Материалдар / Cабақ Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cабақ Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене қимылдарына қатысудың түрлері мүмкіндіктерін зерттеу және салыстыру,оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2021
1404
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің аты-жөні

Қарлыбаев Қ.К

Күні 01.06.2021ж

Қатысушылар саны -

Қатыспағандар саны

Сынып 3


Сабақтың тақырыбы

Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру

Сабақ мақсаты

Дене қимылдарына қатысудың түрлері мүмкіндіктерін зерттеу және салыстыру,оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезең уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

І.Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.



Оқушылар сабаққа белсене кіріседі қыздырыну жаттығуларымен жалпы дене жаттығуларын ережеге сай орындайды.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.




Ортасы

Бүгінгі ойын шарттарымен таныстыру.

Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз.Топқа тез арада ат қойдырту және ойын шартымен түсіндіру.

1-ойын:

«Кім жылдам».Ойынның шарты:

Бірінші тұрған ойыншы жүгіріп барып эстафеталық таяқшаны келесі ойыншыға береді.Екінші қатысушы жүгіріп барып үшінші қатысушыға береді.Ойын осылай жалғасады (5ұпай)

2-ойын

«Капитандар сайысы»

Шарты:Топ капитаны белгіленген жерден «кедергілерден өтіп шығады. Қай топ капитаны бірінші мәреге келсе,сол топ жеңіске жетеді.

Picture 3


3-ойын

«Доп ұру» командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды.Белгіленген жалаушаға барғанша, оң қолымен допты жерге соғып алып келеміз.Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады.Қай команда бірінші келеді, сол командаға 5 ұпай.




Берілген ойындарды мұқият ереже сай ойнайды және жеңіске жетуге тырысады.

Бас бармақ әдісі

Смайликтер арқылы














Ресурстар:

Бүгінгі ойындардың сілтемесі ютуб каналынан көреміз: https://youtu.be/7UdIzP7Fdbo














Соңы


Сабақта не ұнады?

Маған ұнады......

Сабақта өзгерткім келеді.....

Сабақта алған әсерлерімен бөліседі








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!