанашырлық көрсету;
Қамқорлық – өзгелердің қажеттіліктеріне көңіл бөлу;
Қолдау – бір-біріне қолдау көрсету және ынтымақтастықта болу;
Сенім – өзара сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру;
Саналылық – өз іс-әрекеттерінде саналы болу.
Білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу – жобалардың негізгі мақсаттары. Бірлескен жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар, құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған жобалар, еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін жобалар, ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптейтін жобалар да ұсынылады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған жобалар: Оқушыларға экологиялық мәселелерді шешудің маңыздылығын түсіндіру.
Құқықтық мәдениетті дамытуға арналған жобалар: Заңгерлік білім мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Ғылыми-зерттеу жобалары: Әртүрлі ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы білім алушылардың ғылыми қызығушылығын арттыру.
Еңбекқорлыққа тәрбиелеу жобалары: Еңбек ету қабілеттерін дамыту және еңбекке деген құрметті қалыптастыру.
Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеу: Ұлттық құндылықтарды бағалау мен дәріптеу.
Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіну: Денсаулықты нығайтуға бағытталған әдеттерді қалыптастыру.
Жоба жетекшілері білім алушыларға жұмыстың барлық кезеңдерінде тәлімгер әрі кеңесші ретінде қолдау көрсетеді. Олар оқушылардың шығармашылық ізденістеріне сенім білдіріп, өз жұмысының нәтижесін өз бетінше шешуіне мүмкіндік береді. Жобалардың мазмұны мен бағыты әрбір білім алушының жеке ерекшеліктеріне және қажеттіліктеріне сәйкес жасалынады.
«Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы 8 сынып оқушыларының қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге деген көзқарасын өзгертеді, оларды белсенді және жауапты азаматтар ретінде қалыптастырады. Бағдарлама арқылы оқушылар өз әлеуметтік жобаларын «Әлемді өзгертетін жобалар» фестивалінде таныстырып, қоғамның игілігі үшін өз үлестерін қосады. Осылайша, олар өздерінің жеке және ұжымдық дағдыларын дамытып, нағыз әлеуметтік өзгерістерге жетуге мүмкіндік алады. Бұл бағдарлама оқу үрдісін және тәрбиені жаңаша көзқараспен қарауға, оқушылардың әлеуметтік мәселелерге деген көзқарастарын өзгертіп, оларды белсенді және жауапты азаматтар ретінде қалыптастыруға көмектеседі.
Баба танымынан арқау тартқан «ұят болады», «обал болады», «сауап болады» үштігін жүрекпен түсініп, санаға сіңірген ұрпақ – ешқашан қателеспейді. Қоғамдағы жауапкершілік пен ынтымақтастықтың негіздерін меңгеру арқылы біз жастарды жақсы азаматтар етіп тәрбиелей аламыз.
"Обал" деген ұғымды біліп өскен адам, шын мәнінде сауапқа кенеледі. Қазақтың имани кодексіне айналған бұл ұғым туралы Малайсары: «Үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан қалмас. Ұмытсаң, артыңа ермес. Ол үш сөз: «ұят, борыш, обал!» деп айтқан. Қазақ халқының даналығы мен көрегендігі ұрпағының ұлы болуына негіз болады. Үлкендердің «ұят болады», «обал болады», «сауабын аласың» деген сөздеріне мән беріп, ұрпақ тәрбиесінде дұрыс қолдана білсек, бұл бізді адамдыққа, адалдыққа және жақсылыққа жетелейді. Сондықтан обал мен сауаптың мәнін түсініп, тәрбиенің түпкі мәнін сақтап қалу – біздің басты міндетіміз.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласының білім бөлімінің
«№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жуманбаева Санду Жамбуловна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз