Материалдар / "Дәнді дақылдарды топтарға жіктеу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дәнді дақылдарды топтарға жіктеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дәнді дақылдарды топтарға жіктеу" туралы толыққанды ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2024
189
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Дәнді дақылдарды топтарға жіктеу.

Модуль /пән атауы: КМ 10. -ОН 2.4. Өнімді жинау, өнімді бастапқы өңдеу және оны сақтауға қою туралы жұмыстарды ұйымдастыру.

Педагог: Дюсенов Б.К дайындады

1. Жалпы мәліметтер

Сабақтың түрі: Құрастырылған

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Өнімді жинау, өнімді бастапқы өңдеу және оны сақтауға қою туралы жұмыстарды ұйымдастыру туралы түсініктерін кеңейту, егістерге күтім жасау, жинау тәсілдері туралы білімдерін шыңдау.

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білімге құштарлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, шығармашылыққа баулу, ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, салыстыру және қорытындылау біліктілігін дамыту.


Тәрбиелік:  Өнімді жинау, өнімді бастапқы өңдеу және оны сақтауға қою туралы жұмыстарды ұйымдастыру туралы және егістерге күтім жасау,жинау тәсілдерінің негізгі шараларын меңгеру. Қоршаған ортаны сүюге баулу.

 

3. Күтілетін нәтижелер: Студенттердің . Өнімді жинау мерзімдері, егістерге күтім жасау,жинау тәсілдері туралы толық ақпарат алуы және және оны қолдануды практика жүзінде жүзеге асыруы.


 4. Қажетті ресурстар: Ақпарат тақтасы, баспаға шығарылған және үлестірме материалдар .


 5. Сабақтың барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.



Үй тапсырмасын тексеру:

Негізгі ауылшаруашылық дақылдарын тыңайту жүйесі туралы түсініктеме алу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар еі әуелі адамзаттың азық-түлік қоры болып табылады. Сонымен қатар, дәнді дақылдар-өндеу өнеркәсібінің шикізат қоры. Дүние жүзі егіншілігінде дақылдардың арасында бидай бірінші орында иеленеді. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа, т.б. да маңызы зор.

Өсіп- даму ерекшеліктері. Дәнді дақылдар мынандай өсіп-даму кезеңдерінен өтеді: тұқымының өнуі, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Тұқымның өнуі үшін ылғал, жылу және оттегі қажет.

Бидай. Бидайдың шыққан жері- алдыңғы Азия, ортаңғы-қазіргі Иран. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. ҚР өсірілетін бидай астығының 80%-дан астам Солтүстік Қазақстан аймағының үлесіне тиеді. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен, нан, жұмыр кеспе (макарон), кондитер өнімдері, т.б. қоректенеді.

Топырақты өңдеу. Бидай өсірудегі маңызды агротехникалық шараларының бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Себу мерзімі. Мамыр айының аяғында себіледі. Егінді кұтіп-баптау маңызды рөл атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.

Бидайдың кең тараған ауруларына тамыр шірігі, қара күйе, септориоз, тот жатады. Оларға қарсы күрес құрамды түрде агротехникалық және химиялық шараларды қарастырады.Мысалы, БҚО, Зеленов ауданында «Достық» ШҚ, «Валентина», «Алтын бидай», Тасқала ауданында «Өсімтал», Теректі ауданында «Пойма-агро» ЖШС арпа-бидай өсіру шаруашылығымен айналасады.Қара бидайдың азық- түліктік мал азықтың маңызы зор. Оның астығы негізінен әр түрлі нан өнімдерін дайындауға пайдаланылады.

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Күздік қара бидайдың тамыры шашақты, топыраққа терең бойлайды, сабағы биіктігі 2м дейін жететін сабан, жапырақтары ланцетті, гүл шоғыры -масақ, жемісі-дән. Оның тұқымы +1-2- да өне бастайды, көктеуіне оңтайлысы +6-12. Астық дақылдарының ішіндегі қысқа ең төзімді өсімдік: қары мүлде жоқ болғанның өзінде өсімдіктері -25 дейінгі аязға дейін шыдайды. Жақсы дамыған тамыр жүйесі мен күзгі және көктем кезеңіндегі ылғалды пайдаланудың нәтижесінде күздік қара бидай төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Өсіру технологиясындағы ерекшеліктері: астыққа өсіргенде күздік қара бидайды таза сүрі танабына орналастырған дұрыс. Күздік қара бидай фосфор тыңайтқышын қажетсінеді, көктемде азотты тыңайтқышпен үстеп қоректендіріледі. Оның себу кезеңі 5 тамыз бен 10 қыркүйек аралығы, Солтүстік аудандарда ол ертерек ,ал Оңтүстікте кештеу.

Арпа- астығы халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Одан тағамдық мақсатта әр түрлі жарламалар дайындайды, нан өңдірісінде, сыра қайнату өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар арпа астығы құнарлы мал азығы. Арпа көптеген түрлерді біріктіреді. Кең тараған Егістік арпа. Масақ білігінің кертпесінге орналасқан жемісті масақшасының санына қарай үш түр тармаққа бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Қазақстанда қосқатарлы арпа кеңінен өсіріледі. Солт. Және Оңт. Қазақстан облыстарында арпаның төмендегідей сорттары аудандастырылған. Арна, Гранал, Донецкий, Кедр, Целинный т.б.

Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1-2 жылулықта өне бастайды, егін көлемінің пайда болуына оңтайлы температура +15-20. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпа құрғақшылыққа төзімдірек. Ылғалмен салыстырғанда арпаның қиын қыстау кезеңі немесе ылғалды барынша көп өажет сінуі сұлыға қарағандаь қысқарақ және түтікке шығу масақтану кезеңіне сәйкес келеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда сұлыға қарағанда арпа кеңінен тараған. Арпа топырақ құнарлығына айтарлықтай жоғары талап қояды, құнарлы және орташа саздақты топырақтар оған барынша жарамды.

Сұлы. Азық түлік және мал азығы үшін өсіріледі. Сұлы астығының диетикалық маңызы бар, әсіресе балалар үшін жарма талқаны өңдіріледі. Астығы бүтіндей өсімдіктері көптеген жануарларға құнды мал азығы болып табылады. Қазақстанда сұлы Солт. Қазақстан аймағында шоғырланған. Сұлының көптеген түрлері бар. Алайда егістеікке кең тарағаны егістік сұлы. Биологиялық ерекшеліктері. Сұлы жылуға талғамы аз дақыл тұқымы +2-3 температурада өне бастайды. Дегенмен жаппай және біркелкі көктеуі 12-16 температурада жүреді. Арпаға қарағанда құрғақшылыққа төзімділігі төмен. Әр түрлі топырақтарда өсе алады. Бірақ құмдық және кейбір топырақтарда нашар өседі. Кең тараған сорттарына Мирный, Бітік, Синельниковский, скакун, Иртыш т.б. жатады.

Күріш- бағалы жармалық дәнді дақыл. Ол дүниежүзілік халықтарынын Қытай, Үндістан, Корея және басқа елдердің халықтары жартысынан астамы сүйіп жейтін тағамы. Өйткені кұріш басқа жармалық дақылдармен салыстырғанда әрі дәмді, әрі сінімді. Оның дәнінде 70% крахмал, 7,5 ақуыз, және шамалы 0,5 май болады. Күріштің сабанынан қағаз, құрылыс материалы, арқан, қап жасалады, сондай ақ одан әр түрлі сәнді қалпақ, үйде киетін жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар, балалардың ойыншықтары жасалады. Күріш егісі негізінен Қызылорда облысында орналасқан. Сонымен қатар, ол Алматы обылысында Балқаш, Қаратал аудандарында және Оңт.Қазақстан облысының Шардара ауданында өсіріледі. ҚР күріштің 12 сорты өсіріледі. Олар Авангард, Золотистый, Кубан, Краснодарский, Лазурный, Лима, Маржан, Солнечный, УЗРОС, Уштубинский, Златы, ПАКЛИ.

Тары. Тары маңызды жармалық дақыл. Оның астығын өндеуден алынған жарма дәндік және тағамдық сапасы жөнінен көптеген жармалардан асып түседі. Жарманың құрамындағы жоғары мөлшерде ақуыз бен майлар болады. Траы жеңіл қорытуымен жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Тарының мал ақызтық маңызы да зор. Тары Павлодар, Қостанай облыстарында өсіріледі. Тары бір жылжық өсімдік. Тамыры шашақты, сабағы сабан, жапырақтары ланцетті, гүл шоғыры шашақ. Тарының биологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады: жылусүйгіштігі, құрғақшалақпен аптап ыстыққа төзімділігі. Қоректену элементтері жоғары қажетсінуі, арамшөптерге өте сезімталдығы. Пісіп жетілу кезеңі созылыңқылғы.

Жүгері. Жүгері мүмкіншілігі мол дақыл.Сондықтан ол жан жақты пайдаланылады. Ол тамақ өнеркәсібі үшін аса маңызды дақыл. Өйткені оның дәнінде 60-80%-ға дейін крахмал, 10-40% ақуыз және 6-8% майлы заттар.Жүгерінің дәнінен ұн, сапасы жоғары жарма қауыз дайындалады. Жүгері ұнының нан пісіргенде бидай мен қара бидайдың ұнына қосып пайдаланады. Жүгерінің қантты сортынан сүттену кезеңінде жинап консервы жасайды. Берік жемшоп қорынын жасауда да жүгерінің маңызы зор. Жүгерінің дәні малдарға құнарлы жем. Дәнімен қатар көп балаусасы да құнды мал азығы. Одан сапасы сүрлі дайындалады. Жапырақтары мен қураған сабақтары пішен ретінде малға беріледі. Сонымен қатар одан спирт, сірке қышқылы, ацетон, глицерин, түрлі бояғыш заттар алынады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда обл.суармалы жерлерінде егіледі.

Халық үшін дәнді дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін жем-шөп ретінде маңызы зор. Адам баласы ғажайып нәрселерді ойлап тапқан. Солардың ішіндегі ең құдіреттісі-нан. Сондықтан дәнді дақылдарды дүние жүзіндегі халықтардың барлығы өсіреді.

Ауыл шаруашылығының дамуы ең алдымен астық шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығы көптеген дәнді дақылдарды өсіреді. Олар негізгі пайдалануына қарай ірі екі топқа бөлінеді; азық-түлік және жем-шөп дақылдары. Азық-түлік дақылдарының кейбірін жем-шоп және тамақ ретінде пайдаланады. (жүгері,арпа,сұла жармасы) Негізгі астық тұқымдас дақылдар: бидай,қара бидай,арпа,сұлы,жүгері,тары,күріш. Тары,күріш және қарақұмық пайдалану түріне қарай жармалық дақыл болып есептеледі. Дәнді дақыл адам үшін нан,өнеркәсіптің көптеген саласына шикізат, мал үшін жем.Адам тағамы үшін кең тараған –бидай мен күріш.Жер шарындағы халықтың 70-ке жуығы бидайды,қалғаны-күрішті азық-түлік ретінде пайдаланады.Бұл дақылдарда белок пен углевод көп. Онда А және В витаминдері бар.Астықтан нан пісіреді,макарон,кондитер өнімдерін,тағамдық құнарлы азықтар,консервілер әзірлейді,сыра дайындауға,спирт,крахмал алуға пайдаланады.

Дәнді дақылдарды топтастыру. Негізгі дәнді дақылдарға дәнді астық,бұршақ және қарақұмық жатады. Дәнді дақылдар екі топқа бөлінеді: Бірінші астық тобы немесе қарапайым астық-бидай,қара бидай,арпа,сұлы.Екінші астық тобы немесе тары тұқымдас астық-жүгері,тары,күріш,құмай. Бірінші топтың дәнінде ұзыннан созылатын ойпаң сызық,өніп келе жатқан көптеген тамыршалар болады.Гүл шоғыры масақ немесешашақ басты (сұлы) болады.Бұл дақылдар суыққа төзімді,ылғал сүйгіш болады.

Екінші топтың дәнінде ойпаң сызық болмайды.Гүл шоғыры шашақ басты және собық (жүгері) басты болып келеді.Бұларбірінші топ дақылдарына қарағандажылу сүйгіш,құрғаққа төзімді болады.

Дәнді дақылдар күздік және ерте,әрі кеш пісетін жаздық дақылдар болып бөлінеді.Күздік дақылдар-бидай,қара бидай, арпс.Ерте пісетін жаздық дақылдар-бидай, қара бидай,арпа, сұла сорттары.Кеш пісетін жаздық дақылдар-тары,жүгері,құмай,күріш.

1. Макарон жармалары: макарон өнімдері, мысалы, макарон, спагетти, кеспе және т.б.

2. Кебек жармалары: қарақұмық, арпа, жүгері ұнтағы және т.б.

3. Жарма: жүгері, күріш, бидай үлпектері.

4. Бұршақ дақылдары: жасымық, бұршақ, бұршақ.

Макарон жармаларының санатына, мысалы, макарон және спагетти кіреді. Олар бидай ұнынан жасалған және ұзын, жіңішке бұршақ тәрізді.

















Рефлексия. Берілген сөз тіркесін, пікірмен аяқтау.

Ең қызықты болғаны----

Маған ой салғаны----

Маған ұнағаны----

Жаңа сабақты пысықтау:

  • Қандай ақпарат білдім. (жаңа тақырып бойынша жаңаша ақпараттарды тізіп жазады.)

  • Қалай екенін түсіндім. (анықталған ақпараттың немесе тақырыптың осы уақытқа дейін түсінбеген сәттерін жазады.)

  • Мысал келтіре аламын. (жаңа тақырып негізінде кез келген нысанды қолдана отырып мысалдар келтіріп, өзара талқылайды.)

Қорытынды.

Қосымша сұрақтарына жауап беріп, сабақта белсенділік танытқан студенттерді бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма

Дәнді дақылдарды топтарға жіктеуіне сипаттама беру.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!