400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бітібаеваның еңбектері туралы ой

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Бітібаева олимпиадасының сұрақтарынан туындаған ой
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Бітібаева әдістерін әдебиет сабағында жүзеге асырудың тиімділігі

(эссе)



Заманының заңғар тұлғасы, айтулы педагогі Қанипа Бітібаева әдебиет пәнін оқыту жайлы ұлан-ғайыр еңбек тудырды. Мол тәжірибесі талай кітабының ұйытқысы болғаны анық. Әдебиетті зерделеу, зерттеуден бөлек оны оқушы санасына сіңірудің, зердесіне тоқудың талай әдістемесін жазып кеткен, қалыпқа түсірген де – Қанипа апамыз, "Хан апамыз". Әсіресе, бірнеше кітабына енгізген ерек тәсілін кәдеге асыру – біз үшін, педагогтер үшін әрі мәртебе, әрі сара жолды жалғау деп білемін. "Әдебиетті оқыту әдістемесі" оқулығына енген төрт әдіс: сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық және зерттеу әдістері әдебиет сабағы барысында өз жемісін берері хақ.

Әуелгі әдіс – сөздік әдіс. "Әдебиет – ғылым ғана емес, өнер" – дейді Қанипа апамыздың өзі. Рас сөз. Ғылыммен қоса сөз өнерінің желкенін жықпай алып жүрмек керек. "Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру мен оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді," – делінген аталған еңбектің 13-бетінде. Демек, білімді игеруіңіз өз алдына, оны үйрету үшін де шешен тіл, көсем сөз қажет. Сөздік мәнеріңіз, ой тереңдігіңіз жоғары деңгейде болса, шәкірт сіздің айтқаныңызды мүлт жібермейді. Қанипа апамыздың өзі қорытқандай, бұл әдіс – әдебиет пәнінің күре тамыры.

Келесі әдіс – көрнекілік әдіс. Бұл әдіс уақыт үнемдеуде, оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді екені айтылған. Расында, сабақ атмосферасын сезіндіру үшін түрлі плакаттар, безендірілген тақташалар, сабақ мазмұнына тән кітаптар әкеліп жатамыз. Осының оқушы түйсігінде аса айқын рөл ойнайтынын осы осы әдісті игеру барысында байқауға болады. Аталған еңбектің 15-бетінде айтылған ой да осыған саяды:"бұл оқушының пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады". Демек, өте тиімді.

Кезекті әдіс те үлкен рөл ойнайды. Басқа емес, практикалық әдіс! Аталған әдістердің жемісін көретін, кемшін тұсын түзейтін батыл қадам деген болар едім. Бұл әдісті түрлі қырынан сынауға болады: теориялық білім, кітаппен жұмыс кезіндегі жазушы стилін анықтау, қажет жерде оқушының өзіне шығарма жаздыру. Сөздік әдіс пен көрнекілік әдіс арқылы меңгерілген білім шыңдала түспек. Кітаптың 16-бетінде егер әуелгі екі әдіс практикалық әдіске ұштаспаса, нәтиже болмайтыны да алға тартылған. Бұдан шығар түйін – үйрету бір бөлек те, оны сыннан өткізу бір бөлек нәрсе. Нағыз педагог өзі үйретіп қана қоймайды, оқушысын өзінен биік дәрежеге жеткізеді. Сол жолда осы үшінші әдістің орны ерекше деп білем.

Соңғы сөз болмақ әдіс – зерттеу әдісі. Педагог ретінде әдеби тақырып аясын ғана меңгеруіңіз аздық етеді, кем дегенде автордың өмірбаянын, шығарманың толық нұсқасын түгелдей білуіңіз шарт. Оқушылар да зерттеу, зерделеу үстінде болмақ керек. Ол үшін, Қанипа Бітібаева ұсынғандай, оқушыларға сауал тастаған жөн. Сауал зерттеуге итермелейтіні хақ. Қанипа апамыз да бұл тәсілді "жемісті" деп санайды. Яғни, жемісті әдіс жеңісті нәтиже берері кәдік.

Ойымды қорыта келе айтарым – әдістемелік кітапта берілген әр әдіс өз жемісін беретін тиімді тәсіл. Бірақ, ең тиімдісі – әр әдісті орнымен, қажет жерде бірге қолдану, Бітібаева да осы тоқтамға келеді. Аталған төрт әдісті осы нұсқаумен қолданар болсақ, жақсы нәтиже күте аламыз. Бізге қалған аманат – ғұлама ұстаздың осы әдістерін жүзеге асыру.



Оспанова Гүлмарал Мұхтарқызы,

№195 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қыркүйек
49
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі