"Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мектеп ұстаздарына өте қажетті жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жоспар



  1. Кіріспе



  1. Негізгі бөлім

    1. Қабілетті оқушыларды оқытуды ұйымдастыру

    2. Қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    3. Қабілетті оқушылармен жүргізілетін тақырыптық жоспары

    4. Қабілетті оқушылар тізімі





  1. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

    1. Үлгерімі төмен оқушыларды оқытуды ұйымдастыру

    2. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    3. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін тақырыптық жоспары

    4. Үлгерімі төмен оқушылар тізімі





Қорытынды













Кіріспе


«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында алға қойған мақсаттарды орындау үшін елімізді ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан- жақты өсіру қажеттілігін дамыту тиіс» -деп айтқан.

Мектепте дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты-жан- ақты, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге қабілетті дарынды жастарды қалыптастыру.

Демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңінде Республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарынын белгілеуде дарынды балалар проблемасының өткір  көрінуі мүлде кездейсоқ емес. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың кез – келген тобына еркіндік берілсе, онда ойлау, шешім қабылдау, қорлар мен  қызмет бөлісу сияқты атқарылатын реттеуші қызметті ой,  мақсаттарының ішкі өзегі етіп таңдайды. Ал бұл өзекті қалыптастыруда аса дарынды адамдардың маңызды роль атқаратындығы даусыз. Міне сондықтан да бұл проблема шешімінің елдің болашағы, қоғамның дамуы, оның шығармашылық потенциялының іске асырылуы жататындығынан көреміз. Сонымен, дарындылықпен жұмыс мәні – адам мүмкіндігін толық пайдалану мен елдің интеллектуалды күш – қуатының стратегиясының қорын жасау болып табылады.

         Қабілетті бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. 

Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілетін ойдағыдай даму үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділікпен дағды болуы тиіс. Қабілеттің дамуына адамның туыстан берілетін анатомиялық, физиологиялық белгілі орын алады. Іс- әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігімен қамтамасыз ететін қабілеттің жоғары түрін дарындылық деп атайды. Маңдай тер төгілмейінше ешқандай қабілетөз мәніне ие болмайды. Қабілеттілік - адамның өз бейімділігі арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттердің дамуына табиғи негізін құрайтын нышандардың жиынтығы - дарындылық. Адамның дарындылығын оның жоғарғы жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиылысуын қызметтің сол саласында талант деп атайды.


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, жеке тұрлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік стандартты меңгерту. 


Міндеттері:
1.Үлгерімі нашар
оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 

2.Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау.

3.Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру.
4.Оқушының жеке даму диагностикасы.

5.Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын   

   қадағалау.



Үлгерімі төмен оқушылардың үш тобы бар:


1 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен. (танымдық процестердің төмендегі ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау)


2 – топ: Ақыл – ой қызметі жоғары, бірақ оқуды игеру деңгейі төмен


3 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен,оқуды игеру деңгейі орта ауытқылардың

жүйке жүйесінің бұзылуынын себептерін анықтау ата -аналармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен жұмыс бірлесіп жүргізу. Әр бір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілеттерін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу

оқушылардың психологиялық ауытқушылықтарын анықтау.















Үлгермейтін оқушыларға арналған ереже


1.Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды. 


2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру


3.Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы


4.Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.


5.Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек.


6.Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек.


7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.

 

 

Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да болады: 

- үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;

- олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;

- олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;

- Олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар.


 







Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

Іс -шара

Мерзім

1

Сынып оқушыларының психо – физиологиялық даму деңгейін диагностикалау

қыркүйек

2

Оқушының үлгере алмау себептерін ата-анамен кездесу арқылы, мектеп мамандарымен әңгімелесу: психологпен,

дәрігермен, логопедпен және оқушының өзімен бірге анықтау.

қыркүйек

3

Үлгерімі төмен оқушының білімдегі ақаулықты жою бойынша жеке жұмыс жоспары

бір тоқсанға құрылады.

қыркүйек

4

Сабақ барысында өзіндік жұмыстарды жасауда жеке қатынас ұйымдастыру. Оқушының қабілеті жететін жұмыстар құрастыру, оны бірізді күрделендіру арқылы қабілеттілігін арттыру.

Жыл бойы

5

Оқушының білімінің тақырыптық есебін жүргізу.



Жыл бойы

6

Әр пән бойынша жеке жұмысын ұйымдастыру.



Жыл бойы



ӘБ жетекшісі:











Қабілетті оқушылармен

жүргізілетін жұмыс







Пәні:

Мұғалімі:

Сағат саны:



Дарынды оқушы тәрбиелеудің 9 сатысы

1-саты. Тұлға. Тұлғаны тек тұлға тәрбиелейді.

2-саты Ықпал. Ымыралы қатынастың педагогикалық амалдарына лайықтал.

3-саты Мақсат. Мен ақпаратқа қанық сананың аналитикалық талдаушысымын.

4-саты Бағбан. Баланы бейініне бағыттайтын басты бағбан.

5-саты Шыдам. Шығармашылық ынтаның дарынын ашулы меңгер.

6-саты Бақша. Білімді ақылмен қорыт, шығармашылықпен ал.

7-саты Баб. Баланың академиялық бостандығы.

8-саты Меже. Менің еңбегімнің жемісі - еркіндік.

9-саты Өжет. Өзінше жетілген ерікті тұлға деп аталатын баспалдақтары мұғалімғылыми – әдістемеліктұрғыда меңгерген жағдайда ғана білім берудің жаңа сапасы орнығып, дарынды бала дүниеге келеді.

«Талант» шыңы. Танымдық ақпараттың лидері адамдық негізді танушы дайын тұлға.



Бірінші саты – «Тұлға». Тұлға дамудың бастапқы сатысындағы мұғалім, тұлға сөінің мәнін және тұлғалық қасиеттерді түсінуі керек. Тұлға сөзі- өзіндік дамуға ерік- жігер жинаған, жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, дербес әрекет иесі деген мәнге ие. Міндет пен мақсатты ұғынып, оқушы мен тұлға айырмасын білген мұғалім ғана дамудың бұл сатысынан сүрінбей өтіп, екінші сатыға қадам қояды.

Екінші саты- «Ықпал». Ымыралы қатынастың педагогикалық амалдарды лайықтал дегенді білдіреді. Мұғалім мен тұлға қарым-қатынасы тұлғаның өсуімен әсер беруші бірден –бір фактор. Сабақтың бала үшін қуаныш өзіне айналуы немесе реніш пен ыза бастауы болуы тікелей мұғалімнің қарым-қатынасы мен тәрбиесіне байланысты. Әр бала бір-бір үйдің ханшасы бір-бір үйдің ханзадасы екенін ескерсек кез-келген қатынас тұлғаға ыңғайлы және оның сапарын дамытуға бағытталған болуы тиіс. Тұлғаға ілтипатпен зейін аудару, белгілі деңгейдегі құрмет, оның денсаулығы мен ой саулығына әсер етіп, шығармашылық әрекетінің тууына ықпал етпей қоймайды. «Ықпал» сатысын меңгерген мұғалім құзыреті екінші сатыдан өтіп, үшінші сатыға көтеріледі.

Үшінші саты – «Мақсат» деп аталады. Мен ақпаратқа қанық сананың аналитикалық талдаушысымын деп жіктелетін бұл сатыда мұғалім интернетпен, компьютермен тығыз байланыста бола отырып, шәкіртімен де соны талап етуі керек. Әлем жаңалығын уысында ұстағандай сезіну, кез-келген адамның қай мәселеде болса да біліктілік танытып, өзіне сенімді әсер етеді. Компьютерсіз мұғалім- мұғалім емес деп түсінсек, ақпаратсыз шәкірт тұлға емес деп те түсінуіміз керек.

Төртінші саты- «Бағбан» сатысы. Мнда мұғалім баланы бейініне бағыттайтын басты бағбанға айналады. Өзін-өзі танитын, нені қажетсініп, неден бас тарту керектігін айқын айра білетін шәкірттің бейін сапасын сабақтың барысында аңғару қиын емес. Бейін айқындалып, ынта оянғаннан соң ғана, шығармашылық жайлы сөз қозғау керек.

Дарынды дамудың бесінші деңгейіне жете алған мұғалім «Шыдам» сатысына шығады. Ол шығармашыл ынтаның дарынын ашуды меңгер дегенді меңзейді. Бұл мұғалім үшін жауапты бала үшін шешуші саты. Баланың бейіні айқын, мұғаліммен қарым-қатынасы әбден орныққан соң, енді оның өз бойындағы дарынын дамудан өзгеге алаңдауынан негіз жоқ. Дарындылық дегенің өзі не? Мұғалім оны бала бойына қалай егеді. Оның жолдары қандай?

Дарын деген сөздің мәні адамның ойлауының және өз бетінше әрекеттің жоғары формасы. Егер бір мұғалім қайталанбайтын ерікті ізденудің жолына сала алса және ол шәкіртті сол ізднуден қуанышқа бөлеп, өзінің ішкі дүниесін жаңартуға минут сайын, сәт сайын талпынып отырса, міне сол нағыз шығармашыл дарын тұлға. Тап осы үрдісте мұғалім баланың шығармашыл тұлғаға айналғанынын басқаларға танытып, оның өз ісінен қанағат табуына көмектесе білсе, онда шығармашылықтың сақталуы мен үздіксіз дамуына кепіл бола алады.

Алтыншы саты – «Бақша». Білімді ақылмен қорыт, шығармашылықпен ал деп жіктеледі. Білім шығармашыл тұлғаға талғаммен беріліп қажетіне жарауы керек. Ақындыққа бейім бала жатпай тұрмай жазушылардың көркем шығармасын оқып тілін байыту керек те, математикаға бейім тұлғаға сол төңіректегі іспен шұғылдануына жағдай тудырып, оның үнемі дамуы мен жылжуымен, өсу мен болуын қадағалау керек. Бұл деңгейге жеткен баланың мұғалімнен білімі асып, оқығаны басым болып, таң қалудың қажеті жоқ. Ол заңды да. Себебі, дарын көзі ашылып, жаңалыққа құмарлығы пайда болған тұлғада өз бетінше дамуға құштарлық оянады. Мұндай баладан білмегеніңізді сұраудан ұялмай- ақ қойғаныңыз жөн, ол оны шабыттандырып, қанатына қанат байлайды.

Біз мақсаттың «Баб» деп аталатын жетінші сатысына көтерілдік. Ол баланың академиялық бостандығы дегенді білдіреді. Дамудың жетінші сатысындағы тұлға бағыт бергеннен гөрі, сырттай бақылағаныңыз дұрыс. Тұлға еркін көсіліп, өз бетінше әрекет еткені дұрыс. Мұнда бостандық деп отырғанымыз – қатып қалған сабақ кестесі болуы да мүмкін.

Сегізінші саты – «М»еже» - менің еңбегімнің жемісі- еркіндік деп аталатын сатыға келгенде ойымыздағы тұлға қалыптасып, межелі жерге жеткен болдады. Тұлға бұл сатыда өз шығармашылығының пайдасын көріп, ләззатын сезінуі үшін мұғалім оған жағдай жасау керек. Ашқан жаңалығын баспасөзде жариялап, кітапшалар шығаруға, сайыстарда жеңіске жетуіне көмектескені жөн. Еркін дамудың арқасында жеңіске жеткен тұлға өмірде де жететін болады.

Соңғы саты –«Өжет» - бұл –өзінше жетілген еркін тұлға дегенге саяды. Бұл сатыға жеткен бала – өз дегені бар, құзыреттілігі дамыған, адами қасиеттері қалыптасқан, өмірге икемді, ешкімге жаутаңдамайтын, қадамы нық, бәсекеге қабілетті тұлға болып шыға келеді. Осы атал,ан тұлғаны қалыптастырудың тоғыз стаысын бағындырған мұғалімнің құзыреті дамып, тұлғаның шығармашылығы артады. Дамудың тоғыз сатысын бағындырған мұғалім «ТАЛАНТ» шыңына көтеріле алады.











Дарындылық және қабілеттілік

Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілетін ойдағыдай даму үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділікпен дағды болуы тиіс. Қабілеттің дамуына адамның туыстан берілетін анатомиялық, физиологиялық белгілі орын алады. Іс- әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігімен қамтамасыз ететін қабілеттің жоғары түрін дарындылық деп атайды. Маңдай тер төгілмейінше ешқандай қабілетөз мәніне ие болмайды.

Қабілеттілік - адамның өз бейімділігі арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттердің дамуына табиғи негізін құрайтын нышандардың жиынтығы - дарындылық. Адамның дарындылығын оның жоғарғы жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиылысуын қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен дарынды бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

























Дарынды баланы дамытудың кезеңдері:

1 Диагностикалық кезең:

  • Бала бойындағы нышанды байқау, дарын мен бейінді анықтау интуиция.

  • Баланың өз деңгейін өзі анықтауы.

  • Бала өз бойындағы шығармашылыққа қажетті білім, біліктің жетіспейтіндігін сезініп, оны толықтыруын қалауы.

2 Мотивациялық кезең:

  • Баланың бейініне сай білімге сұранысын талқылау, толықтыру.

  • Идеялар мен көзқарастарды ортаға салу, енкіндік, шешімділік, тәуекелшілдік ойдың қалыптастығы.

  • Ынталану, жалпы эрудиция.

3 Жаңа тәжірибе меңгеру кезеңі:

  • Қалыптасқан көзқарастарды өзгертуге бағытталған жұмыстар.

  • Әрекеттік амал негізінде жаңа білімді талқылау, ақпараттарды сұрыптау.

  • Жаңа шығармашылық ойлардың тууы.

4 Жаңа көзқарастар қалыптастыру кезеңі:

  • Жетістігін басқалардың тәжірибесімен теңестіру, қажет болса түзетулер жасау.

  • Жаңа болжамдар жасау.

  • Жаңалықты қолдану.

  • Тақырып алдындағы және кейінгі білімдерін ойша салыстыру, қорытынды шығару.

  • Рефлексия (ой толғаныс)

  • Кері байланыс және алға үздіксіз ұмтылыс.




Shape2 Shape1

Қабілетті балалар



Shape3 Shape4



Shape5 Shape6 Shape7

Оқыту

Дамыту

Анықтау

























Shape8

ШШығармашыл







Shape9 Shape11 Shape10

Интелектуалды

Тапқырлық



Shape14 Shape13 Shape12

арих

Қабілетті бала белгісі









Shape15

Shape16



Shape17

Сауатты



Shape18

Білім құмарлық













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
10555
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі