"Бисермен тоқу өнері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бисермен тоқу өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерге бисер, моншақпен жұмыс жасауды, тоқуды үйрету арқылы шеберлік деңгейін арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт-бағдар беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сейтенова Анаргул Базарбаевна

Қарағанды облысы Приозерск қаласы «Достық» балалар–жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК

Қосымша білім беру педагогы.

«Сувенир» қолөнер үйірмесі




Сабақтың тақырыбы: «Бисермен тоқу өнері»


Мақсаты: Тәрбиеленушілерге бисер, моншақпен жұмыс жасауды, тоқуды үйрету арқылы шеберлік деңгейін арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт-бағдар беру.

Білімділік: Тәрбиеленушілерге бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету.

Тәрбиелік: Тәрбиеленушілердің эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қыз балаларды ептілікке, шыдамдылыққа баулу, өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, қолөнеріне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: «Шебердің қолы алтын» тақырыбында бисерден дайындалған бұйымдар көрмесі.

Керекті жабдықтар: Ұсақ бисер, моншақ, түрлі түстегі жіптер, ине, қайшы, орындалу барысы көрсетілген нұсқау, проектор.

Сабақтың жопары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ.

3. Практикалық жұмыс.

4. Сергіту жаттығулары.

5. Қорытынды.

1.Ұйымдастыру; Сәлеметсіздерме балалар! Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Ғажайып бисер» деп аталады.

Қайталау сұрақтары:

1.«Бисер» сөзі қандай мағына береді?

Жауап: «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.

2.Бисердің түрлері:

  1. Қарапайым жай бисер.

  2. Стеклярус.

  3. Рубка.

  4. Богем бисері.

  5. Шорлот – деп бөледі.

3.Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

Жауап: Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.

Бисерден дайындалған жұмыстар: Тәрбиеленушілерге бисерден алдын ала дайындалған жұмыстарды көрсету.

2.Жаңа сабақ: Тарихи анықтама. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі, түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға): алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары әлемде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа әрлеу үстінде, дамудың сатысында. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Қол өнер-мол өнер. Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Барлық қол өнері сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Осыдан 6 мың жыл бұрын әйнек өнері пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте-бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдерін әшекейлеуге айналды. Бисердің отаны-Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, одан кейін Венецияға ауысады.

3.Практикалық жұмыс: Бисерден жүзік жасау. Тәрбиеленушілер слайдта көрсетілген нұсқау карта бойынша жеке жұмыс жасайды.

Жүзікке керекті бисер саны: 8-дана сары түсті және 75-дана көк түсті ұсақ бисер.

Гүлді дайындау барысында тәрбиеленушілерге көмек көрсету.

4.Сергіту жаттығулары. Көзге, қолға арналған жаттығулар жасау.

Дайындалу барысы

Қорытынды: Тәрбиеленушілердің дайындаған жұмыстарын бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
1229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі