"Былғары доп" мектепішілік аяқдоп жарысының есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Былғары доп" мектепішілік аяқдоп жарысының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәнінен жас мұғалімдерге өткізілген шараның есебін жазуда көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене шынықтыру пәнінен ұлдар арасындағы мектепішілік шағын футбол жарысы

Шараның мақсаты мен міндеттері:

  1. Салауатты өмір салтын насихаттау;

  2. Оқушылардың дене белсенділігін дамыту;

  3. Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Шараның типі: жарыс

Жарысқа қатысушылар: 5-7- сынып оқушылары

Команда құрамы: 5 адам

Мерзімі: 18.10.2017. сағ: 15.30

Өтетін орны: спорт зал

Шараның барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Құрметті оқушылар, ұстаздар,бүгін өтіп отырған ұлдар арасындағы мектепішілікшағын футбол жарысына қош келдіңіздер! «Шынықсаң шымыр боларсың» деп қазақ біліп айтқан. Денің сау болу үшін, шымыр болу үшін спортпен айналысудың пайдасы зор екенін білеміз. Ендеше ойынның ережесімен таныс болыңыздар:

  • Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуіп жіберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқа ойыншымен алмастыра алады.

  • Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуіп жіберсе, оған қызыл қағаз көрсетілмейді. Футболшы ойынға шыға береді. Бірақ бұл жайт хаттамаға енгізіледі.

  • Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерін алмастырып, «Жаңа қақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғаса береді. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуіне де ескерту қағазы көрсетіледі.

  • Бұрыштама кезінде қорғанушы жақтың ойыншысы биік секіру үшін командаласының көмегіне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылық көрсеткені үшін айып добы белгіленеді. Гол соққан ойыншы жейдесін шешіп, алаң жиегіндегі бөгеттен секіріп кетсе, екі сары қағаз көрсетіліп, бірден ойыннан қуылады. Футболшының бутсасы шешіліп қалып, ол әріптесіне пас берген болса, айып добы белгіленеді.

  • Допты ойынға ауттан қосқанда теңбіл снарядты қарсыласына әдейі лақтырса, төреші айып добын белгілейді де, ойыншыны алаңнан қуады.

  • Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбіл снарядты алаңның арғы жиегіне асырып жіберсе, доп қайта ауттан лақтырылады.

  • Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетіне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Ал қорғаушы ескерту қағазын алады.

  • Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына берген сәтте, теңбіл снаряд өз қақпасына кіріп кетсе, гол саналмайды. Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды.

  • Негізгі және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнан қуылған болса, матч соңындағы пенальти кезінде «Б» командасының бапкері пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды.

  • Айып добы кезінде төреші қолын көтеруді ұмытып кетсе, ал доп ешкімге тимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайта орындалады.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ережемен танысқаннан кейін жеребе суырып, топқа бөлінеді. Ойын басталады.



ІІІ. Қорытынды бөлім:

«Болар бала он бесінде баспын дер» демекші, сыннан сүрінбей өтуге талпынып, ептілік мен шапшаңдық танытқан үш топтың қайсысы мәреге бірінші болып келді екен. Жарыс болғасын жерде бір топ суырылып алға шығары анық. Дегенмен осы жерге келіп додаға түсудің өзі бір жеңіс емес пе? Ендеше, І орын, ІІ орын, ІІІ орын атағы беріліп, арнайы дипло мен сыйлықтар табыс етіледі.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар, жас достар!





Дене шынықтыру пәнінен арасында өткізілген мектепішілік футбол жарысының есебі

06 мамыр күні «Ақсуат» стадионында дене шынықтыру пәні апталығы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған «Былғары доп – 2017» атты оқушылар арасында мектепішілік футбол жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың дене белсенділігін дамыту, Отан қорғаушылар күнін ұлықтай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жарысқа мектебіміздің 7-11-сынып оқушылары қатысты. Команда құрамы 7 адамнан құралды.

Уақытында барлық командалар сапқа тұрып, мұғалім ойынның өткізілу мақсатымен таныстырып, ойын ережесін түсіндірді. Одан кейін сөз алған АӘД пәнінің мұғалімі Сайынов Н.С. оқушыларды мейраммен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жеребе бойынша команда капитандары өз топтарын нақтылады. Ойын үш сағатқа созылды. Ойынға үш топтан барлығы 6 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша І орын -10-11 сынып оқушыларының құрама командасы, ІІ орын – 8а,8б сынып құрама командасы, ІІІ орын – 9а сынып командасы иеленді.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Ж.Байдукешев

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
865
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі