БҰДАБАЙ ҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Еділбаева Аяжан Ержанқызы, ББ «Тарих» 4 курс
Жетекшісі: Биназарова Назым Нурлановна
Қазақ әдебиетінің тарихында Бұдабай Қабылұлының аты аталады, жоғары мектеп оқулығында ақын шығармашылығына қатысты да тұжырым, түйіндер бар. Ақындық өнерінің өзгеше қырлары, өзіндік сырлары айқын Бұдабай Қабылұлының әдеби мұрасы арнайы ғылыми еңбектің нысанына айналдыру арқылы өлең тұнған, өзгеше бай өңір – Сыр бойы ақындығының сан тарау жолдарындағы Бұдабайдың дара үнін, өзіндік сара соқпағын көркемдік негізде кеңінен ашып, айқындауға бет бұрамыз.
Соңғы жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды іс-шаралар жалғасын табуда. Осындай игі істер қатарында Қызылорда облыстық әкімдігі жоспарымен Сыр бойы ақын-жырауларының шығармалары «Сырдария кітапханасы» көптомдығына жинақталып, қайта өңделіп, баспа жүзін көруде. Осы жинаққа енген айтулы Сыр бойы ақындарының қатарында Бұдабай Қабылұлының әдеби мұрасын бір том етіп шығару ісі қолға алынды. Біз осы игі істе ақын мұрасының қалтарыс қалған тұстарын ғылыми айналымға қосуды өз парызымыз санадық.
Сөзімізді қорыта келгенде, Бұдабай Қабылұлы – қазақ әдебиетінің тарихында сөзі өткір: терме, арнау, өлең, толғау айтқан; жоқтау жанрында өзіндік ағыс қалдырған айтулы ақын. Оның сан қырлы ақындық өнерінің өрісі өзі туып-өскен Сыр өңірінің әйгілі ақындық, жыршылық, жыраулық мектебімен сабақтасып жатқан, тамырын тереңнен алған дәстүрмен суарылған өнерпаздық әлем.
Бұдабай өлеңдерінде адамның жан күйінің астар-сырлары, ізгілік мұраттар, кәрілік пен жастық, не жақсы, не жаманның күйі баяндалып отыруында дәстүрлі ақындық мектептің ықпалы айқын, даусыз.
Бұдабай Қабылұлының шығармашылық мұрасын зерттеуде оның ақындық айналасы, Сыр сүлейлерінің өзіндік көркемдік бағыты туралы ғылыми тұжырымдарды негіз етіп отыру – заңдылық.
Қазақ халқының дәстүрінде тәрбиелiк iс-әрекеттер баланың туған күнiнен бастап, азамат болып, отбасын құрып, ел басқару iсiне араласқан кездерiнде, қала бердi адамды о дүниеге шығарып салуға дейiнгi салт-дәстүрлерде кездесетiн ырымдар мен жол-жораларда iске асырылады. Яғни адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ол халық тәрбиесiнiң өмiршеңдiгiн, үздiксiз жүргiзiлетiн процесс екенiн көрсетедi. Сондықтан да адам баласы дүниеге алғаш келген күннен о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң құшағында өмiр сүредi. Халықтық ырымдар, жол-жоралар жиналып келiп ұлттық салт-дәстүр рәсiмдерiнiң бәрi белгiлi бiр мақсатты көздей iске асырылып, ол ойлар өлең-жырмен өрнектеледi. Өлiктi естiрту, жоқтау, жөнелту рәсiмдерiмен байланысты туған өлең-жырларда да тәлiмдiк мақсат көзделедi. «Өмір бар жерде өлім де бар» дейтін халқымыз өлгенді дәріптеп, еске түсірумен қатар тірі шағында еткен еңбегі мен жасаған жақсылығын кейінгіге үлгі ету мақсатында туындаған «жоқтау» дәстүрінің тамыры тереңге жайылған.
Жоқтаудың дәл қай кезде туып, дәл қай кезде хатқа түскенін нақты айту қиын. Десек те, осы қастерлі дәстүр көшпелілер өмірінде басқа ешбір халыққа ұқсамайтын, өзіндік бағытта, тосын бір жолда қалыптасты, дамыды. Академик Ә.Марғұлан: «Жоқтау ‒ әдебиеттің ең ескі түрі. Оның шығуы үй ішінде, қауым ортасында болған игі адамдардың дүниеден көшкеніне өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылған жыр.
Жоқтаудың ежелгі үлгілері үнді эпосы «Махабхаратада» да, Гомердің поэмасы «Илиадада» да, Мысыр жырларында да кездеседі. Жоқтау үлгісіндегі жырларды ежелгі грек трагедияшылары, сондай-ақ Рим ақындары Катулл мен Вергилий де жазған.
Сонау сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап-ақ біздің түркі бабаларымыз қайтыс болған адамды жоқтап, дауыстап жылап жерлеп келген. Бұл ата дәстүріміз бізде күні бүгінге дейін сақталып қалған.
Жоқтау жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездесіп отырады. Соның бірі – оғыз-қыпшақ дәуірінің (VІІІ-ІХ ғасырлар) ескерткіші «Қорқыт ата кітабындағы» Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының жоқтау жыры. Осындай жоқтаулар ауыз әдебиетіндегі «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» сияқты қаhармандық эпостарда, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты ғашықтық жырларда да ұшырасады. Бұл жоқтау батырдың ел-жұртынан амалсыз айырылған кезінде, жау қолына түсіп дұшпанынан қорлық көрген кезінде туыстарының қайғысымен аралас суреттеліп отырады. Жоқтаудың бізге жеткен көне үлгілері халық тарихындағы болған оқиғалармен сабақтас. Осындай оқиға Қодан тайшының атақты жоқтауымен байланысты халық жадында сақталып қалған. Қара қыпшақ Қобыланды Әбілхайыр ханның қазысы, арғынның әділдігі үшін Ақжол аталған биі Дайырқожаны өлтіреді. Сонда әкесі Қодан тайшының қаза болған ұлының сүйегін айналып жүріп айтқан, «Қара қыпшақ Қобыландыда, Нең бар еді, құлыным» деп басталатын жоқтау арада сан ғасыр өтсе де халық жадында сақталып қалған. Дайырқожа өлгеннен кейін Жәнібек, Керейлермен бірге Шу бойына көшкен Қодан тайшы Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне өз үлесін қосқаны тарихтан белгілі. Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды марқұм болған адамның артында қалған әйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да туыстарының әйелдері айтады. Ел ішіне кең тараған жоқтау жырлары негізінен айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Елге қадірлі, беделді адамның қазасын лайықты жырмен жоқтау оның артындағы қалған ел-жұртына салмақты сын болған. Әдетте, жаттанды сөздермен көпке белгілі жоқтау үлгілері ондай кезде жаңаша айтылып, мазмұны жағынан толығып отырады. Ел есінде сақталған осындай жоқтау үлгілері ауызша тарап, көпшілігі кейінгі ұрпаққа жеткен.
ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жанрлық, көркемдік жаңа бағыттардың дамуымен, жазба дәстүрдің жалғасып, негізделуімен ерекшеленеді. Бұл дәуірде қазақ әдебиеті тарихындағы дәстүрлі негізі даусыз ақындық, әдеби мектеп үрдісі де жаңа көркемдік сипаттармен толыға, айқындала түсті.
Қазақ әдебиеті тарихында Сыр бойы ақындығының айрықша көркемдік орны бар екендігі белгілі. Дәстүрлі шығыстық негізі де, халық әдебиетінің арғы бастауларынан жалғасқан көркемдік негізі де айқын, жаңа, жанрлық толығу, жаңаруды орнықтыруда дара ақындық қолтаңбалар айқын қалған әдеби мектеп, әдеби орталықтың айқын да ажарлы үлгісі болған Сыр бойы ақындығының айтулы шығармашылық тұлғасы Бұдабай Қабылұлы өз шығармаларын жазбаша туғызумен бірге, ауызша айту дәстүрін де қоса-қабат алып отырған ақын.
Бұдабай Қабылұлының есімі әдеби ортада ертеден белгілі болды. Ақынның ел арасының татулығын, бірлесіп мұрат ете отырып, қиын халде көз жұмған Әйеке болысты жоқтау өлеңі ХІХ ғасырдың соңында басылым көріп, қалың елге тарады. Қазақ әдебиетінің тарихында Сыр бойының шашасына шаң жұқпаған саңлақтарымен лайықты түрде бірге аталып келе жатқан Бұдабай Қабылұлының қазақ сөз өнерінің арнау өлең, айтыс өлең жанрында қалдырған туындылары нақтылы көркемдік мәнімен бағалы. Автор айтыс өлеңінің дәстүрлі заңдылықтарына, жанрлық сипаттарына өзіндік тың үлгілер қосты. «Құдаша қызбен жұмбақ айтысы» дейтін айтыс өлеңі, өзінің жырымен, атымен айтысуы – айтыс жанрының ауыз әдебиетінен дарыған мол мүмкіндіктерімен қатар, жаңа дәуірдегі жаңашыл сипаттарын негіздеуде Бұдабай ақынның қаншалықты суреткерлік шеберлік, шығармашылық тапқырлық, көрегендік бағыттар ұстанғанының айқын көрінісі.
Бұдабай арнау өлеңде өсиет, кеңес қосып сөйлеу дағдысымен Сыр бойы ақындық мектебінің өкілі болғандығын айқындай түседі. Базар, Тұрмағанбет сынды Сырдың сұлу сөзден сарай соққан сан саңлағының өнерпаздық өрісінің бір бастауы – шығыстық, исламдық негіздер Бұдабай ақындығының айқын бір арқауы.
Бұдабай Қабылұлының шығармашылық дара қолтаңбасы, өзіндік ақындық өрісі тұтас қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамудың, Сыр бойы ақындығының көркемдік негіз, дәстүрі мен жаңашыл бағыттарының ауқымы аясында зерделенді.
Әдебиет тарихы жеке шығармашылық тұлғалардың шеберлік ауқымы, мүмкіндік өрісі мен дара шығармашылық табыстарынан құралатыны даусыз. Сол мәнде қиын да күрделі, қайшылығы мол дәуірде сөз өнерін саялап ғұмыр кешкен Бұдабай Қабылұлының қазақ әдебиетінің тарихындағы өзіндік шығармашылық орыны, көркемдік арнасы айқын.
Қабылұлының Бұдабай қалың жұртқа жоқтау жырлары арқылы танылған ақын болғандықтан, оның көңіл-қос, жоқтау өлеңдеріне біршама тілдік, көркемдік тұрғыдан талдау жасалды. Бұдабай Қабылұлының әдеби мұрасы, ел арасынан кейінгі кезеңде жиналған өлең сөздері, баспа жүзін көрген шығармалары тұтас қамтылып, ақын шығармашылығы туралы жазылған зерттеу еңбектердің нәтижелері қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі кезеңдегі жеке шығармашылық мұрасын ғылыми негізде игеру бағытындағы әдіснамалық ұстанымдары назарға алынып отырып сараланды. Бүгінгі ғылым талаптары деңгейінде зерделенді. Жұмыс бағытында туындаған ой-тұжырымдар Бұдабай Қабылұлының шығармашылығын танудың жаңа бағыттарын белгілеуге өзек етіп алынды. Зерттеу нәтижелерін ХІХ ғасырдағы әдебиеттің жанрлық көркемдік өрісін тану бағытындағы ізденістерде, әдебиет тарихын оқыту барысында, арнаулы курстарда пайдалануға болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Сейiтжанұлы З. Халық әдебиетi: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 155 б.
-
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
-
Қазыбек Г. А.Васильев – қазақ әдебиетiн зерттеушi. – Алматы: Қазақ универсиеті, 2004. – 199 б.
-
Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз