Біздің үйдегі дәстүр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің үйдегі дәстүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің үйдегі дәстүр Еліміздің жүрегінде орналасқан Астанаға қыс ерте түседі. Әкемнің айтуынша, бұл жақта қыс әдеттегі үш ай емес, жыл бойғы алты айға созылады. Астананың қақаған аязы мен ақтүтек бораны туралы ұзақ айтуға болады, алайда мен сөзімді соның алдындағы ерекше дәстүрімізден бастағым келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біздің үйдегі дәстүр

Еліміздің жүрегінде орналасқан Астанаға қыс ерте түседі. Әкемнің айтуынша, бұл жақта қыс әдеттегі үш ай емес, жыл бойғы алты айға созылады. Астананың қақаған аязы мен ақтүтек бораны туралы ұзақ айтуға болады, алайда мен сөзімді соның алдындағы ерекше дәстүрімізден бастағым келеді.

Күздің соңғы айында біздің отбасымыз әкемнің туған күнін атап өтеді. Ал қараша толығымен аязға оранып, мерейтой артта қалған соң, отбасыдағы келесі маңызды рәсім — соғым сою дәстүрі басталады.

Соғым сою — ата-бабадан жалғасқан көне дәстүр. Оның көшпелі қазақтың тұрмыс-тіршілігіндегі орны ерекше. Бүгінде бұл дәстүр біздің отбасымыз үшін жыл сайын қайталанатын қасиетті шараға айналған.

Күздік пен соғымның айырмасы

Соғымды алғашқы аяз түскеннен кейін сояды. Оған дейін, қыркүйек айында, күздік мал сойылады. Анамның айтуынша, күздікке бойдақ, саяқ қара мал таңдалып, бес ағайын арасында теңдей бөлінеді. Бұл — қыс бойы етсіз қалмаудың қамы.Ал соғымдық мал — жаз бойы арнайы семіртілетін ірі қара немесе жылқы. Әкем — алты ағайындының үлкені. Ол бала күнінде “бауырына салу” дәстүрі бойынша ата-әжесінің қолында өсіпті. Арғы атам жылқышы болғандықтан, әкеме осы кәсіптің қыр-сырын үйреткен екен. Содан бері әкем мал таңдауға ерекше шебер. Тіпті, туыстары қазысы мол, семіз жылқы таңдау үшін арнайы шақырып жатады.Соғым малы таңдалғаннан кейін оны күтіп-бағу ісіне ауылдағы Болат көкем жауапты. Ол жылқыны бөлек ұстап, күтімге алады. Бұл — болашақта алынатын қазы-қарта мол болсын деген тілекпен жасалатын іс. Соғымға, әдетте, ұрғашы жылқы сойылады.

Соғымға қатысқан алғашқы сәт

Мен соғым сою дәстүрінің қыр-сырын алғаш рет бірнеше жыл бұрын ауылға барғанымда көрдім. Бұл — мектеп кезіндегі алғашқы онкүндік демалыс болатын. Анам ертең ауылға баратынымызды айтып, соғымға көмектесетінімді ескерткенде, ерекше қуанып, киім-кешегімді жинауға кірістім. Бұған дейін соғым деген мен үшін дайын етті үйге алып келуден басталатын. Ал бұл жолы дәстүрдің өзін көру маған үлкен әсер қалдырды.Таңғы сағат алтыда ата-анам, сіңілім және мен ауылға жол тарттық. Жол бойы қазақша попурри тыңдап, мызғып алып, Қорғалжын ауданындағы Баранбаз (Отаутүскен) ауылына жеттік. Ол жерде әжем мен көкем тұрады. Әдеттегідей, анам ауылдағы туыстар мен көршілерге базарлық ретінде кәмпит пен шай ала барды.Ауылға жетіп, шәй ішіп, демімізді басқан соң, әрқайсысымыз өз шаруамызға кірістік: әкем інілерімен жылқы союға кетсе, сіңілім ауыл балаларымен ойнауға асықты. Анам екеуміз үй тазалап, дастархан қамына кірістік.

Қуырдақтың дәмі мен ауылдың жылулығы

Соғым сойылып, алғашқы ет үйге жеткізілді. Әжем мен анам ішек-қарынды тазартып, дайындықты бастап кетті. Біраздан соң, дәстүрге сай, жаңа сойылған еттен қуырдақ әзірленді. Сол сәттегі қуырдақтың дәмін сөзбен жеткізу қиын. Төр бөлмеде үлкендер, ас үйде біз — балалар отырып, жаңа сойылған еттің балғын дәмін ерекше сезіндік. Ауыл қуырдағының дәмі қаланың ешбір тағамымен салыстыруға келмейді.Ас ішіп болған соң, әкем: «Соғым берекелі болсын. Басымыз аман, деніміз сау болсын. Жылдан-жылға жете берейік», — деп бата берді. Кейін біз анам екеуміз үй жинауға кірісіп кеттік. Ал көршілер үйге кіргенде: «Соғымыңыз шүйгін болсын!» деп амандасты. Бұл — сойылған малдың берекелі болсын деген ырым сөз екен.

Мүшелеу мен сыбаға тарату

Кешкісін етті көлікке тиеп, қалаға жолға шықтық. Үйге жеткен соң, бәріміз шаршағанымызды сезінсек те, ет мүшелеуге кірістік. Анам мен әкем малдың әр мүшесін кімге арналатынын жақсы білетін. Жамбас пен басты — сыйлы қонақтарға, омыртқа мен белдеме — туыстарға, сүбе мен қабырға — құдаларға деп бөліп отырды. Мен олардың бұл тәртібіне таңғалдым. Әр мүшенің иесі алдын ала анықталып, мұздатқышқа салынды.Келесі күні үлкен қазан асып, ет пісірдік. Бұл жолы да көрші-қолаң, ағайын-туыстар шақырылып, соғымның дәмін татты. Осындай отбасылық басқосулар мен үшін өте ыстық. Себебі мұнда мен жақсы көретін, жақсы танитын адамдар жиналатын. Бұрын мұндай кештерде балаларға ән айтып, өлең оқыту әдетке айналған. Мен де өзімнің кішкентай «поэзия кешімді» ұйымдастырудан жалықпайтынмын.

Қорытынды

Міне, осылайша біздің үйдегі соғым дәстүрі аяқталады. Еттің бір бөлігі — алдағы Құдайы ас, ауызашар, еске алу сияқты жиындарға сақталып қойылады. Әкем мен анам әр туысына тиесілі сыбағасын сол шараларда үлестіреді.

Бұл — мен алғаш қатысқан соғым дәстүрі еді. Биыл да дәстүр жалғасты. Мен әлі бала болғандықтан, көмегім тек «шауып кел, барып келмен» шектеледі. Дегенмен мен үшін соғым — жай ғана ет емес. Бұл — ата-бабамнан қалған өмір салтының, ауыл тіршілігінің, отбасылық бірліктің белгісі. Өкінішке қарай, бүгінде бұл дәстүр қала баласы үшін бейтаныс. Ал соғым сою, мүшелеу, сыбаға тарту — үлкен өнер. Сондықтан да осы дәстүрімізді ұлықтап, келешекке жеткізу — әр қазақтың парызы. Дәстүр жалғасқанда ғана тамырымыз үзілмейді.

Гүлназ Асылханқызы

Астана қаласы

Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 орта мектептің

11 сынып оқушысы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.06.2025
50
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі