Құлазып жаны қарт жырау,
Домбырасын қолға алсын,
Жырға қосып Шығанақ
Замандасы, жолдасын,
Тебіренсін де толғансын.
Қапалы күйді шертемін,
Бақұлдаспай, көріспей,
Құшақтаспай, сүйіспей
Қоштаса алмай қалғасын.
Көркі едік екеуміз
Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз
Жарыса аққан саланың.
(Н.Байғанин)
Шығанақ Берсиев – қазақ халқының, бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.
Жақсы адам күннің жарығы сияқты бүкіл адамзатқа ортақ қазына, ортақ құндылық. Жақсы адам – ортамызда ағып жатқан дария-өзен. Оның суы дария-өзен бойын мекендеген бүкіл халықтың, жан-жануардың, өсімдік әлемінің қуат көзі, өзегі, нәрі, тіршілігі, өмірі. Ол ешкімді де, ешнәрсені де таңдамайды, талғамайды, алаламайды, құлаламайды, аға береді, аға береді. Оның парызы, қарызы, табиғи, тарихи міндеті, тағдырдан алған тапсырмасы осындай. Берсиев те – сол санаулы, таңбалы, танымал жақсылардың бірі. Еңбек әлемнің әміршісі болса, Шығанақ еңбектің әміршісі болды. Берсиевтің шапағаты, жақсылығы, қадір-қасиеті, еңбек сүйгіштігі, өмірі, өнегесі, үлгісі, ұлағаты бәрімізге де жетеді.
Ауыл шаруашылығына жаңалық енгізген, көрнекті қайраткер, тарыдан жоғары өнім алған атақты Берсиев атағы бүкіл кеңес халқына мәлім.
Ойылдың жері бұрын құнарсыз деп саналушы еді. Қарт Шығанақ бұған келісе алған жоқ. Еңбекте талмайтын ол шөп шыққан жерден мол астық алуға болатынына берік сенді. Ол егіннен мол өнім алудың жолын талмай іздеді және оны тапты. Бірнеше жылдар бойына Ойыл даласының қатал ауа райына төзімді тарының сортын өсіруге еңбек етті. Оның еңбегі табысты болды. Ол қазір «Берсиев тарысы» деп аталатын мол өнім беретін, құрғақшылыққа шыдамды ақ тарыны шығарды. Бұдан әрі диқанның алдыңғы қатарлы ғылымды колхоздың тәжірибесімен ұштастыра отырып, 1940 жылы әр гектардан бұрын болып көрмеген 125 центнер, одан соңғы жылы 175 центнер, ал 1943 жылы 204 центнер тары алғанын айтады. Осылайша диқаншы жасаған рекордтар тізбегі баяндала келіп, оның жер кәсібіне жаңалық енгізуші ретіндегі қайраткерлігі сараланды.
Шығанақ Берсиев – соғыс уақытында, қиын кезеңде қызмет еткен тұлға.
Тары майдангерлердің ғана емес, бүтін ауылды аштықтан аман алып қалды. Таң қылаң бере алқапқа аттанып, түн бата үйіне оралатын ауыл адамдары тары жеп, отбасын асырады. Тары алқабында ұрыс-керіс болмаған. Әр адам өз жұмысын білді, міндетін атқарды.
Адамгершілік пен келісті кісіліктің, ақыл мен парасаттың ерекше үлгісін көрсеткен – Шығанақ. Мұндай тұлғалардың өмірдің жасампаз тарихы болып өрілетін болғандықтан, оларды ұмыту – өткенді, өткендегі кімнің кім, ненің не екенін танудың сабақтарын зердеден кетіру болып табылады.
Берсиев қайтыс болғаннан кейін Ойылға жазушы Ғабиден Мұстафин келіп, Ойылда екі айдай болып, «Шығанақ» романын жазу үшін деректер жинаған. Звенодағы адамдармен кездесіп, тума-туыстарымен әңгімелескен. Ойылдағы қызметкерлермен кездесіп мәліметтер жазған. Шығанақ – Ғабиден Мұстафиннің дүние жүзіне әйгілі, қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болған роман. «Шығанақ» романы тарыдан мол өнім алу жөнінен бірнеше дүркін дүниежүзілік рекорд жасаған әйгілі диқан Шығанақ Берсиев өмірінен алып жазылған. Романда өмірдің талай бел - белесін басынан кешірген шығарманың бас кейіпкері Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре-сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. Жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көп адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады.
Пирамида тәріздес кесене 1947 жылы белгілі архитектор Төлеу Басеновтың жобасы бойынша салынды. Күйдірілген кірпіш, цементтен тұрғызылған және әктелген. Диаметрі – 8 м, биіктігі – 7 м. Кіреберісте: «Атақты Шығанақ Берсиевке» – деген жазу бар.
Бейіт күйдірілген кірпішпен қоршалып, солтүстік-батыс жағында ескерткіш белгі орнатылған. Кесененің құрылысы дөңгелек, үйтам тәрізді және кіреберісі аркалы болып келеді. Кесененің оңтүстік-батыс бетіндегі қабырғасында аркамен өтетін кішкентай ғана қасбет орнатылған. Екі жағына айнала баспалдақ орнатылған, сол жағындағы баспалдақтан кесененің жоғарғысындағы күмбезге шығады. Қабырғаның сыртқы диаметрі - 5,2 м, жалпы биіктігі - 4,4 м. Қабырғалардың шеңбері 1.30 м дейін көтеріледі, содан кейін дереу жалған күмбездің қаландысымен жалғасып кетеді. Кесененің оңтүстік-батыс қабырғасында алдыға шығыңқы аркалық өту жолы бар портал салынған. Екі жақ жанында айналма баспалдақтар орналасқан. Кесененің ішкі бөлігінде ойықшалары бар тақтайшалар бар. Күмбездің үстіңгі бөлігі тары масағы іспеттес жасалған.
Ақтөбе қаласында Шығанақ Берсиев көшесінде және Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында ескерткіші мен музейі бар.
Шығанақ Берсиев ескерткіші – 1946 жылы Ақтөбе қаласындағы Пушкин саябағында оның алғашқы ескерткіші орнатылды. Ол кездегі ескерткіш мүсіні тарышының ауырып жүрген кезіндегі бейнесімен салынды. Бет-бейнесі өте жұтаң болған соң, 2008 жылы ескерткіш қайта өзгертілді. Бүгінде Шығанақ Берсиев көшесіне көшіріліп отыр.
Бүгінде даңқты диқанды танытатындай мұражайлық экспонаттар жоқтың қасында дедік. Сол себепті оның жеке өзіне арналған орын ашу қиын екені белгілі. Алайда облыс орталығында осы тұлғаның есіміндегі музей ашып, оған «Даланың дана диқаншысы» деген атау беріп, осы өңірде табандарын тасқа тілдіріп жүріп ақтылы қой, алалы жылқы өсірген, егін өсірген ондаған Еңбек Ерлерінің өмір және еңбек жолдарын баяндасақ ұрпаққа үлгі болары анық.
«Берсиев музейі» атауымен тары дақылының егілуінен бастап, жиналуы, тағам түрлеріне айналуына дейінгі бүкіл үрдісті көрнекі түрде көрсетіп, диқан туралы толық мағлұмат беретін әрі музей, әрі мәдени, сауда кешені ашылса, қызығушылық танытар келушілер көбейері сөзсіз.
В статье автор рассказывает о выдающемся деятеле Актюбинской области, знаменитом Шыганака Берсиеве, добившегося высокого урожая тары, его памятниках, установленных в Актобе, а также в статье автор предлагает пути сохранения памяти о трудовых подвигах земляков.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Даңқты диқан Ш.Берсиев

шағым қалдыра аласыз