|
|
|
|
Күні
|
16.09.2024ж.
|
|
Класы,
жетекші
|
Амирова
Э.А.
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
«Буллингтен
қорған»
|
|
Мақсаты
|
Буллингке қарсы тұру
дағдыларын қалыптастыру: Буллингке тап болғанда немесе
көргенде қандай әрекеттер жасау керектігін, соның ішінде кімдерден
көмек сұрауға болатынын, қалай қорғану жолдарын
көрсету.
Қауіпсіз орта
құру: Оқушылар арасында достық,
сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ету және бір-біріне қолдау
көрсету маңыздылығын насихаттау.
|
|
Күтілетін
нәтижелер
|
Оқушылар буллинг ұғымын, оның
түрлері мен салдарын түсінеді.
Оқушылар буллинг жағдайларын
танып, дұрыс әрекет ету жолдарын үйренеді.
Буллингтен қорғану тәсілдерін,
соның ішінде көмек сұрау, қолдау көрсету дағдыларын
меңгереді.
|
|
Керекті
жабдықтар
|
Интерактивті
тақта
Флипчарт,
маркерлер
Стикерлер,
суреттер
|
|
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер:
|
Сергіту,
тренинг
|
|
Құндылықтар
|
Құрмет, сыйластық, жауапкершілік,
қамқорлық
|
|
Сабақ
барысы:
|
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалім
әрекеті
|
Оқушы
әрекеті
|
|
Кіріспе
(5мин)
Тұсаукесер
(10мин.)
|
|
Оқушылармен амандасады,
көңіл-күйлерін сұрайды.
Сабақтың тақырыбы мен
мақсаттарын таныстырады.
Апта дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес
далаға! (Абай)
|
1. "Буллинг дегеніміз не?"
сұрағы арқылы ой қозғау жүргізеді.
2. Буллингтің түрлері мен
белгілері туралы қысқаша мәлімет береді.
|
Сәлемдеседі, өз көңіл-күйлерін
айтады.
Сабақтың тақырыбын тыңдайды.
1. Буллинг туралы өз ойларымен
бөліседі.
2. Мұғалімді тыңдайды, сұрақ
қояды.
|
|
Негізгі
бөлім
(15мин)
Қауіпсіздік
сабағы (10мин)
|
-
Оқушыларды 3-4 топқа бөледі.
2. Топтарға буллинг жағдайларын сипаттайтын түрлі оқиғалар береді.
3. Әр топқа талқылауға 10 минут уақыт береді. 4. Талқылау барысында
буллингтің себептері мен салдарына назар аударуға
шақырады.
«Цифрлық диета» челленджі:
Гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер
етеді?
|
1. Топтарға бөлініп, берілген
жағдайларды талқылайды. 2. Оқиғалар бойынша өз ойларын ортаға
салып, буллингтің салдарлары мен қорғану тәсілдерін
анықтайды.
Қауіпсіздік сабағыныдағы
ережелермен танысады.
|
|
Қорытынды
(2мин.)
Рефлексия
(3мин)
|
-
Буллингтен қорғану жолдары
туралы ақпарат береді (мысалы, үлкендерге айту, достардың қолдауын
пайдалану). 2. Оқушылардан өздері үшін не маңызды болғанын сұрайды.
3. Тәрбие сағатының негізгі идеясын
қорытындылайды.
1. "Бүгінгі сабақ сіздерге не
үйретті?" деген сұрақпен кері байланыс алады.
2. Оқушыларға рахмет айтып, алғыс
білдіреді.
|
1. Сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі. 2. Мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдайды, сұрақ
қояды.
1. Сабақ туралы өз ойларын
қысқаша жазады немесе айтады. 2.
Мұғалімге алғыс білдіреді.
|