Материалдар / Бокс спортының миға және жүрекке әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бокс спортының миға және жүрекке әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бокстын спортағы миға және жүректері туралы түсінік
Авторы:
26 Қазан 2023
126
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті













ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: “ Бокстың миға және жүрекке әсері”























Орындаған: Мақсотов Ернат ФКС-311

Тексерген: PhD қауымдастырылған профессор

Мендіғалиева Аягөз Сәрсенбайқызы







2023

1

Жоспар

1.Кіріспе..............................................................................................................3-4

2.1. Қазақстан Боксының даму тарихы............................................................5-8

2.2 Әуеской бокс пен Кәсіпқой бокстың айырмащылығы.................... .......8-10

2.3.Әлемдік денгейде мойындаған Қазақстанның кәсіпқой боксы.............10-14

2.4. Ми мен жүрек құрылысы.........................................................................14-15

3. Қорытынды........................................................................................................16

Пайдалынған дереккөздер тізімі..........................................................................17























2

1.КІРІСПЕ

 Бокс (ағылшынша box - қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.

Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (6 - 12 – 15 раунд) ережелері бар

Бокс ерте Грек елi - Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.

Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдердекубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.

Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.

Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш ретчемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгi

3

қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.

Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.

Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан даағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі.

Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.

Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.

Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.

Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.

Бокстағы негізгі соққылар түріне:

4

тура соққылар (джеб, кросс);

жанынан соққы (хук, свинг);

төменнен соққы (апперкот) — жатады.

XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі қаланды. Негізгі себеп — ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған.[1]



2.1 Қазақ боксының тарихы

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен  «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын «дүйсенбілік бокс кездесулері» ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен  Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.

Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан.

5

Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың  дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. Сұрапыл соғыс та спорттық ортамызға зиян келтірген. Соғыстың алғашқы күндерінен ақ боксшыларымыздың көбісі майданға аттанып, ерлік пен батылдық танытқан. Өкінішке орай, олардың көбісі шаршы алаңға қайтып келмеді.

Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан кейін қайта жанданды. Жұдырық шайқасындағы негізгі  даму бағыты 1946 жылы басталып, ҚазССР мен Орталық Азия мемлекеттерінде түрлі біріншіліктер мен жарыстар көптеп ұйымдастырылған. Бокс Қазақстанның көптеген қалаларында дами бастаған. Ш. Бөлтекұлы, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдинов, Д. Муллаев А. Инфланда тағы да басқа спорт шеберлері мен жаттықтырушылар аянбай еңбек етіп, қазақ боксының негізін қалауына үлес қосқан. 1947 жылы алғаш рет КСРО-ның жеке-топтық біріншілігі ұйымдастырылып, аталған шараға бүкіл Кеңес Одағының құрамына енген мемлекеттерден келген спортшылар қолғап түйістірген. Бұл чемпионатқа біздің де саңлақтар аттанған болатын. Жарыс төрт салмақ дәреже бойынша ұйымдастырылып, чемпионаттың қорытындысы бойынша алматылық Махмут Омаров 51 келіге дейінгі дәрежеде қола медальға қол жеткізген. Геннадий Рожков (63,4 кг) 1953 жылы ұйымдастырылған КСРО чемпионатының финалисті атанып, Бухарестте өткен халықаралық студенттік ойындарында қола медальді қоржынына салған. Осылайша, Геннадий Рожков шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшысы атанды.

Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков – 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников – 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев – Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем че

6

мпионы, Серік Қонақбаев – Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген.

өрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын. Ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков Сиднейдегі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілген. Греция жерінде өткен Олимпиада ойындарында да біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғаған болатын. Тараз қаласында дүниеге келген Бахтияр Артаев Олимпиада ойындарында алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый - Вал Баркер Кубогіне қол жеткізген екінші қазақ боксшысы. Қарағандылық Геннадий Головкин күміс алқа тағынса, Серік Елеуов қола медальді қанағат тұтты. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.

Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлеріміз барша халқымызды өз жеңістерімен қуантып жүр. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған кезекті Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ

7

дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.

Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлеріміз барша халқымызды өз жеңістерімен қуантып жүр. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған кезекті Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізіп, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салды.

2012 ж. Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындары қазақстандықтар үшін сәтті өтті. Олимпиада ойындарының тарихына бірінші рет енгізілген әйелдер арасындағы турнирде Марина Вольнова қола алқамен қоржынын майлады.Иван Дычко (91 кг) қолаға қол жеткізіп, әлемдегі үздік боксшылардың төрттігіне кірді. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ресейлік боксшымен  жұдырықтасып, күміс алқаға лайық деп танылды. Олимпиаданың соңғы күнінде Серик Сапиев(69 кг) финалда британдық боксшыны артқа тастады. Біздің спортшылар бұл олимпиадада жақсы нәтижелер көрсетті. Спортшыларымызға сәттілік тілеп, алдағы Бразилиядағы Олимпиададан да жаңа жеңістер күтеміз.[2]

 

2.2.ӘУЕСҚОЙ БОСК ПЕН КӘСІПҚОЙ БОКСТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Рефери (ринг үстіндегі төреші) 3 – 12 раундқа дейін созылатын жекпе-жекті  бақылауда ұстайды. Жеңіс егер қарсыласы аяқтан  құлап (нокаут) 10 секунд аралығында тұра алмағанда немесе жарақат алып (техникалық нокаут) жекпе-жекті жалғастыра алмаған жағдайдайларда  беріледі. Егер белгіленген раундта жекпе-жек аяқталмаса, жеңімпаз төрешілердің баға беруі бойынша анықталады.

Спорттың бір түрі Бокс - (ағылшынша box – соққы) ерекше ереже бойынша екі спортшының арасындағы жұдырық күресі. Бокс спорттық жекпе-жек ретінде пайда болған жұдырықтасу күресінен 5000 жыл бұрын Египет пен Вавилонда бөлініп шықты. Жұдырықтасу күресі ежелгі Греция Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірген. Бокстың бірінші ережесі (қолғапсыз)  Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болып, 1867 жылы бокстың бірінші ережесі (қолғаппен) бекітілді. Ресейде бокстың пайда болуы XIX ғасырдың 90 жылдарына жатады. 1904 жылдан бастап бокс қазіргі Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді.

Бокстан жарыс жұмсақ қолғаппен (250-300 гр), аумағы 6Х6 биіктікте арқанмен керілген рингте, 3 раундта өтеді – әрбір раунд 3 минуттан, 1 минут үзілістен тұрады. Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қа

8

рсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі. Бокста белден төмен, желкеден, бастан және аяқтан құлаған қарсыласына соққы беруге тыйым салынады. Жекпе-жекке ринг үстіндегі төреші (рефери) және рингтан тыс төрешілер қазылық етеді.

Әуесқой боксшы бокс басталар алдында өз бұрышының түсіне (қызыл немесе көк) сәйкес келетін белдік тағады. Қолғабының салмағы 10 унций, яғни 284 грамм. Боксшы бұрышының түсіне сәйкес қолғабының соққы беретін бөлігінің түсі  қарама-қарсы түспен ерекшеленеді – ал бұл кәсіби боксшыларда міндетті емес. Әуесқой боксшылардың өз қолғаптарымен боксқа шығуға құқығы жоқ. Боксшыларды қолғаппен жарысты ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді.

Кәсіби боксшылар жарысқа 8 унций болатын қолғаппен, ал ауыр салмақты боксшылар салмағы 12 унций болатын қолғаппен де шыға алады. Жарыс басталар алдында қолдың сүйек буынын жарақат алудан сақтау үшін боксшының қолы арнайы созылмалы бинтпен орап алынады. Бұл рәсім бас төрешінің екі өкілінің бақылауымен өтеді. Ринг үстіндегі төреші (рефери) жекпе-жек басталар алдында белгі бермес бұрын боксшының амунициясын тексереді.

Бокс техникасы ептілік дағдыларын игерген, өзін қорғау әдістерінің жиынтығы.

Бокс техникасы күресте тактикалық ойлау арқылы боксшының қарсыласына қолданатын қаруы.   Сондықтан боксшы бұл спорт техникасын мүлтіксіз игеруі тиіс.

Жақсы игерген техниканы дұрыс қолдану жекпе-жек кезінде ең қиын және әр түрлі әдістерді тез әрі оңай орындауға мүмкіндік береді. Екі қарсыластың жұдырықтасуы қарқынды болуы боксшының орынды, мақсатқа сай қимыл-әдістерін талап етеді. Бокстың техникасында аз уақыт ішінде әрбір қимыл-қозғалыс бір-бірімен үйлесіп, бірін-бірі жалғастырып, көп уақытты, күш-қуатты жұмсамай әрбір соққыны тиімді, орынды қолдану қажет. Әртүрлі жұдырықтасу қимылы тоқтаусыз, кезекпен орындалады. Алайда тұлға қалпы бір қозғалыстың аяқталуын анықтап, қатар келесі қимылды орындау үшін бастапқы қалыпты сақтайды. Боксшы қарсыласына соққы беруге немесе қарсыласынан қорғануға байланысты әрбір соққының аяғында, келесі қимылды не соққыны орындау үшін бастапқы қалыпқа келеді. Бокста қарсыласын жеңуде жеңістің бірден-бір басты маңызды құралы соққы болып табылады. Соққы беруде боксшының орынды пайдаланған қозғалыс-қимылы үлкен роль атқарады.



9

Әрбір әдістің негізгі құрушысы жалпы дененің және оның жеке бөліктерінің қозғалысы болып табылады. Боксшының кез-келген соққы беруі нәтижелі шығуы үшін, соққы берген боксшы қолының қозғалыс бағыты мен дене салмағының орынды сәйкес келуі қажет. Бастан тікелей соққы соғу кезінде боксшының жалпы дене қозғалысы соққы берген қолдың алға жылжу  (бүгілу) қозғалысымен, кеудеден тікелей соққы соғуда жалпы дене қозғалысының жылдамдығы соққы берген қолдың қозғалыс жылдамдығымен, бас және кеуде бүйірінен соққы соғу кезінде соққы берген қолдың жылдамдығы соққы соғу бағытындағы кеуде айналуымен, бас және кеуденің төмен жағынан соққы соғуда боксшының жалпы дене қозғалысы соққы берген қолдың қозғалысымен сәйкес келуі қажет. Бұл жағдайда дене қозғалысының жылдамдығын аяқ, арқа және соққы берген қолдың бұлшық еттері жасайды.

Физика курсынан белгілі кинетикалық энергия мен күшті Е=m*v^2/2 формуласымен анықтауға болады. m – соққының салмағы. v – осы салмақтың жылдамдығы. Осы жоғарыда берілген формуладан соққы берген кезде қаншалықты салмақ жұмсалса және қажетті бағытта жұмсалшған осы салмақтың қозғалыс жылдамдығы қаншалықты жоғары болса, соққының күші соншалықты күшті болады.

Боксшы соққы берерде қарсыласының осал жерінен ұруға тырысып, қарсыласын белгілі бір уақыт аралығында жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын нокаут немесе нокдаун құлатуы мүмкін. Боксшы денесінің осал жері деп беттің төменгі жағы, бауырдың орналасқан және  жүректің орналасқан жаны жатады.

Боксшылар жекпе-жекке арнайы шортимен және өкшесіз спорт аяқ киіммен шығады. Кәсіби боксшылар шортидың ішінен қорғаныш бандаж киеді. Әуесқой боксшылар арқаның арқаға соқтыққанда жарақат алмауы үшін жеңсіз жеңіл кеудеше және қорғаныш бас киімін кию қажет. Ал кәсіби боксшыларға кеудешесіз және қорғаныш бас киімінсіз жекпе-жекке шығуға рұқсат етіледі. Кәсіби немесе  әуесқой боксшы болсын ерін мен тістерін жарақаттан сақтау үшін жекпе-жек кезінде боксышының аузында болатын - резеңкелі пластинадан немесе жұмсақ пластиктен жалалған капу қолданады. Боксшыға капаны жекпе-жек кезінде өз бетінше алып тастауға рұқсат етілмейді.[3]

2.3. Әлемдік деңгейде мойындалған Қазақстанның кәсіпқой боксы

Қазақстанның бокс мектебі әлемдік деңгейде әлдеқашан мойын-далған. Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары секілді байрақты бәсекелерде отандастарымыздың мол олжаға кенелуі жоғарыдағы сөзіміздің айқын дәлелі. Әрине, кезінде дұрыстап ден қойғанда олардың көбі кәсіпқойлар арас

10

ында да атой салатын еді. Алайда КСРО-да спорттың бұл түрімен айналысуға қатаң тыйым салынды. Тек Одақта ғана емес, социалистік бағыттағы мемлекеттердің барлығында да осындай шектеу қойылды. Сондықтан да біздің былғары қолғап шеберлерінің кәсіпқой рингте бақ сынау мүмкіндігі болған жоқ.

Ұлы империяның шаңырағы шайқалып, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін жоғарыдағы кедергілер жойылды. Сол кезде бірсыпыра боксшымыз кәсіпқой рингті жағалады. Бірақ ол кезде көпшілік бұл саланың бүге-шігесін білмей, істің мән-жайын толық түсінбеді. Соның салдарынан оңбай опық жеді. Жөні түзу промоутерлерге жолықпағандықтан, жерлестеріміздің дені рейтингтік жекпе-жектер өткізумен шектелді. Тағы біреулер түрлі алаяқтардың арбауына түсіп, өз несібелерінен қағылды. Шаршы алаңда қан-жоса болып жұдырықтасқан жігіттер бақыр тиынды қанағат тұтса, пысықайлар солардың арқасында мол олжаға кенелді. Осылайша шетел асқандары түк бітірмей елге оралды. Не ақша жоқ, не абырой жоқ. Бір сөзбен айтсақ, қазақстандықтар арасында кәсіпқой рингте өзін түбегейлі мойындатқандар ұшыраспады. Тіптен аса ауыр салмақта күш сынасқан Александр Мирошниченко сынды даңқты боксшымыздың өзі бастапқы бәсекелердің бірінде ойсырай ұтылып, былғары қолғабын шегеге ілуге мәжбүр болды.

Азия аумағындағы жарыстарда Вадим Присяжнюк, Бақытжан Аманбаев, Талғат Түсіпов, Серікжан Ешмағамбетов, Қанат және Мұрат Сиқымбаевтар сынды бірқатар жігіттер түрлі белбеуді иеленді. Алайда әлемдік деңгейде мойындалу үшін бұл жеткіліксіз еді. Өйткені кәсіпқой бокстың отаны – АҚШ. Алдына биік мақсат қойған мықтылар көбіне-көп мұхиттың арғы жағына барып, бақ сынауды құп көретін. Алысқа баруға мойындары жар бермегендер қарт құрлықтың қақ ортасында орналасқан Германияда өнер көрсетті. Ал Азия немесе Қазақстан аумағында жұдырықтасып жүріп, зор бедел жию мүмкін емес еді.

Отандастарымыз арасынан кәсіп¬қой рингте өзін түбегейлі мойындатуға ең алғаш талпыныс жасаған Василий Жиров екені мәлім. 1996 жылы Атлантада айды аспанға шығарып, бас жүлдемен қоса Баркер кубогын олжалаған ол көп кешікпей кәсіпқойлар арасында бақ сынауға бел буды. «Балқаштың барысы» атанған бұл жігіт арада үш жыл өткеннен соң бірінші ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. 1999-2002 жылдар аралығында ол сол атағын алты мәрте сәтті қорғады. 2003 жылы америкалық Джеймс Тоуниден ұпай санымен ұтылғаннан кейін Жиров аса ауыр салмаққа ауысты. Бұл мүлде қате шешім болды. Алыптармен айқасуға жерлесіміз даяр болмай шықты. Қатарынан үш мәрте нокаутпен ұтылған Василий 2009 жылы былғары қолғабын шегеге ілді. Одан кейін Марат Мәзімбаев шықты. Ол да өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты.

11

Материалды жүктеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!