Материалдар / Б.Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Б.Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Соқпақбаев. «Менің атым -Қожа» повесі 6-сынып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
1043
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: қазақ әдебиеті Сынып:6 «ә» Күні:20.02.2018.

Тақырыбы

Б.Соқпақбаев. «Менің атым -Қожа» повесі

Жалпы мақсат

Оқушыларға мәтіннің мазмұны мен мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Рөлдік ойын арқылы мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру, сыни тұрғыда ойларын,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету .


Мақсаты

- Оқушылар мәтіннің мазмұны түсініп, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ашып айтады;

- Оқушылардың мәнерлеп сөйлеу дағдыларын артады;

- Оқушылар сыни тұрғыдан ойларын, пікірлерін еркін айтып, өз көзқарастарын дәлелдейді;


Күтілетін нәтиже

-Ашық сұрақтар арқылы интерпретация жасап,оқу материалын еске түсіріп,қысқаша баяндай алады.;

- Берілген тақырыпты бойынша рөлде ойнай алады;

- Сұрақтарға болжау жасайды алады;

- Бес жолды өлең құрастырып,кейіпкерге баға бере алады;

- Кейіпкерлерге мінездеме беріп,салыстырып,баға бере алады;


7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,“Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл”ашық сұрақтар әдісі, РАФТ- әдісі, «Құпия ұяшық» -әдісі,Синквин -әдісі, «Венн диаграмма» әдісі.



Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі







Амандасу

Шаттық шеңбері:

Оқушылар сын есімді қоладанып өз аттарын айту.

Менің атым...

Мен ақылды Айгүлмін, мен талатты Талғатпын т.б.

Топқа бөлу.Топқа бөлу үшін оқушыларды санатамын. 1,2,3,4-топқа бөлу.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңбер:

Менің атым...

Мен ақылды Айгүлмін ,мен талатты Талғатпын т.б.

Оқушылар сын есімді қолданып өз аттарын айтады.

Оқушылар шеңбер болып тұрған бойда 1,2,3,4 -деп санап топқа сандары арқылы бөлінеді.

Білу

Түсіну

«Миға шабуыл» әдісі





І.Қызығушылықты ояту.Жеке жұмыс

1.Б.Соқпақбаев кім?

2.Б.Соқпақбаев қандай қызметте жұмыс істеген?

3.Б.Соқпақбаевтің қандай шығармалары бар?

4.“Менің атым-Қожа” повесі қай жылы жазылған?

5.“Менің атым-Қожа” киносы қай жылы түсірілген?


Ашық сұрақтар

1.Өздеріңе қандай есімдер ұнайды?Ат қою туралы қандай озық дәстүрді білесіңдер.

2. 2.Майқанова жайында Қожада теріс пікірдің қалыптасуына не себеп болды?

3.Оқулық сатып алудағы Қожаның ісі дұрыс па?

4.Қожаның лагерьге жолдама сұрауына кімнің ісі желеу болды, тілегінің орындалмағанына сынып

жетекшісі кінәлауы дұрыс па?

5.Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға әсер етті ме, қалай әсер етті?

6.Қожаның шын аты кім?

7..«Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі? Мұны естігенде Қожа неге таң қалды?

8. Қожа анасына соңғы рет қандай уәде берді? Қайтсе тентектікті тежеуге болады екен?

9..”Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салут үшін ауылда қалатын болдың”. Кімнің сөзі?

10. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда

кездестіріп еді?

11. Қожаны тентек деп айтуға болама? Пікіріңді нақты дәлел арқылы дәлелде.

12. Оның зеректілігі мен ақылдылығын неден көруге болады?

13. А.С.Пушкиннің “Қысқы кешін” өте жақсы жаттап айтқан оқушы кім?

14. Сабаққа дайындалмай келген Қожаның әрекеті қандай? Ал Жантас ше?

15. Қожаның құпия кеңесін әжесі неге жорыды? Қатты қорыққан әжесі

кімді ертіп әкелді?

16. Майқанованың сумкасына бақа салып қойған кім?

17. Жеке бас құпия кеңесін өткізген кім?

Оқушылар Кім?Қандай?Қашан? сұрақтарды негізе ала отырып, мағұлматтар мен деректерді еске түсіреді.










Ашық сұрақтар арқылы интерпретация жасап,оқу материалын еске түсіріп,қысқаша баяндайды.

Қолдану

Талдау

1.«РАФТ» –әдісі.

ІІ.Мағынаны тану.Топтық жұмыс:

1-топ: ”Менің атым...”

2-топ: “Лагерге жолдама”

3-топ: ”Педсоветте”

4-топ: “Құпия кеңес”

Роль- Қожа

Аудитория- Класс

Форма- ішкі ой

Тақырып-

1-топ: Қожа;

2-топ:Жантас пен Қожа

3-топ: Директор мен Қожа

4-топ:Миллат ана мен Қожа

Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады.

1.Берілген тақырыпты бойынша рөлдік ойын көрсетеді.





2.«Құпия ұяшық»

әдісі

1.Бұл қай сәт?
“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”

2. Бұл қай сәт?

Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

3.Бұл қай сәт?
“Маңдайдан буым бұрқырап,есік
алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

4.Бұл кім?

Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

5. Бұл кім?

Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.” 6 Бұл кім?
“ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр.”

7. Бұл кім?

Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”

8. Бұл кім?

Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”

9. Бұл кім?
“Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”


2.Берілген тақырып бойынша сұрақтарға болжау жасайды.



Жинақтау

Бағалау

«Синквин»

«Венн диаграмма» әдістері.


ІІІ.Ой қорыту.Жұптық жұмыс.

1-2 топ.Синквин әдісі: 5 жолды өлең
Кім? ( зат есім) 1 сөз
қандай? (сын есім) 2 сөз
Қайтті? (етістік) 3 сөз

Сөйлем (кім туралы) 4 сөз
Қорытынды сөз 5 сөз


3-4 топ.Винн диограмма әдісі:
Қожа мен Жантас

Shape1 Shape2 Shape3






1-2 топ.Берілген тапсырма бойынша жұппен бес жолды өлең құрастырып, кейіпкерге баға береді.





3-4 топ.Берілген тапсырма бойынша

Жұппен кейіпкерлерге мінездеме беріп,салыстырады, кейіпкерлерге баға береді.

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек.

Әр топ бағалау парақшасына өздерін бағалайды.

Рефлексия:

«БББ» әдісі

Білетінім-----------

Білдім--------------

Білгім келеді----------


Оқушы сабақ барысында өз бойына алған әсерін үш сөйлеммен жазады.



Кері байланыс:

«Табыс баспалдақ»

әдісі

«Табыс баспалдақ» әдісі.

Оқушылар кері байланыс арқылы бүгінгі сабақта табыс баспалдағының қай сатысына көтерілгенін және себебін, ұсыныс тілектерін жазады.




Үйге тапсырма

«Бақытты балалық” атты ойтолғау.


«Бақытты балалық”

атты ойтолғау жазады.












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!