БУЛЛИНГ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БУЛЛИНГ

Материал туралы қысқаша түсінік
БУЛЛИНГ
Материалдың қысқаша нұсқасы
Адамның үйлесімді
дамуы ұлттық институты
Национальный институт
гармоничного развития человека

Зорлық-зомбылықтың ұзақтығына
байланысты зорлық-зомбылық
түрлерін жіктеу

Дәрістің мақсаты:
● тыңдаушыларды
зорлық-зомбылықтың
байланысты
зорлық-зомбылық
түрлерінің
таныстыру.

ұзақтығына
жіктелуімен

Міндеттері:
1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНЕСКО және
психология ғылымы тұрғысынан зорлық-зомбылық түрлерінің
жіктелуін
қарастыру;
2. әсер ету
жіктелуін

сипаты

бойынша

зорлық-зомбылық

түрлерінің
ашу;

3. зорлық-зомбылыққа куә болған педагогтің іс-қимыл алгоритмін
құрастыру бойынша тыңдаушылардың дағдыларын дамыту.

Жоспар

01
Буллингтің негізгі сипаттамалары және оның
алдын алу мәселесі.

02
Мектептегі буллингтің формалары.

03
Буллингтің кезеңдері және оның ерекшеліктері.

04
«Өзіңізді жәбірленушінің орнына қойыңыз» рөлдік ойыны.

Буллингтің құрбанына тән сипаттамаларды атаңыз.

Көбінесе буллинг жасайтын оқушылардың қандай типтік
қасиеттерін білесіз?

Мектептегі жәбірлеудің алдын алу үшін қандай шараларды қолданар едіңіз?

Балалар мекемелеріндегі ұжымда зорлықзомбылықтың екі түрі жиі кездеседі: буллинг және
моббинг.
«Буллинг» немесе «жәбірлеу» деп зорлық-зомбылық
жүйелі сипатқа ие болып, жәбірленушіні өзінің және
басқалардың көз алдында қорлау мен құнсыздандыру
арқылы жәбірлеушінің күші мен беделін нығайту
мақсатымен жүзеге асырылғанда атайды.

Буллинг (ағылш. bullying, bully – бұзық, төбелескіш, сотқар, дөрекі, жәбірлегіш) –
ұжымның бір мүшесінің екіншісін қорлау түріндегі психологиялық зорлық-зомбылық түрі.

Буллинг көріністеріне мыналар жатады:


ауызша агрессия (мысалы, ренжітетін лақап атпен атау: «көзілдірік», «ұзынтұра», «қортық» және т.б.);



сөзбен қорлау (сыртқы келбетке, физикалық кемшіліктерге, оқу үлгеріміне және т.б. қатысты болуы
мүмкін);



кемсіту, мазақ ету;



қорқыту, физикалық зорлық-зомбылықпен қорқыту;



жала жабу;



бопсалау (көбінесе ақша, телефон, басқа да заттарды тартып алу), киіміне, заттарына, оқу құралдарына
зиян келтіру;



оқшаулау, шектеу, елемеу, қарсыласу.

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде қауіпті хабарламалар, фотосуреттер мен бейнематериалдар
түріндегі кибербуллинг кеңінен таралды.

Моббинг (ағылш.: mob-көпшілік) - ұжымның бір мүшесін басқалардың
қорлауы түріндегі психологиялық зорлық-зомбылықтың түрі.

Бұл жағдайда қатарластары өз ортасынан өзгеше, әдеттегідей
емес киінетін, өзін басқаша ұстайтын және т.б. қандай да бір
ерекшеліктері бар құрдасын мазақтап, күлкі етеді.

Ұжымның бір мүшесін қорлауға ұжымның басқа да жаңа
мүшелері қосылып, буллинг моббингке айналатын жағдайлар
жиі кездеседі.

Моббингтің көріністеріне мыналар жатады: бас тарту, түртпектеу, келемеждеу, жала жабу,
түрлі сипаттағы қорлау, ұжымдық ұрып-соғу және т.б.

Буллингтің формалары
Буллингтің формалары:

Физикалық
(итеру,
тепкілеу,
ұрып-соғу).

Әлеуметтік (психикалық)
(бетпе-бет – тікелей қорлау және
кемсіту, елемеу; сырттай –
жәбірленушінің қатысуынсыз, жалған
өсек, қауесет тарату, кибербуллинг).

Буллингтің формалары

Жанама буллинг айқын көрінбейтін әрекеттер арқылы көрініс табады – манипуляциялық мінезқұлық: жалған ақпарат, өсек пен қауесет тарату, адамды қарым-қатынас шеңберінен, бірлескен
іс-шаралар мен ойыннан шығару, бас тарту, елемеу, қарсы шығу.

ДДҰ зерттеуіне сәйкес, литвалық 11 жастағы оқушылардың 64%-ы,
ресейлік оқушылардың 50%-ы, бельгиялық оқушылардың 46%-ы
мерзімді түрде буллингке ұшырайды. Австрияда, Люксембургте
және Шотландияда бұл көрсеткіш 32%, Канада мен Швейцарияда
30%, Францияда 25%-ды құрайды.
Қазақстанға келетін болсақ, 2021 жылы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы
қазақстандық оқушылар арасында сауалнама жүргізді. Бұл ретте 11-15 жас аралығындағы
жасөспірімдер екі ай бойы буллингтің, кибербуллингтің құрбаны болғанын немесе өздері
қатысқанын анықтап жауап берген.

Буллингтің формалары
Сарапшылардың пікірінше, ҚР-дағы әрбір бесінші оқушы жәбірлеудің құрбаны болады.
Сауалнамаға қатысқан 11-15 жастағы жасөспірімдердің шамамен 17%-ы айына бір немесе
одан да көп рет мектепте буллингке ұшырағаны, ал 20%-ға жуығы жәбірлеуге қатысқаны
анықталды. Көбінесе бұл мінез-құлық 11 мен 13 жастағы ұлдар арасында жиі кездеседі,
ал қалалық мектеп оқушылары жиі зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.

Білім беру ұйымдарында буллинг
қатарластар арасында да, әртүрлі
деңгейдегі білім алушылардың қарымқатынасында да болуы мүмкін.

Көбінесе буллинг — бұл саналы түрде жоспарланған ұзақ мерзімді физикалық және (немесе)
психологиялық зорлық-зомбылық, оны тоқтату үшінші тараптың араласуын қажет етеді: директор,
мұғалімдер, мектептің басқа қызметкерлері, оқушылар, ата-аналар, кейде құқық қорғау органдарының өкілдері.

Буллингтің ерекшеліктері және кезеңдері

1

2
3

4
5

буллинг асимметриялы (сәйкес емес, теңсіздік): бір жағында физикалық
және/немесе психологиялық күшке ие зорлық-зомбылық жасаушы, екінші
жағында, мұндай күшке ие емес және үшінші тұлғалардың қолдауы мен
көмегіне мұқтаж жәбірленуші бар;
буллинг қасақана жүзеге асырылады, нақты адамды мақсатқа
алып физикалық және психикалық азап шектіруге бағытталады;

буллинг подрывает у пострадавших уверенность в себе,
денсаулығын, өзін-өзі бағалауын және адамдық қадір-қасиетін бұзады;

буллинг – бұл зорлық-зомбылық жасаушы мен жәбірленушіге
ғана емес, сонымен бірге зорлық-зомбылық куәгерлеріне, ол орын
алған бүкіл сыныпқа (топқа) әсер ететін топтық процесс;
буллинг ешқашан өздігінен тоқтамайды және әрқашан да зардап
шеккендерді, буллинг жасаушылар (қорлаушылар) мен куәгерлерді
қорғауды және оларға көмек беруді қажет етеді.

Буллингтің әрқашан да мынадай мақсаттары болады:

құрбанды
жәбірлеу

бағындыру

оның
қорқынышын
ояту

қорлау

көңіл-күйін түсіру

Хейзинг

Хейзинг — бейресми зорлық-зомбылық
бастамаларына негізделген рәсімдер. Мұндай
рәсімдер көбінесе жабық (әскерилендірілген,
интернаттық, пенитенциарлық (қылмыстық-атқару))
мекемелерге тән, бірақ олар қарапайым мектептер
мен училищелерде де кездеседі, әсіресе егер оларда
басқа қаладан келген білім алушыларға арналған
жатақханалар бар болса жиі орын алады.

Хейзинг те буллинг сияқты, көбінесе жасырын немесе
айқын гендерлік және жыныстық реңктерге ие.

Ересектердің (ата-аналардың және/немесе
педагогтердің, білім беру ұйымы әкімшілігінің)
буллингтік жағдайға араласуының арқасында
зардап шеккен білім алушыларға қажетті
әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілместен,
оларды басқа сыныпқа немесе мектепке
ауыстырып жатады.
Ұзақ мерзімді зорлық-зомбылықтан туындаған терең
психологиялық жарақат болашақта зардап шеккен адамның
жаңа оқу ортасына сәтті сіңісіп кетуі мен әлеуметтенуіне
кедергі келтіруі мүмкін және буллингтің «жаңа орында»
қайталануының себептерінің бірі болуы мүмкін.

Буллингтің кезеңдері
4) Буллингтің төртінші кезеңінде қудалау
орын алады. Зорлық-зомбылық
жасаушылармен кездесуден және тағы да
жарақаттанудан аулақ болу үшін зардап
шеккен оқушылар қатты үмітсіздікке ұшырап,
сабақтардан жиі қалады немесе білім беру
ұйымына баруды мүлдем тоқтатады. Бұл
құбылыс «буллингтің академиялық зияны»
деп аталды.

3) Үнемі шабуылға ұшыраған оқушы
жәбірленушіге айналады. Үшінші кезеңде
басқалар бұл адамды үнемі қорлауға үйреніп,
оны осы жағдайға өзін айыптай бастайды.
Адамның өзі қорланғаны үшін өзін кінәлі деп
сене бастайды. Ол енді өз күшімен жағдайды
жеңе алмайды, күйзеліске ұшырап, қорқынышқа
бой алдырады, моральдық бұзылыстарға
ұшырайды.

1) Буллингтік топтардың түзілуі.
Балалар мен жасөспірімдер ұжымының арасында
физикалық күш көрсету немесе зорлық-зомбылықтың
басқа түрлері арқылы өзін-өзі танытуға ұмтылатын
«көшбасшының» айналасында үстемдікке немесе оны
қорғауға және қорғалуға ұмтылатын «жақтаушылар»
тобы құрылуы мүмкін. Егер зорлық-зомбылықтың
алғашқы көріністері қатаң және батыл түрде
тоқтатылмаса, онда олардың басты бастамашысы,
яғни, «көшбасшысы» өзінің жазасыздығына сенімді
болып, бұл оның жақтастары арасындағы беделін
арттырады және топты нығайта түседі.
2) Жанжалдың күшейе түсуі. Мұғалімдердің
араласпауы, сыныптастарының немқұрайлылығы
зорлық-зомбылық әрекеттерінің қайталануына
мүмкіндік береді, ал зорлық-зомбылыққа ұшыраған
оқушы біртіндеп қарсыласу қабілеті мен ерік-жігерін
жоғалтады. Осындай жағдайдан осалдана түсіп, ол
келесі шабуылдарға жол береді.

Әйелдерге қарағанда ер адамдар агрессивті болып келеді. Буллинг барлық
жастағы ер балалар арасында жиі кездеседі, бұл ұлдар мәдениетінің «қалыпты»
аспектісі ретінде танылады.

Агрессия ер адамның мінез-құлқының сипатына енеді,
агрессияны ер балалардан жиі күтеді, кейде тіпті ол үшін
мадақтап та жатады. Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқындағы
айырмашылықтар екі жастан бастап пайда болады. Ұл бала
ерте кезден бастап қарсы тұра білуі керек, оны
қорлаушылармен өз бетінше күресуге үйретеді және соған
ынталандырады. Қызды шамадан тыс белсенділігі,
басқаруға ұмтылуы және талапшылдығы үшін айыптап
жатады.

Тұрақты орын алатын және қатыгез буллинг жағдайында
балалар мен жасөспірімдер азаптан құтылу үшін өз-өзіне қол
жұмсауы мүмкін, өйткені уақыт өте келе басқалардың қолдауы
мен көмегі болмағандықтан, олар біртіндеп мәселенің оң
шешілуіне деген үмітін жоғалтады.

Олардың үмітсіздігі иррационалды (қисынсыз) ойлаумен
күшейеді, осыдан барып өлім үнемі жарақаттайтын жағдайдан
және үмітсіздік, жалғыздық пен жанын ауыртататын
сезімдерден арылудың жалғыз жолы болып көрінеді.

«Өзіңізді жәбірленушінің орнына қойыңыз» рөлдік ойыны

Сіз мектепке келдіңіз. Ешкім сізбен амандаспай, бәрі бұрылып кетіп жатыр. Сіз
дәлізден өтіп бара жатырсыз, артыңыздан шыққан күлкі мен сыбырды естідіңіз. Сіз
сыныпқа келіп, отырдыңыз. Сол сәтте сізге жақын жерде отырғандардың бәрі
тұрып, сізден алыс орындарға барып отырып жатыр. Сіз үй жұмысын
тапсырғыңыз келіп, оны қолыңызға алғанда, біреудің сызып тастағанын көрдіңіз
(сіз бақылау жұмысын жаза бастағаныңызда, тақтаға алдын-ала жазылған
тапсырманы біреу өшіріп тастағанын көресіз). Сіз өзіңіздің күнделігіңізді алып
қарайын дегенде, ол орнында жоқ болып шығады. Кейінірек сіз оны дәретхананың
бұрышынан беттеріне аяқтың іздері түскен қалпында тауып алдыңыз.

Бір күні сіздің шыдамыңыз таусылып, айқайлап едіңіз, сізді бірден директорға
шақырады және мұндай мінез-құлық танытқаныңыз үшін ұрсады. Сіз
шағымдануға тырысып айта бастағанда, сізге құлақ аспай «сыныптастарыңмен
(әріптестеріңізбен) тіл табыса білуің керек еді!» деген жауапты естисіз.

Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

Сіз бұндай жағдайға қанша уақыт
шыдай аласыз?

Біз, педагогтер, түсінуіміз керек:
Зорлық-зомбылық жағдайларында біздің жауапкершілігіміздің
үлкен үлесі бар және бұл өте маңызды:
● тек балалар ғана емес, біз де өзгеруіміз қажет;
● басымдықтар, құндылықтар жүйесін, мүмкін өзара әрекеттесу
стилін, мақтау мен жазалау жүйесін өзгерту;

● балалар қызметінің жаңа түрлерін ұйымдастыру;
● олармен бірге барлық адамдарға (жәбірленушілерге,
қудалаушыларға және қызметкерлерге) қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін жатақхана ережелерін әзірлеу.

Қорытынды

Буллинг – бұл топтық құбылыс, топтың мінез-құлқының бір түрі.

Бұл құбылысқа нақты баға беру керек: «Адамдар әртүрлі
болуы мүмкін, олар бір-біріне көбірек немесе азырақ ұнауы
мүмкін, бір адам басқа адамға мүлдем дұрыс емес болып
көрінуі мүмкін, бірақ бұл бір-бірін ренжітуге және қорлауға
себеп бола алмайды. Ақылды адамдар бірге өмір сүруге және
бірге жұмыс істеуге үйрене алады».

Оқушыларды мәселені бірлесіп шешуге ынталандыру қажет:
мәселе ортақ болғандықтан, оны бірге шешу тиімді.

Практикалық тапсырма:

Жасөспірімдерге арналған зорлық-зомбылықсыз қарымқатынас тренингі
5-тапсырма. Жауапкершілік
Мақсаты: мінез-құлықын бақылауды
қалыптастыру арқылы өз әрекеттері үшін
жауапкершілікті дамыту, «Мен» бейнесін
интеграциялау.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
16.02.2024
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі