Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін____________________

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР №44


Мектеп

Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Джандабаев Айдын

Сынып

3 «Г», «Д»

Күні

18.02.2025

Қатысушылар саны:





Қатыспағандар саны:






Бөлім

Топтық  ойындар  элементтері 11 сағат

Сабақтың тақырыбы

Дәлдік пен мергендікті дамытатын  ойындар

Оқу мақсаттары

3.2.8.1түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде басқаларының рөлін түсіну және көрсету,олардың  айырмашылықтарын ұғыну

Сабақ мақсаттары

Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігіа

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Сабақ барысындағы

қауіпсізжік ережесі

Сабаққа оқушылар спорттық киіммен қатысу,жаттығу жасау барысында ара қашықтық сақтау. Қашықтыққа жүгіру кезінде әр оқушы өз жолағымен жүгіру. Барлық жаттығуларды мұғалімнің нұсқаулығымен орындау.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

15 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.


Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Мақтау Мадақтау

Жылы шырай таныту

Ынталандыру

Қолпаштау

Қошеметтеу

Волейбол добы, Уақыт өлшегіш

Сабақтың

ортасы

25 минут

«Барлаушы»

Қатысушылардың бірі-барлаушы таңдалады. Жетекші: «Тоқта!» деп айтады. Әрқайсысы өз позасын есте сақтауға, ал барлаушы барлығын есте сақтауға тырысады. Қатысушылардың позалары мен сыртқы түрлерін мұқият зерттеп, барлаушы көзін жұмады (немесе бөлмеден шығады). Осы уақытта қатысушылар өз киімдерінде, позада немесе кез келген басқа нәрседе бірнеше өзгеріс жасайды. Өзгерістер жасалғаннан кейін, барлаушы көзін ашады; оның міндеті-барлық өзгерістерді анықтау.

Саралау:

1. Қатысушылар еркін тәртіпте бір-бірінің артына тұрады. Жүргізуші бағанға немесе сапқа қарап, кері бұрылуы және кім кімнен кейін тұрғандығын атап шығуы тиіс.

2. Қатысушылар барлығы көрінетіндей сапқа немесе шеңберге тұрады. Жүргізуші бұрылған кезде, бір қатысушы саптан шығып, тығылады. Жүргізуші осы ойыншыны атауы тиіс.

Ұсынылған нөмір саны мен ондағы бөлмелер саны 8 қатысушыдан тұратын команда үшін құрылған. Егер командада қатысушылар аз немесе көп болса, онда нөмірлер немесе қатысушылар санын өзіңіз құрыңыз, бірақ үш орындық, екі орындық және бір орындық болуы шарт.










Допты бастан асырып беру

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–

үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

  Допты аяқтың астынан беру

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

  Допты себетке салу

Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға 

Төменде берілген гимнастика кешенінің жаттығуларын орындаңыз. Жеткен жетістіктері мен қателіктеріңізді талқылаңыз

Сабақтың

соңы

5 минут


Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
56
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі