Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
ЖОСПАР
1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы 4
1.2. Дарынды балалармен жұмыстың психологиялық негіздері 9
ІІ. Математика сабағында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар 15
2.1 Математика сабағында дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері 15
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [1]: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында [2]: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді». Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.
Бұл міндетті қабілетті, дарынды балалар сапалы, саналы жүзеге асырады. Ал дарындылықты мектептен қолға алған дұрыс.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жүзеге асыру қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» [4] бұйрығын шығарумен ерекше назар аударды. Осы бұйрықтың негізінде 1996 жылы Республикада «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы» [5] шығарылды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [6] тұңғыш рет «элитарлық білім» термині енгізілді.
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін жасайды). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Балалардың дарындылық мәселесі өзінің тамырымен бірнеше ғасырға жайылған. Ежелгі грек философтары Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінде тұлғаның дарындылығы туралы айтылғанын көреміз. Сондай-ақ, Қайта өрлеу дәуіріндегі еңбектерде де дарындылық мәселесі ерекше орынға ие болған.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселеленің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтрының еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.
Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған.
Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.
Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фарби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін зерттеген.
ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин [12] «Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, онда дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», - дейді.
Ш.Уәлиханов [12] шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді». Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
Абай Құнанбаев [12] адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы – туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол: «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады», - дейді.[71-75]
Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов [12], А.Байтұрсынов [12], М.Дулатов [12], М.Жұмабаевтардың [12] педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж.Аймауытов [52] «Психология және мамандық таңдау» еңбегінде эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет. Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қасиетпен айналысқаны тиімді болады дейді.
М.Жұмабаев [12] өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуальдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.
Шығармашылықта материалдық және рухани үрдістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев [46] адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. [51-59]
Шығармашылық өнер, ғылым, философия шеңберімен және рухани әрекетпен шектелмейді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау, бау-бақша салу немесе бөлмеде әр түрлі өсімдіктер өсіру де шығармашылық болып табылады. Шығармашылықтың ішкі себептеріне тұлғаның қабілеттілігі мен әрекеттердің себептерін жатқызады. Бұл жинақтар біртұтас: шығармашылық қабілеттілік табыс негізін құрайды, бірақ өзінің іске асуын себептер арқылы алады. Шығармашылыққа деген қабілеттілік көптеген қасиеттермен сипатталады. Шығармашылық тұлға ойының тереңдігімен, білу қабілеттілігімен, пікірлерінің еркіндігімен, ойлауының қайталанбастығымен елестету мен сезімталдығының үйлесімділігі және күштілігімен, еңбекте берік те төзімділігімен, сыншылдықпен және жоғары этикалық қасиеттермен ерекшеленеді.
Шығармашылы тұлғаның көп таралған сипаттамасы мына түсініктермен беріледі: “қабілетті”, “талантты”, “данышпан”. Аталған белгілер табиғи талаптарда болады, олардың даму ережесі (бұл тек белсенді әрекет арқасында болмақ) шығармашылық нәтиженің маңыздылығын түсіндіреді. Басқаларға қарағанда қабілеттілік тапсырма түрлерін нәтижелі орындауға көмектеседі. Талант жаңа, өзіндік нәтижеге жетуді көздейді, ал данышпандық тұлғаның ұзаққа созылатын аса күрделі де жағымды ықпалында және де оның мәдениет дамуындағы шығармашылық жетістіктерінде көрінеді. Бердяевтің пікірі бойынша, данышпандық және адамның біртұтас қасиеті, ол арнайы сый емес, данышпандық-адамның алғашқы бастамаға ұмтылысының дәлелі, ондағы шығармашылық үрдіс алғаш рет туындайды және арнайы қатпарлармен анықталмаған. Бірақта данышпандық сый ретінде шеберлікпен, материалда өз-ой-пікірін іске асыру қабілеттілігімен толықтырылуы керек. Дана тұлға бастапқы бастамаларға ұмтылыс жасап алғаш рет туындаған шығармашылық үрдісті және де өте үлкен талап пен талант арқылы шығармашылықты іске асыруды біріктіру-кемеңгер адамды тудырады.
Адамның танымдық қабілеттілігі негізінде оның шығармашылық әрекеті өрістеп, жасампаздық мәні ашылады.
Шығармашылық түсінігі жаңаның пайда болуымен ассоциацияланады. Өйткені ол жаңа әрекеттің барлық саласында болады, осы негізде кейбір зерттеушілер шығармашылықты табиғатпен қатар қояды. Мына бір көзқарас бойынша: “шығармашылық өлі табиғатқа да, ал тірі табиғатқа-адам пайда болғанға дейін және де адамға да, қоғамға да тән. Шығармашылық-материяның дамуының қажетті шарты, оның жаңа түрлерінің құрылуы, оның жаңа түрлерінің пайда болуы шығармашылық түрлерін де өзгертеді. Адам шығармашылығы осындай түрлердің біреуі ғана.
“Шығармашылық табиғаты” деген түсінікте терең мағына жатыр. Шығармашылықты өнімділік дамуының механизмі ретінде жалпылай түрде қарастыру,” деп жазады Я.А.Пономарев [14], білімнің зерттелген саласына-диалектика дамуына шығармашылық мәселесін кіргізуге ықпал етеді. Шығармашылықтың негізгі анықтамасына оның ең кең түрдегі түсінігін енгізу керек. Ал пайыз, бір жақтылық мағынада шығармашылық-тек адами (Я.А.Понамарев өзінің психологиялық еңбектерінде “шығармашылық” терминінің екінші мағынасына сүйенеді) оның болжамы бойынша: “шығармашылық кең мағынада дамуға әкелетін даму механизмі ретінде, өзара әрекеттесу ретінде көрінеді”. [72-74]
Екінші жағынан оның адам әрекеті ерекшелігіне, әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік нәтижелеріне назар аудару шығармашылықты тек әлеуметтік және праксеологиялық түрде түсінуге себеп болады. Мысалы, Г.А.Давыдова: “Шығармашылық қатынас үшін негізгі, анықтайтын жайт-адамның дүниеге әсер етуі-материалдық шындықты жалпы адамзат дамуының тарихи қалыптасу қажеттілігіне сай өзгерту қажет”,- деп санайды.
Владимир Дальдың “Орыс тілінің нақтылы түсіндірме сөздігінде”: шығармашылық “жасау, жасап, жарыққа шығару сияқты әрекетті қажет, жасаушы мен шығармашылыққа қатысты шығармашылық” деп түсіндіріледі.
Шығармашылық әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық термин “эврика” - қандай да бір мәселені шешуде табысты ой, идея мен “пікір” тындағанда қуанышты білдіретін сөз процестердің құрылымы, сатылары шығармашылық әрекеттер типтері, ғылыми және көркемөнер шығармашылығы сәйкестігі, болжам мен оқиғалар рөлдері, шығармашылық процестерді ынталандырушы және жоятын факторлар талант пен дарындылық туралы, шығармашылық қабілеттілік пен шығармашылық прогреске әлеуметтік жағдайлардың ықпал етуі, шығармашылық өнімділік пен шығармашылық жас шамасы туралы, ғылыми шығармашылықтың тәсілдері мен түрлері ретіндегі өнімді ойлау, ғылым мен шығармашылықтағы диалог пен пікір таластағы ойлау үлгілері т.б. мәселелерді қамтиды.
Шығармашылық бірегей емес: шығармашылық көрінудің көп түрлілігі әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Шығармашылықтың әр түрі барын атап өткен жөн: өндірістік – техникалық, бейнелеу, ғылыми, саяси, ұйымдастырушылық, философиялық көркем сурет, мифологиялық, діни күнделікті-тұрмыстық т.с.с.; басқа сөзбен айтқанда, шығармашылықтың түрлерін атап көрсету мұнымен шектелмейді. Шығармашылық процесс құрылымы да ары қарай зерттеуді және соның негізінде жалпыға бірдей маңызды түсінікті қалыптастыруды талап етеді. Мәселенің шешімін табумен ғылыми шығармашылықты шектеу түсінігі әлі күнге дейін бар, бірақ бұл көзқараста шығармашылық процестің басталуымен оның қанат жаюының басталуы есептелмеген. Проблеманың қажеттілігін түсіну, оны қою мен тұжырымдау – бұл проблеманы шешуді іздеу процесінің басталуы болып табылады. Нақтылы проблемалы жағдайды және оны зерттеудің мақсатын белгілеп алып, проблема барлық шығармашылық процесті нәтижеге жетудің күрделі қозғалысына бағыттайды. Шығармашылық процестің орталық бөлімі ретіндегі идеалды проблеманың тікелей әсер етуімен, субъектінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін туындайды.
Сонымен, ғылыми шығармашылықты қарастыру оның терең өзіндік табиғатын көрсетеді, онда зерттеушінің кәсіпкерлігі мен таланты, адамгершілік қасиеттері, ішкі түйсігі мен кездейсоқтық үлкен рөл атқарады; сонымен қатар шығармашылық құпия құбылыс емес ішкі түйсік механизмі мен кездейсоқ факторлар рөлін шешу жақындап келеді.
Шығармашылықтың құндылық сипаты оны ойынмен жақындастырады. Ойынға деген ынта тұлғаның ішкі емес, сыртқы риясыз себептерін, ойын әрекетінен ләззат алумен байланысқан сырластық талапты анықтайды. Шығармашылық пен ойын әрекеттерінің механизмдері ортақ.
Немістің классикалық философиясының басты еңбегі-жаңа білімнің пайда болуын адам әрекетін талқылау барысында түсіндіруі. Шығармашылық мағынасы рухани-практикалық өзіндік әрекет ретінде анықталады. Шығармашылық механизмі рухани-практикалық қарама-қайшылығы шығармашылықты өздігінен іштей дамыту бастамасы ретінде түсіндіріп беріледі. Әрекет принципі адамның әрекетті-шығармашылық мәнін зерттеу мәселесін қоюға ықпал етті. Неміс классикасы жүйесінде өз нәтижесі мен жемісі ретінде шығармашылық субъекті туралы ереже қалыптасты (философиялық өзіндік сана-сезім түсінігінде).
Жеке тұлғаның шығармашылық әрекетінің арнайы бір уақытта жүзеге асып жатқанын сезіну рефлексті белсенділіксіз де болуы мүмкін. Бірақ субъектінің санасында ешқандай да жарық беріп көрінбейтін зияттың шығармашылық әрекеті болмайды.
Талант – қабілеттің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түп нұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір –бірімен тығыз байланыста пайдаланылады. Соңғы уақытта өмірдің жылдам өзгеруіне байланысты маманға деген жоғарғы талаптардың қойылуы бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет етуде.
Осыған орай, жоғарыда аталған ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оларды қалыптастыру мәселесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер туындауда. Солардың бірі – Н.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы» кітабы. Осы еңбегінде Н.Лейтес дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Дарындылық – баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді иегеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы. [99 -101]
Бұл ой тұжырымдардан мынадай қорытынды шығаруға болады: дарындылық тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық – адамның бір не бірнеше іс-әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған құрылым.
Сонымен психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде дарынды балаларды зерттеудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді:
- ақыл-ой дарындылығы бойынша: Г.Айзенк, Р.Амтхауэр, С.Барт, Д.Векслер, Ф.Вернон, Р.кеттел, Ч.Спирмен, Л.Термен, Л.Тертоун, В.Н.Дружинин [14], В.Д.Шадриков [19], М.А.Холодная, М.Жумабаев [12], С.Балаубаев, т.б.
- шығармашылық дарындылық бойынша: Дж.Гилфорд, П.Торренс [43], А.М.Матюшкин [13], В.В.Панов [25], Ш.Альжанов, Д.В.Ярцев, Д.Г.Ганелин, А.Куатова [14] т.б.
- жан-жақты дарындылық бойынша: К.Тейлор, Б.М.Теплов, И.Л.Стычинский [14] т.б.
1.2. Дарынды балалармен жұмыстың психологиялық негіздері
Белсенді дамыта оқыту студенттер мен оқушыларда шығармашылық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық ойлау болашақта өмірдікң өзгермелі жағдайына тез бейімделуге көмектеседі.сабақтарды белсенді әдістермен өткізу о йлау әрекетінің дәстүрлі түрінен латеральды ойлау түріне өтуді көмектеседі. Латеральды ойлау шығармашылықпен байланысты. Латеральды ойлаудың негізгі мақсаты – идеяларды генерациялау. Жаңа идеялар – жаңалықтың қозғаушы күші болып табылады.
Миға шабуыл әдісімен өткізілген сабақтар оқушылардың ойлау типін өзгертуге көмектеседі. Латеральды ойлау жаңа модельдердің тууына негіз болады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында мектеп өміріне бейімделу кезінде пайда болатын бірқатар мәселелермен санасу керек. Белгілі американ педагогы Л.Холлингуорт [42] ата-аналар мен педагогтарға дарынды балалардың төмендегідей проблемаларын ұсынды. Кесте 1.
Кесте 1. Дарынды балалар проблемалары
№ |
Дарынды балалар проблемасы |
Сипаттамасы |
1 |
Мектепке деген қызығушылықтың жоқтығы |
Мұндай қарым-қатынас оқу бағдарламасының қызықсыз болуы. Оқу жоспары балалардың қабілетіне сәйкес келмейді. |
2 |
Ойын мүдделері |
Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды. |
3 |
Философиялық проблемаларға үңілу |
Дарынды баларды көп жағдайда өлім, о дүние, діни наным мәселелері толғандырады. |
4 |
Баланың дене, ақыл-ой және әлеуметтік дамуының сәйкес келмеуі. |
Дарынды балалар көп жағдайда өздерінен үлкен балалармен қарым-қатынас жасауға және солармен ойнауға тырысады. Сондықтан олар лидер болуға қиналады. |
Белгілі ғалым Дж. Уитмор дарынды балалардың осал тұстарын зерттей келе, келесі факторларды келтірді( Кесте 2).
Кесте 2. Дж. Уитмор бойынша дарынды балаларға сипаттамасы
№ |
Дарынды балалардың осал тұстарына әсер ететін факторлар |
Сипаттамасы |
1 |
Шынайылылыққа жету |
Дарынды балалар үшін шынйылылыққа жетудің ішкі қажеттілігі тән құбылыс. Олар жоғары дәрежеге жетпегенше тынышталмайды. |
2 |
Қанағаттанарлықсық сезімнің болуы |
Мұндай сезім көп жағдайда дарынды балалар үшін тән. Олар жан-жақты қабілетті болуға тырысады. Олар өздерінің жетістіктеріне сын көзбен қарайды. Осыдан барып олардың өз-өзіне бағасы төмен болады. |
3 |
Шынайы емес мақсаттар |
Өздерінің жоғары мақсаттарына жетудің мүмкіндіктерін көрмесе, дарынды балалар өздерінің сәтсіздіктерін қатты уайымдайды. |
4 |
Жоғары сезімталдық |
Дарынды балалар тек өздеріне ғана емес сонымен қоса қоршаған ортасына сын көзімен қарайды. |
5 |
Үлкендердің назарын аударуға қажеттілік |
Дарынды балалар қоршаған заттарды тануда өздерінің ата-аналарын, мұғалімдердің назарын жиі өздеріне ауадарады. |
6 |
Шыдамсыздық |
Дарынды балалар өздерінен ақыл-ой дамуы жағынан төмен тұратын балаларға шыдамсыздық танытады. |
Дарындық диагностикасы
Таным әрекетіндегі дарынды балалардың қасиеттері: |
- бірден бірнеше іс-әрекетпен шұғылданады; |
- әрнәрсені білуге құштар; |
- есте сақтау қабілеті жоғары; |
- сөздік қоры мол; |
- себеп-салдар байланыстарды байқап, өзінің қорытындыларын шығарады; |
- тез ойлайды; |
- қиын тапсырмаларды өзі шешуді ұнатады; |
- математикалық қабілеті жоғары; |
Дарынды балалардың психологиялық-әлеуметтік аспектілері |
- әділдік сезімі қатты дамыған; |
- өзінің жеке құныдылық жүйесі бар; |
- ақиқат пен фантазияны жақсы ажыратады; |
- әзілді жақсы түсінеді; |
- қорқыныштыны ұлғайтып айтуға бейім; |
- көп нәрсені тез түсінеді |
Дарындылықтың дене сипаттамасы |
- жоғары энергетикалық деңгей; |
- қысқа мерзімді ұйқы; |
- бойы не там аласа немесе тым биік; |
- көру дефетілері болуы мүмкін (8 жасқа дейін); |
- практикалық дағдының жоқтығынан көп зиян шегеді |
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақ мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Өкінішке орай, дарынды баланы анықтау, оның қабілетін дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған. Мектепке мұғалімдер мен психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Дарынды оқушыны анқтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбірмұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:
-
көптеген жағдайда олар дарынды оқушыларға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
-
тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі, себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
-
дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагнотикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауға төмен нәтижелер көрсетеді;
-
олар дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасаған күннің өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жіберіледі;
-
дарынды оқушылар мұндай мұғалімдер үшін тек қана оқу жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбие саласында да қиындықтар туғызады;
-
олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді.
Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасеттерімен ерекшелінеді:
-
дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;
-
олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
-
жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя алады;
-
оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;
-
педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;
-
дарындылықты анықтауда оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана алады.
-
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады:
-
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
-
дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
-
оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушымен жақсы қарым-қатынаста болуы;
-
дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық танытуы және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
-
дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
-
дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы.
-
Мұғалім біліміне қойылатын талаптар:
-
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
-
қызметнысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
-
оқушы дарындылығының моделін білуі;
-
жеке тұлға теориясын, оны қалыптатырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
-
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштермен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
-
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
-
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
-
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай алуы;
-
дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
-
оқытудың инновациялық техгнологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;
-
оқушымен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орындата білуі;
-
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жсауы;
-
дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі.
Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби бейнесі мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Мұғалімнің дарынды оқушымен жұмысқа дайындығының қалыптасуының мәселесі арнайы ғылыми зерттеуді қажет етеді. Ал қазіргі жағдайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интеллектуалдық әлеуетті арттыру аса қажет. Сондықтан мұғалімдер арнайы курстар арқылы және өзін-өзі жетілдіру арқылы әріптестерімен тәжірибе алмасу арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейін жоғарлатуы тиіс.
ІІ. Математика сабағында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
2.1 Математика сабағында дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Бүгінгі таңда мектепте жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда. Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.
Дарынды оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесін 4 деңгейде іске асыруға болады. 1 деңгей – математика сабағының үстінде. Қазіргі таңда озық технологиялар оқушылар шығармашылығын, дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр.
2 деңгейде - тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сынып, гуманитарлық, жаратылыстану бағыттары арқылы дамыту. Бұл сыныптарда негізгі даму компоненті ретінде авторлық бағдарламалар арқылы жүргізілетін арнайы курстар болып отыр.
3 деңгей - сыныптан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме, қосымша қызметтер арқылы дамыту.
4 деңгей - оқушылардың ғылыми қоғамы. Қоғамға олимпиадаға дайындық жұмыстары жүретін клубы, оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ғылыми жобалар клубы, шешендік өнерін қалыптастыратып, арттыратын дебат клубы және «Дарын» интеллектуалдық орталығына қатысатын оқушылар кіреді.
Математикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада, логикалық есептерді талдай отырып шығартуға болады. Бұл олардың ой-өрісін математикалық қабілетін дамытудағы тура жолдың бірі.
Жалпы түрде алғанда, оқушылардың математикаға қабілеттілігі туа бітетін заңды жағдай. Оқушылардың қабілеттіліктері негізінен 3 компоненке бөлініп қарастырылады: алгоритмдік, геометриялық, логикалық.
Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де қамтитындай есептер берілуі керек. Мұндай есептерді біртіндеп шығару арқылы оқушылардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сол себепті олимпиада есептерін таңдап алып шығарудың маңызы ерекше. Кейінгі кезде математикалық ойын түріндегі есептер жиі кездеседі.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында «Оқушының дарындылығын дамыту картасы» жасалынуы тиіс. Дарындылықты дамыту картасының басты идеясы жеке тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, картамен жұмыс дарынды оқушының субъектілігінің қалыптасуына септігін тигізеді. Дарындылықты дамыту картасының тәжірибелік маңыздылығы дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы және мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді.
Дарындылықты дамыту картасы бірнеше бөлімдерден тұрады:
- Оқушы туралы жалпы мәлімет;
- Оқушының дамуын және дарындылығын анықтау;
- Психологиялық бақылаулар нәтижесі;
- Оқу іс-әрекеті. Рейтинг жүйесі;
- Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар;
- Шығармашылық жұмыстар мен жетістіктер.
Дарындылықты дамыту картасымен жұмыс жасау бес кезеңнен тұрады:
1) Мәліметтер жинау және қорытынды жасау кезеңінде оқу үрдісінің барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлді және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.
2) Әрекет жоспары. Дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.
4) Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады. 5 кезең.Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты.
Жалпы, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын вербальді тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі заман талабы. Ал ол қандай болуы керек? деген сауал туындауы да мүмкін ғой.
Бірінші кезекте дарынды балаларға арналған арнайы бағдарламалар болуы тиіс. Оған қойылатын талаптардың мазмұны келесідей:
- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру; - алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;
- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшелік-терін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу.
Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс.
Екіншіден, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу. Дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Терендетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.
Бүгінгі таңда дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.
Қорыта келгенде мектепте дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау оқытушы мен психологтың үлкен шеберлігін қажет етеді.
Қазіргі уақытта білімді, зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін арнайы бағдарламалар мен сан алуан іс-шаралар жүзеге асырылып жатқан сияқты. Дегенмен де, осы бағытта мына біздер, ұлағатты ұстаздар, одан да тереңірек әрі белсендірек өз үлестерімізді қосуымыз қажет деп ойлаймыз!!!
Талабы таудай, қабілет қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қоыс жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.
Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты бағыты жүйеленген әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Дарындылықты дамыту ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға байланысты. Осы орайда құрылған дарын мектеп-интернаттарының негізгі міндеті: қала облыс көлемінде ерекше қабілетті балаларды іздеу, қабілеттілігінің бағытын анықтау және оны әрі қарай дамыта түсу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру. Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:
1-кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау жүйесін құру.
2-кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау жүйесін құру.
3-кезең. Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы оның білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамыта түсу жүйесін құру.
Дарындылықтың дамуы, нәтижелі болуы біріншіден мұғалім еңбегінің көрінісі, ал екіншіден оқу жоспарының дұрыс құрылып, жүйелі түрде іске асырылуында. Мұғалімнің оқу -тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық шеберлігінің маңызы зор. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше түрі бар. Мұғалім ең алдымен ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып-үйренуі тиіс. Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті , әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстанымдылығына байланысты. Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттілігін, оның оқу материалдарын тез ұға алушылығымен. ғана байланыстырады. Бұл жерде мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттернне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетіен балаларда аз емес. Осындай баяу лйланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл идеоглогиялық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.
2.2 Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау іс-тәжірибе негізінде
Педагогикалық ізденіс пен әрекеттің бүгінгі қызметінің нәтижесі ертеңгі қоғам сұранысына сай,бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындап шығара аламыз ба?-деп өзіме-өзім сауал қоя отырып, осы сауалға жауап іздеуге тырыстым.
Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер өте аз, педагогика және психология ғалымдарының бұл проблемамен айналысқандарына аз уақыт болды, сондықтан теориялық негіздері, ғылымда нақты орын алған жоқ , пікір-талас күйінде қалып отыр.
Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда.
Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.
«Дарынды балалар» бағдарламасы
бойынша жаңа оқу жылының басында дарынды балалармен жұмыс жоспары
жасалып, бала дарындылығын дамыту жүйесі толықтырады. Біздің
мектепте оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесі 4
деңгейде іске асады. 1 деңгей – сабақ үстінде. Қазіргі таңда озық
технологиялар оқушылар шығармашылығын, дарындылығын дамытудың
тиімді құралдарының бірі болып отыр. 2 деңгейде- тереңдетіп
оқытатын сыныптар, бағдарлы сынып, гуманитарлық , жаратылыстану
бағытта арқылы дамыту. Бұл сыныптарда негізгі даму компоненті
ретінде авторлық бағдарламалар арқылы жүргізілетін арнайы курстар
болып отыр. 3 деңгей- сыныптан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме,
қосымша қызметтер арқылы дамыту. 4 деңгей- оқушылардың ғылыми
қоғамы. Қоғамға олимпиадаға дайындық жұмыстары жүретін клубы,
оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру
мақсатында ғылыми жобалар клубы, шешендік өнерін қалыптастыратып,
арттыратын дебат клубы және республикалық «Дарын» сырттай оқитын
оқушылар кіреді. Математикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік
сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада,
логикалық есептерді талдай отырып шығартамын. Бұл олардың ой-өрісін
математикалық қабілетін дамытудағы тура жолдың бірі. Оқушылардың
математикаға қабілеттілігі-ол бір құбылыс . Ол қабілеттіліктертің
төмендегідей 3 компонентін бөліп алуға болады: алгоритмдік,
геометриялық, логикалық. Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де
қамтитындай есептер беремін. Осындай есептерді біртіндеп шығару
арқылы олардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сол
себепті олимпиада есептерін таңдап алып шығарудың маңызы ерекше.
Кейінгі кезде математикалық ойын түрде есептерді жиі кездестіруге
болады. Мысалы, қорапта 300 сіріңке бар. Әр кезек сайын онда бар
сіріңкенің жартысынан артпайтындай етіп қораптан сіріңке алуға
болады. Кім кезегінде қораптан өзіне тиісті сіріңкені ала алмаса,
сол жеңіледі. Егер ойыншылар қорапта бір сіріңкені ойын ережесін
бұзбай кезектесіп алса, қайсысы жеңіске жетеді, ойынды бастағаны ма
әлде соңғысы ма? Жауабы: Кім ойынды бастаса сол қораптан 45 сіріңке
алу керек. Сонда қарсыласына қорапта 255 сіріңке қалады. Қарсыласы
қораптан өзіне тиісті сіріңкені алған соң ол қораптағы сіріңкенің
санын 127-ге түсіре алады. Келесі кезегінде ол қораптағы қалатын
сіріңкенің санын 63-ке жеткізеді. Содан кейін 31,15,7,3 ең соңында
қорапта 1 сіріңке қалтырады. Демек кім ойынды бастаса 2 -1 айырмасын (
) пайдаланып 8 рет қораптан
сіріңке алып жеңіске жетеді.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында «Оқушының дарындылығын дамыту картасы» жасалынды.
Дарындылықты дамыту картасының басты идеясы жеке тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, картамен жұмыс дарынды оқушының субъектілігінің қалыптасуына септігін тигізеді. «Дарындылықты дамыту картасының» тәжірибелік маңыздылығы жеке тұлғаның субъектілік негізінде дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы, және мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді.
«Дарындылықты дамыту картасы» 6 бөлімнен тұрады.
1 б. Бала туралы жалпы мәлімет.
2 б. Жеке тұлғаның дамуын және оқушы дарындылығын анықтау.
3 б. Психологиялық бақылаулар нәтижесі.
4 б. Оқу іс-әрекеті. Рейтинг жүйесі.
5 б. Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар.
6 б. Шығармашылық жұмыстар мен жетістіктер.
Дарындылықты дамыту картасымен жұмыс 5 кезеңді қамтиды.
1 кезең. Мәліметтер жинау және қорытынды жасау. Осы кезеңде оқу процесінің барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлд және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.
2 кезең. Әрекет жоспары. Дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.
4 кезең. Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады.
5 кезең.Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі-математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің ірі-баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті:
-
Санау, сандық және реттік сандарды дұрыс пайдалану;
-
10-ға дейінгі сандарды салыстыру, қайсысы көп, аз екенін ажырата білу, тең емес заттардың санын теңестіре білу;
-
Заттардың пішінін ажырата білу;
-
10 затқа дейін көлеміне қарай салыстыра және реттік өсуі, кемуіне қарай орналастыра білу керек.
Осыған орай, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын вербальді тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Мысалы, «Аңдардың үйі» жаттығуы. Бұл ойын үшін 6 аңның көлемін анықтай алатындай (мысалы: піл, арыстан, сиыр, қоңыз, қасқыр. кірпі) суретер керек. Әр аңға үй салып, қарындашпен шаршының көлеміне қарай отырып, аңдарға өз үйіне баратын жол салу керек.
Дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі өмір талабы. Ол қандай болу керек? деген сұрақтың толғандыратыны даусыз.
Дарынды балаларға арналған біріншіден, бағдарламалар болу керек және талаптар сипаттамасы төмендегідей:
- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру;
- алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;
- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшелік-терін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу.
Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс.
Екіншіден, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу. Дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Терендетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандылық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гёте, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с) ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.
Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастырмаған. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
-
дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
-
қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
-
дарынды оқушылармен жұмысқа нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
-
дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
-
дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
2. Мұғалімінің біліміне қойылатын талаптар:
-
пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
-
қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
-
оқушы дарындылығының моделін білуі;
-
жеке түгел теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
-
дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
-
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
-
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
-
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
-
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
-
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеуді жүргізе алуы;
-
дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
-
оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы;
-
оқушылармен қарым –қатынасын сауатты орната білуі,
-
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
-
дарынды оқушының -ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;
-
дарындылық оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;
-
дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі.
Дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.
-
Бала бойындағы қабілеттіктерді бақылау. Жалпы, дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу үшін белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданылады.
Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекеттеріне бақылау жүргізіледі. Әдіс шарттары: 1) байқау ұзақ мерзім жүргізіледі; 2) мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы, есеп шығаруда неге мән береді; 3) бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі.
Әңгімелесу. Мұнда алдын ала жоспарланған сұрақтармен қатар жанама сұрақтар ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыру керек.
2. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.
- Есте сақтауы.
Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болу керек. Аралығы жарты секунд. Әр сөз тек бір рет айтылады. Жауапты баллмен қорытындылайды. Көзбен көріп есте сақтау. 16 түрлі сурет көрсетіледі. 30 секундтан кейін оларды алып тастайды. Бала суреттерді еске түсіріп айтып беру керек. Жауапты баллмен қорытындылайды.
- Көзбен шолып анализ-синтез жасау.
- 4 суреттен береді. Осылардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Баллдық жүйемен бағаланады. Бала сұрақ орнына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстырмаларды әр түрлі тақырыптардан алған дұрыс.
- Сөзден тікелей анализ-синтез жасау.
- 4-5 санның ішінен басқалармен сәйкестігі жоғын алып тастау керек.
- Салыстыру. Бірінші екі сөз айтылады. Мысалы, бұрыш-транспортир. Екінші, бір сөз айтылады. Мысалы, градусник – ?. Содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі.
- Ойлауы.
- 6-дан кейін қай сан тұру керек? 2 , 4, 6, ...? 6, 7,8.
- Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ айтылатын сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын.
- Пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік.
Сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы ескертіледі.
3. Дарындылықты дамыту шаралары.
Жеке ерекшеліктері анықтап болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құралады.
Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімдік білім алуға жетелеу. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болу керек. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.
Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады.
Дербестік дегеніміз - оқушының алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолын өз бетінше таба білетін, шешімдерін, кез келген қиындықтарды жеңе отырып баратын жолы. Оқушы дарындылығы айқындаудың 6 баспалдығы бар.
Осындай қиындығы мол баспалдақтардан өту үшін, оқушыға біраз жылдар қажет болуымен қатар, олардың алдына үлкен міндет жүктеледі. Ал мұғалімге, ата-анаға сол дарындылық пен дербестікті баулитын жолды қалт жібермей тәрбие берген жөн.
Қорыта келген кезде, жалпы дарынды баланы анықтау және қолдау алдындағы оқытушы мен психологтың шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогресстің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Ата заңында жеке тұлғаның білімге деген сұранысын (қайтару үшін) қанағаттандыру үшін өз ұрпақтарына кепілдік береді,- деп көрсетілген. Ата заңда көрсетілген бұл міндетті жүзеге асыру үшін білім беруді тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда ұйымдастыру қажет деп санаймыз.
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, - деп атап көрсетілген.
Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен күнге арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан ғылыми-тәжірибелік жұмыстар өз жалғасын табуда.
Қазіргі уақытта жеке адамның жан-жақты дамуына үлкен мән беріліп отыр. Жас жеткіншектің келешегін оның отбасының материалдық тұрмысы емес, қабілеті, талабы, ерік-күші айқындауы керек. Баланың бойына өзіне деген сенімділік, жауапкершілік сезімдерін үйде ата-ана, мектепте ұстаз сіңіреді.
Еркіндік дегенді өзгелерге зиян келтірместен нақты шешім қабылдай білу, өз мәселелерін өздері шеше білу, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдау, кез келген қиыншылықтарды шеше білу, өз талап-тілегіне қол жеткізу деп ұғыну керек. Сондықтан бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Жаңашыл педагогтар Ш.Амонашвили мен В.Ильин ізгілендіру мен жариялық технологиясын қалыптастырды. Ал жапондықтардың балаларға дауыс көтермей, болашағына сенім білдіру, олқы істеріне кешіріммен қарап, еркіндік беруді ізгілендірудің үлгісі екендігін білеміз, осының нәтижесінде техниканың озық үлгілерімен бүкіл әлемге әйгілі мемлекет болып отырғаны мәлім.
Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технологияларды шығарушы, әділ саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл ерікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық. Сонымен бірге бұл нәзік, қоршағандар түсінбейтін, қатыгездік пен қызғанышқа душар болатын «Ақ қарғалар» және бұл осының себебінен немесе биік, еркін жандармен жұмыс жасай алатын жетекшілердің кінәсінен жоғалатын жандар. Жалпы адами мәдениетте дарындылық жеке құндылық ретінде, адам табиғатында өзгеше, таптырмайтын құбылыс болып қарастырылады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
1. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер жан-жақты талданды.
2. Дарынды балалрмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға мүмкіндік берді.
3. Дарынды балалрмен жұмыс жүргізуді мектептен бастаудың маңызы зор.
6. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды.
7 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді.
-
Зерттеу нәтижесі біздің ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Алматы: 1994.-Б.7
-
Ел президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауы. Алматы, 2004 ж. 19 наурыз.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2004
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» бағдарламасы. Алматы, 1996 ж.
5. «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы». Алматы, 2006.
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы: Юрист, 2007.
7. Платон шығармалары. «Мемлекет», Алматы, 1968, 256 б.
8. Аристотель Соч. В 4 т. М., 1975. Т.1. с.156.
9. Фрэнсис Гальтон. Избранные сочинения. М., 1984 г. С.120
10. Э.Мейман. Сочинения. М., 1989. С.156
11. В.Штерн. О человеческой жизни. М., 1978. С.56
12.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы, 2006, 246 б.
13. А.М.Матюшкин, Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы психологии. 1988. №4. с. 88-9
14. Хрестоматия по возрастной психологий. Под. Ред. Д.И. Фельдштейн. М., 1994. 256 с.
15.А.Т.Ковалев. Общая психология. М., 1989. с.125
16.В.Т.Крутецкий Психология математических способностей школьников. – М., Знание, 1968. – 432с.
17. Д.Н.Леонтьев Проблемы развития психологии. –М.,1972.С.58, 108, 304.
18. С.Л.Рубинштейн Бытие и сознание.- М.,1957.
19. В.Д.Шадриков. Общая психология. М., 1996. М., 458
20. Дж.Рензулли. Психология развития. М., 1989. С.45
21. М.Карне. Развитие и воспитание. М., 1986. с.78
22. А.Шведел. Избранные сочинения. М., 1989. с.126
27

