Материалдар / Болашағын өзгеретін орын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Болашағын өзгеретін орын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептен енді шығып, үлкен өмірге аяқ басатын жасөспірімдерге кеңес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2021
207
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Болашағын өзгеретін орын»



Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң,

онан да көп оқу керек.



Дмитрий Иванович Писарев

Өмірімізде балалық шағымызда мектепке баратын уақыт келеді. Сол уақытта біз өзгеріп, білім алып әрі қарай дамимыз. Бастауыш сыныпты аяқтап жоғары сыныпқа өткеннен кейін өзімізді үлкен сезініп, өз өмірімізді ойластыра бастаймыз. Ал мектептен кейінгі аяқ басатын жер ол жоғары оқу орны. Өмірімізді түбегейлі өзгертетін, болашағымыз қалыптасатын орын. Өйткені жанымызға жақын, сүйіп жасайтын мамандық таңдап әрі қарай сол бойынша білімімізді шынықтырамыз. Қоғамның бір мүшесі болып, Отанымызға деген өз пайдамызды тигізе аламыз. Жыл сайын қазақстандық жоғары білім беретін оқу ордаларына 100 мыңнан астам мектеп түлектері оқуға түседі. Олардың барлығы, ең алдымен өзіне қажет ЖОО орнын таңдау мәселесіне тап келеді. Осы орайда мен өзімнің таңдаған оқу орным жайлы айтқым келеді. Мен 2017 жылы 9 – шы сыныпты аяқтап, ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі» оқу орнына «Бастауыш білім беру» мамандығына түстім.









Бұл колледж 1997 жылдың қыркүйек айынан бері білім беру қызметі. Өзінің 23-жылдық тарихында Қазақстан Республикасының әр түрлі салаларында жұмыс істейтін 6000-нан астам білікті мамандар шығарды. Біздің оқу орнының тарихына көз жүгіртсек 1997 жылы Ақтау қаласында Гуманитарлы-экономикалық колледжі құрылды. Колледж құрылтайшысы – педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, профессор М.Х. Қаламқалиев. Бұл жылы колледжге 111 оқушы қабылданды. Сол аздаған оқушыдан қазіргі уақыттағы неше мыңнан асқан оқушы оқып бітірген, өмірден өз орнын тапқан азаматтарды тәрбиелеген білім ордасы. Колледждің қазіргі директоры Әсел Мұхитқызы Қаламқалиева оқып жатқан студенттердің еш алаңсыз толықтай білім алуларына бар жағдай жасайды. Жыл сайын қабылданатын оқушылар өсуде және әрі қарай осылай жалғасады деген ойдамын. Өйткені білім беру сапасы еш жерден кем түспейтін бұл оқу орнында жоғары білікті оқытушылар білім береді.

Колледжде өнерлі студенттерге арналған «КДМ» клубы жұмыс жасайды. Осы клубтың мүшелері талай сайыстарға, олимпипдаларға қатысып, жеңімпаз атанған. Колледжімізде жыл сайын дәстүрлі түрде «Қыз аруы», «Жігіт сұлтаны», «Күзгі бал», «Болашақ аруы» т.б сайыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылып тұрады. Осындай сайыстар арқылы колледж таланттылары мен дарындыларын анықтай аламыз.

Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, дарындылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымы комитеті жұмыс жасайды. Оған колледждің өнерлілері мен дарындылары қатыса алады. Онымен қоса комитетке еріктілер ұйымы да кіреді. Ол жерде жастар қайырымдылық шарасымен айналыса алады. Үлкенге құрмет, кішіге ізетті үйренеді. Колледжде студенттер сенаты, студенттер кеңесі, студенттер ғылыми қоғамы ашылған. Жалпы айтқанда, колледжде өтетін барлық іс-шара жастардың қатысуымен жүзеге асады. Колледж студенттері тек өнермен шектелмей көптеген ғылыми сайыстар мен конференцияларға қатысып жүлделі орын алады. Қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысатын студенттерге әрдайым оқытушылар, жетекшілер жан-жақтан өз көмектерін көрсетеді. Бұл колледждің оқытушылары студенттерді бір кабинетке отырғызып қоймай, өз уақытында әр түрлі көрме, саяхаттарға шығарып, сабақты табиғат аясында да өтеді. Осының барлығы білімге құштар талапкерді тәрбиелеп өмірдегі өз орнын табуға көмектесу. Болашақ адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін мекен. Сондықтан да мен тек Болашақты таңдап өзімнен кейінгі бауырларыма және достарыма кеңес беремін!



Автор: Каменова Сара








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!