Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Болашақтың кілттері әдіс-тәсілдер мен стратегиялар кешені
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы
«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
Жобаның аты: «Болашақтың кілттері» ойлауды талап ететін комплексті стратегиялар кешені.
Бағыты: «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы...» ғылыми-жаратылыстану бағытындағы география пәні.
Аты-жөні: Абдраманова Алия Пиримбетовна
Тарих-география пәні мұғалімі
Мекен-жайы: Жетісай қаласы, Құлбаев 10/1
Тел: 8778-774-12-19
e-mail: abdramanova-aliуa@mail.ru
Жетісай-2018
Аннотация
«Педогогикалық идеялар фестиваліне» ұсынып отырған, «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы....» ғылыми-жаратылыстану бағыттағы пәндер, география пәнінде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады. Ұсынылып отырған әдістің тиімділігі мен өзектілігі Қазақстан территориясы географиялық орналасуы жағынан аса маңызды тарихи оқиғалар орын алған Еуразия континентінің жер кіндігінде орналасуы. Халқымыздың қалыптасуына елеулі рөл атқарған ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу. «Болашақтың кіліттері» стратегиялық тұрғыда ыңғайластырылып құрастырылған жеті ойлау кілті. Әр кілттің өз мақсаты мен атқаратын функциясы бар. Қойылған мақсатқа жетуге төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделді: шетелдік зерттеуші Т.Райанның әдіснамасына сүйене отырып кешенді жоспар құрылды. Жетістікке апаратын қадамдарды бірте-бірте көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізе отырып, қызықты мәліметтермен бірге түсінуіне жағдай жасау. Бұл әдістің ерекшелігі мен шығармашыл дербестігі: «Болашаққа бағдар» бағдарламасының Рухани жаңғырудың 6 бағыты да қамтылуы. Жүз жаңа есім, жүз жаңа кітап, латын әліпбиіне 2025 жылы көшу, рухани құндылықтар, тарихи әулие жерлердің картасын әлемге көрсету. Қазақстан Республикасының мәдениетін әлемдегі орнын, жалпы әлемге қазақ мәдениетін таныстыру. Салт-дәстүр Ұлы Дала елі деп аталуы. Туған жерін құрметтеу, Отансүйгіштік тәрбие бере отырып, Рухани жаңғырудың төрт кіші бағдарламасын: тәрбие мен білім, рухани қазына, Атамекен, ақпарат толқынын байланыстыру. Әлемнің жеті кереметі, табиғат зоналары мен климаттық, топырақтық ерекшеліктерді ашуда көмекші құрал болып табылады.
Аннотация
В «Фестивале педагогических идей», «Различные классы, но в каждой руке подпись мастера ...» являются научно-естественными предметами. Эффективность и актуальность предлагаемого метода на уроках географии заключается в том, что территория Евразийского континента расположена на фоне важнейших исторических событий в географическом расположении Казахстана. Содействие нашей национальной традиции, которая сыграла значительную роль в формировании нашего народа. «Future Keys» - стратегические ключевые слова, которые являются ключевыми для семи продуманных стратегий. Каждый ключ имеет свою функцию. Достижение поставленной цели было достигнуто с помощью комплексного плана разработанный на основе методологии иностранного исследователя Т. Райана. Постоянно демонстрируя шаги, которые помогают ученикам понять каждую тему с увлекательным языком. Особенность и творческая автономия этой техники: включает в себя 6 направлений программы «Модернизация общественного сознания:Взгляд в будущее»- «100 новых имен», «100 новых книг», латинский алфавит в 2025 году, духовные ценности, карта исторических достопримечательностей . Презентация культуры и традиции Великой степи для всего мира, уважение к Родине, патриотическое воспитание. Опираясь на 4 малые программы духовного обновления: образование и знание, духовное сокровище, Атамекен , использую как информационную связь и как наглядный материал при изучении семи чудес Света, природных зон и климатических особенностей почвы.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі
негізгі тұлға-Ұстаз.
Мақсатым: Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерім мен стратегияларымды таныстыру, бұл әдіс-тәсілдерді өз пәніме ыңғайластырып жаңадан қайта құрастырып оқушыларыма пәнді терең меңгеруіне жағдай жасау. Көмекші сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушының талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілеттерін ашу.
Алдыма қойған міндетім: жетістікке апаратын қадамдарды көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізу, тарих-география ауызша пәндер болғандықтан түсіну, ұғыну барысында оқушылармен бірге талқылау, ең бастысы алдында орындалған жұмыс пен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді тексеру.
Ұсынылып отырған әдістерді сабақтарда қолданып келемін. Жоспарлаған кезде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ерекше көңіл аудардым.
Өзектілігі: Түсініктемелерді тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін қадамдар, түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы және жауабы, логикалық ойлау арқылы неге қол жеткізе алатынын көрсету.
Шығармашыл мұғалім –жаңашыл тұлға. Қажет ету мотивтері жоғары болуына байланысты жаңа идея ойлап табу, қолданып көру-оның күнделікті кәсіби міндеті екенін түсіне отырып, оқушыларды сын тұрғысында ойлауға жетеледім.
Сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
-
Тиісті ақпарат жинау
-
Дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалау
-
Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар
-
Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар
Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуы, біз алаш ұрпағымыз әрі қарай білімімізді жетілдіру, жанын құрбан еткен батырларымыздың үмітін ақтағанымыз болып табылады. Әрбір ұлттың болашағы өсуі, рухани мәдени, өркениетті дамуы түп қазығы, жер ұйығы-мектеп және ұстаз.
«Болашақтың кілттері» әдісі, бұл әдіс Т.Райанның «Дананың кілттері» ойлауды дамыту құралдары негізінде ыңғайластырылып құрастырылған 7 кілт.
Тони Райан жасаған тәсіл – ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекеттер кешені. Ал менің ұсынып отырған «Болашақтың кілттері» Рухани жаңғыру негізінде құрастырылған жеті кілт болып табылады.
-
«Рухани жаңғыру» кілті жасырылған сөзді болашақта қалай елестетесіз, көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
-
«Ұлы Дала елі» кілті Дала мәдениеті мен өркениетін еске түсіріңіз, ұлттық тәрбие мен болмысымыз, діліміз бұл қанға сінген қасиет
Мыс: қыздарымыз ұяң, ұлдарымыз жігерлі, қайратты.
-
“Егер де....” кілті
«Егер де» деп басталатын сұрақты қойып, бүгінгі жасырылып отырған сұрақтың маңыздылығын жариялаңыз. -
“Жөнсіздік” кілті қателік дұрыс емес, қарама-қарсы сөз
-
“Жаңа дизайн, қиыстыру” кілті салыстыруға бағытталған
-
«Әліпби» кілті сөздердің тізімін а-дан я-ға дейін тізбектеңіз, егерде латын әліппиімен жасырсаңыз тіптен керемет. Әріптерді қанша алса да қалағанша қолданса болады, бір әріп екі рет келуі мүмкін.
-
“Конструктор” кілті бір бөлігін ғана ашуға рұқсат
Оқушыларды: тарихи жәдігерлер мен шежіре естеліктерді жинауға, көзқарасы мен пікірін дәлелдей білуге, дәлелдерді қолдана отырып сұрақтар қоюға, дәйекті ойлауға, пәндік қиындықтарды шешуге, тарихи заңнамалар мен жарғыларды салыстыру айырмашылықтары, ерекшеліктері, ұқсастықтарын талқылауға, тез және берік есте сақтауға үйретуді көздедім.
« Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау күрделі міндеттермен қатар, анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды »
Бұл тұста сын тұрғысынан ойлаудағы сабақтың мақсаты оқушының дамуына бағытталған, өздік ізденіс, ақпаратты іс-әрекетке асыру, талдау, жинақтау және бағалау, мұғалім мен оқушы байланысы ынтымаққа негізделгенін түсіндім. Оқу мен жазуда сыни тұрғыда ойлауды дамытуға сәйкес жауапкершілігі бар, ақыл-ой үрдісі, өмірде мәселені шешетін, ұқсас ойлардың мақсатқа пайдалысын таңдайтын, өзінің жеке пікірі қалыптасқан, ақылмен жүретін азаматтар дайындалады осыған жету үшін мен білімді оқушыға шебер жеткізуім керектігін ойладым.
Бұл әдістің ерекшелігі мен шығармашыл дербестігі: 2017 жылы
12 сәуірде қабылданған «Болашаққа бағдар» бағдарламасының Рухани жаңғырудың 6 бағыты да қамтылуы. Жүз жаңа есім, жүз жаңа кітап, латын әліпбиіне 2025 жылы көшу, рухани құндылықтар, тарихи әулие жерлердің картасын әлемге көрсету. Қазақстан Республикасының мәдениетін әлемдегі орнын жалпы әлемге қазақ мәдениетін таныстыру. Салт-дәстүр Ұлы Дала елі деп аталуы. Туған жерін құрметтеу, Отансүйгістік тәрбие бере отырып, Рухани жаңғырудың төрт кіші бағдарламасын: тәрбие мен білім, рухани қазына, Атамекен, ақпарат толқынын байланыстыру.
Мен мектептегі тәжірибемде оқушылардың біліміне бақылау жасадым. Топтық жұмыс, жеке жұмыс жасауда әр оқушының ойын тыңдап бақыладым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - басқа модульдермен тығыз байланысты модуль, себебі оқушылар топта зерттеушілік әңгіме жүргізу барысында,бір-біріне сұрақ қойған кезде, бір-бірін бағалау кезінде сыни тұрғыдан ойланады.Сын тұрғысынан ойлау–бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алатынын сезіндім.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар қарсы пікір айтуға, шешімдерді қабылдауға, ойлауға үйренеді. Топтық жұмыс жүргізу барысында олармен еркін қарым -қатынасты ұстанып,сыни ойлана алуға жағдай жасауға тырыстым. Бұл тұста сыни ойлана алатын оқушы мұғаліммен тең әрекеттесе алады екен. Сабақтың мазмұнын түсіндіру барысында әр оқушының деңгейі мен ойлауын ескеріп отырдым.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын. Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.
Бұған арнайы «Ауыл - Ел бесігі» жобасының
іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке
қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек. Бойскаут
қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып,
мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз
жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері
бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту
керек.
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және
еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы - Тәуелсіз
мемлекетіміздің мәңгілік
мұраты.
Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты - халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Әрбір елдің менталитеті, дәстүрлі тағамдары, сусындары, өндіретін тауарлары сияқты өзіндік ерекшеліктері, бір сөзбен айтқанда – ұлттық брендтері бар. Осы жаңалықтарды оқушыларға лекция түрінде емес есте қаларлықтай түсіндіре отырып өзері шеше алатын жолдарын ұсынсақ сындарлы білімге жеткеніміз. Сындарлы білім дегеніміз-бүгінгі алып отырған білімдерін болашақта өмірде қолдана алу болып табылады.
Сабақта диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға көп көңіл бөлдім.
Диалогтік оқытуға түскенде оқушылар бір-бірлеріне көмектесіп әр түрлі диалог құрастыра отырып білімдерін арттыра алады. Сабақтың барлық бөлімдерінде мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалогты қолдандым.
Болашақта сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модулін басқа модулдермен қоса қолдану арқылы оқушылармен кері байланысты одан әрі жетілдіруге жағдай жасаймын. Тәжірибе барысында белсенді ата-аналарды басшылыққа алып, пікірлерін тыңдадым, олармен кездесіп, көптеген мәліметтер алдым. Балдарының үйде тарих, география сабақтарына деген дайындығы жоғары екендігін айтты, топтық жұмыс жасауда өзінің керек екендерін түсінген, өзінің құндылығын анықтағанын байқадым және басқа сабақтарда осылай өтілсе деген сөздерін айтыпты. Оқушылардың ойымен санасу мен үшін құнды, себебі алда болашақта жоспар құруыма қажет. Бұл әдісті басқа да ұстаздарға өз жұмысымда тиімді жан-жақты қолдануына болады, осы іс-тәжірибемді алмасқым келеді. Оқушылардың өз жұмысына кері пікір жазып, рефлексия жасауға қабілетін арттыра отырып, сыни тұрғыда ойлауын дамытамын.
« М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Сырға толы Сырдария»
Сынып: 10В
Пән мұғалімі: Абдраманова Алия
Жетісай-2018ж
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Сырға толы Сырдария» |
Мұғалімнің аты-жөні: Абдраманова Алия |
|||||
СЫНЫП: 10 В |
Қатысқан оқушылар саны:18 |
Қатыспаған оқушылар саны: - |
||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
Сырдария өзені тарихы, географиялық орны, флорасы мен фаунасы және экологиялық проблемалары туралы білу, арнайы жарнама ұйымдастыруды түсіну. |
|||||
Сабақ мақсат тары: |
Барлық оқушылар: Сырдария өзені туралы жалпы мәліметтерді біледі Оқушылардың басым бөлігі: Өзендер жүйесін, ұғымын байланыстыра алады. Кейбір оқушылар: Ажыратып, жіктей алады. |
|||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Өтілетін тақырыпты анықтайды. |
|||||
Тілдік мақсаттар: |
1.Терминдер Вето, импичмент, автохтонды 2. Кесте толтыру. (Оқытылым,айтылым,жазылым,тыңдалым) 3. Диалогтармен жазу үшін қолданылатын тіркестер. Дәптерге жазу. |
|||||
Құндылық тарға баулу |
Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, әдебиет, география, дүние жүзі тарихы |
|||||
Алдыңғы білім |
Өтілген тақырыппен байланыстыру. Сыныпта өткен білімді пысықтау тапсырмаларын орындау. |
|||||
Сабақ тың жоспар ланған кезең дері |
Сабақ барысы : Сәлемдесу. Түгелдеу, тазалыққа мән беру Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурс тар |
||||
Сабақ тың басы 13 минут |
2 мин 38 мин |
Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық Бір жадырап қалайық. Қонақтарды қарсы алып. Күлімдеп қарсы алайық.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, тазалыққа мән беру. Оқушыларды жасыл, көк, қызыл жүрекшелер арқылы топқа бөліп аламыз.
Жүрекшеге бөлу мақсатымыз жүректен-жүрекке жылы сөздерімізді айтып жақсы көңіл күймен сабақты бастау. Жасыл жүрекше қазақ тілінде, көк жүрекше орыс тілінде, қызыл жүрекше ағылшын тілінде ізгі бір ауыз лебіз-тілектерін білдіреді.
Бұл кезеңді « Ақсүйек ойыны » арқылы бастау. Ақ сүйек ойынын бастамас бұрын «Болашақтың кілттері» әдісін қолдану. Еске түсіру сәті, «Ұлы Дала елі» кілті, қазақ өркениетінің негізгі ерекшеліктерін көрсету. Ары қарай әр топқа сұрақтарды беру 1-топ Сырдария өзенінің тарихи деректерде аталуы 2-топ Сырдария өзенінің географиялық орны мен ерешелігі 3-топ Сырдария өзенінің флорасы мен фаунасы туралы не білеміз?
|
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |