Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ, БОЛАШАҒЫ, ПРОБЛЕМАСЫ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ
ТЕНДЕНЦИЯСЫ, БОЛАШАҒЫ, ПРОБЛЕМАСЫ
Айдарбекова Алтын Каиржановна
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы КММ әдіскері
Ізденушінің шығармашылық туындысы ретінде дарынды тұлғаның танымдық мүмкіндігін арттыру біртұтастық пен жүйелілік, оқу материалының мазмұнын анықтайтын ортақ мақсат қою мен дидактикалық міндеттерге бағынатын ұстаз бен жеке тұлғаның біріге әрекет етуінің бірегей логикасы мен ой-өрісі тән болуы тиіс.Осы шартты орындау арқылы танымдық әрекет үрдісі арқылы жеке оқушымен жоспарланып және оқушының мінез-құлқы дамытушы фактор бола алады деген мақсатта ізденген.
І. Зерттеу үрдісінің мақсаты, мазмұны, әдісі, көкейкестілігі:
а) мақсаты:
1) Жеке жұмыс жүргізу үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік
ой құрастыру әрекеттерін танымдық қабілеттерін белсендету;
2) Оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекетінде жете ұғынуға
талпындыру, белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын
ұйымдастыру;
3) Жеке тұлғаның өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін
ұйымдастыру;
4) Ақпараттық коммуникативтік технология арқылы оқушы біліміне
мониторингтік сауалнамаларды пайдаланып, өзара талдау жүргізу;
5) Материалдармен жұмыс жасауда оқушы өз қажеттілігіне
пайдаланатындығын ұғына отырып, нәтижеге жетуіне талпыныс жасау;
6) Жетекші ізденуші оқушыны белсенді іс-әрекетке мүмкіндігінше кеңінен
тарту;
ә) әдісі:
1) Ой бөлісу;
2) Бәсекелестік тудыру;
3)Баяндау, сипаттау;
4)Анализ, синтез;
5)Интерактивті-көрнекілік;
6)Жаңа технология элементтерін қолдану;
7)Араторлық әрекет
б) көкейкестілігі:
Жұмысты ұйымдастыруда мінез-құлық бірсарындылығынан бас тарта
отырып, оқушыны белсенді іс-әрекетке тартып, пікірдің баламалығы мен
көпнұсқалы болуын қолдау негізінде бір түйінге келу әрекетіне
дағдыландыру. Зерттеу материалын игеруде қажеттілікті керек етуге,
зеректілікке тәрбиелеу.
ІІ.Жұмысты дайындау және өткізу кезеңдері:
Дайындау кезеңі:
а) ниет: Зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау: «Дарынды оқушымен
жұмыс жасаудың тенденциясы, болашағы, проблемасы»
ә)Зерттеу нысанасын анықтау: бағыты: Менеджмент
сыныбы: 7-11
б)Зерттеу жұмысының желісін, ізденіс әрекетінің әр сатысын өткізуге нұсқау
дайындау:
1)Мақсат айқындау;
2)Зерттеуді жаңа технология элементін пайдалану арқылы жоспарлау:
Деңгейлеп саралап оқыту
Проблемалық оқыту технологиясы
Тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы
Оқытуды оқушылардың басқаруы арқылы оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
3) Зерттеуге қатысушы: 7-11 сынып оқушылары
4) Реквизит: оқулықтар топтамасы, әдістемелік нұсқаулар, интерактивті
оқыту технологиясына қажет құралдар, зерттеуге арналған сауалнамалар;
5) Жұмысты өткізуге нұсқау дайындалды:
топтық-ынтымақтастық педагогикасы арқылы ұжымның
интеллект сипаты мен жеке тұлғалық амалдарын анықтау;
6)тапсырма, сұрақтар орындалатын жаттығулармен, жеке оқушыға
бағытталған тапсырмаларды іріктеу;
7) Зерттеу өткізу әдістері анықталды;
8)Дарындылардың іс-әрекетін бағалау өлшемдерін әзірлеу:
Таңдалған пәні бойынша
оқу деңгейі:
Оқыту деңгейі: Сараптама:
1.Оқушының
психологиялық ерекшелігі:
-көңіл бөлу
-еске сақтау
-ойлау
-елестету
2.Жалпы білім берудегі
іскерлігін қалыптастыру
деңгейі
3.Пән бойынша іскерлік
деңгей
-нөлдік үздік
-аралық жұмыс
-бақылау жұмысы
Сапалық анализ
Сандық анализ
Бөлімдер, тақырыптар
бойынша беріктілік деңгей,
қандай негізгі мәселелерді
анықтау керек, төмендегі
нәтиженің болуының себебі,
нәтижелерді салыстыру
Қорытынды:
1.Ауызша сөйлеу әрекетін
анықтау,
2.Ашық тест, жабық тест
тапсырмаларын орындау
әректін бақылау;
3.Оқу пәндеріне арналған
приборлармен жұмыс жасау
қабілетін бақылау;
4.Деңгейлік тапсырмалар
орындауы: Жаратылыстану
пәндерде олимпиада-ларда
есептер шығару қабілетін
анализдеу;
9) Зерттеудің талдау сұрақтарын тұжырымдау:
1) Зерттеудің мақсаты мен міндетінің қойылуы;
2) Зерттеу жүргізгенде проблемалық мәселені қоя білу;
3) Таным белсенділігінің дамуы;
4) Ізденушінің өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;
5) Зерттеу жұмысының ғылым негізінде меңгерілуі, түсінуге ыңғайлылығы,
оңтайлылығы, жүйелілігі;
6) Пәнаралық байланыс
7) Мазмұнының маңыздылығы, білімнің өмірге байланыстылығы;
8) Қойылған критериилердің нақты болуы;
9) Уақытты тиімді пайдалануы;
10) Білімді бақылау, бағалау, зерттеуші мен ізденушінің шешімдерінің,
дәлдігі, мөлшері;
ІІІ. Тұлғаның ізденіс мәселелерін шешу барысында жеке тұлғаны дамыту:
Мониторинг жүргізуде оқушының ойын ауызша жауап беру әдісімен
тыңдап, қорытындылауда ғылыми-танымдық себеп, берген материалды
түсіну негіздерімен қорытындылау арқылы, іздену барысында жеке тұлғалар
арасында танымдық қарым-қатынас орнату, проблемалы-сұхбаттық,
проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-компьютерлік оқыту әдістерін
байланыстырып өткізу.
ІҮ.Зерттеудегі топтық және даралық амалдардың бірлігі:
Даралық амалдар:
а) Еркін сөз стратегиясымен оқушы ойын тыңдау, оқушының
логикалық ойлау қабілетін анықтау, жабық тест тапсырмасын орындауда
сұрақтарға дәл жауап беруге жұмыстануы, шапшаңдыққа үйрету, әр оқушыға
берілген жеке тапсырманы қабілеттеріне қарай орындау мақсатталады.
ә) Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалана отырып, ғылыми
пәндер олимпиадасы тапсырмасын орындау,олипиада мен ғылыми жұмыс жазуда олардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу жұмыстарын жүргізу. Топтастыру жұмыстарын орындауда оқушы шығармашылығын қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.
Топтық амалдар:
Сәйкестендіру тапсырмаларымен жұмыс жасағанда оқушы зейінін анықтау; материалды түсіну деңгейіне көңіл бөлу.Пәндік қызығушылыққа назар аудармай, ізденушінің барлық бағыт негізінде ізденуіне /пәндер бойынша/, зерттеуге арналған ғылым екендігіне назар аудару;ғылым негізін түсіну арқылы оқушының ой-өрісін дамыту; Сонымен қатар ізденушіні мынадай дағдылар қалыптасуы керек:
1.Ізденіс жұмыстарында әр пән бойынша айырмашылықтарын
түсіндіру;
2.Әрбір жұмысты бастағанда іскерліктері болуы қажет;
3.Әрбір жұмыстың /ізденіс/ макропараметрлерінің арасындағы
байланыс-тарды оқу және маниторинг арқылы кескіндеу;
4.Ізденіс жұмысының әрбір бөліміне анализ жүргізе білу;
5.Жазған жұмыстан қорытынды шығара білуі қажет;
Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы ізденіс:
ІҮ.Мұғалімнің ұйымдастырушылық, коммуникативтік, экспересивтік,
практикалық іс-әрекеті:
а) ұйымдастырушылық әрекет: топтық және жеке жұмыстар орындау кезіндегі шапшаңдық әрекеттері;
ә) коммуникативтік әрекет:оқушыларды қашықтан оқыту, интерактивтік тақтамен жұмыстар ұйымдастыру;
б) практикалық әрекет: «сәйкестендіру» тапсырмаларын орындау бөлімінде зеректілік пен тиянақтылыққа көңіл бөлуге үйрету, «эксперимент алаңы» тапсырмаларында ойлау қабілеттерінің тереңдігі мен көру дағдысының дәлдігіне назар аудару және оқушы бойында қабілеттілік қасиетін қалыптастыру;
Ү.Іздену жұмысының тақырып және тақырыпша бойынша сабақтар жүйесіндегі орны, мақсаттың дұрыс қойылуы:
Ізденушімен жүргізілетін әрбір сабақ 8 бөлімге бөлінген:
1. Үш қадамнан тұратын сұхбат
2. Ашық тест тапсырмалары
3. Ұлттық біріңғай тестке әзірлік
4. Эксперимент алаңы:
5. Сәйкестендір:
6. Деңгейлік тапсырма
7. Топтастыр
8. «Ой толғаныс»
Әрбір бөлім бойына мақсаттар көзделіп сол бойынша тапсырмалар беріліп орындалады.
ҮІ. Ізденуші мен жетекші арасында сабақтың ұйымдастырылуы:
1) типі: Қорытындылау сабағы
2) құрылымы: Бөлім бойынша жұмыс
3) жеке элементтері: жеке жұмыстар, ой бөлісу
4) кезектестігі мен уақыт мөлшерлері:
1. Үш қадамнан тұратын сұхбат -4 минут
2. Ашық тест тапсырмалары -2 минут
3. Ұлттық біріңғай тестке әзірлік -4 минут
4. Эксперимент алаңы: -15 минут
5. Сәйкестендір: -5 минут
6. Деңгейлік тапсырма-10 минут
7. Топтастыр-2 минут
8. «Ой толғаныс»-2 минут
Резервке 1 минутты ұстау.
ҮІІ. Ізденуші мен зерттеуші арасындағы сабақ өткізу әдістемесі: сөздік
Жабдықтар: интерактивті тақта, жұмыс дәптері, әрбір оқушыға бөлінген компьютер, экспериментке қажет құрал-жабдықтар
Негізгі түйін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш-қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады. Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет деген. Сол себепті менің шығармашылық жұмысымның құндылығы осында болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге
алынуы шарт.
Жұмысымның мақсаты:
Ғылыми көзқарасы қалыптасқан, ақыл –ойы ұшқыр, әлемдік білім деңгейіне жеткен, өмірге сенімді көзқараспен қарайтын, өзіндік ой – пікірі жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау. Оқушылардың бойында ғылыми – көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алатын қабілетін арттыру. Мұғалімдердің әр сабақты жаңаша тұрғыдан жасауына ықпал жасау, сабақты жоспарлауда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін ықпалдастыру.
Міндеттері:
1.Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру;
2. Баланың дара тұлғасын барынша дамыту білім алудың тәсілдерін игерген ақыл – ой иесін тәрбиелеу;
3. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өмірдегі өзгерістерге икемді жеке тұлғаны қалыптастыру;
Көкейтестілігі: Жеке тұлғаның білім дағдыларын қалыптастыра отырып, шынайы өмірге бейімдеу.
Өзектілігі: Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, өз бетінше ізденуге үйрету. Күтілетін нәтиже: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге жаңашыл, төзімі берік, ешкімді қайталамайтын, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды және олар лицейдегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Қабілетті, өз ойын еркін айта біледі, білімді, түрлі жағдаяттарды шешуге ұмтылады.
Мұғалімдер:
• Мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесін жаксартады;
• Ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;
• Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;
• Оқу сапасы артады;
• Лицейдегі әр оқушы сабаққа белсене қатысады;
• Лицейде бірлесе жұмыс атқарады;
• Өз ойларын еркін айтуға үйренеді.
Ғылыми құндылығы: Оқушының ғылыми ізденісіне жол ашу. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері
шығармашылыққа жақын, сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, лицейдің, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. Дарындылықты қандай да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының іргетасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Осы орайда оқушының
шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарындылықты анықтау бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады. «Дарынды балалар - еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық»,- деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыру, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр.
2.1.Дарынды балалар қалай байқалады?
Педагогикалық энциклопедияларда дарындылық туралы былай деп анықтама берген: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттіліктерінің жете жақсы дамуының жоғарғы сатысы». Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі. Дарындылық – қабілеттілік және талант деген бір ұғымды білдіреді. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, лицейдің, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке
жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі.
Дарынды балалар:
• Ақыл – ойы ұшқыр, өмірде болып жатқан оқиғаларға, құбылыстарға көңіл қойып қызығушылық танытады.
• Еңбек сүйгіш, біреуге қуаныш сыйлауды ұнатады.
• Өздігінен білім алуға, ізденімпаздық қасиеті басым.
• Мектеп оқулығындағы қиын тапсырмаларды, жоғарғы оқу орындарына берілетін қиын тапсырмаларды орындауға қабілетті.
• Ойлау, есте сақтау, қабылдау, зейіні, сөздік қоры, тіл байлығы өте жақсы жетілген.
• Мектепте, мектептен тыс жерлерде өзінің білімділігін көрсете алады. Жаңа білімді тез меңгереді
• Компьютерді, техникалық құралдарды жылдам меңгереді.
• Драмалық ойындар ойнағанды ұнатады.
• Өлеңді жақсы айтады.
Дарындылық - адам бойындағы қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейде дамуы, iс-әрекет барысында ерекше жетiстiкке жетуi. Дарынды бала – бұл, iс- әрекет барысында асқан талантымен, ерекше қабiлетiмен танылған, жоғары жетiстiкке жетуге талпынушы. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ үдеріс. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын тез меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмыстарға арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Дарындылық белгілері: ойлау қабілетінің дәлдігі, шешім қабылдаудағы ерекшелігі, ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі, дарынды бала бойындағы ерекшелік шынайы іс - әрекет пен бақылаудың бағалау жолдарымен пайда болатын іс – қимыл. Лицейде мұғалімдер барлық оқушыны дарынды деп есептейді. Сондықтан балаларды әр түрлі қырынан ашып көрсетіп, өздеріне деген сенімділікті орнатып, кез келген жерде өздерін көрсете алуға тәрбиелейді.
2.2. Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімге қойылатын талаптар.
Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздін саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары, құралдары өте көп. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер көтеріліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет. Шығармашылығы жоғары, дарынды
балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді. Мұғалім - елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа толы, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және
өмірлік мақсатын қалыптастырады. Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл
бөлмей, оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі. Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар.
• дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
• дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы тиіс.
Дарынды балалар кез - келген жерде өзін көрсете алады.
2.3. Дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды және олар мектепте жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады, төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады. Университет кадрлары, кандидаттар немесе профессорлармен бірлесе жұмыстар атқарып, пікірлерін алып, өздерінің
ғылыми жоба жұмыстарымен айналысып, болашақта елімізге бір елеулі үлес
қосу жолында қадамдар жасайды. Дарынды бала – мәңгілік елдің ұрпағы, біздің болашағымыз. «Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман
– тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын
бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің
іргетасын қаладық», - деді Н. Назарбаев.
«Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!», - деді Мемлекет басшысы.
Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді
қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

