ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕДЕРГІСІ-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕДЕРГІСІ-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕДЕРГІСІ-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА


«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы


          Біз қазіргі таңда болашағы зор,  жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай  тұрған  бір  дерт бар,  ол- сыбайлас жемқорлық.  Елiмiзде осы  дертке  арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.  Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, сондай-ақ  жеке басшылардың өз қызмет бабында жеке басының баюы болып табылады. Басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда мемлекетті де, қоғамды да бұзатын әлеуметтік қасірет.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Өйткені, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана   жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

           Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

Осы стратегияға байланысты елімізде жемқорлық дертіне  қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын да  айта кету керек.  Соның ішінде  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар  және «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап,  аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.  Сонымен қатар сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарламаларда жүзеге асырылып келеді. Бірақ,  бұл тек іс қағаз жөнінде қалмай, күнделікті қолданысқа айналдыруымыз керек.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Қоғамдағы осы  дертпен бірлесе күрессек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыздың бұдан да әрі көркейе берері сөзсіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2021
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі