Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№30 «Гүлдер»бөбекжайы
МКҚК әдіскері
Туресаева Венера Булатовна
БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ СЕЗІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
/Халық даналығы/
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, атаана
тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі
тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие
бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді
ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық,
инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді
жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері
анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан –
жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала
бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі,
тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.
Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына «Балалардың бойында рухани –патриоттық сана сезімді
қалыптастыру» бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстар маңызды орынды
алып отыр. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің
жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, балабақшаларда
ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына
сіңіре отырып, жан– жақты тәрбиелеу мақсатында білім беру бағдарламалары
негізінде жұмыс жүргізілуде.Осы бағдарламаларды қолдану арқылы
балалардың ерік-жігерінің қалыптасуына,өздігінен ізденуіне, жеке тұлға
ретінде дамуына назар аударылады. Халқымызда «баланы жастан» деген
дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе
жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре
білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен
үлесіміз. Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың
ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр. Олардың
қатарына туыстық, Отан мәңгілік түбегейлі ұғымдар жатады. Мектепке 63
дейінгі
жастан
бастап
балалардың
жоғары
рухани
және
моралдықпсихологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек, олардың ішінде
отансүйгіштік ерекше орын алады. Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты. Мұнда
басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан» ұғымына өмір сүру
жағдайы кіреді, атап кеткенде аумақ, климат, табиғат, қағамдық өмірдің
ұйымдастырылуы, тіл және тұрмыс ерекшеліктері, деген ұғымдардан
құралады. Патриот болу - өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну. Осы
күрделі сезім балалық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын
бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады. Басқа сезімдер сияқты
отансүйгіштік сезіміне ар адам жеке ие болады және осы сезімді жеке сезеді.
Осы қасиет адамның рухани байлығымен, сезіну тереңдігімен тікелей
байланыста болады. Патриот болмаған мұғалім баланы отансүйгіштікке
тәрбиелей алмайды.Отансүйгіштікке тәрбиелеу баланы осы сезімге
мәжбүрлеу емес, керісінше осы сезімге жетелеу, баланың сана-сезімін ояту.
Себебі отынсүйгіштіктің түбінде тұлғаның рухани өзін-өзі анықтау жатады.
Әр мектепке дейінгі білім беру мекемеде ұлтжандылыққа тәрбиелеу келесі
бағыттарда
жүзеге
асырылады:
рухани-адамгершілік,
әлеуметтік,
эстетикалық, өлкетану, еңбек, интеллектуалдық, отбасылармен жұмыс істеу
және т.б. Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы
жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік
рәміздерге, халықтық салтдәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. Қазақстан
Республикасының білім беру саласы бүгінгі басты міндеттерінің бірі-ұлттық
ерекшеліктерді ескере отырып, жас бүлдіршіндерге терең білім мен тәрбие
беру керек деген. Мектепке дейінгі тәрбиенің оқу стандарты бойынша
«Үлгілік оқу» бағдарламасында ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени –
тарихи дәстүрлері кезінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық,
мәдени және адамгершілік құндылықтарын дамыту міндеттері кіргізілген.
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бағдарламаларға сүйене отырып,
өзіміздің білім мен тәрбие беріп отырған балабақшамызда халық
педагогикасы негізінде жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті
мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі
міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт
болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге
жататыны кімге болса да аян. Халық даналығы атадан балаға мұра болып
қалатын ізгілікті іс-әрекеттің де тәлімді үлгісі. Қазіргі кезде егемен елімізде
білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алуда. Қазір білім мен ғылым саласында инновациялық педогогикалық
технологиялар қаншалықты маңызды болса,мектеп жасына дейінгі
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде халық даналығын меңгертуде
инновациялық сөйлейтін қаламды заманауи әдіс ретінде өз жұмысымда
кеңінен пайдаланудамын. Интерактивті оқуәдістемелік «Даналық әліппесі»
кешені балаларға, отбасы 64 тәрбиесіне арналып әзірленді. Құрамында
әдістемелік нұсқаулығымен бірге,12 кітабы бар: «Халық әні», «Қобыз үні»,
«Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық
тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөзі», «Билер сөзі», «Аталар сөзі» және
«Бабалар батасы», «Сөйлейтін қалам бар». «Сөйлейтін қалам» қағаздағы
мәтінді дыбыстайды, қолдануда қарапайым және ыңғайлы. Халық өнері мен
шығармашылығының озық үлгілерін қолдану арқылы ұлттық тәрбие және
ұлтжандылыққа тәрбиелеуді қайта жаңғыртып, таратудың бірегей жолы.
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие
болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ
өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет
көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен
ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім
буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет
етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің
негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына
дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қай ел, қай қоғамда болмасын адамзат
баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға
ұмтылған ұлт ең алдымен келешек ұрпаққа оқу-білім және өнегелі тәрбие
беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының
елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін, тарихи ұлттық құндылықтарын
қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап,
өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап, қолдауын пайымдайтын көрсеткіші
болып табылады. Халықта «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет
кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың»
деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық қасиеттермен үлкенді сыйлайтын ұрпақ
тәрбиелеуде тәрбиешінің ролі зор.