ДЕБАТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Дебаттың жарыссөз ретінде осы қызықты процесстің көптеген түсіндіруі бар. Бірақ, кез келген жағдайда, пікірталас – диалог ауызша нысаны, оның нақты пайымдаулармен дәлелдеу үшін, мәселені дау ретінде талқылауды көздейді. Ол әдетте, кем дегенде, екі немесе одан көп адам талқылауымен, ауызша түрде «спарринг» жасау арқылы өтеді.
Дебат француз тілінен енген «debats» – талқылау деген мағына беретін сөз. Ол қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу, жарыссөз, айтыс. Парламенттік дебаттар – заң шығару және үкімет іс-әрекеті жөніндегі депутаттар арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі. Дебат ойыны міне, осы қалыптасқан тәртіп төңірегінде жүргізіледі.
Жалпы дебат технологиясы білім жүйесіне, оқушылардың шығармашылық дамуына, ой салмақтылығының дамуына айтарлықтай қосар үлесі ұшан теңіз. Оның оқушылардың шығармашылық дамуына қосар үлесін тізбектей айта кетсек:
-
Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап етеді. Ол оқу бағдарламасынан әлдеқайда көлемді мағлұматтар.
-
Дебатқа қатысушының білімі көлемді ақпарат арқылы ұлғаяды, зерделейтін материалдың күрделілігі мен тереңдігін түсінеді.
-
Дебатқа дайындық кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана қоймай, табылған қосымша ақпаратпен топта бөлісіп, өзара оқыту әдісі жүзеге асырылады.
-
Оқытудың дамытуышылық мақсаты оқушылардың танымдық белсенділігінің артуында, қызығушылықтың дамуында, ойлаудың зерттеулік әдістерін игеруінде дебат құнды сайыс.
-
Дебат барысында оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
-
Жылдам ойлап, жылдам жауап беруге дағдыланады.
-
Оқушылар өз пікірін сауатты, айқын жеткізе алуға дағдыланады.
Белгілі бір күрделі тапсырманың шешімін табу мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдісі елеулі рөл атқарады. Көбіне бұл тәсіл ұстаздар тәжірибесінде кеңінен қолданыс тапқан. Мәселен cын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі мен ой әрекетінің қызметін анықтауда үлкен септігін тигізеді. Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт. Сондықтан, тақырыбымызға тиек етіп алып отырған дебат сайысы, ол оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуда аса маңызды әдіс-тәсіл.
Д.Клустер сын тұрғысынан ойлаудың ең маңызды деп санаған бес қырын қарастырады:
– өз бетімен ойлау;
-
ойын қорыту;
-
проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
-
ойын дәлелдеуі;
-
сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).
«Мұндай бастамалар біздің қоғам үшін өте маңызды. Пікірсайыстар мен өзін-өзі басқару жүйесі әлеуметтік капитал мен қоғамдық сенім деңгейін көтеруге де әсер етпек», – деп түйіндеді өз сөзін А.Аймағамбетов. Министрдің сөзіне қарасақ, балалар мен жастардың шығармашылық және зияткерлік тұрғыда дамуына бағытталған жобаларды қолдайтынын айтқаны белгілі. Десек те, балалардың білімділігін арттыратын, тіл байлығын дамытатын, нық сөйлеуге, ойлау ұшқырлығын қалыптастыратын, дәлелді пікірлерін айта алатындыққа, әр мәселені шеше алатын қасиетке баулитын дебат ойынының алатын орны ерекше.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің қазақстандық педагогтар арасында балалардың арасындағы қарым-қатынас, тілдесу, олардың бір-бірімен ьайланыс орнату тақырыбында сауалнама жүргізеді. Сол сауалнамалардың нәтижесіне қарасақ, оқушылардың адамдармен қарым-қатынас жасауында, байланыс орнатуында кінәрат бары анықталды. Міне, осындай кемшіліктерді шешу мақсатында мектебімізде дебат клубын құрып, уақытылы өткізіп, аудандық, қалалық, республикалық турнирлерге қатысып тұруды жөн санадық. Тақырып аясындағы зерттеулерге үңілсек, дебатқа қатысушылардың 69%-ының коммуникатив құзыреттілік деңгейі, атап айтқанда, танымдық және мотивациялық компоненттері жеткіліксіз деңгейде болса, 29%-ында орташа және тек 2%-ында ғана жоғары екені байқалған. Жоғарғы сынып оқушыларының 19%-ында ғана адамдармен тез қарым-қатынас орнату қабілеті болған екен [3, 155].
Бүгінгі таңда мектепішілік дебат қозғалысын дамытудың өзекті мәселе екені жоғарыда тұжырымдалып кетті. Сол арқылы оқушылардың бойында саяси мәдениеттің, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершіліктің, шығармашыл және сыни ойлау қабілетінің жоғары деңгейде қалыптасуы белгілі болды. Яғни дебат оқушылардың шығармашыл, сыни ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, білімінің жан-жақты дамуына да септігін тигізеді.
Жұмысымызды қорытындылай келе, ой түйгеніміз, бүкіл тіршілік көзі адам бойындағы – шығармашылық қасиет. Яғни адам баласының сөйлей бастағаннан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері бойындағы шығармашылық қасиетінің көрінісі. Әр келер ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қан қоймай, өз іс-әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада жоғары жетістікке ие болады. Әр адам баласы бойындағы қасиетін аша алса жоғары көрсеткішті дәрежеге қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық инновациялық толқулар заманында адам бойындағы шығармашылық қасиеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қасиеттің болмауы басты проблема болып саналып отыр. Міне, осы проблеманы шешу әр ұстаздың басты мақсаты. Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Дебат ойыны – жаңа заман талабы. Дегенімен, оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекетін дамыту арқылы дамиды. Дебат ойыны оқушының шығармашылық қасиетін ашатын, оқушының ойлауын дамытатын әдістің бір түрі. Дебат арқылы біз оқуышының ойлау қабілетін дамытамыз. Дебат арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы негізгі мақсатымыз шәкірттерімізге қазақ халқының өткені мен қазіргі тарихын зеттеп, салыстырып, тұжырымдауды, сөздік қорының көп болуына дағдылауларын, сөйлей білуге, тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қалелхан К. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. // «Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009.
-
Казинформ ақпараттық порталы. https://www.inform.kz/kz/infonew/ashat-aymagambetov-elimizde-debat-kozgalysyn-kayta-zhangyrtyp-zhatyrmyz_a3754645
-
Қасымқанова З.Н. Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, ойлау белсенділігін арттыру. // Конференция матриалдары.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз